КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТ КӨЗДЕРІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ

 

PhD докторы Оразгалиева А.К.

Э.ғ.к. Алтайбаева Ж.К.

Магистрант Турлыбекова С.

 

Қазақстандағы қазіргі депозиттік саясат – бұл өзінің клиенттерге көп нұсқалы қызмет ұсынады, банк ісінің негізін анықтаудағы депозиттік ссудалық және есептік кассалық операциялармен, сондайжаңа формадағы ақшалай несиелік және депозиттік бөлімдерге қолданған қаржылық құралдар. Депозиттік нарықтың өсуі аумақтың экономикалық өсуіне және сапалы, сенімді депозиттік өнімдер мен қызметтің сұранымының өсуіне байланысты.

Банк іскерлігінің тәжірбиесінде депозиттік ұйымдарының көптеген түрлері бар. Депозиттік базаның қатаю банктерге өте маңызды. Депозиттік операция ұйымдарын яғни салымдарды тарту жүйесінің стимуляциясын заңды және жеке тұлғалардың салымдардың кеңеюі және жалпы салымдардың көлемінің өсуі жақсартады.

Бұған заңды және жеке тұлғалардың талап етуге дейінгі шоттарын тарту арқылы жетуге болады, бұнымен клиенттердің талаптардың толығымен қанағаттандыруға болады, қызмет көрсетуді жақсарту, банктерді қаражаттарды орналастыруға қызығулықты жоғарлату.

Бүгінде экономикалық дағдарыс тауарлық және қаржылық нарықтарда бар, сондай ақ қаржылық нарық құрылымдарды күрт төмендейді. Қаржылық делдалдардың жаңа түрлері пайда бола бастады, жаңадан, несиелік және депозиттік мекемелер, клиенттерге қызмет көрсетудің түрлері.

Депозиттік саясаттың дамуы және инфрақұрылымда бекітілуі және кәсіпкерліктің дамуы мен бәсекелестік, республикалық инвестициялық рейтінгісінің жоғарлауы экономикалық тәуекел. Тәуекел теорияның қайта қарауын керек етеді, оларды бағалау әдістері және реттеу: елдік, республикалық, региондық, мекендік сондай ақ әрбір шаруашылық бірлікке тәуелсіз деңгейде.

Бұл мәселенің шешуі басты роль банктік жүйеге тиіс. Елдің қаржылық институттардың төлем қабілеттігінің мәселесін шешу болып ішкі инвестиция табылса, депозиттік қатынастар мен банктердің ролінің жоғарлауы экономикалық тұрақсыз жағдайда және әсіресе өтімділіктің жетіспеушілігімен анықталады. Банктер ссудалық капиталдар нарықтық ғана қалыптастырып ғана қоймай, депозиттік саясат, бағалы қағаз, валюталық нарық, ссуда алңдарын жасау кезінде қалыптастырады және жаңадан бизнес құрылымдарына, бірақ компаниялар мен ұйымдарының, тауарлық, ссудалық валюта нарықтың, региондық, республикалық елдің экономикалық жағдайын білетін қажетті ақпараттардың бірден бір иесі болып табылады.

Депозиттік саясаттың өсуі бір – біріне байланысты екі процестен тұрады: жинақтың жиналуы және қаражаттарды инвестициялау. Елдімекендердің ақшалай жинақталуы – бұл банкте немесе қолдағы сақталған кіріс пен шығыстың арасындағы әртүрлілігі, инвестиция – қосымша кіріс алу мақсатындағы ұзақ мерзімге салынған қаражат [1, 7б].

Депозиттік саясаттың әрбір қатысушысы мақсатына жету дегеніміз – тәуекел деңгейдегі қабылданған ауқымдылық, активтер мен міндеттемелерді басқару стратиясын шығару. Банктің қаражат көздеріне бақылау қою болып міндеттемелерді басқару страиягысының мақсаты немесе басқаша депозиттік портфелімен табылады

Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, депозит – бұл белгілі бір уақыт өткен соң немесе алдын – ала келісім бойынша депозитордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның басқа тұлғаға банкке қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген.

