“Право”/ 5. Уголовное право и криминалогия.

Заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Калжановна,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Заңгер этикасының ұғымы мен маңызы

Құқық қоғау органдарының қызметі әр кезде қоғамның ерекше назарында болады, ол қандай жағдайда болса да бәрінің қызуғышылығын тудырады, себебі оның нәтижесі азаматтар, қоғам мен мемлекеттің қауіпсізідігін қамтамасыз етуіне әсерін тигізеді. Құқық қорғау органдарының қызметі ерекше мақсаттармен туындаған көптеген ізгілік мәселелерімен қатар журеді осында құқық қорғау органдарының алдына қойған мақсаты құқықбұзушылықпен күрес жүргізу амалдары ерекше орын алады. Бір жағынан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілген құзырет азаматтардың құқықтарын құқықтық қорғаумен қатар, адамгершілік тұрғысынан қарауды міндеттесе, екінші жағынан қызметтік міндетті жүзеге асыруды негіздейді. Қай тұрғыдан қарасақ та, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен ізгілікті, яғни кәсіби этиканы талап етеді.

Ізгілік қатынастарымызды жетілдіру міндеттерін – моральдық тәрбиелеудің тәжірибеде бар жетістіктерін теориялық тұрғыдан жалпыламай, өмірдің жаңа құбылыстарының  барлығын ғылыми тұрғыдан зерттемей шешу мүмкін емес. Оларды тұтастай алғанда этиканың дамуына сүйенбей шешу де мүмкін емес. Сондықтан, этикалық зерттеулерді  кеңейту және тереңдетудің, этикалық теорияны  дамытудың қазіргі  жағдайларда маңызы ерекше.

Адамдардың жүріс-тұрысын реттеуде ізгіліктің, ізгілік қағидалары мен  нормалары рөлінің өсуі дамушы дәрежеде өтіп отыр: адамдардың ізгілік санасының деңгейі көтеріліп, өмірдің барлық мемлекеттік, қоғамдық және жеке салаларында  ізгілік бастаулар нығайып жатыр.

Қазіргі жағдайларда философиялық ғылым – этиканың, яғни ізгілік туралы ғылымның маңыздылығы өсіп отыр, атап айтқанда сот әділдігінің, сот өндірісінің, әсіресе қылмыстық сот өндірісінің ізгілік негіздерін зерттеу қажеттілігі пісіп жетілді.

Қылмыстық іс бойынша қылмыстық шешіміне адамның ары, бостандығы, кейде тіпті, өмірі де тәуелді болады, сондықтан да сот және онымен байланысты органдардың  қызметінің ізгілік-этикалық жағы үлкен мәнге ие. Осыған заңге этикасы мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыру қажеттілігі шығып отыр.

Заңгер этикасы ғылым ретінде, өзінің аздаған тарихына қарамастан, әлі де алғашқы қадамдарын жасауда. Судья, прокурор, адвокат, тергеуші парызының мазмұны, оны орындау ынтасы, кәсіптің ізгілік идеясы осы күнге дейін ашылмаған күйінде қалып отыр.

Заңгер – көп деңгейлі экономика мен басқару жүйесінің барлық салаларында қажеттілігі өте зор маман. Қазіргі таңда бизнес және өндіріс заманында заңгерлер биік мансаптарға ие болуда. Олардың қатысынсыз бірде-бір сот ісі қаралып, сот шешімі шығарылмасы анық. Кез келген мекемеге сауатты, білімді, алуан түрлі заңдарда майталман, әрі құқығын орынды қолдана білетін маман қажет. Антидағдарыстық басқару жүйесінде де заңгарлердің маңызы арта түсуде. Заманауи заңгер экономика мәселелерінде де білгір болып табылады. Мұндай маман қақтығыстар ортасында жүріп, мойнына үлкен жауапкершілік артып, өмір сүреді. Себебі, процессті жеңіп қана қоймай, оны болдырмауға да барын салуы тиіс.

Заңгер мамандығы - іскери қауымдастықта әрқашан да, кез-келген жағдайда да үлкен қажеттілікке ие болып отырған мамандықтардың бірі. Бұл саладағы мамандар әр ұйымға, фирмаға, кәсіпорынға, коммерциялық және қоғамдық құрылымға қажет.

Олар – сот, прокурор, адвокат, тергеуші, нотариус, кеңесші-заңгер.

