УДК 331.101.6
Еңбек өнімділігіне әсер ететін аспектілері
Омарова Г.Б., Дуйсембиева А.Е.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
Қазақстан
Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің
2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет
қатарына ену бағыты айқындалған ұлттық
саяси даму стратегиясын белгілеп берді.
Жолдауда көзделгендей, Қазақстанның
тұрақты дамуы және әлемнің бәсекеге
қабілетті 30 елдің қатарына ену бойынша міндеттерді
жүзеге асыру отандық экономиканы жетілдіруге негізделуі керек.
Президент елдің дамуы барлық
қазақстандықтардың білім деңгейіне, әл-ауқатына,
әлеуметтік және табиғи жағдайына тікелей байланысты
екенін атап көрсетеді [1].
Еңбек
өнімділігі – бұл нақты еңбектің өнімділігі,
жемістілігі,ол шығарылған өнім санымен есептеледі немесе бір
дана өнімді өндіруге кеткен уақыт есебімен есептеледі. Еңбек
өнімділігі жұмысшылардың еңбек
іс-әрекетінің өнімділігін анықтау үшін
қажетті маңызды экономикалық көрсеткіш болып табылады.
Ол жеке жұмысшылардың, сондай-ақ кәсіпорын
ұжымының еңбек тиімділігін бағалауға
мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігінің экономикалық
мәнін зерттеу кезінде мынаған мән беру қажет
еңбек бұл қандай да бір өнім өндірісіне
жұмсалатын, нақты еңбек күшінен тұрады.
Еңбек өнімділігінің өсімі шексіз болуы мүмкін
емес. Еңбек өнімділігінің шекті өсімі, тұтынушылық
құн массасы мен өнім сапасын жетілдіруді
ұлғайтуға байланысты. Осы екі факторға
көңіл бөлмеген жағдайда, жұмыс уақытын
үнемдеудің мәні жоқ [2].
Еңбек өнімділігі өсімінің факторлары- бұл
оның деңгейлік өзгерісіне әсер ететін
қозғаушы күш. Еңбек өнімділігінің
өсіміне әсер ететін факторларға мыналар жатады:
техникалық прогресс, өндірісті ұйымдастыруды
жетілдіру,басқару мен еңбекті тиімді ұйымдастыру,жалға
беру және тағы сол сияқты қатынастарды дамыту
және тағы басқалар.Осы текті еңбек өнімділігін
дамытуға әсер ететін факторлардың көптігі, оларды
жіктеуді қажет етеді. Еңбек өнімділігінің өсіміне
әсер ететін факторлардың әрекеті табиғи,
қоғамдық, экологиялық және материалдық
жағдайға тәуелді.Табиғи жағдай
топырақтың құнарлығын,ауданның
климаттық ерекшеліктерін, табиғи ресурстар байлығымен
және т.с.с.сипатталады; [3]
Қоғамдық жағдай әлеуметтік
құрылымын, шаруашылық механизмінің дамуымен;
экологиялық жағдай табиғатты қорғау
әрекетімен, еңбек ету жағдайымен сипатталады. Сонымен бірге
еңбек өнімділігіне әсер тигізетін факторларды
төмендегідей жіктеуге болады:
- материалды - техникалық фактор (ғылыми-техникалық
прогресстің дамып жетілуіне тәуелді;
-ұйымдастырушылық-экономикалық және
басқарушылық фактор;
- қоғамдық өндірістің
ұйымдастырушылық формасының даму деңгейіне байланысты;
-қоғамдық өндірістегі адамдардың роліне
байланысты әлеуметтік-психологиялық фактор.
Факторларды зерттеу еңбек өнімділігін арттырудағы
жетістіктерді толық зерттеуге мүмкіндік береді.Ол жетістік
қандай факторлардың әсерінен
құралғандығын білмей жатып, оны бағалау қиынға соғады.
Сондай-ақ түрлі факторлар оларды іске қосу үшін
түрлі шығындарды қажет етеді және еңбек
өнімділігін арттыруға әр түрлі әсер етеді, бірі
тұрақты өсімді қамтамасыз етсе, екіншісінің
әсері өтпелі болып келеді. Сондықтан еңбек
өнімділігінің жоғарылауы ненің есебенен
болатындығын білу өте маңызды. Факторлар жиынтығын
қарастыра отырып, оның ішінен негізгі буынын бөліп
көрсету қажет. Негізгі буынға-ғылыми техникалық
прогресс жатады. Ғылыми- техникалық прогрессті жылдамдату
үшін құрылымдық және инвестициялық
түбегейлі өзгерістер енгізу. Бұл өзгерістер ең
алдымен, істегі өндірістің қайта құру мен
техникалық қайта жабдықталуға жаңа техника мен
алдыңғы қатарлы(прогрессивті) технология енгізуге
бағытталуы қажет. Бұл қол еңбегін күрт
төмендетіп, еңбек өнімділігінің өсімін
арттыруға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін
арттыруға басқа факторлар
жоғарыда аталған өзгерістерден кейін немесе солармен бір
уақытта іске қосылады [4].
