“Право”/ 5. Уголовное право и
криминалогия.
Заң ғылымдарының магистрі Муйденова
Алия Калжановна,
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Судьялардың қызметіндегі этикалық
бастаулар
Судья - сот
билігінің өкілі, сот билігінің құрметі мен
беделін алып жүруші. Оның кәсіби, моралды-адамгершілік
және әдептілік келбетіне баса мемлекеттік билік өкілдеріне
арағанда, атаңыра талаптар ойылады.
Сот этикасы – бұл, судъялардың,
прокурорлардың, тергеушілердің, адвокаттардың
қызметінің ерекше жағдайларында мораль, ізгілік нормаларын
қолдану; қылмыстық істерді тергеу және шешуде ізгілік
қағидалары мен талаптарын жүзеге асыру туралы ғылым [1, 55б.].
Сот этикасы судьялар, прокурорлар, тергеушілер,
адвокаттар үшін қандай да бір ерекше ізгілік нормаларын
қалыптастырмайды, ол – сот және тергеу қызметінің
ерекше жағдайларындағы ізгіліктің жалпы нормаларының
қолданылуын зерттейді.
Сот этикасы – бұл басқа түрлері
бар (дәрігер этикасы, әдеби этика, әскери этика жәнен
т.б.) «кәсіби этиканың» бір түрі. Кәсіби этиканың
әрқайсысы нақты кәсіби қызметтің ерекше
жағдайларында жалпы ізгілік нормаларының қолданылуын
зерттейді, бірақ сол кәсіп үшін ерекше «ізгілікті»
қалыптастырмайды. Сондықтан, кәсіби этика туралы айтуға
болса да, «кәсіби» ізгілік туралы шартты түрде де айтуға болмайды.
Кез келген аталмыш «кәсіби этикада»
қоғам мүшелерінің барлығы үшін міндетті
болып табылатын ізгілік
нормаларының барлығы
әрекет етеді және ешқандай ерекше «өзіндік»
ізгілік нормалары жоқ. Бірақ, кәсіби қызметтің
түрлі салаларында жалпы ізгілік нормаларының қолданылуы,
көрініс табуы бірқатар жағдайларда айрықша белгілер мен
нысандарға ие болады және осы нысандардың негізінде
нақты қызметте пайда болатын сұрақтар шешіледі.
Мәселен, тұлға мен оның мүдделеріне аялап,
адамгершілікпен қарау жөніндегі жалпы этикалық талаптар сот
өндірісінде толығымен сақталады, бірақ олардың
сақталуы мен орындалуы – тұлғаны айыпталушы ретінде тарту,
оған бұлтартпау шарасын таңдау және т.б. осы
сияқты мәселелерді шешу кезінде ерекше белгілер мен нысандарға ие болады. Осы жәйт
кәсіби этиканың, оның ішінде сот этикасының
күрделі, көп қырлы мазмұнын анықтайды.
Сот және онымен байланысты
қызметтердің ізгі бастаулары туралы дамушы ілім ретіндегі сот
этикасына әлі де өз пәні мен
жүйесін анықтап алуы қажет. Бірақ,
қазірдің өзінде, сот этикасын қылмыстық
және азаматтық іс жүргізулермен шектеуге болмайтындығын
айтуға болады. Д.Л. Котовтың пікірінше, сот этикасына
сотталғандарды түзеу
және қайта тәрбиелеу жөніндегі қызмет этикасын да
қосу керек, өйткені, бұл қызмет қылмыстық
сот өндірісімен тікелей байланысты және оны жалғастырады [1,
115б.].
Сонымен қатар, сот этикасының
пәніне қылмыстың және азаматтың іс
жүргізілердегі азаматтарды ізгілікке
тәрбиелеу мәселелері де, сонымен бірге қызметтерді сот
өндірісін жүзеге асырумен байланысты тұлғалардың
барлығын ізгілікке тәрбиелеу мәселелері де жатқызылуы тиіс.
Сот өндірісінің мәдениеті
мәселелерін де сот
этикасының пәніне жатқызу қажет. Сот этикасы үшін
моральдық нормаларды зерделеу
бірінші дәрежедегі маңызға ие, өйткені, оларды зерделеу
арқылы сот, прокуратура, тергеу органдары, адвокатураның
тәжірибелік қызметтеріне ізгілік бастаулар енгізіледі.
Сот этикасын, әрине, зергерлер үшін
міндетті ізгілік қасиеттерінің жинағы туралы ілім ретінде
түсінуге болмайды. Зергердің кәсіби моралінің
бүкіл қоғамның ізгілікті ықпалдарының
әсерімен сот этикасының өзі тұрақты түрде дамып, тереңдетіліп,
жетіліп отырады.
