1Ибраева А.С., 2Тұрат Н. А., 3*Отыншиева А.А.

 

1Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

2Қазақ Технология және Бизнес университеті, 2 курс магистранты, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы

3 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Заң факультетінің 1 курс докторанты, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

*E-mail: aidana-best91@mail.ru

 

Ибраева А.С., Тұрат Н. А., Отыншиева А.А.

Азаматтық институтының шекаралары: шетелдік конституциялық-құқықтық жүйе аясында салыстыру

 

Азаматтың құқықтық мәртебесінің басты тіреуіші ол – азаматтық. Азаматтық дегеніміз азаматтық, конституциялық-құқықтық теңдіктің бірден – бір алғышарты болып табылады. Азамат болу дегеніміз ол белгілі бір саяси қоғамдастыққа не қауымдастыққа тиісті болумен пара-пар ұғым. Азаматтық таным ағзасы болып табылмайды. Ол өзінде азаматтық қатысу  мен ішкі бейімділікті қамтиды: яғни, бұл белсенділік пен сезімнің үйлестірілуі екеніне көз жеткізуге болады. [1].

Қазіргі таңда азаматтық түсінігін зерттеп, қарастырған біраз ғалымдардың “азаматтық ол құқыққа ие болу құқығы” деген пайымдаулары өзекті емес болып табылады. Тіпті, бұл ой-тұжырымға қарсы келетіндері де кездеседі. Белгілі ағылшын ғалымының ойы бойынша, керісінше мемлекет біріккен топтасқан азаматтарынан пайданы көздейді, мысалы азаматтардың шын берілгендігін, адалдығын, бірігулерін, кез келген билікке нұқсан келтірмейтін қауіпсіздікті қажет етеді. [2].

Ағылшын ғалымы Хэлд  [3] айтқандай, түгелдей алғанда, азаматтық бұл барлық өмір сүретін адамдарды қауымдастыққа тарту болып табылады. Ол көші-қон және натурализация контекстінде тиесілілік пен сәйкестілікпен байланысты маңызды сұрақтарды көтереді. Азаматтықты көбінесе үш басты құндылықтармен байланыстырады: олар тиесілілік, құқықтар және қатысуды құрайды. Біріншіден, азаматтық тиесілілікті ұлттық қоғамдастыққа араластырды. Ұлттық тиесілілік ортақ азаматтық сана мен өз отандастарына, мемлекетке деген адалдықты қалыптастырды. Екіншіден, тиесілі мәртебенің болмауы заң алдында тең дәрежеде қарастырылумен қоса алғанда, олардың адамзат арқасында белгілі бір құқықтары бар тең ретінде қарастырылуына әкеп соқты. Бұл ретте, азаматтар нормативтік функция бөлігі ретінде әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз етумен қоса,  өздері шешімдер қабылдап, ұйымдық құрылымдар шеңберінде тең қол жеткізуді қамтамасыз ету сияқты саяси құқықтарды мемлекеттен талап етті. Ақыр аяғында, азаматтық мемлекеттік құрылыс пен саясат ішінде толық және тең құқылы мүше ретінде қатысу үшін қуат, құқық және міндеттемені қамтыды. [4].

Қай елдің азаматтығын алып, қабылдаса, сол елдің өзіндік талаптары мен ерекшеліктері болады. Менің қарастырайын дегенім, британ азаматтығын алу мәселесі, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Осындай дамыған алпауыт елдің азаматтығын қабылдау қаншалықты қиынға соғады? Бұл қазіргі таңдағы құқықтық жүйедегі ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі, қазіргі жаһандану жағдайында, бүкіл әлемде көші қон процесі өз айналымын алуда. Сондықтан, азаматтық алу, қабылдау, қос азаматтық сынды мәселелер әрбір құқықтық жүйеде өзектілігімен көзге түсуде. Жалпы, британ азаматтығын қабылдаудың қыр-сырын, басымдықтары мен проблемалық жақтарын ашуға тырысамын.