Активтік депозиттер – бұл банктің басқа банктерде пайда табу және өтімділігін қолдау мақсатында орналастырылған, сондай – ақ корреспонденттік қатынас негізінде жасалған келісім – шартқа сай пайдалануға мүмкіндік беретін уақытша бос ақшалай қаражаттарын сипаттайды.

Отандық тәжірибеде активті депозиттер Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегі банктердің депозиттері мен өзге коммерциялық банктерде, соның ішінде шетелдік немесе отандық банктерде орналастырылған ұлттық және шетел валютасындағы шоттардағы қаражаттарын сипаттайды.

Банк ресурстары банктің  депозиттік операцияларды жүргізуінің  нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде  көрініс табады.

Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаттары және тартылған қаражаттар  құрайды. Банк   олардың   жиынтығын   активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады яғни, табыс алу мақсатында жұмылдырылған   ресурстарды орналастырады.

Ақша құралдарын тартумен байланысты барлық пассивтік операциялар экономикалық мазмұны жағынан келесі түрлерге бөлінеді [2, 4б]:

- депозиттік, банкаралық несие алуды қоса алғанда;

- эмиссиялық (банктің бағалы қағаздарын немесе пайларын орналастыру).

Депозиттік операциялар  банктердің  пассивтік және активтік операцияларымен және  бір-бірімен тығыз  байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін  анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.

Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне  банк клиенттерінің  салым ақшалары, яғни депозиттер  жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.

Банк ресурстарының құрамындағы өзіндік капитал аз мөлшерді құрайды, көп жағдайдан 10% құрайды. Нарықтық қатынастары дамыған шетел банктеріндегі ресурстардың  ішіндегі өзіндік капиталдың үлесі жоғары, 15-20% құрайды, бұл банк қызметінің сенімділігі мен тұрақтылығы жеткілікті деңгейде қамтамасыз етеді.

Банктің негізгі ресурстарын тартылған құралдар құрайды, ол банк қызметінің активті операцияларын жүзеге асыруға қажетті барлық ақша  құралдарының  90%  құрайды [3, 78].

Коммерциялық банк кәсіпорындарының, мекемелердің, ұйымдардың, халықтың және т.б. банктердің ақша құралдарын тиісті шот ашып, салымдар (депозит) нысанында  тарта алады.

Салым (депозит) - бұл меншік иесі мен банкке белгілі бір жағдайлар  негізінде сақтауға берілетін ақша құралдары (қолма қол және қолма қол емес нысанында ұлттық және шетел ватютасында) болып табылады [4, 69б]. Салымдарға ақша құралдарын тартумен байланысты операциялар депозиттік деп аталатын. Банктер үшін салымдар – пассивті операциялардың негізгі түрлеріне жатады және активтік операцияларды жүргізудің негізгі ресурстары болып табылады .

Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын кезегі  мен тәртібі акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың  деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция). Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.

Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар жергілікті билік органдары, қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

-    банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;

-    депозиттік операциялар әрекет етуі керек;

-    банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздарды беру бойынша байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

-    депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.


Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді:

       Сурет 1. Банктермен тартылатын депозиттердің көлемінің факторларға тәуелділігі

 

Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай – ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарын үнемі алып және оны бірнеше күннен кейін немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отыруы нәтижесінде қалыптасады. Бірақ, көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды.

Отандық банктің тәжірбиесінде депозиттерді, олардың сипатына қарай әр түрге бөліп қарастырады.

Айталық, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің нормативтік актілерінде, соның ішінде ақша массасын құрылымын анықтауда екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерді былай жіктейді:

Аудармалы депозиттер; 1) әрқашан айып – пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро – кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың, депозиттердің және депозит емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Сонымен, депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғлардың қаражаттарын белгілі бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады [5, 29б].

Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент – банктеріндегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады [6, 148б].

Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алды және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі [7, 39б].

Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әр бір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көп деген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыларын таныстырып, толық және ақысыз кеңес беру.

Шот ашу үшін салымшы банкпен банктік салым туралы келісім шартқа отырады. Талап еткенге дейінгі және мерзімді жинақтаушы салымдар бойынша шот ашу кезінде салымшыға депозиттік сертификат немесе жинақтау кітапшасын береді.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік операциялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер беруі тиіс.

