КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЖАҢА ФОРМАЛАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІҢ
АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Жуанышев А.Е., Керимбек
А.К.,Асқар Б.А.
«Тұран-Астана»
университеті, Астана қ.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
жүргізілген реформалаудың нәтижесінде мемлекеттік
меншіктің орнына жекеменшіктің әртүрлі формалары
қалыптасып, соның арқасында елімізде кәсіпкерлік
қызметке бет алыс пайда болды. Әміршілдік жүйедегі
экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің
пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы
шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық
мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық
субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі
деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Міне, осы тұстан
бастап шаруашылық жүргізудің жаңа формалары
қалыптаса бастады, соның бірі – шағын және орта
бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты
қалыптастыруда, ірі өндірушілердің монополиясын шектеуде
және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет
сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен
зейнетақыны уақтылы төлеуде, жұмыссыздық
мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде
шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды
рөл атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда
нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға
байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған
өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілеті өте
жоғары.
Қазақстан Республикасының
экономикасында жүргізіліп отырған саясатының арқасында
соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар
әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды
– шикізаттық ресурстарының экспорты ұлттық экономика
үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге
және экономикалық өсудің жоғарғы
қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алайда,
қазіргі қаржылық дағдарыс пен
қоғамымыздағы кейбір экономикалық-әлеуметтік
кедергілер мен кемшіліктер жалпы ұлттық экономика мен өсім
сапасына кері әсерін тигізіп отырғаны бәрімзге мәлім.
Сондықтан ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 2030
жылғы халыққа Жолдауында Қазақстан экономикасы
дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке
кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе
шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын
кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті [1]. Себебі,
қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан
реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік
түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік тұрғындарды
жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, халықтың
әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен
қатар, нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға,
тауар түрлерінің көбейюіне, жергілікті шикізат
ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді.
Шағын және орта бизнестің объектiсi –
адамның белгiлi бір қызметi.
кәсiпкерлiктiң
соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен
көрсетiлген қызмет. Бiрақ ең бастысы – әрбір
кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана
жасайды немесе жүзеге асырады. Мiне, осы себептен
кәсiпкерлердiң ең басты мақсаты – өндіріс
шығындарын барынша төмендете отырып, өз пайдасын барынша
жоғарылатуға ұмтылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiнесе
оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты.
Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер
қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып
қалмас үшiн өндiрiс факторларын терең зерттеп,
дамудың жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл
кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi болып саналады.
Экономикалық әдебиеттерде
кәсіпкерліктің мәні мен оның экономикаға
көрсететін ықпалын бағалауға қатысты
мәселелерді зерделеудің нәтижесінде біз XIX ғасырдың ағылшын
экономисі Р. Кантильон өз еңбегінде кәсіпкерлікті -
тауарларды сату және сатып алуға қатысты нарық
субъектілерінің қатынасы ретінде қарастырғанын
және олардың ішінде: тауар өндірісімен, көтерме
саудамен айналысатын кәсіпкерлер, жеке саудагерлер; өз
әрекеттері үшін капиталды қажет етпейтін кәсіпкерлер;
өзінің жеке еңбектерінің кәсіпкерлерін ажыратып
көрсеткенін байқадық. Ол кәсіпкерлердің бірінші
категориясына фермерлер мен саудагерлерді, мануфактуралық тауар
сатушылары мен дүкеншілерді, сондай-ақ жеке саудагерлерді
жатқызған.
Экономиканы тиімді
дамытуға Қазақстан елінің барлық
мүмкіншіліктері бар. Қазба байлықтардың молшылығы
кез-келген өндіріс саласына шикізат көзі болу ретінде жұмысты
жүргізе алады, егіс алқаптарының, жыртылатын жердің
кең болуы да еліміздің азық-түлік мәселесін
шешіп, кейбір көптеген өнімдерді сыртқа шығаруда
үлкен мүмкіншілік береді, бұған дамыған
өндіріс потенциалының болуы, көптеген салалардағы
жоғары білікті мамандардың білім дәрежесінің
сәйкес келуі және тағы басқа мысал бола алады.
Осы жоғарыда айтылған
жағдайлардың барлығы Қазақстанның
экономикасының прогресті түрде дамуының негізін
құрайды. Республиканың экономикасының
стратегиялық өсуінің маңызды принципі әрбір
саланы қаржылық ынталандыру
негізінде дұрыс түрде олардың мүддесін,
басымдылығын және оларды іске асыруын анықтау болып табылады.
