БАЛАНЫҢ ЖЕТЕКШІ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Танирбергенова А.Ш.
–п.ғ.к., доцент
«Тұран-Астана»
университеті
Есқақова Ф.
–«Тұран-Астана»
университетінің
магистранты
Астана қаласы,
Қазақстан Республикасы
Бүгінгі
күнде мектепке оқуға дайындық іс жүзінде
жалпыға танымал, көп компонентті білім бола отырып, ол кешенді
психологиямыздың зерттеулерін талап етеді. Психологиялық
дайындықтың құрамынан мынадай компоненттерді
ажыратуға болады:
1. Интеллектуалды
дайындық.
2. Жеке-тұлғалық
дайындық.
3. Әлеуметтік-психологиялық
дайындық.
Әдебиеттердегі
қайнар көздері талдай отырып «баланың мектепте
оқуға психологиялық дайындау» түсінігін анықтау
туралы сұрақ бойынша, әрбір құрамдас
компоненттердің мазмұндық сипаттамасын ашып көрсетейік.
1. Интеллектуалдық
дайындық. Баланың мектепке
интеллектуалдық дайындық компоненті баланың
ой-өрісінің, нақты – білім қорын қарастырады.
Балалардың қоршаған ортасымен тұрмыстық білім
қорындағы мәліметтерді мыналар арқылы түсінуге
болады: яғни баланың өзі туралы, жақындары, алыс
туысқандары туралы, табиғи қоршаған ортада
тұратындығы туралы, үй тұрмысындағы
мүліктер, кеңістіктер туралы азды-көпті
мағлұматтары болуы. Бала өскен сайын, оның
жоғарыда аталған заттар туралы мағлұматтары бірте-бірте
кеңейеді. Олар туралы түсінігі тереңдей түседі.
Интеллектуалдық
дайындық мектепте табысты оқудың маңызды, бірақ
бірден бір емес алғышарты болып табылады. Баланы мектепке дайындау
оның жаңа «әлеуметтік позицияны» (Л.И. Божович) [14] – маңызды міндеттер мен
құқықтарға ие, қоғамда мектеп жасына
дейінгі балалармен салыстырғанда басқа, ерекше мәртебеге ие
оқушының мәртебесін қабылдауға дайындығын
қалыптастыруды да талап етеді.
Бұл жеке дайындық баланың мектепке, оқу
қызметіне, оқытушыларға, өзіне деген қатынасында
көрініс табады.
Ерік
дайындығы. Мектепке дейінгі
жастың өзінде бала пайда болатын қиындықтарды
жеңу және өз әрекеттерін қойылған
мақсатқа бағындырудың қажеттілігін
түсінеді. Бұл оның өзін-өзі саналы түрде
бақылауына, ішкі және сыртқы әрекеттерін,
танымдық процестерін және жалпы тәртібін басқаруына
әкеледі. Бұл мектепке дейінгі жастың өзінде ерік пайда
болады деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Әрине,
мектеп жасына дейінігі балалардың еріктік әрекеттері өзіндік
ерекшеліктерімен өзгешеленеді: олар қасақана, импульсивті,
ситуациялық тілектер мен сезімдердің әсерімен пайда болатын
әрекеттермен қатар жүреді.
Мектепке
даярлық тобындағы балалардың психологиялық
дамуындағы жетекші іс-әрекетін ұйымдастырудың психологиялық
негіздері бағытындағы
зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.
І. Мектепке
дейінгі жас кезеңіндегі балалардың психологиялық
дамуының ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші
әрекеті болып табылады.
Жетекші іс-әрекет
теориясының авторы Л.С.Выготскийдің айтуынша бала дамуының
тұтас процесін үш негізгі жағын бөліп көрсетуге
болады:
1) үйрету процесінде
білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
2) игерілген
тәсілдерді қолданудың психологиялық
механизмдерінің дамуы;
3) жеке адамның жалпы
қасиеттерінің, бағыттылығы, іс-әрекеті, сана
және ойлаудың психологиялық құрылымының
дамуы.
Осы үш бірлестік бала дамуын қамтамасыз ету
үшін оның жетекші іс-әрекетін ұйымдастырудың
тиімді жолдарын анықтап алу қажет. Балалардың
іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген
ғалымдар зерттеген. Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, Д.Б. Эльконин,
А.Ф.Обухова, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов
т.б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық
тобындағы балалардың жеке тұлғалық
қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың
іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты
талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың дамуына
іс-әрекеттің қосатын үлесі ерекше екенін көрсеткен.