Қорыта айтқанда, депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады. Депозиттер банктердің ресурстарының басты қалыптасу көздерін құрайды. Депозиттер банктер үшін ең арзан ресурс көзі болып табылады. Депозиттер банктердің ішкі және сыртқы міндеттемелерін құрайды. Сондықтан да депозиттердің банк қызметінде көп болуы арнайы жасалған банктердің саясатына тікелей байланысты. Депозиттік саясаттың дұрыс болмауы банктердің ресурстарының қалыптасуына кері ықпал етеді.

Шетел тәжірбиесінің негізінде, бірақ отандық ерекшеліктерді де есепке ала отырып құрылған қазақстандық депозиттерді сақтандыру жүйесі қазіргі таңда оң нәтижеге жетті: 34 банк оның қатысушылары болып табылады. Соңғы 5 жылдың ішінде депозиттер көлемі шамамен 10 есеге өсті.

ДСЖ – ның негізі міндеті – халықтың салымдарын уақытында өтеу бойынша міндеттемелерін орындау үшін Қордың төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. 2008 – жылдың 1 – қыркүйегінде Қор активінің мөлшері шамамен 10 млрд. теңгедей, ал жеке тұлғалардың салымдары бойынша өтеу резервінің мөлшері - 8,6 млрд. теңгедей болды.

Әрине, нарықтағы негізгі депозиттік институттары болып коммерциялық банктері табылады.

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активті операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылалды. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктіің жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражат құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. Банктің тартылған қаражаттарына талдау жасайтын болсақ [8], келесі кестеге назар аударуымыз керек (Кесте 1):

 

Кесте 1. «Нұрбанк» АҚ міндеттемелер құрылымы, мың теңге

 

Міндеттемелер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР Үкіметінің қаражаттары

8789677

6585642

14139279

Банктер мен басқа қаржы ұйымдарының қаражаттары

1797364

1057064

4609808

Клиенттердің қаражаттары

149080108

152139857

185569774

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

14804685

34700351

34929190

Резервтер

6990612

7073629

7155951

Басқа да міндеттемелер

3123046

5006076

5807506

Міндеттемелердің барлығы

184585492

206562619

255209610

Ескерту: автормен «Нұрбанк» АҚ қаржылық мәліметтері негізінде құрылған

 

Банктің ресурстарды қалыптастырудың операциялары дегеніміз - пассивті шоттағы немесе пассивті - активті  шоттағы пассивтердің активтерден  көбеюімен сипатталатын ақша құралдарын тарату қызметін айтамыз. Коммерциялық банктердің ресурстарды қалыптастыру операциялары ерекше рольді атқарады.

Себебі банктер ресурстарды қалыптастыру операциялар арқылы ақша нарығына қажетті несиелік ресурстарды қалыптастырады. ресурстарды қалыптастыру операциялардың мазмұны әртүрлі салымдар тартудан, басқа банктерден несие алудан бағалы қағаздар эмиссиясынан және банктің ресурстарының көбеюімен сипатталатын басқа да операцияларды жүргізуден тұрады.

Берілген кестеден банктің міндеттемелерінің алғашқы жылда басым көрсеткішке ие болып, 2013 жылы көрсеткіш жоғары болған, келесі жылы оның жақсарғандығын байқауымызға болады, ал 2015 жылғы жағдайының одан да біршама жақсарғандығын байқауымызға болады (Сурет 2):

Сурет 2. Банктің міндеттемелерінің өзгеру қарқыны, мың теңге

Ескерту: автормен «Нұрбанк» АҚ қаржылық мәліметтері негізінде құрылған

 

Тартылған қаражаттар ішінде оның ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Коммерциялық банктің негізгі міндеттемесі болып депозит саналады. Көптеген депозиттер банкке ссудалық капитал – құра алады, содан кейін ол шаруашылық сферасында кез келген қолайлы жағдайға ұсына алады.

Салымдардың түріне байланысты «Нұрбанк» АҚ салымдарының артықшылықтары [8]:

-         «Нұр Алтын» — Сіздің дәрежеңізге тәуелсіз табыстарыңыз нығайып, өсе береді. Барлық тұрғындар үшін ең оңтайлы депозит, мынадай мүмкіндіктер береді: ай сайын тұрақты табыс табуға, VISA Classic карточкасын тегін алуға.

