ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛЕУІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
магистрант Смагулова Райхан Зарыккановна.
Астана
қаласы, «Тұран-Астана» университеті.
Аннотация
В статье автор раскрывает суть и
актуальность социализации личности за рубежом.
Ключевые слова: личность, социализация личности, социальное
формирование личности
Аңдатпа
Мақалада шет елдеріндегі әлеуметтендірудін жалпы
мәселелерi көрсетілген.
Тірек сөздер: тұлға, тұлғаны әлеуметтендіру,
тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы
Abstract
The
author reveals the essence and relevance of socialization of the individual
abroad
Key
words: personality, socialization of the individual, the social formation of
personality
АҚШ-та,
Еуроодақ және Азия елдерінде тәрбие және
тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері ұлттық
құндылыктар мен басымдықтарды ескере
қарастырылған.
АҚШ-та кауымдық тәрбие басым.
Оның екі тәсілі бар: біріншіден, мектеп сабақтан соң
қосымша педагогикалык қызмет көрсетеді, яғни мектеп ата-аналарға,
жұртшылыққа педагогикалық кеңес береді, білім
алушыларға қосымша сабақ жүргізеді және
т.б.; екіншіден, мектеп маңындағы қоғамдық және
мемлекеттік мекемелердің басын біріктіретін үйлестіруші, сондай-ак
жергілікті қоғамдык-педагогикалық орта құруда
белсенділік танытады. Оқу орнының ұсынысымен
әртүрлі кампаниялар үйымдастырылады: суды үнемдеу,
өртті болдырмау, әртүрлі қайырымдылық
акцияларын жүргізу және т.б.
Жұмыстың бұл түрі біздің еліміздегі КСК жанынан
құрылған аула клубтарының жұмысын еске
түсіреді.[1, 34 б.]
Бүгінде Қазақстанда
қызығушылығы бойынша құрылған аула
клубтары үлкен өзгерістерге душар болды. 1991 жылмен салыстырғаңда қаржы
тапшылығына орай елімізде аула клубтарының, балалар стадиондары мен
алаңдарының 90 пайызға жуығы жабылып калды.
АҚШ-та мектептен тыс тәрбие
жұмысын белсенді жүргізу жөнінде "Америка - 2000:
білімді дамыту стратегиясы" (1991 ж.) бағдарламасы жүзеге
асырылуда. Бағдарлама балалар орталығын, балалар
шығармашылығы орталығын, юниорлар академиясын, жазғы
балалар лагерін құруды және жетілдіруді,
жергілікті кітапханалар мен мұражайларды мектептен тыс тәрбие мен
білім беру ісіне жұмылдыруды көздейді. Балаларға
арналған үйірмелерде жетекші, репетитор,
мұғалімдердің көмекшілері болып сол
өңірдің тұрғьіндары және студенттер -
"Мектепке көмек беруші еріктілер" ассоциациясының
мүшелері жұмыс істейді. Қазақстанда да бүгінгі
танда жұмыс істеп жатқан аула клубтарында үйірме
жұмыстарына зейнеткерлер, студенттер жетекшілік етеді. Олардың жұмысын реттейтін арнайы
қаржылық- кұкықтық базаның
жоқтығынан жүйесіздік орын алған. Бүгінде балалардың
компьютерлік клубтарының, әртүрлі
көңіл көтеретін компьютерлік және электронды
орталықтардың, түнгі клубтардың жұмысын реттеп,
нормативтік құкыктық кұжаттармен нығайту
қажет-ақ. [1, 38 б.]
"Америка - 2000: білімді дамыту
стратегиясы" бағдарламасының қазақстандық
бағдарламалардан айырмашылығы - адамгершілік тәрбиесін
Библияның кұндылықтары мен принциптеріне негіздеуінде.