Ұлыбритания империялық тарихы бар, көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы қоғам болып табылады. Ол өзінде Англияны, Шотландияны, Уэльсты және Солтүстік Ирландияны қамтиды. Сондықтан да, азаматтық мәселесі бұл елде зор маңызға ие. Өткен, сондай-ақ қазіргі заманғы өмірі мен жаһандану күрделілігінен туындайтын ұлттық тиесіліліктің шешілмеген мәселелері біршама. Ұлыбританияда, британдықтар мен басқа да ұлттар (әсіресе, шотландтықтар) арасындағы шиеленіс, Еуропалық Одақпен байланысты дамулар мен Еуропалық азаматтықты қабылдау, иммигранттардың сіңісуі (әсіресе аз бөлігі мұсылмандар), халықтың әл-ауқатының төмендеуі және азаматтардың әлеуметтік құқықтарының күйзелісі [5] – бұның бәрі британ ұлты мен азаматтығына байланысты қызу пікір-таласқа ықпал еткен жағдайлар.

Британ (ағылшын) азаматтығы туралы заңға 1981 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, және ол заң ағылшындардың қазіргі қолданыстағы заңына айналды. Ол тоғыз тарау, елу екі бөлімнен тұрады. Осы заңға сәйкес, британдық азаматтық келесідей негіздер бойынша беріледі:

·                             Топырақ құқығы бойынша jus soli: Ұлыбритания азаматы немесе резиденті болып табылатын ата-анадан Ұлыбритания аумағында туу;

·                             Қан құқығы бойынша jus sanguinis: шығу тегі бойынша ата-ананың бірі Ұлыбритания азаматы болса, (мысалы, тууы бойынша, бала асырап алу бойынша, тіркелу немесе натурализации бойынша);

·                             Натурализации бойынша, адамның өз ерік ықтиярымен азаматтық алуға деген қалауынан пайда болатын заңды құқықтық процесс;

·                             Тіркелу бойынша;

·                             Бала асырап алу арқылы. [6]

Статистикаға сүйенсек, 2010 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың маусым айына дейін  899 045 өтініш; 2005 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың маусым айына дейін  1 781 201 өтініш; 2000 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың маусым айына дейін  2 177 440 өтініштер келіп түсті. Көбінесе өтініштер Үндістан, Пәкістан, Нигерия, Филиппин, Оңтүстік Африка мен Қытай мемлекеттерінің үміткерлерінен келеді. Осы ел ұлттары ішінде британ азаматтығын қабылдау үлкен сұранысқа ие. Өтініш білдірген азаматтар саны жылдан жылға артуда. Өтініш білдірушілерге кей жағдайда өтінішті қарауға бас тартқандығы жайлы хабарлау хаты келеді. Бас тартқанның негізгі себептері болып талаптарға сай келмеуі және территорияда болмаған кездегі рұқсат етілген күндердің асып кетуі саналады. Сонымен қатар, азаматтықты қабылдайтын Бас Офистің (Home Office) сұрауларларына уақтылы жауап бермеу және ағылшын тілі мен Ұлыбритания өмірі жайлы жетік білмеу сияқты себептер де азаматтық алуға кері әсерін береді. [7]

Ұлыбритания адамдарының көпшілігі үшін, азаматтық ұғымы көбінесе бір елдің құзырындағы, бір мемлекетке тиесілілікпен байланысты термин болып қабылданады. Бұл адамдар үшін азаматтар ретінде сәйкестендірілуінің қандай дәрежеде екенін зерттеуге кедергі болып табылады. Британдық азаматтығын алуды көздеген кез келген азамат азаматтық тестін тапсыруы керек. Ұлыбритания азаматтыққа қабылдау тесті бар, ашық азаматтық саясат режимін ұстанатын Еуропа елдеріндегі жалғыз ел болып табылады. [8] Қалған елдерді қарасақ, мысалы, Австрия, Дания, Эстония, Германия, Латвия, Литва сияқты елдер азаматтық саясаты режимдерін шектейтіндердің қатарынан табылды. Алайда, керісінше, ашық азаматтық саясат режиміндегі елдердің азматтықты қабылдау тестіне деген қолжетімділік қиындау екен, яғни сол тесттің нұсқалары, үлгілері халық арасында таратылмайды екен. Азаматтықты алуға арналған сынақты (тест) қоғамның үлкен ауызбіршілігі үшін күреске қарағанда шайқаста таза көші-қонды азайтуға арналған қару ретінде қолдану қаупі бар. Қалтасы тоқ адамдар мен білімді адамдар өздеріне £ 50 (фунт стерлинг) құнды осы тестті өтуге мүмкіндік бере алады. [9]

