Грек-рим күресінің  жаттығушыларына арналған тактикалық тәсілдерінің әдістемесі

Мұсабеков А.М., Қамысбаева Ж.Қ.
Қазақстан, Тараз, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

 

Балуанды даярлауда оның шеберлігін жан-жақты жетілдіруде, яғни әдісін, айла-тәсілін, ой-түйсігін, білімін икемділігі, шыдамдылығын күш жігерін қатар өсіргенде балуанның жарыстарда жеңіске жетуінің бірден бір кепілі болады. ал бұл дайындық түрлері өзара байланысты болып келеді.

Оқу-жаттығуды жүргізген кезде жан-жақты жоспарланған әдістеме бойынша жүргізу керек, алдағы болатын негізгі жарыстарға балуанның шеберлігін ең жоғарғы деңгейге жеткізіп жарысқа қосу керек, ол үшін әр кез балуанды дәрігердің тексеруінен өткізіп ұстаз бен дәрігер тығыз байланыста жұмыс жасағаны дұрыс болады. Балуанның жеңіске жету жолы оның күрес әдістерін жетік меңгеруінде болып табылады. Балуан грек-рим күресінің 20 әдісін жақсы меңгеруі мүмкін, бірақ жарыстар кезіндегі айқаста сол әдістердің 2-3еуін  өте жақсы меңгеріп кез келген мықты қарсыласына жасай білсе,бұл спортшының жан-жақты әдістерінің дайындығы бар екендігін көрсетеді. Бірақ әдістерді жарыс кезіндегі айқастарда айла тәсілмен байланыстырмай табыспен орындауға болады деу мүмкін емес. Сондықтан, балуан әдісті, тәсілді, қатар меңгеріп әр кез бір-біріне ұштастырып дайындық жасауы керек. Егер балуан спорттық жоғарғы нәтижеге жетем дейтін болса әдістерін күнделікті жетілдіріп және жан-жақты толықтыра түсу керек.

Жарыс кезіндегі әдістеме. Жарыстар кезіндегі айқастарда балуанның барлық мүмкіншілігі тексеріледі. Жаттықтырушы жарыс кезінде шәкіртінің әлі қандай кемшіліктері бар, сол кемшіліктерді жою үшін не істеу керектігі жөнінде жоспар құрады.

            Тексеру әдістемесі. Жаттықтырушы шәкірттерінің жаттығу кезінде ұдайы қадағалауының арқасында олардың айла-тәсілінің қандай деңгейде екенін және арнаулы күш-қуатының қаншалықты өскенін біліп отырады. Жаттықтырушы тексерудің қортындысында балуанның осал жерін талдап шәкіртінің осал жерін күшейту үшін арнаулы жаттығулар жасатып шынықтыруы қажет.

            Бөліп-бөліп үйрету. Бұндай әдістемемен әдіс жасау немесе айла-тәсілдерді балуандарға үйрету және жетілдіру кезінде қолданылады. әдістеменің негізгі мақсаты балуандарға әдісті бөлшектеп үйретіп алып, содан кейін толық жасату, себебі кейбір балуандар кеудеден асыра лақтыратын әдістің бірінші кезеңі қарсыластың бір қолымен белін қапсыра жақсы қысқан мен шалқалап кеудеден асыра лақтыра алмайды. Кейбіреуі керісінше шалқалап кеудеден асыра лақтырғанмен бірінші кезеңі қолмен белін дұрыс қапсырып құшақтай алмайды. Жаттықтырушы сондықтан әр бөлікке жеке тоқтап үйретіп, қайталатып содан кейін толық әдісті жасатады. Сол сияқты басқа әдістерді де солай үйретіп жетілдіру дұрыс болады. Белдесудің бір көрінісі  бұл әдістемені Жаттықтырушы шәкіртінің айқас кезінде қарсыластарына ұдайы қолданатын әдісін дамытып жетілдіру үшін пайдаланады. Балуан әдісін айла-тәсілмен байланыстырып әртүрлі қимылмен жасап жетілдіреді. Жаттығу, жарыс кезіндегі айқастарды суретке түсіру, видеофильмге түсіріп көрсету арқылы балуанмен бірге көріп отырып жақсы жақтарын немесе жіберген қателіктерін түсіндіреді. Балуан өзінің ұнататын әдісін жасау үшін бірнеше айла-тәсіл жасап қарсыласының ойын бөліп тепе-теңдік жағдайдан кетіріп, содан кейін ғана барып өзінің әдісін қолдануы қажет. Балуандар осы айла-тәсілдерін жетілдіріп қалпына келтіру үшін бір-біріне ыңғайлы жағдай жасап жаттығуларды көп қайталаулары керек және оқу жаттығу айқасында тексеріп көргендері дұрыс.. Жаттықтырушы бұл әдістемені балуандар жаттығу жасап жатқанда белгі беріп тоқтатып қателіктерін түсіндіріп көрсету үшін пайдаланады. Белгі берілген кезде балуанның денесі қандай жағдайда тұрсада кілт тоқтау керек. Жаттықтырушы балуанға жасап жатқан әдісінің қателігін көрсетіп, бөлшектеп үйретіп балуанның осы әдісті қайткендеде дұрыс жасауға болатындығына көзін жеткізуі керек.

