Қоңыратбай Назерке

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының 1 курс студенті

 

Талапбаева Гульнар Едиловна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

 

Мұнай – газ саласындағы кәсіпорындарда логистикалық тізбекті құру әдістері

 

Дағдарыс пен мұнай бағасының төмендеуі мұнай – газ саласындағы кәсіпорындарда қиын жұмыс жағдайын орнатты. Бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін басқару және технологиялық шығындарды қысқарту қажет, сонымен қатар мұайды өндіру мен қайта өңдеуінің өзіндік құнын төмендету қажет. Бүгінгі күні осы салада тек өндірістің амортизациясыз эксплуатационды шығындары орташа 1 баллерге 7,5 – 10 долларды құрайды.

Мұнай – газ саласындағы кәсіпорындардың эксплуатационды шығындарының үлесін азайту үшін материалдық – технолгиялық қамтамасыз ету мен өндіруден бастап мұнайды сатуға дейін барлық логистикалық жүйенің жұмысын оңтайландыру қажет.

Мұнай – газ өндіру саласын ұйымдастыруда логистикалық басқаруды қолданудың бірқатар ерекшеліктері бар:

1) аталмыш кешенге өнімді қайта өңдеу мен тасымалдаумен қоса шикізатты (мұнайды) алудан бастап соңғы тұтынушыға (мұнай өнімдерін жанармай құю бекеттері арқылы босату) дейінгі материалдық ағымдарды қалыстастыруда алғышарт тудыратын тығыз технологиялық байланыс тән;

2) коммерциялық делдалдық қызметі мұнай – газ кешені үдерісіне сәйкес шектелген, және осыған орай мұнай өнімдері «қуатты тауар» ретінде қарастырылуы керек;

3) бүгінгі күні мұнай – газ бизнесі саласында мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үдерісінің барлық қатысушылары үшін бір мақсат қойылған.

Мұнай газ кәсіпорындарының сыртқы және ішкі ортасы үнемі өзара тығыз байланыста. Неғұрлым жақсы нәтижеге бизнестің біріктірілген құрылымында негізгі және қосымша ағымдарды (жобалау – сатып алу – өндіріс – бөлу - сату) тікелей басқару үшін компанияның басқарушы персоналдарының күш – жігерін, үшін олардың құрылымдық бөліністері мен логистикалық әріптестерін біріктіретін логистикалық тұжырымдаманы қолданатын мұнай газ корпорациялары қол жеткізе алады. Осы тәсілдеменің қағидалары мен әдістері тиімді шешу алуға, көбінесе кәсіпорынның логистикалық шығындарын төмендетуге бағытталуы қажет. Материалдық ағымдарды басқарумен байланысты шығындардың, тасымалдау, қоймалау, тасырыстарды, сатып алулар мен запастарды басқару шығындарының барлық түрлерінің қысқаруы, логистикалық тәуекелдің төмендеуі кәсіпорынға қаржылық құралдарын қойма жабдықтарына, ақпараттық – компьютерлік жүйеге, жарнамаға, маркетингтік зерттеуге және т.б. қосымша инвестициялауға мүмкіндік береді. Тиімді логистикалық шешімдер барлық шығындарды азайту критерийі бойынша ғана емес, тапсырысты орындау уақыты және логистикалық сервистің сапасы секілді көрсеткіштер арқылы алуға болады.

Логистиканы ағымдық үдерістердің барлық түрлерінде кеңейте келе, мынадай анықтама беруге болады: экономиканың осы саласындағы логистика – неғұрлым аз шығынмен тұтынушының сұранысын қанағаттандыру мақсатында мұнай өнімдері мен гезды өндіру мен тасымалдаудың ұйымдастырушылық – технолгиялық тізбегінің барлық буындарында туындайтын ағымдарды басқару.  Мұнай – газ кешені кәсіпорындарының ағымдық үдерістері негізнде мұнай өндіруші салалар кәсіпорындарының қызметін оңтайландыру мақсатында материалдық, қаржылық, ақпараттық ағымдардың қозғалысы түсіндіріледі.

Мұнай – газ компанияларының материалдық ағымы ретінде барлық материалдық ресурстар, аяқталмаған өндіріс және қозғалыстағы, сондай - ақ қордағы дайын өнім қарастырылады. Шикі мұнайдан, мұнай өнімдері микі мұнайдан, мұнай өнімдері мен материалдардан тұратын запастар екі шаманың - өзіндік құн және нарықтық бағаның неғұрлым азымен өлшенеді. Мұнай – газ кешені кәсіпорындарында өзіндік құн орташа өлшенген құндық әдісі бойынша анықталады.

Материалдық ағым 1– өндірістік – шаруашылықты қызметті жүзеге асыру үшін жеткізушілер мен мердігерлерден сатып алынатын тауарлы – материалдық құндылықтың, шикізаттың, жұмыстың ағымы.

Тура материалдық ағым – өндірістің барлық сатыларында дайын өнім қозғалысы және одан әрі өткізу арналары арқылы соңғы тұтынушыға жеткізгенге дейінгі ағымдық үдерістердің жиынтығынан құралған біріктірілген ағым.

Материалдық ағымдар мұнай – газ корпорацияларының ресурстарын пайдалану, өндірістік әлеуеті, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және өндіріс қарқын арттыру, ресурссыйымдылығының және кәсіпорынның негізгі және айналымдық активтерін пайдалану тиімділігіне әсер етеді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Логистика: интеграция и оптимизация логистических бизнес–процессов в целях поставок / В. В. Дыбская [и др.]. – Москва: Эксмо, 2014. – 939 с.

2 Логистика снабжения: учебник / В. И. Сергеев, И. П. Эльяшевич. – Москва: Юрайт, 2014. – 522 с.

3 Логистика: учебное пособие для студентов учреждений высшего образования по экономическим специальностям / [В. И. Маргунова и др.]. –Минск: Вышэйшая школа, 2013. – 507 с.