Ең маңыздысы – бәсекеге төтеп бере алатын салалар мен
кәсіпорындар құру, рынокты адамдарға қажетті
азық-түлікпен және халық тұтынатын тауарлармен
толтыру, құрылыс базаларын кеңейту, тұрғын
үйлер салу, экономиканың шикізат көзі болу бағытын жою,
ауыр, жеңіл өнеркәсіп ауыл шаруашылық салаларын дамыту,
экологиялық таза технологияларды ойлап шығару, қазіргі
уақытқа сәйкес өндірістік және
нарықтық инфрақұрылымды транспорт, байланыс,
энергетика, туризм, қонақжайлар т.б., қаржы институттарын
және т.б. жасау болып табылады.
Осы айтылған міндеттерді орындау
үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалынады, оның
орындалуын мемлекет бақылауға алады.
Дүниежүзілік тәжірибеде
дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру
жағдайында мемлекеттің экономикадағы ролі артады.
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты іске асыру,
экономикалық өсуді қамтамасыз ету мемлекеттің араласуын
қажет етеді, сонымен қатар бәсекелестікті көтеруде,
шағын кәсіпкерлік құрылымдардың тиімді дамуын ынталандыруда
да мемлекеттің ролі зор.
Шағын кәсіпкерлік қандай
да болмасын жүйеде мемлекеттің қолына мұқтаж,
әсіресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету
бағыты мен нақты инновациялық-инвестициялық шараларды
іске асыруда. Мысалы, АҚШ-та
мемлекеттік дотацияның үлес салмағы төрттен бірге
жетеді, ал Еуропалық экономикалық одақта \ЕЭО\ жартысына
жуық. Жапонияда фермерлердің барлық табыстарының
төрттен үшін құрайды. Канада да бұл
көрсеткіш деңгейі шамамен 40 пайызға жетеді.
Батыс Европа елдерінде мемлекеттің
бизнесменге көрсететін көмегінің негізгі бөлігі 80-90
пайыз бағаны субсидиялау арқылы бөлінеді көтерме сауда
деңгейінде рыноктың және мемлекеттің кепілдік
баға айырмашылығын төлеу.
Бірқатар елдердің мемлекеттік
бағдарламаларында бизнесменге көмек ретінде тікелей дотациялар беру
үлкен орын алады. Норвегияда – 50 пайызға жуық, АҚШ
және Канада да – 50 пайыздан жоғары. Тек Австралия және
Жаңа Зеландияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудағы
басты бағыт болып әр түрлі тікелей емес субсидиялар
және қызметтер табылады \барлық көмек
көлемінің 65-70 пайызы\. АҚШ-пен Канадада бұл
көрсеткіш аграрлық сектордың дамуына бөлінген
барлық мемлекеттік шығынның 27-30 пайызын
құрайды.
Аграрлық протекционизм деп аталатын
саясатты жүргізе отырып, мемлекет сырттан әкелінетін
тауарларға квота қояды, сонымен бірге ішкі рынокта өз
елінің тауар өндірушілерін қорғау мақсатында ауыл
шаруашылық өнімдеріне жоғары бағаны қолдау
бағытында салық салады.
Шағын кәсіпкерлікті
қолдау салық жеңілдіктерін беру түрінде де іске
асырылады. Мысалы, жоғары ставка 34 пайызға тең болса да,
шағын кәсіпорындар үшін 50 мың долларға дейін
табысы барларға салық ставкасы – 15 пайыз,75 мың
долларға дейінгілерге – 25 пайыз қойылған Сондықтан да
бұл елде 1993 жылы 2 млн. жаңа Шағын
кәсіпкерлікорындары пайда болды.
Ал Жапонияда мемлекет шағын бизнесті
қолдауды несие және салық жеңілдіктерін жасау
арқылы көрсетеді.
Қай елді алып қарамайық,
олардағы әрекет ететін шаруашылықты жүргізудің
формаларының тиімді жұмыс істеуі, олардың дамуы мемлекет
тарапынан берілетін қаржылық қолдауға байланысты.
Мемлекеттің қолдауы
өндірістің тиімділігін арттыруға көмектеседі, әр
түрлі шаруашылық формаларының ынталы жұмыс істеуіне
әкеледі. Төленетін төлемдер бюджеттің бекітілген
тәртібі бойынша берілуге тиісті. Әр түрлі экономикалық
зоналарға төленетін төлемдер де әр түрлі болуы
керек.
Несие пайызының жоғары
ставкасының болуы бизнес орындарының жоғары рентабельді
жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.