Сот этикасын дамытуға А.Ф. Кони зор
үлесін қосты. Ол қылмыстық іс жүргізудің
шарттары мен жағдайларында ізгілік бастауларға басты
рөлдің тиеслі
болатындығына сенген
және заңгерлердің
назары сот өндірісінің ізгілік бастауларын зерттеуге
бағытталуы керек деп есептеген. А.Ф. Кони тек сот техникасы мен сот
тәжірибесін зерттеп қана қоймай, ізгілік туралы жалпы
ұғымдарды арнайы қызметке қосу туралы ілім ретіндегі сот этикасын да зерттеу
қажет деп есептеген. Ол
қылмыстық іс жүргізудегі этиканың рөлін осылайша
бағалаудың себебін, қызметтің ережелері
қаншалықты жақсы болмасын, олар өз күшін
тәжірибелі емес, дөрекі, арам қолға түскенде
жоғалтатындығымен түсіндіреді.
Бұл жағдайларда, ең
жетілген, ең әділ, жан-жақты ойластырылған
заңның өзі түкке жарамай қалады. Сот өндірісінің
нысандары біршама нық орнағандықтан, ізгілік
бастауларға, – дейтін ол, болашақта қылмыстық іс
жүргізудің зерттеулерінде басты рөл тиесілі болады және
сот өндірісі туралы ілімнің ауырлық нүктесі
іс-жүргізудің барысынан судьяның этикалық және
қоғамдық-құқытық қызметіне оның бүкіл дамуында ауысады.
А.Ф. Конидің сот этикасын зерттеу, судьялар
мен сот өндірісінің басқа қатысушыларында
жоғарғы ізгілікті тәрбиелеу қажеттілігі туралы ойлары,
сонымен қатар, сот этикасының қалыптасқан
көптеген ережелерінің қазіргі күнде де өзекті мәнге ие болып
отырғаны сөзсіз [2, 236б.].
Сот этикасының алдында тұрған
міндеттерді сәтті шешу оның мәнін, заңгердің
кәсіби қызметінің ізгілік бастауларының мәнін түсінуге байланысты
болады.
Заң әдебиеттерінде сот этикасын
түсіндрудің әртүрлі көзқарастары
қалыптасқан. Мәселен, М.С. Строгович «сот этикасы судъялар,
прокурорлар, тергеушілер, адвокатар үшін қандайда бір ерекше
ізгілік нормаларын қалыптастырмайды, ол – сот және тергеу қызметінің қолданылуын зрттейді» - деп жазады [3,
77б.].
Мынаған ұқсас пікір де
айтылған: сот этикасын – моральдің жалпы
заңдлықтарының судьялардың этикасына таралуымен
ғана анықтауға болмайды, оның өзінің, жалпы
моральдық қағидалардың әрекетін шектей
алатын, өзіне ғана
тән ізгілік нормалары бар.
Бұл даудағы келіспеушіліктер, бір
авторлардың кәсіби моральда
айрықша ізгілік нормалары болады деп, ал басқаларының
онда жалпы ізгілік қағидаларының тек сынуын ғана
көруі арқылы сипатталады.
Алайда, даудың мәні әрбір
кәсіби моральдың өзінің айрықша
нормаларының
бар-жоқтығында емес, олар бар. Даулы болып табылатыны: осы
нормалардың мазмұны қандай; олар жалпы ізгілік
қағидаларын айрықша кәсіби қызметті ескере отырып
қолданудың нәтижесі болып табылады ма, әлде, жалпы
қағидаларды толықтыратын және тіпті, олардың
әрекетін шектейтін ерекшелік
ізгілік нормалары ма деген
сұрақтар.
Сонымен қатар, А.Ф. Кони сот этикасын ізгілік
туралы жалпы ұғымдардың қандай да бір салаға,
арнайы сот қызметіне қосымша ретінде қарастырады.
Қылмыстық сот өндірісінде кез
келген моральды норма, егер ол шынымен сондай болып табылса, міндетті
түрде жалпы ізгілік қағидаларына сүйенеді және
сот әділдігіне қызмет етеді, қылмыстықпен
күреске, тұлғаның құқытары мен
заңды мүдделерін қорғауға және сол
арқылы құқытық мемлекетті құру
мақсаттарына қызмет етеді.
Сот этикасының дамуы мораль
қағидаларымен байланыспаған, тіпті олардың
әрекетін шектейтін ерекше кәсіби ізгілік нормаларын іздеу
бағытында емес, жалпы ізгілік қағидаларды
қылмыстық сот өндірісіне оның ерекшеліктерін ескере
отырып енгізу жолымен жүруі тиіс. Бұл қылмыстылықпен
күреске, тұлғаның құқытары мен
заңды мүдделерін
қорғауға септігін тигізеді.
Сот этикасы – бұл дамушы ғылым
және оған әлі де пәні мен жүйесін анықтaу
қажет. Cот этикасы әділет органдары мен сарапшылардың
кәсіби қызметінің ізгілік негіздері туралы ілім және
оны келесі түрде көрсетуге болады деп есептеген: этика және
кәсіби этика туралы жалпы ілім; судъялардың, прокурорлардың,
тергеушілердің, адвокаттардың этикасы; қылмыстарды тергеу
және сот сараптамаларын соттың талқылау жөніндгі
қызметтің этикалық нормалары. Ол сот этикасына сонымен
қатар, жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің
этикалық нормаларын жатқызған.