Британ азаматтығын алу кезінде көптеген қиындықтарға қарамастан, атап айтқанда, өмір сүріп, тесттен өтіп, және қиын да жазалаушы кіру жүйесін бағындыра алғандар элита болып табылады. Осы елде дүниеге келмей, жаңа азаматтық алып, қосылып, саяси қатысуларға қатысқан адамдардың азаматтығы, көптеген бағыттарға ашық болып табылатын тиесілілік пен ұлттық сана туралы жаңашыл ойлауды талап етеді. Бұл потенциалды түрде мемлекеттілік пен азаматтықтың сипатты белгілерімен байланысты азаматтық туралы ой пікірлердің қалыптасуына кедергі жасайды. [10]

Азаматтық институты Ұлыбританияда заңнамадағы өзгерістер және мемлекеттік саясатқа байланысты соңғы 30 жылда кеңінен талқылана бастады. Осы пікірталастың нәтижесінің бірі Ұлыбританияға келген жаңа азаматтарға, британ азаматтығын қабылдағандарға арналып, әзірленген ресми азаматтық алу рәсімін өткізу 2004 жылдан бастап қана енгізілді. Ағылшын азаматтығына қабылдану жетістігіне жету мереке ретінде тойланатындай ойластырылған болатын. [11]. Иммиграция және ұлттық мемлектеттік тиесілілік айналасында, көші-қон жолындағы соңғы қадам болып азаматтық алу рәсімі саналады. [12]

Британ азаматтығын алудың өз артықшылықтары мен қоса өз кемшіліктері де бар. Ең алдымен артықшылықтарын тізетін болсақ, британ паспортына ие бола отырып, кез келген адам сол елде өмір сүруге және жұмыс істеуге, әлеуметтік және салықтық жеңілдіктерге, Ұлыбританиядағы сайлау процесіне қатысуға  құқылы. Сондай-ақ, Еуропалық Одаққа кіретін барлық елдерде еш шектеусіз өмір сүріп, жұмыс істеуге құқылы және де әлемнің көптеген елдеріне, оның ішінде дамыған алпауыт АҚШ, Жаңа Зеландия, Канада, Австралия сынды елдерге визасыз бара алады. [13] Азаматтықтың өркениетті адамдарға өзінің артықшылықтары болады; ал керісінше өркениеті жоқ адамдар толық және жан-жақты қамқоршылыққа ұшырайды. [14]

Белгілі ағылшын ғалымы айтқандай, азаматтықтың өзінің артықшылықтары болуы мүмкін, бірақ толық мүшелік, “нағыз британ азаматы болу” одан да көпті талап етеді. Бұл процесс - өзіне кейінгі мойындауды қамтумен қатар, дұрыс мінез құлық пен оң ниетті басқалардың пайымдауларына негізделген. Британ азаматтығын алу үшін,  алдымен сол азаматтыққа лайық екеніңді британ аудиториясын сендіре білуің [15] керек. Ал, бұл жеңіл алына салатын процесс емес екендігіне әбден көз жеткізуге болады.

Британдық азаматтықты одан әрі тереңірек етіп, ешкім әлі көрсете алмай жүр.  Жай ғана “құқықтар мен міндеттер” тіркесінің астарында күнделікті өмірде білдіруі мүмкін өзіндік тереңдігі мен текстурасы бар екендігін де ескеру керек. Британ азаматтығын қабылдау барысында барлық сөздер жылы және нық сеніммен айтылғандығымен, тіркеушілер аталмыш рәсімді бүкіл ынта жігерін сала отырып, жақсы откізуге тырысады, дәл сол сәтте көші-қон мен жаңа азаматтық қабылдаудың нені білдіретіндігі, неге жетелейтіндігі және азаматтық алудың салдарларын қайта қараудың мүмкіндігі өтіп кеткендігін [16] түсінгендей боласың.

Ұлыбританиядағы мемлекеттік билік жүйесі белсенді азаматтыққа қабылданушылардың санын  туғызып емес, керісінше көші қонды, халық санын реттеудегі билік тетіктерін қайта құрып, қаладағы тәртіп пен қадағалауды технологиялар көмегімен қолға алуды қарастырып отыр. Қазіргі кезде, Ұлыбританиядағы үздіксіз қаладағы ығы-жығылық жағдайлары проблемалық ерекшеліктерімен сипатталады. Мұндай саяси бастамалардың пайда болуы белсенді азаматтық қабылдауға шақыруда сәтсіздікке ұшыратады, [17] және бірлікті нығайтып, дамытудан гөрі алуан түрліліктің артуына әкеп соғуы әбден мүмкін.

Қорыта келгенде, азаматтық әрқашан элиталар үшін бақылау құралы және капитал болды, сонымен қатар ол қуат алатын және адамдар үшін қолданыстағы билік тетіктері мен нәтижелерін мұқият зерттеу құралы болып табылды. [18].