2. Балалардың ойын
қызметіндегі жекелеген сәттер ойынның мазмұнын
құрайды. Сондықтан олардың ойындары сауда орындарына
барып, ондағы қажетті заттарды сатып алу, оны үйге алып
келгеннен соң олармен не істе керек екенін қайталау,
дәрігерге бару, бала бақшада өз құрбылары
және психологлермен қарым-қатынас жасау, сабақ
өту, оқу, жазу, сурет салу т.с.с. мағынаға ие бола
бастайды. Барлық рөлдік-сюжеттік ойындарды ойнағанда балалар
үшін ережелерге бағыну ерекше мағынаға ие болады,
сонымен қатар осы ережелердің орындалу дұрыстығын олар
қатаң қадағалайды.
Сюжет пен ойын мазмұны рөлде айқын білінеді.
Мектепке дейінгілерде рөлдік ойын ережелері бар ойындармен бітіседі.
Осылайша ойын өзгеріп мектепке дейінгі жас соңына таман
жоғары даму деңгейіне жетеді. Ойынның дамуы екі негізгі фаза
немесе кезеңге бөлінеді. Бірнеше кезеңге (3-5 жас) үшін
адамдардың шынайы әрекеттерін бейнелеп көрсету тән.
Екінші кезеңде (5-7 жас) адамдар арасындағы шынайы қатынастар
үлгі болады. Кіші жастағы балалар құрдастарымен
қарым–қатысқа түсуге онша көңіл
бөлмейді. Д.Б.Элькониннің тұжырымдауынша, кіші жастағы
балалар «қатар ойнайды, бірақ бірге қосылып ойнамайды».
Бірте–бірте балалар арасындағы қатынас әлдеқайда
интенсивті және өнімді бола бастайды. Егер бір себепке байланысты өзара әрекеттегі ойын
тарқаса, қатынас процесі де ыдырайды. Курт Левиннің
тәжірибесінде мектеп жасына дейінгі балалар тобын ойыншықтары бір
бөлмеге алып келді. Ол ойыншықтар жарым–жартылай күйде
болатын (телефонның тұтқасы жоқ,
қайыққа арналған бассейн жоқ т.б.) Кемшіліктеріне
қарамастан, балалар ойыншықтармен құмарын
қандырып ойнады. Мектепке дейінгі жаста балалардың назары
әдетте заттан адамға қарай ауады. Заттық
әрекеттер дамуға қажетті деңгейден бөлек
ойынның туындауы үшін баланың ересектермен
қарым-қатынасының түбегейлі өзгеруі керек. Ойын
әдетте қалыптасуы жағынан да, мазмұны жағынан да
әлеуметтік сипатқа ие болады. Ересектермен толыққанды
қарым–қатынас болмаса, ойынның дамуы мүмкін емес. Сонымен, ерте балалық шақ пен
мектепке дейінгі жастың арасында ойындардың алғашқы
мазмұнды түрлері бала өмірінде пайда болып, ол жетекші
рөл атқара бастайды.
3. Ойынмен қатар
баланың дамуына үлкен үлес қосатын әрекет –
бейнелеу, ерттегі айту және арнайы үйрету, немесе оқыту болып
табылады. А.Бандура әлеуметтік үйрету теориясын құрған.
Бұл теория бойынша жеке тұлға дамуында «түрткі – жауап
реакция» бойынша жүретін процесс төрт аралық актілерден
тұрады: Баланың әрекет жасау моделіне зейін салуы. Модельге
келесі талаптар қойылады: анықтығы, эмоционалдық
әсерлілігі, функционалдық маңыздылығы.
Бақылаушының сенсорлық мүмкіншілігі модельдің
мән мағынасы түсінуге жеткілікті болуы керек. Модель
әсер еткен мәліметті еске сақтауға қабілеттілік.
Байқаушының байқалған әрекеттерді
қайталауға қажетті қимыл әрекет жасауға
мүмкіншліігінің жеткіліктілігі. Көрген нәрсесін
қайталауға негіз болатын мотивацияның барлығы. Сонымен,
көрген әрекеттер моделі бойынша оны қайта
жаңғырту үшін когнитивтік процестердің рөлі
өте үлкен екені дәлелденген (зейін қою, жадына
сақтау және мотивацияның болуы). Н.П.Сакулина
ұзақ уақыт зерттеу нәтижесінде 5 жастан бастап
балалардың сурет салу барысындағы мінез-құлық
ерекшеліктеріне сүйене отырып оларды екі типке бөлген:
1-тип - жеке заттарды салуға көбірек
көңіл бөлетіндер. Олардың сурет салуға икемділігі
тез дамиды.
