МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫН
ЖЕТІЛДІРУ
Танирбергенова А.Ш.
–п.ғ.к., доцент
«Тұран-Астана»
университеті
Төремұратова Ф.
–«Тұран-Астана»
университетінің
магистранты
Астана қаласы,
Қазақстан Республикасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау
түрлерінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу қазіргі
таңда өте өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі
таңда мектепке дейінгі балалардың психикалық және
танымдық прцестерін зерттеуге аса назар аудару басты проблемалардың
бірі болып табылады. Сондықтан балдырғандардың
бойындағы психикалық прцестер мен сапалардың,
қабылдаудың, зейіннің, қиялдаудың, есте
сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің,
сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің пайда
болуын, өзгеруін, жетілуін және қалыптасу ерекшеліктерін
зерттеу көкейкесті және ғалымдардың назарын
аударарлық мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.
Мектепке дейінгі шақ –
баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке
келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын
игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен
мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі балып
саналады. Бес жастан жеті жасқа дейінгі балалардың қабылдауы
жоғары болады. Осы жас аралығында балаларда көздің кқргіштігі,
түстер мен олардың реңдерін ажырату нәзіктігі артып,
фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол
белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық
өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың
болмыстағы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан
қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге
бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттерін
игеруінің нәтижесі болып есептеледі.
Мектепке дейінгі балалық
шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың
сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар
(сенсорлық эталондар – спектр түстері, геометриялық формалар,
музыкалық дыбыстар, т.б.
жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған
заттар қасиеттерінің жіктелген және өзара
байланысқан үлгілері). Сенсорлық эталондар балалар
қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып,
тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем
қызметін атқарады /1.189/.
Мектепке дейінгі кезеңде
балалардың дамуы мен ойын үстіндегі әр түрлі
іс-әрекеттері оларға өздерін қоршаған ортаны,
заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерін танып
білуіне, ақыл-ойының дамуына игі ықпал етеді. Бес
жастағы балалардың қабылдауы өте жоғары болады.
Алғашқы сатыларда мектеп жасына дейінгі балалардың
қабылдауы кейін келе жоғала бастайтын «шошақпен» күшті
қамтылған. Оның жоғалып кетпей әрі қарай
дамып, қалыптасуы үшін жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан
да ересек адамдар балалардың әр нәрсенің
мән-жайын танып білуге деген ықыласына үнемі
қамқорлықпен бағыт-бағдар беріп отыруы тиіс.
Өйткені олардың танымы мен қабылдау қасиеті сол
әрекет кезінде жетіле түседі. Атап айтқанда, бұл
кезеңде балалардың нәрселердің кеңістікте
қалай орналасуын, уақыт аралығында
оқиғалардың өзгерісін дұрыс байқап, ажырата
білуі айтарлықтай дамиды. Сондай-ақ сөздерді естуі
арқылы қабылдап, ұқсас дыбыстардың айтылуы мен
өзара айырмашылықтарын айқын ажыратуы сөздік
қорлары өсе түседі, әрі сол аталған сөздік
құрамынан зат есім, шылау, етістік, анықтауыш сияқты
сөздерді бір-бірінен ажыратумен ған шектелмей, олардың кеңістіктегі
орналасуы мен күйлеріне, белгілі мезгіл ішіндегі заттар мен
құбылыстардың ара байланыстарын да аңғарып,
олардың мәнін атай алады. 5-7 жастағы балалар сөзбен
берілген заттар мен құбылыстардың сипат белгілерін,
қасиеттерін ойша қорытып, өз сөздерімен айтумен бірге
сөздің мәнін, оның шығу тегін түсіне алатын
сөздің дыбысталуын өзге ұқсас сөзбен
салыстыра отырып түсінетін деңгейге
көтеріледі.Қабылдаудың ықпалымен басқа
психикалық функциялардың барлығы «қабылдаудың
айналасында, қабылдау арқылы және қабылдау
көмегімен» дамиды.
Мектеп
жасына дейінгі балалардың қабылдау түрлерінің дамуын
зерттеген ғалымдар А. В. Запарожец, Л. С. Выготский, Г. Фалькельт, А. Н.
Леонтьев, Л. А. Венгер, Ж. Пиаже болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы
олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық
жағдайларға бай болып келеді. Мәселен, олардың
қозғалмалы, бояулы нәрселерге ерекше
құмартқаны да осыдан. Төменгі кластарда оқитын
балалардың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер
болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат
күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Бала заттың
көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттері мен белгілерін
ғана көреді. Заттарды талдай қабылдау жағыда жетпей
жатады. Мәселен ол заттың өзіне ұнағанын,
олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін
қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда
белсенділік аз болады. Егер объектіні қабылдау қиынға
соқса, бала оған қынжылмайды, екіншісіне ауысады,
қабылдаған затының жеке бөліктерін тізбектей
алғанмен, бірақ онда жүйе болмайды. Мәселен
көбелектің құрылысын айтқан кезде:
«Көбелектің қанаты ақ. Қанатында
дөңгелек қара нүкте бар. Көбелектің
мұрты, көзі, құйрықшасы болады» деп жай
тізбектейді де, оның негізгі ерекшеліктерін (түрі, түсі т.б.)
айтуды естен шығарады. Кейде бала нәрсенің жеке
жақтарын қабылдайды да, оның тұтас зат екенін
ұмытады. Мәселен, балалар кружканың суретін салғанда,
тұтқасын шашадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің
суретін салған да, есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді
алып жатады. /20,81/
Жасы
ұлғайған сайын балалардың қабылдау
саласындағы осындай қателері азая бастайды. Бала заттың
негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен
синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік
белгісін ұққысы келеді, оның мәніне, ішкі,
сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зер сала бастайды. Енді
затты жан-жағынан байқап көргісі келеді. Заттарды дұрыс
қабылдай алу, мәніне түсіну барлық пәндер бойынша
бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін
арифметика, ана тілі сабақтарына қарағанда сирек болатын
ән-күй, сурет сабақтарынан бала қабылдауының даму
дәрежесі әлдеқайда баяу болады.