 

Әдебиеттер

1                    Seyla Benhabib, Birthright Citizenship, Immigration, and Global Poverty // University of Toronto Law Journal. – 2013. – 63 (3). – p. 500; Bryan S.Turner, Citizenship Studies: A General Theory// Citizenship Studies. –  1997. –
1 (1). – p. 5

2                    Mikko Kuisma, Rights or privileges? The challenge of globalization to the values of citizenship // Citizenship Studies. –   2008 . –  12 (6). –  p. 625

3                    Cristiano Bee, Dimitra Pachi, Active Citizenship in the UK: Assessing Institutional Political Strategies and Mechanisms of Civic Engagement // Journal of Civil Society. – 2014. – 10 (1). – p. 106; Richard Bellamy, Citizenship. A very short introduction. – OUP, 2008. – p.17

4                    Bryan S. Turner, T.H. Marshall, social rights and English national identity // Citizenship Studies. – 2009. – 13 (1). – p. 599; Richard Bellamy, Evaluating Union citizenship: belonging, rights and participation within the EU // Citizenship Studies. – 2008. – 12 (6). – p. 599

5                    Thomas Simon, Citizenship as a weapon // Citizenship Studies. – 2013. – 17 (3–4). – p. 505; Rabia Karakaya Polat & Lawrence Pratchett, Citizenship in the age of the Internet: a comparative analysis of Britain and Turkey // Citizenship Studies. –  2014. –
18 (1). – p. 68

6                    British Nationality Act 1981. [Электронды ресурс]. –  Қолжетімділік тәртібі: http://www.legislation.gov.uk/ukpga/1981/61/pdfs/ukpga_19810061_en.pdf  

7                    Британ азаматтығын қабылдау: Статистика. [Электронды ресурс]. –  Қолжетімділік тәртібі: http://www.lawfirmuk.net/archive_news.html?id=390

8                    Noel Smith, Ruth Lister, Sue Middleton & Lynne Cox, Young People as Real Citizens: Towards an Inclusionary Understanding of Citizenship //
Journal of Youth Studies. – 2005. – 8 (4). – p. 430

9                    Lynn A. Staeheli, Cities And Citizenship // Urban Geography. – 2003. – 24. – p. 97; Ines Michalowski, Required to assimilate? The content of citizenship tests in five countries // Citizenship Studies. – 2011. – 15 (6–7). – p. 743

10                Bridget Byrne, A local welcome? Narrations of citizenship and nation in UK citizenship ceremonies // Citizenship Studies. – 2012 . – 16. –  p. 541

11                Eleonore Kofman, Citizenship, Migration and the Reassertion of National Identity Citizenship Studies. – 2005. – 9 (5). – p. 463; Bridget Byrne, A local welcome? Narrations of citizenship and nation in UK citizenship ceremonies // Citizenship Studies. – 2012 . – 16. –  p. 531

12                Ulrich K. Preuss, Migration – A Challenge to Modern Citizenship // Constellations. – 1998. – 4 (3). – p.308

13                Michelle Everson, ‘Subjects’, or ‘Citizens of Erewhon’? Law and Non-Law in the Development of a ‘British Citizenship’// Citizenship Studies. – 2003. – 7. – p. 57; Британ азаматтығы мен британ паспорты. [Электронды ресурс]. –  Қолжетімділік тәртібі: http://www.legalcentre.org/Grazhdanstvo-Citizenship.html

14                Richard Bellamy, Citizenship. A very short introduction. – OUP, 2008. – p.19

15                Bridget Byrne, A local welcome? Narrations of citizenship and nation in UK citizenship ceremonies // Citizenship Studies. –   2012 . –  16. –  p. 540

16                Imogen Tyler, Designed to fail: A biopolitics of British citizenship // Citizenship Studies. – 2010. – 14 (1). – p. 71

17                Thomas Diez and Vicki Squire, Traditions of citizenship and the securitisation of migration in Germany and Britain // Citizenship Studies. –   2008 . –  12 (6). –  p. 565; John Flint, Return of the Governors: Citizenship and the New Governance of Neighbourhood Disorder in the UK // Citizenship Studies. – 2002. – 6 (3). – p. 256

18                Mikko Kuisma, Rights or privileges? The challenge of globalization to the values of citizenship // Citizenship Studies. –   2008 . –  12 (6). –  p. 624-625