Нақты тұлғаның
моральдық қағидаларды өзінің қызметтік
міндеттеріне және жеке бейморальды жүріс-тұрысына орай
жариялауынан келетін артық зиян болмайды. Судьяның, прокурордың, тергеушінің, адвокаттың жеке
беделі, олардың әділет органдарының құрметін
өз қызметінен тыс жүріс-тұрыстарымен дәлелдеуге
ұмтылыстары сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі
әсерлі қызметтің қажетті шарттары болып табылады.
Осыларды ескере отырып, сот этикасының
қылмыстық сот өндрісі саласындағы қазіргі уақыттағы міндттеріне мыналарды жатқызуға болады:
1)
Қылмыстық сот өндірісіне жалпы
азаматтық мораль қағидаларын одан әрі енгізумен
байланысты міндеттерді шешу; тергеушіні, судьялардың,
прокурордың, адвокаттың,
сарапшының
қызметтерінің
ізгілік қағидаларын айқындау және анықтау;
осы тұлғалардың кәсіби
парызы туралы ілімді
құру.
2)
Қылмыстық іс жүргізу
заңнамасының ізгілікті мәнін жан-жақты ашу; қылмыстық іс жүргізу
нормаларын одан әрі жетілдріуге
септігін тигізу.
3)
Қылмыстық сот өндірісінде
заңдылық қағидасын қамтамасыз етуде ізгілік
бастауларын талдау және заңдылық
қағидасының қылмыстық іс
жүргзудің
қатысушыларының қызметіндегі мәнін ашу.
4)
Қылмыстық сот өндірісі
қатысушыларының ізгілік қатынастарын олардың
құқықтық іс жүрізушілік
қатынастарымен өзара байланысын зерттеу; моральды
қағидалар мен нормаларды қылмыстық іс жүргізудегі
ізгілік қатынастарының
негізі ретінде зерттеу.
5)
Тергеушінің, судьяның,
прокурордың, адвокаттың, сарапшының ізгілікті санасы
сәйкес болуға тиісті талаптарды дайындау; оларды кәсіби-маңызды
белгілерді қалыптастыруға септігін тигізу,
тұлғаның жағымсыз қасиеттерінің (сапаларын) алдын алу мен оларды
түбімен жою.
6)
Ізглікті тәрбиелеудің
әсерлілігін, қылмыстық сот өндірісіндегі
құқықтық және ізгілікті мәдениеттерді
көтеру мәселелерін зерттеу.
Сот этикасы
халқымыздың әдет-ғұрып заңындағы
көп ғасырлық құқықтық
таным-түсінігінің аса бір айқындылықпен сипатталатын
рухани мұрасы екені даусыз. Құқық тарихына
көз жүгіртсек, құқықтық психологияны,
құқықтық танымды қалыптастыруға
қызмет ететін сот этикасының кезінде жалпы ұлттық
әдет құқығының да кең көрінісін
жасауына үлес қосқандығы ап-айқын
байқалады. Бұлай дейтініміз, сот этикасы есте жоқ ескі
кезеңдерде-ақ әдет құқығының
аясында қалыптасты. Оның туып, қалыптасуына ертедегі
даудың небір түрлерінің түйінін әділдікпен шешкен
көңілі даңғыл, санасы сара, тілге жүйрік
би-шешендер себеп болды. Даушылар әрекеті, оқыс,
шырғалаң оқиғалар түйінін құқықтық
тұрғыда әрі әділ шешуде сот этикасының
маңызы өте зор еді. Сот этикасының, қазіргі тілмен
айтқанда, әу баста-ақ құқықтық
заң деңгейіне көтерілу төркінінің сыры осында
жатса керек.
Сот этикасы
сот әділдігімен тамыр тартып жатқан, соттың
шынайылығына тәуелді, онымен біте қайнасудан туындаған
айқын да жарқын құбылыс.
Қысқасын айтқанда, соттың
бүкіл қызметі заңдылықты күшейтуге,
қылмыстардың алдын алу мен оларды жоюға, азаматтарды
заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеуге септігін тигізуі
керек.
Сот адам
құқығын қорғаудың кепілі болып
табылатындықтан, одан сот төрелеген жүзеге асыруды сеніп
тапсыруға болмайтын тұлғаларды аластау қажет.
Біздің судьялар әркез әдеп үлгілерін қатаң
сақтайды, ал моральдық-этикалық өлшемдерге төтеп
бере алмайтын судьяларға арамызда орын жоқ.
Мемлекет
тарапынан судьяларға бұрын – соңды болмаған
өкілеттік берілген және осыған сай жауапкершілік, соның
ішінде моральдық жауапкершілік те еселеніп отырғандығын
әр судья сезінуі әрі өз-өзіне есеп беруі тиіс.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1
Кокорев Л. Д., Котов Д.
П. Этика уголовного процесса: Учебное пособие. – Воронеж: Изд-во Воронеж.
ун-та, 1993.
2
Избранные труды и речи
А.Ф. Кони. (Юридическое наследие).
- Тула: Автограф, 2000.
3
Проблемы судебной этики.
/ Под ред. М. С. Строговича. - М.: Наука, 2003.