Қазақ ұлттық бас киімдерді талдау
Байұзақова Г.С.
М.Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университет, Тараз қаласы, ҚР
Ғасырлар бойы
халық шеберлерінің дарынынан және өнерінен пайда
болған, қазақтардың ұлттық киімі бар
жақсыны қабылдаған. Онда халық өмірінің
бейнесі көрсетіліп, өндіріс деңгейі, эстетикалық
мұрат мақсаттары, оның ішінде қазақ
халқының тарихи қалыптасуының этникалық
компоненттер әсері анық бақыланады. Сөзсіз,
қазақтардың ұлттық костюмдеріне көшпелі
тұрмыс қалпы үлкен әсер етті. Халық «дизайнерлері»
атқа мінуге ыңғайлы, суық жыл мезгілінде жылытатын
және жазда ауыр болмайтын
және ыстықтамайтын киімді шығаратын.
Қазақ
костюмінің қалыптасуына қазақтармен арақатынаста
болған, көрші халықтар үлкен әсер етті. Мысалы,
орыстардың, татарлардың, қарақалпақтардың,
алтайлықтардың, қырғыздардың,
өзбектердің және түркмендердің ұлттық
киіміне тән ерекшеліктерді табуға болатын еді.
Кейбір басқа
халықтардың ұлттық киімдердерінен ерекшелінетін,
қазақ костюмінің композициясы қарапайымды,
мақсатқа сәйкес және қатаң киім
сәнділігінде үлбірді әрлеу, кестелеу, оюлы безек
(инкрустация) салу арқасында ерекшеленеді. Онда түркмендерге
тән, көзді шағылыстыратын түрлі–түсті бояумен
және әшекейдің молшылығын табу мүмкін емес.
Қазақтардың салтанатты киімінің өзі,
қазақ мәдениетінен аулақ адамдардың өзіне
толған түйсінуін шақырмайды. Әрине бейнені жасауда
әшекей басты болмаса да біршама роль ойнайды. Атап айтқанда,
қазақ костюмінде түрлі–түрлі әшекейдің
пайда болуы, көшпенділердің әдемілікке ұмтылуы
нәтижесінде емес, ал адамның қоғамдағы орнын,
дала халқының белгілі әлеуметтік топқа жататынын
анықтауы үшін пайда болған (барлық отбасымен, үйдің
ұсақ–түйек бұйымдарымен, отар малмен жайылым тауып, бір
жерден екінші жерге көшуі – олардың өмірлік шарты бойынша
әшекеймен айналасуға уақыттары көп болған
жоқтығын көрсетеді).
Қазақтың
ұлттық костюмі мен бас киімдерінде түрлі маталар және
сәнді (декоративті) өңдеулер қолданылатын.
Қазақ ұлттық костюмдердің әртүрлі
элементтерін дайындауда біртегіс кестелеу кеңінен қолданылатын.
Ерлердің щұға шалбарлары мен кимешектерді біртегіс
кестелейтін. Ілмекті – ілмекке тамбурлық кестелеу үлкен шеберлікпен
орындалатын. Тамбурлық және біртегіс кестелеуде геометриялық
және өсімдік өрнектері, кейде бүтін сюжет, ал кейде
адамдар мен жануарлардың контурлық кескіні қолданылатын. Киіз
қазақтың ұлттық сыртқы киім
костюмінің дәстүрлі матасы болып табылады. Қазақтар
құланның, қарақұйрық (сайгак)
және жолбарыстың, сонымен қатар – жанаттың (енот), су
тышқанның (выхухоль), бұлыңғырдың (соболь),
сусардың (куница), ақ тышқанның (горностая), және
сасықкүзеннің (хорьки) терілерін аса бағалайтын.
