МЕКТЕПТЕН ТЫС
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
Мұсабеков А.М., Қамысбаева Ж.Қ.
Қазақстан, Тараз, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Мектептен тыс дене
тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың
ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа
білім беру басқармалары ұйымдастырылады. Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары
әртүрлі ұжымды мекемелерде жұмыс орындарында
өткізіледі.
Ол мекемелер: балалар
және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру
лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене
мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт
базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс
жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды
толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып
келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың
мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін
мекемелердің міндеттері:
1.Жүйелі түрде жаттығумен
айналысуға оқушыларды көбірек тарту.
2.Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын
жоғарылатуға көметесу,
уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3.Дене мәдениеті саласының әрбір
бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың
өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
4.Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына
дағдыландыру.
Мектептен тыс мекемелер көптеген
мектептің оқушыларын
біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз
педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің
жұмыс істейтін бағыттарында
оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу
жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар
құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды
оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын
жүргізеді. Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі
бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт – спорт
түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл
бағытта жұмыс істейтін
мекемелер денсаулықтары
мықты, дене қуаты дайындығы жоғары,
тұрақты оқушылар
сандарымен жұмыс істейді. Ол мекемелер:
-
Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)
-
Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)
-
Спорттық мектеп интернаттары
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл
бағыттағы жұмыстар балалардың
қозғалысқа деген
табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін
мекемелердің ерекшеліктері,
олар денсаулықтары жақсы,
белгілі бір уақытта топтық құрамдары ауысып тұрған
балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
-
Жазғы сауықтыру лагері
-
Еңбек сауықтыру лагері
-
Стадиондар
-
Жас туристер станциялары
-
Мәдениет үйлері мен спорттық
сауықтыру кешендері
-
Мәдени демалыс парктері
-
Аула клубтары
Мекептен тыс
уақытта дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын
ұйымдастыру арқылы оқушылардың денсаулықтарын
нығайтуға, таңдап алған спорт түрлерінен
қабілеттіліктерін дамытуға, халықаралық аренада спорт
түрлерінен халқының, Отанынының намысын
қорғайтын мықты
ұл, қыздар өсіруге, дене тәрбиесі мен спорт
бағытында белсенді оқушылар дайындауға, жалпы білім беретін
мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беруге, спортты
насихаттауда көп жетістіктерге
қол жеткізуге болады.
Ата-аналар
балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан,
күшті, болуын қалайды. Сол
үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс
спорттық-сауықтыру жұмыстары
жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушыларымен ол
жұмыстарды жүргізіп, баланың күнделікті қозғалыс белсенділігі 14
сағаттан кем болмауына ұмтылады. Жаз уақытында ата-аналар
ең ұзақ демалыс
(каникул) кезінде
балаларының тоғыз ай
мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт
жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын
қалайды. Оның ең бір
тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы
ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне
балаңызды жіберу. Балалардың жаздық сауықтыру
лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар
мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің,
денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап,
ұйымдастырылады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала
жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы
мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер.
Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманда әрбір
ауданның халыққа
білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық
лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы
мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі
кездерде ол лагерлер жабылып
жұмыс істемей қалды. Орта жалпы білім беру мектептерінің
жанынан еңбек-сауықтыру лагерлері
ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің
қаржыландыруы мен спорттық - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз
әрі қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда
демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары
туралы мағлұматтар береміз. Оқушылар лагерге келген
күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әр бір отрядтың жұмыстарын
ұйымдастыруға ұстаз-тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші
лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады.
Ұстаз-тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт
жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.
Сондықтан сабақтан тыс уақытта жүргізілетін
спорттық сауықтыру шаралары балалардың денсаулықтарын
жақсартуда қосатын үлесі өте зор.