Ғылыми-техникалық прогресс еңбек өнімділігін
арттыруға әсер етудің негізгі жолдары болып табылады:
өндірісті автоматтандыру, прогрессивті технология мен жаңа техника
енгізу; істегі құрал-жабдықтар негізінде технологиялық
процесстерді жетілдіру,бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен
конструкциясын өзгерту: шикізат, материалдар, отын мен энергияны тиімді
пайдалану.Еңбек өнімділігін арттыруда экономикалық
ұйымдастырушылық факторлар маңызды роль
атқарады.Бұл факторлар тобына мыналар жатады:
-қоғамдық өндірісті ұйымдастыру нысандарын
жетілдіру;
-еңбекті ұйымдастыру жетілдіру;
-еңбектегі жаңа әдістерді пайдалану;
-еңбекті мөлшерлеуді тиімді ұйымдастыру:
-еңбекке ынталандыру мен еңбекақының жаңа
түрлерін енгізу;
-өндірісті басқаруды жетілдіру және шаруашылық
механизмін дамыту (өндіріс пен
басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымдарды
жетілдіру, баға құрылымы және жоспарлау);
-өзін-өзі қаржыландыру мен ақылы қызмет
көрсеткіштерін енгізу;
Бүгінгі таңда адам мен техника арасындағы байланысты
көрсететін, әлеуметтік-психологиялық факторлардың
рөлі артуда. Бұл факторлар тобына мыналарды жатқызуға
болады:
-жұмысшылардың біліктілік денгейін жоғарылату,
-еңбек жағдайын жақсарту, өмір сүру
деңгейін көтеру,
-қызмет көрсету сферасын дамыту;
-еңбек ұжымдағы
психологиялық климатты жақсарту;
-ұжымдық өзін-өзі басқаруды дамыту жолы
арқылы еңбек белсенділігін арттыру;
-бос уақытын тиімді пайдалану және т.б. Осының
барлығы еңбек етушінің белсенділігін арттыруға,
мүмкіншілігін, қабілетін жетілдіруге ықпал етеді. [5].
Негізгі жұмыс қалпын дұрыс таңдау еңбек
өнімділігіне жағдай жасайды.Жұмыс қалпы
қозғалыстар сипатына тәуелді,сондықтан
ыңғайлы жұмыс қалпында жұмысшы ең
жеңіл,өнімді,қауіпсіз жұмыс орындау үшін
жұмыс орнын дұрыс жоспарлау және ұйымдастыру
қажет [6].
Соңғы жылдары байқалып отырған ғаламдық
экономикалық құбылыстар көптеген адамдардың
тікелей материалдық әл-ауқаттарына, тұтыну
деңгейіне және өмір сүру дәрежесіне,
еңбектік белсенділіктеріне және әлеуметтік жағдайларына
әсерін тигізді. Бірақ еңбек өнімділігінің
өсуі жаңа сапалы жұмыс күшін қалыптастырумен
байланысты көптеген міндеттердің шешілуін мақсат етті,
нәтижесінде экономикалның өсуіне әсер етеді.
Сондықтан ұлттық экономиканы дамытудың
стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыру
әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуді
түпкілікті жақсартуды, ең алдымен еңбек факторын пайдалануды жетілдіру,
соған байланысты адам ресурстарын басқару саласындағы
мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандарын жетілдіруді
мақсат етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Н.А.Назарбаев «Қазақстан - 2050»
стратегиясы: Барлық Қазақстандықтардың
өркендеуі, қауіпсіздігі және молшылық түзелуі
2.
Хакімжанов Т.Е. “Еңбек қорғау”(ЖОО
үшін оқу құралы) Алматы 2011ж. 48-59 бет ;
3.
Формирование
«умной экономики» как фактор развития человеческих ресурсов // Современный
научный Вестник России (Экономика сериясы): Белгород. – №13 (39), 2008.– 15-19 б. – 0,31 б.т.
4. Қара
күштен адам ресурсына дейінгі кейбір түсініктер жайы // Т.
Рыс-құлов атындағы ҚазЭУ Хабаршысы: Алматы.–№4, 2008.–
64-68 б.– 0,31 б.т.
5. Тұрақты
даму жағдайында адам ресурстарын басқару ерекшеліктері //
ҚАЕУ Хабаршысы. Ғылыми журнал. 3 Шығарылым: Қоғам
мен білім берудің экономикалық мәселелері:– Өскемен. –
2009. –239-243 б. – 0,31 б.т.
6. Человеческие ресурсы – главный фактор
развития экономики // Тұран Университетінің Хабаршысы: Алматы.–№3 (43).–2009.– 67-73 б.– 0,44 б.т.