Бұлыңғырдың және сусардың үлбірі
ең қымбат үлбір болып саналатын, ал қалғаны
арзандау бағаланатын. Тарихи деректер бойынша, баяғыда
қазақтар бастарын тақырлап алып тастап, үнемі бас киім
киетін. Қазақ халқының ұлттық
костюмінің бас киімі жеткілікті әртүрлі болатын. Олар
әлеуметтік статусы және матасына, жасына, жынысына қарай
әртүрлі болып бөлінетін. Қалпақша, тақия,
бөрік, тымақ - қазақ ұлттық костюмі ерлер
бас киімінің негізгі түрлері болып табылады. Кейбір ерлердің
бас киімін киізден жасайтын. Соның ішінде ең дәстүрлі
және ескісі – қалпақша болып табылады, ол кең жиекті
бейнелеп, төменгі бөлшектері қайырылатын, төбесі
дөңгеленген немесе үшкір екі бірдей бөлшектерді
өзара қосып тігілетін, сайы (тульясы) жіңішке биік,
жұқа ақ киізден тұратын бас киім. Соңында, жолақты
қара немесе қызыл матадан тігетін. Сайын (тульяны) кестеленген
түрлі–түсті баумен немесе матаны тігісімен әшекейлейтін.
Атақты адамдардың қалпақтарын жібектен; кейде
барқыттан тігетін. Қазақтарда ақ киізден тігілген биік
қалпақты ақ қалпақ деп атайды. Осындай, кең
жиегі жоғары қайырылатын қалпақты айыр
қалпақ деп атайды. Сәнді ақ қалпақтарды
жібектен тігіп, сайын (тульяны) бойлай күміс оқамен (галун)
кестелеп және шеттерін бауын (шнуровый) тігіспен безендіретін. Телпек
қалпақтың бір түрі болып табылады. Бөрік – бас
киімі қазақтың ұлттық костюмінің элементі
болып табылады, бұл ерлердің көктемгі және күздік
бас киім түрі. Бөрік – ертедегі сөз, "бөрі" –
қасқыр деген сөзінен шыққан. Қасқыр,
түрік тайпаларының ежелгі тотемі екені белгілі. Бөрік бас
киімі пішіні жағынан дөңгелек конус тәрізді
төбесі биік немесе төбесі қиылған бірнеше
үшкілден тұратын, үнемі қамшат (выдра),
бұлыңғыр (соболь), елтірі (мерлушка) аң терісімен
жиектелген. Негізі киізден тігіліп, сырты матамен қапталатын .
Тақия
қазақтар арасында кеңінен қолданылады. Тақия
негізгі екі бөлшектен тігіледі – цилиндрлық биік емес
қалқаннан және төбеден. Тақия негізі
сәтеннен тігіледі. Сәнді тақиялар үшін барқыт
қолданылып, түрлі-түсті тігіспен, кестемен, алтынмен
және күміспен безендіріледі.
Тымақ –
қыс мезгілінде киетін түп нұсқа (оригинальный) бас
киімі. Тымақтың қалақтары үлпілдек үлбірмен
көмкеріледі. Әйелдердің бас киімі, негізінде әлеуметтік
жағдайын және жас шамасын көрсетеді. Тұрмыс
құрмаған қыздар, матадан тігілген кішкентай
«тақия» және қалқаны үлбірленген «бөрік»
киетін. Оларды ашық түсті матадан тігетін және де міндетті
түрде, әсіресе тақияны кестелейтін немесе әртүрлі
моншақпен, маржанмен, майда моншақпен (бисер), күміспен
безендіретін. Тақияның төбесіне үкі (филин)
қауырсынынан әшекей (султанчик) «үкіні» тігіп қоятын,
ол тек әшекей ғана емес, сонымен қатар тіл көзденде
сақтайтын. Қазақтар мұндай бөрікті камшат
бөрік – құндыз (бобер) бөрік деп атайтын.
Ұлттық
костюмде бас киімдер композиция элементтері ретінде тек
қоғамдық топтар (сословие) ерекшелігімен ғана емес,
сонымен қатар жартылай жастық, діни, этникалық және
климаттық жағдайларын бейнелейді. Ұлттық костюм,
қазіргі кездегі костюмді және бас киімді шығаруда
сәнгердің ең басты шабыт көзі болып табылады.
Ұлттық костюм өзінің бар әртүрлілігімен
және толықтығымен, XX ғасырдан бастап кеңінен
зерттеле бастады. Қазақстан костюм дизайнерлері үшін,
қазақ ұлттық костюмі ХХ және ХХІ
ғасырдың таусылмас шығармашылық көзі болып
табылады.