АҚШ-тағы бағдарламалардың бірі (1972 ж.) адалдық,
мақсаттылық, ашықтық, сыпайылық, жеке жауапкершілік, каһармандык,
тұрактылық, қайсарлық, табандылық,
жанашырлық, шыдамдылық және Библиядан, христиан
шіркеуі тарататын еңбектерден алынған басқа да
құндылыктарды насихаттайды. Ал біздің
елімізде білім алушылардың ұйымдасқан ұжымына
қандай да болмасын топтың немесе жеке тұлғаның
баса көктеп кіруі Қазақстан Республикасының заңдылық
актілерімен жазаға тартылады. Американдық әріптестерімізді
балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында кездесетін есірткі пайдалану,
күш көрсету, қылмыс жасау ерекше аландауда. 1980 жылмен
салыстырғанда есірткі пайдаланатын бастауыш мектептің
түлектері үш есе көбейген, кылмыстық істерден 200
мыңға жуық оқушылар зардап шегуде, 135 мың
балалар мен жасөспірімдер мектепке суық қару алып келеді.
1986 жылы АҚШ Конгресі есірткінің зияндылығы туралы оқу
бейне- және аудио-материалдарын дайындауға қаржы
бөлінген арнайы қаулы кабылдады. АҚШ-та отбасы мен
мектептің ынтымақтастығы берік. Онда ата-аналар мен
мұғалімдер қауымдастығы құрылған,
олардың филиалдары ірі мектептердің базасында орналасқан.
Кейбір мектептерде ата-аналар комитетінің пікірі оқу- тәрбие
жұмысын ұйымдастыруда оқу бағдарламаларын бекітуден
оқыту әдістерін анықтауға дейінгі
басымдыққа ие. Ата-аналар "телефондық байланыс"
орнатады, тамақ таратуға көмектеседі, балаларды серуендетеді,
экскурсияға апарады, әртүрлі кайырымдылық
жәрменкесін өткізеді, түскі асты
ұйымдастырады, дәріс оқиды. Қазақстанда
да 2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің
бастамасымен ұйымдастырылған Республикалық ата-аналар
жұртшылығының ассоциациясы мектеп пен отбасы
ынтымақтастығының ұлттық білім жүйесін дамытуға
бағытталған жаңа кезеңінің бастауы болып отыр.
Мектеп және мектептен тыс тәрбие
мен білім беруді кіріктіру Батыс Еуропа елдерінде "әлеуметтік
педагогикалық кешендерде" (Франция), бос уақыт Үйлерінде
(Швеция) және т.б. жүзеге асырылуда.
Жапонияда ғұмыр бойғы
тәрбие мемлекеттік білім саясатының басым бағыттары
болып саналады және оны жүзеге асыру үшін тиісті қаржы
бөлініп отырады. Мектепте білім алушылар ойнайды, спортпен
шұғылданады, түрлі фестивальдер, мерекелер және
т.б. шаралар өткізеді. [2, 108 б.] Жапонияның Білім туралы
Заңында мектептегі тәрбиенің негізгі
мақсаты төмендегідей анықталған: жеке
тұлғаны толыққанды дамыту, шындықты
және әділеттілікті, жеке бастың
бостандығын, еңбекті жақсы көретін, жауапкершілік
және тәуелсіздік рухына ие бейбітшілік сүйгіш мемлекет пен
қоғам құрушыларды тәрбиелеу, окушыларды
ынтымактастық, өзара түсінушілік пен тәуелсіздік
рухында тәрбиелеу, дәстүрлі
және қазіргі жайтты түсінуін, халыкаралық
ынтымактастыққа дайын болуын дамыту, күнделікті
өмір дағдысын қалыптастыру, бакытты жеке
өмірдін негізі болатын рух пен дене үйлесімін жетілдіру.
Негізгі нормативтік-құкыктык
актілерден басқа Жапонияда білім беретін ұйымдар тәрбие
бағдарламаларын нақтылайтын кұжаттарды да
басшылыққа алады.