-         «Бөбек» — балаларыңызға арналған, орналастыру шарттары тиімді депозит. Сыйақысы автоматты түрде салым сомасына қосылады және оған да пайыздар есептеледі. Ұзақ мерзімге салым аша отырып, Сіз балаңыздың болашағын қамтамасыз етесіз.

-         «Рублевая копилка» — салым ұзақ уақыт сақтау және ресейлік рубльде жоғары табыс алу үшін еркін ақшасы бар Қазақстан Республикасының резиденттері және/немесе резидент емес тұлғалар үшін өте қолайлы.

Салымдардың шарттарының әр түрлілігі салымшылардың қығығушылығын тудырып шоттың функционалдық кестесінің және пайыздарының есептелуінің ыңғайлығын қамти отырып ресурс көздерінің бірқалыпты өсуіне кепілдік береді.

Банктің депозиттік саясатының тартымдылығының жоғарлауы Қазақстандық барлық басқа банктердің салымдарды кепілдендіру жеке тұлғалардың қорына кіруімен сәйкес жүрді.

Егер соңғы үш жылға осы бағытта талдау жасайтын болсақ, келесі суреттемені байқауымызға болады (Сурет 3):

 

Сурет 3. 2013-2015 жж клиенттердің салымдарының өсу қарқыны

Ескерту: автормен «Нұрбанк» АҚ қаржылық мәліметтері негізінде құрылған

 

Суреттен байқағанымыздай, клиенттердің салымдары 2013 жылы 149080108 мың теңге болса, 2014 жылы депозиттердің салыну қарқыны аздап төмендеп, 152139857 мың теңгені құраған. Ал 2015 жылы керісінше жағдай біршама қайтадан жақсарып, 185569774 мың теңге көрсетіп отыр. Жоғарыда берілген суреттен біз клиенттердің банкке деген сенімінің артып келе жатқандығын байқауымызға болады. 

Көптеген депозиттер банкке ссудалық капитал құра алады, содан кейін ол шаруашылық сферасында кез келген қолайлы жағдайға ұсына алады.

ҚР Азаматтық Кодексінің бабына сәйкес (ерекше бөлім) банктік салымының келісім шарты – бұл банк басқа жақтан қаражат алуға міндетті келісім шарт, көлемі және тәртіп бойынша сыйақылар төлеуі тиіс, осы келісім–шартта қарастырылған тәртіппен көлемі бойынша салымдарды заңды актілер мен келісім шарт негізінде қайтарып беруі тиіс.

Депозиттік шоттар әр түрлі болуы мүмкін, және оның классификациясының негізін көбінесе салымшы деңгейі және салымды алу формасы жатады.

Салымшылар категориясына сәйкес депозиттерді ажыратады:

- заңды тұлғалар (ұйымдар, мекемелер, басқа банктер);

- жеке тұлға.

Жоғарыда келтірілген кестедегі сандық мәліметтердің көмегімен жеке-жеке сараптама жасайтын болсақ, банктердің шоттары мен салымдары берілген екі жылға мынадай талдау [9] жасауға болады (Кесте 2):

 

Кесте 2. Банктердің қарыздары мен депозиттері, мын теңге

 

Банктердің қаражаты

2014 жыл

2015 жыл

жергілікті банктер депозиттері

3129778

-

басқа да қаржылық институттардың несиелері (Қазақстан ипотекалық компаниясы)

1467405

818516

ВОСТРО шоттары

12625

148817

ОЭСР құрамына кіретін банктердің несиелері

-

80731

Барлығы

1048064

4609808

 

Депозиттерден қаражатты алу формасына байланысты келесідей бөлінеді:

а) талап еткенше;

б) мерзімді (белгілі бір мерзім бар міндеттемелер);

в) шартты (алдын ала келісілген жағдайлар туындағанда, қайтарып алуға болатын қаражаттар).

Салымның кез келген түріне байланыссыз банк салымшыларға сыйақылар төлейді, осыған сәйкес банк сыйақы көлемін бір жақты өзгертуге құқысыз, егер бұл банк салымының келісім-шартында қарастырылмаса.