Республиканың, облыстың кейбір аймақтарында
шағын бизнеске несие беру мәселесін шешу мақсатында ауыл
шаруашылық саласын несиелеу жөнінде арнайы фонд қалыптасуда,
осыны кеңірек қолдану мүмкіндігін жасаған дұрыс.
Бұл фондтан несиенің белгілі бір сомасын қайтаруға
кепілдік беретін болса, ол да ауыл шаруашылығының дамуына
әсерін тигізген болар еді.
Фондтан қаржы ресурстары
қатаң түрде қайтарылу негізінде беріледі. Оның
қайтарымдылығы фондтың тұрақты және
ұдайы көлемінің өсіп отыруына әкеледі.
Нарық жағдайындағы
шағын кәсіпкерлік саласында шаруашылықты
жүргізудің жаңа формалары дұрыс жұмыс істеу
үшін қаржы-несие жүйесін ұдайы жетілдіріп отыру
қажет. Банк пайызының жоғарғы мөлшері ақша
айналымын және өндірісті тұрақтандыруға
мүмкіндік бермейді. Қаржы қорларының жетіспеуі, несие
механизмінің дұрыс жасалынбауы, үкімет тарапынан осы
мәселелердің әлі де болса толық шешілмеуі тағы
басқа бизнес саласының дамуын тежейді.
Шағын кәсіпкерлік саласында
жұмыс істейтін тауар өндірушілер өздерінің сатқан
өнімдеріне уақтысында қаржысын ала алмайды, осы
жағдайда олардың жұмысына әсерін тигізеді.
Салынатын салық
мөлшерінің көп болуы да адамдардың жұмысын
ынталандырмайды.
Мемлекеттің салық саясатында
шағын бизнеске қатысты жеңілдікпен салық салу
арқылы олардың ынталандырушы функциясын күшейту керек.
Рынокты тауарларға толтыруда,
әлеуметтік шиеленістерді жоюда, өнімнің сапасын
жақсартуда, бәсекені болдыруда, арғы және бергі шет
елдермен бұрынғы өндірістік және сауда байланыстарын
арттыра түсу тиімді. Арғы және бергі шет елдермен
экономикалық қарым-қатынасқа енуде мемлекет белсенді
роль атқаруға тиісті. Шағын бизнесте жұмыс істейтін
бизнесмендерге техника, технолгия қажет, өз кезегінде
Қазақстанның шикізат байлықтары көп. Айырбас
кезінде осы табиғи байлықтар қалай болса, солай кетіп,
талан-таражға түспес үшін өз кезегінде бақылауда,
сырттан әкелінетін тауарлардың сапалық деңгейін
тексеруде мемлекеттің атқаратын ролі зор. Мемлекет
халықтың, шаруашылықты жүргізуші кәсіпкерлердің
мүддесін қорғай отырып, оларды ынталандырулары қажет.
Жаңа нарықтық
жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жаңа
формаларды іске асыруда Шағын кәсіпкерлік орындарында жұмыс
істейтін, оны ары қарай дамытатын, білімді, білгір, озық тәжірибені
меңгеретін, оны қолданатын адамдар қажет, ал бұл
өз кезегінде басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді
қажет етеді. Ол үшін адамдар жаңа білім алулары, оны
тәжірибеде қолдана білулері керек. Маман-менеджерлерді даярлау
мемлекеттің көмегінсіз іске аспайды.
Мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге
асыру ісінде мемлекеттің және шаруашылық
қожаларының функцияларын ғалым экономистер келесі түрде
қарастыруды ұсынады:
-
мемлекеттік
саясат бағдарламалары мен шағын бизнестің өркендеу
жоспарларын, нормативтік заң актілерін жасап дайындау;
-
мемлекеттік
азық-түлік қорын қалыптастыру;
-
түбегейлі
ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;
-
ғылыми-техникалық
жетістіктерді енгізу;
-
халықаралық
экономикалық байланысты реттеу;
-
инспекциялық
бақылау;
-
жер
қорын, өнімді стандарттау жүйесін басқару;
-
ветеринарлық
бақылау.
Дамыған елдердің
тарихынан көретініміз, азық-түлік рыногының
тұрақты дамуын қамтамасыз ету агроөнеркәсіп
өндірісінде мемлекеттің реттеу жүйесінің
қалыптасуымен және азық-түлік көтерме сауда
рыногын жасаумен байланысты.
Шағын бизнестің тиімді
дамуының қажетті шарты болып шаруашылықтың
көптеген жаңа формаларының экономикалық
инфрақұрылымын жасау керек. Материалдық,
ұйымдастырушылық, өнімді өткізетін, өндіріс
құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ететін, несие
қаржылық жағдайды жасайтын кешенді іске асыру қажет.