      Бір қалыпты әдістеме. Балуанының жиылып шыдамдылығымен, төзімділігін күш қуатын арттыру үшін жасайтын әдістеменің түрі.  Бұл әдістеме ұзақ уақыт 40-50 минут бойы балуандардың бір қалыппен жұмыс жасауында жаттығу кезінде балуандың жүрегі минутында 130-135 рет соғуы керек одан арттыруға болмайды. Бір қалыпта ұзақ уақыт жаттығу жасаған кезде денеге күш түседі сол кезде денеге оттегінің, аздап жетіспеушілігі болады бұл дененің қызмет ететін барлық жүйесінің арасында өзара берік байланыс орнауына ықпал етеді.  Өзгерту әдістемесі. Жаттығудың өзгерту әдістемесі балуандардың арнайы төзімділігін және шалттығын шыңдау үшін жасалады. Бұл әдістеме кезінде де балуан ұдайы жаттығады,бірақ жаттығу кезінде тездік мөлшерін көтеріп балуандардың жүрек соғуын бір минутте 180 ретке дейін көтереді, одан артық көтеруге болмайды. Жаттығуды өзгерту әдістемесі алдағы болатын жарыстарға сәйкес өзгертіліп отырады. Ол балуанға әсер беру үшін, бұлшық еттер тез-тез жұмыс жасаған кезде оларға оттегі жетіспей жатады, сондай кезеңдерде жаттығудың жылдамдық мөлшерін арттырып дененің күреске деген қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Үзіліс жасау әдістемесі. Балуандардың арнайы төзімділігін, күш-қуатын және сенімділігін арттыру үшін жүргізіледі. Балуандар бір қалыпты жаттығуды жасай отырып арнайы төзімділігін, күш-қуатын арттыра түседі, егер балуан 2/+2/+2/ минутке үзілісі 0,30 секунттан жарыс кезінде күресетін болса, оған әдепкі кезде үзілісті 1 минутке созып, 2/+2/ минут күрестіру керек, сөйтіп бірте-бірте айқас уақытты соза береді. Балуан 2/+2/+2/ минутке үзілісі 0,30// секундпен толық айқаса алатын жағдайға жеткізу қажет. Балуанды бірте-бірте дайындағанда бір күнде 5-6 айқасқа шыдайтындай қылу үшін күнделіті айқастың, санын арттыру қажет, ондай жағдайда ұстазбен, дәрігер балуанды тексеріп зорықтырып алмайтындай қылып жұмыс жасауға тиісті. Балуанның айлакерлік шеберлігі оның жан-жақты дайындығына байланысты. Оның айла тәсілділігі, әдісқойлығы өсетін болса, сонда ғана балуанның шеберлігіне жаңадан әдіс қосылып оны жарыстар кезінде жеңіске жету мүмкіндігі болады, шеберлігі де артады.