2-тип – сюжетті сурет салатындар. Олар салған
суреттерін сөзбен түсіндіріп, барлық әрекеттері
ойынға айналады.
Баланың
сурет салу процесін ұйымдастыруындағы осы ерекшеліктеріне
байланысты Г.Гарднер оларды «коммуникаторлар» және «визуалистер» деп
топтастырған. «Коммуникаторлар» сурет салу барысында онда не
бейнеленгенін ауызша айтып баяндап отырады да, сурет салу процесі ойынға
айналады. Ал «Визуалистер» суретке бар көңілін аударып,
қоршағандарға ешқандай көңіл аудармастан,
тек суретпен болады. «Коммуникаторлар» немесе, бейнелеу әрекеті барысында
сюжеттік-рольдік ойын ұйымдастырушылардың қиялы өте
жақсы дамыған және тіл байлығы басқа балалардан
әлде қайда озық дамыған болады. Олардың
фантазиясының дамуының қарқынды жүретіндігі
соншалықта болғандықтан олар суретінің сапасына
көңіл бөлмейді. Сурет салу тек өзінің ойын
жалғастыруға негіз ретінде пайдаланылады. Сондықтан бұл
типтегі балалардың бейнелеуге деген қабілеті төменірек болуы
мүмкін. «Визуалистер» салған суретіндегі заттардың
барлық қасиеттерін түсіруге тырысады, сурет сапасына
үлкен мән береді. Олар суретін әрлеп безендіруге, суретке
түскен заттар мен құбылыстардың
құрылымдық жағын толық түсіруге ерекше
назар аударады.
Балалардың сурет салуындағы осы
ерекшеліктерді ескере отырып олардың шығармашылық
қабілетін дамытуға үлкендер бағдарлы түрде
жетекшілік жасауына болады. Біреулерінің бейнелеу өнеріне беген
қабілетін дамытып, ал екіншілерінің жалпы шығармашылық
қабілетін, шешендік өнерін, ертегілерге деген
қызығушылығын дамытуға мүмкіндік туады.
1.
Мектепке даярлық топтағылардың
танымдық әрекеттерін бағалау үшін «Контурды сызу»,
«Мүсін өнері», Мейлидің «Интеллектуалдық талдау тесті»,
«Не салынғанын тап», «Карточкалармен жүргізілетін»
әдістемелер көмегімен психодиагностикалық зерттеулер
жүргізілді. Балалардың танымдық әрекеттерін дамыту
жұмысын ұйымдастыруға «Түспен
ажырату», «Баға беру», «Сандар құрамыз», «Бояуға
арналған диктант», «Суреттік диктант», «Геометриялық диктант» т.б. ойындар мен әдістемелер
қолданылды.
Мектепалды тобындағыларға психологиялық
қызмет көрсету барысында көптеген ойын тренингтерін
пайдалануға болады. Олардың көмегімен балалардың таным
процестерін дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыруға, жалпы мәліметтілігін
жоғарылатуға, тіл байлығын дамытып сөйлеу
мәдениетін қалыптастыруға және болашақ мектеп
өміріне адаптациялану қабілетін оятуға мүмкіндік туады.
Барлық аталған қасиеттер мектепке даярлықтың
жекелік, интеллектуалдық және мотивациялық сипаттарын
көрсетеді.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерін және
ізденіс барысында жинақталған материалдарды білім беру саласында
қызмет атқаратын психологтар өз тәжірибесінде
пайдалауына болады.
Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 2015.
2. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка.
М., 1969.
3. Выготский Л.С. Сөйлеу мен ойлаудың дамуы. Психология. Адамзат
ақыл-ойының қазынасы. 1 т. Алматы: 2005.
4. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
5. Эльконин Д.Б. Детская психология. М.: 1988.
6. Обухова Л.Ф. Детская психология. М., 1995.
7. Венгер А.Л. Восприятие и обучение (Дошкольный возраст). М., 1979.
8. Забрамная С.Д. Психолого-педагогическая диагностика умственного развития.
М.: 1995.
9. Рогов Е.И. Настольная книга практического
психолога. М., 1996.
10. Мотков О.И. Психология самопознания личности. М.: 1993.
11. Анастази А.
Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
12. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.3. М., 1996.
13. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: 1996.
14. Овчарова Р.В. Семейная
академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
15. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 4 томды.
Шымкент: 2006-2009.
16. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего
школьника.- М:, 1990.
17. Обухова
Л.Ф. Детская психология. М., 1995.
18. Леонтьев А.Н. Іс-әрекет. Сана. Тұлға. Психология. Адамзат
ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2 т. Алматы, 2005.