Шағын кәсіпкерлік бір-бірімен
кооперацияға енуі, бірлесіп өзекті мәселелерді шешуі –
бұл да дамудың маңызды бағыты, мұндай істер
республика, облыс көлемінде іске асырылуы қажет.
Батыстың экономикалық теориясына
«бизнесмен» деген ұғымды француз ғалымы, бизнес
теориясының маманы Р. Кантильон XVІІІ ғасырда кіргізді. Оның
айтуы бойынша, өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алу
арқылы, соның көмегімен өнім шығару керек, ол
өнімді рыноктағы сұранысты зерттей отырып, шыққан
шығыннан артық бағамен
сату керек деп тұжырымдады. Әрине, оған сату бағасы
әлі белгісіз, сондықтан оны өндіргенде де, сатқанда да
тәуекел қажет.
Америка экономисі И. Шумпетер ХХ
ғасырдың бірінші жартысында іскерлік теориясының концепциясын
бір жүйеге келтірді. Әрбір дамудың негізінде бизнесмен
«экономиканың лидері», «жаңалық ашушы» қызметін
атқарады. Мұның мәні - өндірістің,
технологияның жаңа тәсілдерін қолдану адамдарға
белгісіз жаңа идеяларды қолдану және белгілі өнімдерді
коммерциялық тұрғыдан қолдану, шикізат көздерін
меңгеру, оны өткізу рыногын
қалыптастыру тағы басқа . Бұл жерде бизнесмен –
бизнестегі ерекше адам, ол жаңа идеяны меңгерген, рыноктың жағдайын
зерртеп білген, талдау жасай алатын, өндірген өнімді
жан-жаққа өткізе алатын адам.
Қазіргі Батыс Европа елдерінің
экономикалық әдебиеттерінде бизнесмен былай деп қарастырылады
– ол бизнес субъектісі, өзіне пайдалы жұмысты бастап, оны
жүргізе алады, бұрын зерттемеген, қолданылмаған белгісіз
идеяларды іздейді, оны жаңа рынок жағдайында және тауар түрінде,
қызмет, технология, новаторлық идея тағы басқа
түрде қолданады.
Республикамыз түбегейлі
өзгерістер кезеңінде түр және олардың
өзекті бағытының бірі – бизнесмендерді дайындау, бизнеске
үйрету болып табылады.
Сондықтан қазіргі уақытта
жұмыстан босатылған, жұмыспен қамтылған адамдар
бар. Олар халықтылық бизнес пен істерді: ұлттық
киімдерді тігуді, әшекейлер мен әсемдік бұйымдарды жасауды,
кілем, алаша тоқуды, жіп иіруді, киіз басуды, ұлттық
ою-өрнектер салуды, ұлттық киімдер мен бас киімдер жасауды
және тағы басқа мамандықтарды үйреніп, білуге
ұмтылулары керек. Сондықтан бизнесмен депе – рынок жағдайын
зерттеп білген, өзінің ісіне талдау жасай алатын, өндірген
өнімді жан-жаққа жеткізе алатын, білімі жоғары,
өзіне талап қоя білетін, қуатты, қайратты, еш
нәрсе,ден таймайтын, тәуекелге бел буатын адамдарды айтамыз.
Ғалымдардың айтуы бойынша,
бизнестің өркениетті дамуы үшін белгілі жағдайлар
керек. Бизнесті өркендетудің шарттары: меншік қатынастарын
персонификациялау, мүліктерді қолдану жөнінде өз еркі,
жауапкершілігімен, шешім қабылдау мүмкіндіктерінің болуы,
өнімдер мен табыстар жөнінде де осындай мүмкіндіктердің
берілуі, қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап
алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың
экономикалық еркіндігі, рыноктың ашықтығы және
тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың,
капиталдың, информация мен жұмыс күшінің
қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен
сатып алу мүмкіндігінің болуы, азаматтардың
құқықты қоғамының, мұның
ішінде заң шығаратын, орындаушы – сот өкіметінің
құрылуы және меншік иесі мен бизнесмендер
құқығын қорғау.
Әдебиеттер тізімі
1.Райымбеков А.Б. Бөгенбаев Б.Б. "Шағын
кәсіпкерлікті басқару"
Отырар баспасы 2007 жыл.
2.Райхан, Нұрақым. Шағын кәсіпкерлік: Кеше мен
бүгін. Ақиқат – 2005, №5, 44-47 бет.
3.Қазақстан Республикасы шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
4.Б.Қ. Мейірбеков.
Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен
мәселелер. Вестник нац. инж. акад.