ӘӨЖ 637:330        

Қазақстан Республикасында исламдық банкингтi

 енгiзудiң тиiмдiлiгi

 

Дуйсембиева А.Е.,  Омарова Г.Б.

 

         Шариғат заңдарын орындау – Исламдық банктердің айнымас, ажырамас қағидасы. Бұл қағидалар өздеріне тиісті принциптер бойынша іске асады. Бастапқыда Исламдық банкинг өте қарапайым болған. Мұрабаха қағидасы өзінің қарапайымдылығы және тәуекел факторының төмендігі үшін қолданысқа алынды. Исламдық шектелген және шектелмеген Мұдараба шарттары инвестициялау мақсатында депозиттерді жинау үшін қолданылды.

          Ислам банкингі саласындағы жаңа өзгерістерге капиталдың Араб және Ислам өңірлеріне келе бастаған кезінде пайда болды және халықтың қажеттіліктері мен сұранысын қанағаттандыратын Шариғатқа сәйкес қаржыландыру мен инвестициялар құралдарының ислам заңнамасы негізінде қайта зерттелуі талап етілді.

           Кәдімгі коммерциялық банктердің Исламдық банкингке кіруіне байланысты бұндай тез өсіп келе жатқан нарықта бәсекелестік те күшейіп келеді. Соның әсерінен Истисна, іргелес Истисна, Мүшарака, азаятын Мүшарака, Салам, іргелес Салам, операциялық Ижара, қосалқы жалға беру, қаржылық Ижара, Мудараба мен инвестициялық Уакала және басқа да көптеген жаңа қаржыландыру құралдары қолдануға енді.

           Ма­ман­дар исламдық банкингтi енгiзудiң тиiмдiлiгiн бiрнеше се­беп­тер­мен түсiндiредi. Бiрiншiден, ис­лам қаржы жүйесi – ең жыл­дам өсушi са­ла. Жы­лы­на 15 пайызға өсетiн исламдық негiздегi активтердiң жиынтығы 800 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­ры­на тең. Екiншiден, исламдық қаржы жүйесiн енгiзген негiзгi ел­дер – Та­яу Шығыста төлемпаздық (лик­вид) аса жоғары деңгейде шоғырланған. Үшiншiден, елiмiздiң қаржы жүйесiнде исламдық банктiң пай­да бо­луы өз кезегiнде қаржы нарығында жаңа ой­ын­шы­лар мен мүлде жаңа банктiк өнiмдердi шығаруға септiгiн тигiзедi. Төртiншiден, исламдық жүйе – банк са­ла­сын­да тұрақтандырушы ықпалға ие. Себебi са­лым­шы­лар салымның қауiп-қатер тәуекелiн бөлiседi.

         Исламдық банктiң негiзгi өнiмдерi мы­на­лар: са­у­да-қаржыландыру (му­ра­ба­ха), үлестiк бiрлескен қаржыландыру (му­ша­ра­ка), жалға бе­ру (ид­жа­ра), ақшаны сенiмдi басқару (му­да­ра­ба), исламдық банк қызметiнiң ауқымында агенттiк қызмет көрсету (уәкала), сыйақысыз банктiк қарыз опе­ра­ци­я­ла­рын жүзеге асы­ру (кард әл-ха­сан). Осы ақша операцияларының бәрiнде шариғат та­лап­та­ры қатаң сақталады. Яғни мұнда үстеме пай­ыз­бен өсiмақысын алуға жол берiлмейдi. Ис­лам банкiнде операциялардың шариғатқа сәйкес бо­лу­ын қадағалайтын ор­ган­дар бар. Олар – Шариғат кеңесi және Шариғат аудитi.      Шариғат кеңесi банктiң ба­с­ты ережелерiн бекiтiп, күнделiктi жүзеге аса­тын шағын опе­ра­ци­я­ла­ры­на ара­лас­пай­ды. Тек үлкен бизнестi қаржыландыру, бағалы қағаздар шығару секiлдi iстердi қадағалап, мақұлдайды. Шариғат аудитiнiң мақсаты – жасалған опе­ра­ци­я­лар­ды тексерiп оты­ру және ережелердiң сақталуын қадағалау.

           Исламдық қаржы жүйесiнде фью­черс, де­ри­ва­тив сияқты кейбiр қаржылық құралдарға тый­ым салынған. Эко­но­мист-ғалымдар осын­дай қаржылық құралдардың көптеп жүзеге асуы қаржылық «көпiршiкке» се­беп­кер бол­ды де­ген тұжырымды алға тар­та­ды. Бүкiл әлемдiк банк өзiнiң бiр зерттеуiнде классикалық жүйеге қарағанда, исламдық банкингтiң тиiмдi әрi әдiл жұмыс iстейтiнi ту­ра­лы қорытынды жа­сап­ты. Классикалық банктердiң көзқарасына жақын са­на­ла­тын Бүкiләлемдiк банк са­рап­шы­ла­ры оны исламдық қаржы жүйесiндегi өсiмге жол берiлмеуiмен байланыстырған.

          Исламдық банк халықтын жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс атқарады. Ол ең ал­ды­мен Ал­ла разылығы үшiн адамдарға қаржылық қолдау көрсету үшiн құрылады. Бiреудi қинап тар­тып алған ақша ешқашан сiңiмдi бол­май­ды. Арам­мен кел­ген ақша сол адам­ды түптiң түбiнде жарға жығады.  Де­мек Ис­лам банкi тек пай­да­ны көздемейдi. Мүмкiндiгiнше тұтынушыға көмектеседi. Тәуекелдi бiрге бөлiседi. Тұтынушыға қажет дүниенi са­тып ала­ды да, оны оған бөлiп са­та­ды. Егер адам ақшаны уақытында қайтара ал­май қалса, басқа банк­тер оған айыппұл са­ла­ды. Ис­лам банкiнде он­дай жоқ, не­ге десеңiз, шариғаттың заңдары бой­ын­ша келiсiм-шар­т­та көрсетiлген ақшадан артық ақша алын­бай­ды. Бiр кiсiлер ша­ма­сы келiп тұрса да, алған несиенi қайтармаса, оған айыппұл са­лы­на­ды. Сөйтiп тұтынушыдан түскен ақшаны бiз қайырымдылық iстерге жұмсаймыз. Банктiң ережесiнде со­лай жазылған. Оның есебi халыққа жа­ри­я­ла­на­ды.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Этикалық (ислам) қаржыландыру негіздері: оқу құралы /Е.Ә. Байдәулет редакциясымен – Екібастұз, 2014. – 312 б., «PrimaLux» баспаханасы

2.      Казахстанская правда. 23.06.2011 ж.; 

3.     Беккин Р. И. Исламское страхование (такафул): учеб.пособие / Р. И. Бек кин – Казань: Казанский университет, 2012. – 140 с. 11.