Салымшыға салымды қайтарып төлеп беру оған осы уақыттқа дейінгі төленуі тиіс сыйақылардың барлығы төленуі тиіс. ҚР Азаматтық Кодексі бабына сәйкес банк салымшының салымын алғаш талап еткеннен бастап қайтарып беруі тиіс: талап еткенше салымы бойынша – талап етудің түскенінше, жедел салымның мерзімі біткенше, жағдайдың болуына байланысты жедел салым, осы жағдайлар болған жағдайда банктік салымдардағы ақша қайтарылады.

Салымшылар талап еткен күннен бастап банк оларға міндетті түрде қаражаттарын немесе оның жартысын осы бапқа сәйкес қайтарып беруі тиіс.

Талап етуге дейінгі депозиттерге сонымен қатар, банктің корреспонденттік шоттарын, АҚ «Нурбанк»-те  ашылған немесе банк – корреспонденттерде ашылған есептесу жүргізу мақсатымен бір жақты тәртіпте ашылған корреспонденттік шоттарды жатқызуға болады. Осы банктің басқа банкте ашқан корреспонденттік шотты «ностро», ал, осы банктің басқа банкке ашқан корреспонденттік шотты «лоро» деп аталады.

«Ностро» және «лоро» шоттарының ашылуы банктер арасындағы келісім-шарт негізінде жүреді. Екінші деңгейлі банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар  АҚ «Нурбанк» Басқару отырысында бекітілген корреспонденттік қатынастар туралы типтік келісім-шартқа сәйкес жасалынады.

Корреспонденттік шотты ашу үшін корреспондент респондентке келесі құжаттарды ұсынады: коршот ашу үшін өтініш, нотариалды бекітілген банк жарлығы, банктік операциялар жүргізу үшін лицензиялар, соңғы күнге баланс. Келісім-шартта шоттардың қызмет ету жағдайы және олар бойынша жүргізілетін операциялар тізімі анықталады.

Талап етуге дейінгі депозиттерге келесі спецификалық шоттарды жатқызуға болады: контокорренттік шоттар, олар Қазақстандық банктік тәжірибеде қолданылмайды, бірақ олардың қызмет ету механизмін қарап шығуға тұрарлықтай.

Контокоррент (итальян сөзінен – ағымдағы шот) – бұл банкпен тұтынушы арасындағы барлық операцияларды есепке алатын шот. Контокорренттік шотта: бір жағынан – банк ссудасы және тұтынушы тапсырысы бойынша оның шотындағы барлық төлемдер, ал екінші жағынан – түсім ретінде шотқа түсуші қаражаттар, аударымдар, ссудалардың қайтарылуы және тағы да басқалар көрінеді.

Контокорренттік шоттар сенімді тұтынушыларға ашылады, бұл оларға деген ерекше сенімді білдіреді.

Көптеген коммерциялық банктерде талап етуге дейінгі депозиттер қаражаттарды тарту құрылымында басыңқы орын алады. Бұл банк ресурстарың құру үшін арналған ең арзан қаражат көзі. Талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражаттардың жоғарғы қозғалысына қарамастан, олардың минималды қалдығын анықтауға мүмкіндік бар, және оларды тұрақты кредиттік ресурс ретінде де қолдануға мүмкіндік бар.

Жедел депозиттер – бұл белгілі бір уақытқа тартатын банктердің депозиттері. Мұнда жедел салымдар және алдын ала ескертулі жедел салымдарды ажыратады.  Негізінде мерзімді салымдар банк қарамағына толық келісім-шарт негізінде қаражаттарын белгілі бір мерзімге беруі, ал осы мерзімнің аяқталғанында жедел салымды иесі кез келген уақытта алуы мүмкін.

Мерзімді депозиттің сыйақысының көлемі оның мерзіміне, сомасына және салымшының келісім-шарт талаптарын орындауына байланысты. Егер салым мерзімі ұзақ болса, оған сыйақы ставкасы жоғары болады.  Қаражаттарды алдын ала ескерту арқылы алу салымдары бұл, тұтынушының банкті алдын ала келісім-шартқа сәйкес мерзімде салымды туралы ескертуі.