Заңгер (Juristтiң немiсi, Jurist ағылшынша) (jus латынша - құқық) - құқықтануға, заң ғылымдары бойынша маман; [1, 54б.] құқықтың төңiрегiдегiн жаттығу қайраткерi.

Заңгер мамандығы - бұл әрқашан жеңіске жеткізе бермейтін құқық үшін күрес. Бірақ, кәсіби қызметтің негізгі бағытынан көптеген мамандар жоғары моральдық қанағат алады.

Заңгерлер жоғары құқықтық білімді талап ететін мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істейді. Құқықтық тәртіпті қалыптастыру, күтілмеген құқықтық қиындықтарды шешу, мемлекеттік және әкімшілік сипаттағы құқықтық мәселелерді реттеу, даулы және заңсыз құқықтық мүдделерді қорғау және мұқтаж болып отырғадарға білікті кеңеспен қарапайым ғана көмек көрсету – заңгердің мақсаты міне, осындай.

Заңгердің құқық қорғау, жазалау, қадағалау функцияларын ғана атқармай, түзету, тәрбиелеу және ізгілендіру жұмысын жүргізуі тиіс.

Сол себепті заңгердің кәсіптік этикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік дайындығының міндетті бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ, жоғары білікті, теориялық білім мен тәжірибелік қызмет негізінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік этикасына сәйкес келетені кәсіптік қызметті іске асыра алатын қабілеті бар маманды даярлау қажет. Өйткені, кәсіптік этиканың негіздерін, оның ізгілікті мәнін және мамандық проблемаларын білу құқық қорғау органдарының әр қызметкеріне міндетті.

Жалғыз мәнді де сәнді тыныш өмір сүруі екіталай, тіпті мүмкін емес. Сондықтан да әркім өзімен-өзі (өз ар-ожданымен, намысымен, жан-дүниесімен, бүкіл болмысымен) әрдайым жарасымды болуы керек.

Этика - бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас және  оның нәтижесінде туындаған міндеттемелер туралы ғылым. Этика көне заманда пайда болған ғылымдардың бірі, ол құлиеленушілік дәуірде философияның бір бөлігі ретінде пайда болған. Грек философы Аристотельдің ойынша «этика- нені істеу керектігін, неден тартыну қажеттігін түсінуге көмектеседі» [5, 127б.]. Қазіргі таңдағы этикаға деген қызығушылық ұжымның психологиялық көзқарастарының бизнестегі, кәсіпкерліктегі жетістіктеріне әсер ету проблемаларына байланысты артып келеді. Этика ғылымы мамандарының бірі С.Ф. Анисимов Канттың көзқарасына сүйене отырып «этика - бұл дұрыс жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы» [6, 56б.]. Қазіргі уақытта ұжымдағы психологиялық көзқарастарды басқару жөніндегі, қызметтік басқарушылық этика жөніндегі және адамдардың жүріс-тұрыс этикасы жөніндегі мәселелерді көбінесе  менеджерлер қарастырады.

Заңгер этикасы - әрбір азаматтың, әрбір заңгердің құқыққа деген көзқарасын, мінез құлқын қарастыратын ғылым. Этика негізінен заңгердің өздерінің қызметіне деген жауапкершілігін әділдік жолында барынша қызмет етуге дайындығын, ар-ожданын, мәдени дамуын қалыптастырады. Әрбір заңгер өз қызметіне байланысты қоғамдық жоғарғы құқықтық білім, мәдениет, құқықтық сана, адамгершілік сезім. Сондай-ақ Отанға деген шынайы сүйіспеншілік болуы қажет.

Әдептілікті сақтау және тактілік таныту қарым-қатынастың міндетті элементі және адамның рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Әдеп сақтау дегеніміз – қоғам талабына сай келу, ал талап қою оны орындау үлкенді-кішілі бүкіл қазақ жұртының қастерлі міндеті [4, 7б.].

Әдептіліктің мәні – әркім оны өзінің  санасында қалыптастыруы тиіс, әдеп пен инабаттылықтың қаншалықты керек екендігін, оның адам өмірімен біте қайнасып жататынын жете түсіну болып табылады, тек қана түсініп қоймай оны іс жүзіне асыру қажетілігі де туындайды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1             Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.

2             Аристотель. Этика. - М.: Астрель, Харвест, 2012.

3             Анисимов С.Ф. Марксистско-ленинская этика. ч. 1. — Этика как философская наука. - М.: Юрид. л-ра., 1972.

4             Серимов Б. Заңгер этикасы. Алматы: Қазақ университеті, 2007.