Ерте
мектепке дейінгі жас интенсивті психикалық дамудың этапы болып
табылады. Дәл осы жаста психофизиологиялық функциялардан бастап,
жаңа қиын тұлғалық қалыптасуға дейін,
барлық сферада прогрессивті өзгерістер байқалады.
Баланың
санасында мектеп туралы көрініс өмір салты болып есептелгеннен
бастап, оңың ішкі позициясы жаңа тұрғыдан
қарастырылып, оқушының ішкі позициясына ауыст және де
бұл баланың дамуында жаңа жас кезеңі-кіші мектеп жасына
өткендігін аңғартады.
Оқушының
ішкі позициясын мектеппен байланысты баланың қажеттіліктері мен
талпынысы ретінде анықтауға болады, яғни баланың
мектепке қатысы, өзіндік қажеттілік секілді көрінуі
тиіс(мектепке барғым келеді)
Оқушының
бойындағы ішкі позиция баланың ойыннан бас тартып, көбірек
көңілін оқу әрекетіне әсіресе оқуды
қажет ететін тұстарына бөлуінен-ақ байқауға
болады. Баланың мектепке осындай жағымды
бағытталғандығы оның оқу, білім беру,
шынайылығына кірісу, яғни мектептік талаптарды құптап,
толықтай оқу процесінеенуін көрсетеді.[24;112-118]
Мектепке түсуші балаға оқу процесіне
қатынасынан өзге, мұғалімге, құрдастарына,
өзіне деген өатынасы да маңызды мектеп жасына дейінгі
кезеңнің соңында балада ересекпен
қарым-қатынасында тұлғалық жағдайдан тыс
сөйлесу қалыптасу қажет. Ересек үлгі тұтар,
өнеге алар жан болып табылады. Сабақ барысындағы
қарым-қатынас жеңілдейді, яғни бала сабақ
үстінде өзге тақырыптарға алаңдамай, тек берілген
тапсырма бойынша сұрақ қойып, оған қол
көтеру арқылы жауап береді. Білім берудің пәндік-сыныптық
жүйесі тек қана оқушы мен мұғалімнің
арасындағы байланыс қана емес, сонымен қатар, өзге
балалармен де қарым-қатынасын қалыптастырады.
Құрдастармен қарым-қатынастың жаңа
түрі алғашқы сыныптан-ақ қалыптасады.
Бала қабылауын дамытудағы ерекше ролін ескере
келіп, әрбір мүғалім мына төмендегі шарттарды орындап
отыруы тиіс:
1. Көрнекті құралдарды пайдалануда балалардың жас
ерекшелігін мұқият ескеру жөн.
2. Бала байқаудың, қабылдаудың мақсатын
айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен
құбылыстардың
мәнісін қалайда түсінгені мақұл.
Мәселен бала ертегіні қабылдағанда оның
мазұмынымен бірге басты кейіпкердің
мінез-құлқына, мазұмындаудың тәртібіне
түсіне білмейтіне, оны мағыналы тұрде қабылдай алмайды.
3. Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен
салыстыруға, жаңа материялды балалардың бұрынғы
білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға әр түрлі
объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын
ажыратуға қөзделген басты мақсат пен жеке
мәселелерді түсініп, отыра алуына қатты зер салу қажет.
4. Сабаққа белсенділігін артыруда оқу материялдарының
түрі көлемі, ауыр-қиындылығы еске алынып, бұларды
қабылдауының саналы болуы мұғалімнің
дұрыснұсқау бере білуіне де байланысты.
5. Балалардың байқағыштық қасиетін үнемі
есте болғаны жөн . Күделікті оқу материалын
ұғынып қабылдаудан басталады. Қабылдау тек бірдемені
қарау на соны таңдау ғана емес, баста барбелгілерімен
объектілерді салыстырып түсіну.
Сонымен
қабылдау оқу процесінде ойлауды талап етеді. Кабылдеу дегеніміз
мағұлымдарды тұтастығымен бейнелеу егер
қамтылатын материал тым қызғылықты келсе онда
оқушылар осыған ғана көңіл бөліп,
қиын материалдарды оқығысы келмейтіні кездеседі. Осының
нәтижесінде материалды тұтас қабылдай алмай, үзінді
етіп мәнсіз есте қалдыру ықтимал.
Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 2015.
2. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка.
М., 1969.
3. Выготский Л.С. Сөйлеу мен ойлаудың дамуы. Психология. Адамзат
ақыл-ойының қазынасы. 1 т. Алматы: 2005.
4. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
5. Эльконин Д.Б. Детская психология. М.: 1988.
6. Обухова Л.Ф. Детская психология. М., 1995.
7. Венгер А.Л. Восприятие и обучение (Дошкольный возраст). М., 1979.
8. Забрамная С.Д. Психолого-педагогическая диагностика умственного развития.
М.: 1995.
9. Рогов Е.И. Настольная книга практического
психолога. М., 1996.
10. Мотков О.И. Психология самопознания личности. М.: 1993.
11. Анастази А.
Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
12. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.3. М., 1996.
13. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: 1996.
14. Овчарова Р.В. Семейная
академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
15. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 4 томды.
Шымкент: 2006-2009.
16. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего
школьника.- М:, 1990.
17. Обухова
Л.Ф. Детская психология. М., 1995.
18. Леонтьев А.Н. Іс-әрекет. Сана. Тұлға. Психология. Адамзат
ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2 т. Алматы, 2005.