Тәрбие
бағдарламасында жеке тұлғаның қандай болу
керектігі накты аныкталған ("Нағыз жапондықтың
суреттемесі"): дербес сапалары (еріктілік, даралык, дербестік, өз
еркін билеу, сезіміне ие болу), отбасылық сапалары (өз отбасын
сүйіспеншіліктің, еркін демалыстың, тәрбиенің отауына
айналдыра білу), қоғамдык сапалары (жұмысқа
берілгендік, қоғамның әл- ауқатын
көтеруге араласу, шығармашыл болу, әлеуметік
кұндылықтарды кұрметтеу), азаматтық
сапалар (патриот болу, мемлекеттік нышандарды кұрметтеу, озық ұлттық
дәстүрлерді меңгеру). Тәрбие ұрдісінде
ұстаз мынадай бес парызды ұстануы тиіс: тәрбие нормаларын қалыптастырып қана қоймай,
өмір салтын ұғындыру; тәртібін, ойын, сезімін, жеке
және жауапты іс-әрекетке кабілетін өзі талдай алу
дағдысын орныктыру; өзгелердің қабілетін,
әрекетін кұрметтеуге үйрету; ұжымдык іс үрдісінде
тәрбиелеу; топтың проблемасын және іс-әрекетін
өзінікіндей қабылдау.
Жас жапондықтардың рухани
жағынан өрлеуіне "Тәртіптің негізгі
ережелерін үйрету", "Күнделікті өмірде
қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау",
"Адамға лайық өмір сүру қажеттілігін
түсіндіру" және т.б. бағдарламалар бағыт
береді.
Азия елдеріне, оның ішінде
Қазақстанға да, мұғалімді пір тұту,
кұрметтеу дәстүрі тән. Олар
өздерінің адамға деген ықьшасын сездіру үшін кәсібіне
карамастан "¥стаз" деп атайды. Жапондықтардың ертеден
келе жаткан мынадай макалы бар: "Үш кадам шегін, бірақ
Ұстазыңның көлеңкесін баспа!".
Жапондық ғалымдар мен мұғалімдер тәрбие бастауына
педашгтарды қояды. [3, 25 б.]
Өз бетінше әрекет етудің
әлсіздігі, әлеуметтік өмір тәжірибесінің
жетімсіздігі, жыныстык жағынан ерте жетілу, дене бітімінің
акселерациясы және т.б. күрделі педагогикалық проблемаларға
соқтыруда. Сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының
көбеюі, әсіресе оның қыз балалар арасында өршуі,
мектеп окушыларының
өзара қақтығысуы мамандарға едәуір
алаңдаушылық тудыруда. Дегенмен де жапондық жеткіншектерге
оңтайлы
ұйымдастырылған дене тәрбиесі мен балалар спорты
олардың ішкі дүлей күшін өркениетті түрде
серпілтуге мүмкіндік тудырып отыр. Бұл келеңсіз
көріністер бүгінде Қазақстан, АҚШ, Азия елдеріне
тән кұбылысқа айналды. [4, 20 б.]
Зерделей келе төмендегідей
қорытындыға келеміз: жастардың едәуір тобының
жалпы білімдік деңгейі төмен, оку және өндірістік
еңбек мотивациясы жеткіліксіз, табысы мол мамандықтарға қарай
бағдарлау ләзім, жастар көзкарасы беймәлім әрі
үстірт және т.б. Бұл факторлар әлеуметтендіру
үрдісіне кері әсерін тигізуде, жастар ортасының
әлсізденуіне соқтыруда.
Әлеуметтендіру үрдісінде белең алған осындай
келеңсіздікке ұрынған жастар кылмыскерлер катарын
көбейтуде. [5, 109 б.]
Демек, тұлғаны әлеуметтендіру-ғұмыр
бойы үздіксіз зерттеуді, сондай-ақ жетілдіруді қажет ететін
үрдіс.
Әдебиеттер:
1 Рахимбек Х.М.,
Токтыбаева К.. Система образования
США.. Алматы, 2003.- 244 с.
2 Лим С.Ч. История образования в Японии (конец
19 в. первая половина 20 в.). - М.: ИВ.РАН, - 2000.- 356 с.
3 Сарсенова
Ж.Н. Әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы – Алматы,
2004.- 123 с.
4 Михайленко, Татьяна Анатольевна.
Социальная работа за рубежом: учеб. пособие.- Алматы: Экономика, 2009.-
304 с.
5 Уашева А.К. Зарубежный опыт социальной работы с молодежью в рамках
деятельности социальных служб // Психология. Социология. Политология.- 2008.- N
6.- С. 53-58