5В050300-Психология
мамандының 3 курс студенті Құттыбек А.Қ., тарих
магистрі Ермаханова Р.Б.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Патриоттық тәрбие –
отаншылдық кепілі.
Қазақ халқы ежелден басқа
халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған
қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан
қорғаған. Қазақ халқының өз
елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып
өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер
Тарғын, Қабанбай т.б. батырлар жастайынан халық
тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен, елін, жерін
сүйген батырлар. Мұндай батырларға арналған
батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, Отанын
сүюуінің негізі болып табылады.
Қазақтың ұлтжандылығы,
отансүйгіштігі ертеден қалыптасқан.
Оған қазақтың мақал -
мәтелдері де дәлел. Мәселен, туған жер, отан
туралы мақалдар-мәтелдерде: “Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас” т.б. болып кете береді. Осылайша, Отанға
деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық
сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар қашанда
белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады.
Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап
дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады.
Соған сай сана өркениеті өрістеп биіктеп барады. Бір
анығы, адамның санасы, дүниетанымы
жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Алайда
осындай құбылыстар орын алған
қоғамымызда ұстанатын тек екі қағида бар:
бірі – жан-дүниенің рухани тазалығы болса, екіншісі –
сананың сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл
керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Бұл – сонау
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында
өмір сүрген Абай Құнанбайұлының жазып
кеткен қағидасы арқылы шыққан тұжырым.
Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең –
бесігіңді түзе» деген сөзінде сан-алуан астар бар.
Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген
сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөздің
баламасы ретінде қолданып отыр. Демек, ұрпақтың
дүние танымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің
жүгі екені айқын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің
халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген
сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын.
Жалпы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі
қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік
мәдениетке, адам Қазіргі күндегі
Қазақстанның дербестікке жетуі халықтардың
ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай
жасады. Елімізде соңғы жылы жоғары оқу орындарында
тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас
тұрғысынан қарауды және студенттердің
патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын
қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен
әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде
байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық,
қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік,
тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса
маңызды.
Патриотизм
сонымен үйлескенде ғана Қазақстан жетістікке жетеді.
Елбасымыздың болашақты болжай алатын көреген саясаткер
екендігін Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимніне «Намысын бермеген қазағым мықты
ғой» деп өзгеріс енгізгенінен байқауға
болады. Егер назар салсаңыздар мемлекеттік гимнде тек қазақ
ұлты туралы ғана айтылып тұр. Себебі болашақта
Қазақстанның азаматымын дегеннің бәрі
қазақ деген ұлттың айналасына ұйысып,
сіңісіп кететіндігіне көз жеткізді. Қазіргі
күннің өзінде еліміздің кез-келген азаматын шет
мемлекеттер қазақ деп таниды. Қазақ емес талай
отандастарымыз шетелге барып, өздерінің қазақ азаматы
екендіктеріне көздерін жеткізіп қайтып жатыр.
Мың
өліп мың тірілген қазақ халқы осы бір Отан
үшін не көрмеді, не істемеді. Елін, жерін қорғау
үшін кескілескен соғыстар жүргізді, одан кейінгі
ұрпақ қорлық пен зорлықтың сан түрін
көріп, «елім, Отаным» дегені үшін атылып, түрмеге
қамалып, қуғын көрді. Тәуелсіздікті көру
бір арман болып, ішқұсамен өмірден өткендері
қаншама. Осының барлығы не үшін еді? Әрине Отан
үшін. Сонша ғасырлар бойғы ата-бабамыздың арманы
болған Отанды қорғай алмасақ сүйегімізге
қара таңба болмай ма? Соншама тағдырларды жұтқан,
құрбан еткен тәуелсіздікті, Отанды қорғау –
Абылайхан, Кенесарыдан бастап, Әлихан, Ахмет, Мұстафа,
Смағұлдар бастаған тұлғаларымыздың
алдындағы, қазақ халқының алдындағы
перзенттік парызымыз. Қазақ халқының Отан
қорғау мәселесіндегі ерекше асқақтықпен,
мақтанышпен айтуға тұратыны, көп елдер
тәуелсіздігімізді қорғадық деген желеумен өзге
елдің жеріне басып кірсе немесе өзге ұлттың
құқын таптаса, өзге елдің жеріне
сұқтанбаған әлемдегі санаулы ұлттың бірі
осы қазақ халқы. Қазақ, қазақ
болғалы бері тарихта ешқандай елдің жеріне басып кірмепті.
Елбасымыз айтқандай «біздің тарихымызда ұялатындай
ешнәрсе жоқ». Тәуелсіздігімізге, Отанымызға көз
алартқандарға айтарым жеріміздің құшағы
кең бәріңізге де жеріміздің астынан орын табылады дегім
келеді.
Қазақтың
патриотизмі қанында, генінде бар. Тек соны қайта жаңғыртып, сілкіндіру керек.
Қазақ ешқашан бір үйде құл болып
қызмет етпеген.Қазақ дегеннің өзі еркін,
тәуелсіз деген мағына береді. Сондықтан тәуелсіздік,
еркіндік ұғымдары қазақ сөзімен егіз,
мағыналас. Бұл елдің атауы тарихта да Қазақ еді.
Бүгін де Қазақ және болашақта да
Қазақ болып қала бермек. Сондықтан бұрыннан
қазақ болып келгендер үшін тарихқа,
ата-бабаларыңа қиянат, сатқындық жасамай,
Қазақ болып туған соң Қазақ болып өлу
керек. Дүниедегі ең қымбат, ең тәтті жан болса,
сол жан Жер-ана үшін, Отан үшін беріліп жатса, онда Жер-ана, Отан
жаннан да қымбат деген сөз. Отан жанымыз бен тәнімізден де,
бәрінен де жоғары тұрған асыл дүниеміз.
Әдебиеттер:
1.Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. -
Алматы: 2012.
2.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Алматы: Атамұра, 1999.
3.
Қ.С.Қаражан. Қазақстанның жаңа және
қазіргі заман тарихы. Алматы: Қазақ университеті, 2005.