Экономические науки/ 12.Экономика сельского хозяйства

э.ғ.к.,  Муханова А.Е.

студент, Тәңірбергенова  А.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет,  Казахстан. Қызылорда

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН РЕСУРСТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

 

Қор түсінігі материалдық өндірістің барлық саласын қамтиды, өйткені материалды ағым өзінің қозғалу жолында, яғни шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін кез келген учаскіде қор түрінде жиналуы мүмкін. Әрбір учаскідегі қорларды басқарудың өзгешелігі болады.

 Шикізаттың соңғы бұйымға айналу жолында және осы бұйымның соңғы тұтынушыға дейінгі келесі қозғалысы жолында қордың негізгі екі түрі пайда болады:

-    өндірістік қорлар;

-    тауарлы қорлар.

        Өндірістік қорлар - өндірістік тұтынуға арналған материалдық өндіріс өрісінің барлық салаларындағы кәсіпорындарда болатын қорлар. Өндірістік қорларды құру мақсаты - өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

     Тауарлы қорлар - әзірлеуші кәсіпорындардағы дайын өнімнің қорлары, сонымен қатар тауардың жабдықтаушыдан тұтынушыға жүру жолындағы қорлар, яғни көтерме, шағын көтерме және бөлшек саудадағы кәсіпорындардағы, дайындау ұйымдарындағы және жолдағы қорлар. Логистикалық арнадағы өнімнің орны және оның түрі бойынша материалдық ресурстар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, ыдыс, қайтарымды қалдық қорларын бөліп көрсетуге болады.

         Жабдықтаудағы қорлар - бұл жабдықтаушыдан тауар өндірушінің материалдық ресурстар қоймасына дейінгі логистикалық арнада болатын материалдық ресурстар, олар дайын өнім өндірісін қамтамасыз етуге арналған.

     Өндірістік қорлар - бұл материалдық қорлардың және аяқталмаған өндірістің қорлары, олар фирманың өндірістік-технологиялық бөлімшесінің шеңберінде кестенің орындалуын қамтамасыз етуге арналғанТауарлы қорлар өндіріс құралдарының қорлары және тұтыну заттарының қорлары болып бөлінеді[1].

     Өткізетін (тауарлы) қорлар - бұл өткізу торларында және өндіруші фирманың дайын өнім қоймасында болатын дайын өнім қорлары және тұтынушылар (сату) сұранысын қанағаттандыруға арналған. Жабдықтау, өндірістік және өткізетін қорлар жалпы шығын тұрғысынан логистикалық менеджментті оңтайландыру обьектісі болып табылатын фирманың жиынтық материалдық қорларын құрайды.

Агроөнеркәсіп кешенінде логистикалық концепцияны қолдану  жан-жақты зерттеулерді қажет етті.  Агроөнеркәсіп кешенінде логистиканы қолдануда тек материалды техникалық қамтамасыз ету және тасымалдау, қоймада сақтау, интеграцияланған мәнін шығару арқылы логистиканы анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен АӨК саласындағы өндірістік ресурстық потенциалды тиімді қолдану агроөнеркәсіп кешені жүйесін  дамытуды жеделдету,  диспропорцияны жою, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жүйені қалыптастыру.

АӨК логистикалық жүйені қалыптастырудағы бірінші этапта – нарықтық институттар фирмааралық келісімшарттар,өнімдерді жеткізу графигі, тасымалдау маршруттары шешуші роль атқарады. АӨК логистикалық жүйені келесі түрлерге бөлуге болады:

-  Табиғи ресурстық орта;

-  Ауылшаруашылық өндірісі;

-  Ауылшаруашылық өндірістік құралдары;

-  Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау, дайындау және қайта өңдеу;

-  Өндірістік инфрақұрылым;

-  Әлеуметтік инфрақұрылым;

-  Ғылыми жетістіктер;

-  Мамандарды дайындау және қайта даярлау[2].

Ауылшаруашылығындағы логистикалық интеграцияның келесі негізгі белгілерін көрсете кетейік:

1.     Тауар қозғалысының барлық процесін, тауарды сатып алудан бастап оны тұтынушыларға жеткізуге дейін процесті оңтайландыру ол логистикалық координацияны білдіреді.

2.     Материалды ағымдарды басқару және бақылау интеграциясы, ол басқару интеграциясы болады.

3.     Сауда кәсіпорындарының клиенттеріне көрсетілетін қызмет кешенімен қоса біртұтас материалды ағым технологиясы, ол технологиялық логистика болады[3].

Логистиканы тауар нарығының инфрақұрылымында да қолдануға болады, ол осы нарыққа қатысатын барлық шаруашылық субъектілердің жұмысын тиімдірек ету үшін өте қажет. Логистикалық интеграция мәні кәсіпорында іс-әрекетін біріктіруде. Мұндай біріктірулер нысаны әртүрлілігімен ерекшеленеді, көбінесе ол кәсіпорынның мақсатына, қаржылық, техникалық және басқа да мүмкіншіліктеріне байланысты.

Кәсіпорындар, фирмалар бірігу арқылы өздері жеке шеше алмайтын біріккен мәселерді тиімді шешуге қызығушылық тудырады. Біріккен кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы екі жақты шаруашылық келісім ретінде, құжатсыз келісім ретінденемесе толық іс-әрекеттерін біріктіру үшін толық қосылу ретінде бола алады. Көбінесе осы тура және көлденең интеграцияны жүзеге асыру үшін осы іс-әрекетті бақылайтын, координациялайтын және басқаратын біртұтас орган болуы керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі

1.Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие на казахском языке. Алматы: Қазақ университеті, 2007

2.Гаджинский А.М. Практикум по логистике / А.М.Гаджинский. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ИВЦ «Маркетинг», 2012. – 260 с.

3.Магомедов А.М. Управлению региональной экономикой - логистический подход // Управление экономическими системами: электронный научный журнал. 2012. № 48. С. 106-106.