«Нурбанк» АҚ –мен берілетін талап еткенге дейінгі және мерзімді салымдардың жағдайы [9] қарастырылады (Кесте 3):

 

Кесте 3. Банк клиенттері шоттары мен салымдары, млн теңге

 

Клиенттердің салымдары

2014 жыл

2015 жыл

ағымдағы шоттар мен талап еткенге дейінгі депозиттер:

- корпоративті клиенттер

- бөлшек клиенттер

46711195

4931013

44811426

5881988

Мерзімді депозиттер:

- корпоративті клиенттер

- бөлшек клиенттер

67315073

66612493

50983087

50463356

Жиыны

185569774

152139857

 

Егер салымшы салым сомасын өзгерткісі келсе, онда ол депозиттік келісім-шартты бұзуға құқылы, бірақ ол келісім-шартта қарастырылған пайыздардан толық немесе жартылай айырылуы мүмкін.

Шартты салымдар болып депозиттік келісім-шартта келісілген жағдай туындағанда, мысалы, кәмілеттік жасқа толу жағдайлары саналады.  Әлемдік банктік тәжірибеде жедел депозиттер мен талап етуге дейінгі депозиттер арасындағы өтпелі жағдайлар жинақтаушы депозиттер, яғни, ақша қаражаттарын жинау және салу депозиттері саналады. Депозиттік шотта ақша қаражаттарын жинау негізінде тұтынушыларды кредиттеуді қарастыратын келісім-шарттар ерекше қызығушылыққа ие.      Келісім-шартқа сәйкес банк тұтынушыларға белгілі бір мерзімде бірқатар қаражат сомасын белгілі бір мерзімде сақтау немесе жинау талабы арқылы кредит ұсына алады. Жиналған депозит сомасы және ол бойынша төленетін пайыздар ссуданы және кредит үшін төленетін пайыздарды жабу үшін есепке алынуы мүмкін емес.

 «Нурбанк» АҚ –мен шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2014 жылы облигациялар 34929190 мын теңгені, 2015 жылы 34700351 мын теңгені көрсетіп [9] отыр (Кесте 4):

 

Кесте 4. Шығарылған борыштық бағалы қағаздар, мын теңге

 

Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

Номиналды құны

35799200

35801100

Дисконт

(1567682)

(1802790)

Есептелген сыйақы

697672

702041

Шығарылған борыштық бағалы қағаздардың барлығы

34929190

34700351

 

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Банк міндеттемелерінің жалпы сомасына талдау жасау кезінде тартылған және салымдық  қаражаттардың  әрбір тобының  үлестік салмағын анықтау қажет және де валюталық балансты қалыптастырудағы банктің барлық міндеттемелерін анықтау да қажет. Қайнар көз құралдарын талдау кезінде банктің міндеттемелері мен тартылған құралдарды пайдалану  эффективтілігінің көрсеткіштерін қолданды, ол бір теңгеге келетін несиелік салымдардың көлемін сипаттайды.

АҚ «Нурбанк» міндеттемелеріне жасалған талдау тартылған  қаражаттарын тек несие түрінде ғана емес, басқа да активтік операциялардың қайнар көзі ретінде пайдаланғанын көрсетеді.

Банк міндеттемелерін пайдаланудың тиімділігінің  көрсеткіштері бойынша несиелік салымдар мен міндеттемелердің ара қатынасы бір бірліктен жоғары, бұл банктің жүргізетін белсенді несие саясатының жеткіліксіздігі тартылған және  қарыз   қаражаттарын   пайдалануы  тиімсіз болып табылады.

            Банктің тартылған  қаражаттары тиімді пайдалану көрсеткіші тартылған қаражаттар есебінен жүргізілетін несиелік салымдардың пайыздық сомасын анықтайды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.  Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары: Оқу құралы – Алматы: 2012 ж.

2.      Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: Оқу құралы – Алматы: 2013 ж.

3.      Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық – Алматы: 2012 ж.

4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. Алматы: Қазақ университеті, 2010.-350б.

5.      Колесникова В.И., Торкановская В.Ц. Ценные бумаги: Учебник – Москва: 2014 г.

6. Ақша, несие, банктер.// Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2013.-300б.

7. Н.Н. Хамитов Банк ісі. Алматы экономика 2011 ж

8. www.nurbank.kz

9. Нурбанк АҚ-ның 2013-2015 жылдарға шоғырландырылған қаржылық есептемелері