э.ғ.к., Г.Е.Талапбаева

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Қазақстанда өнеркәсіптің индустрияландыру деңгейін көтерудің негізгі бағыттары

 

Өңдеу өнеркәсібі отын- энергетика және тау-кен өнеркәсібіне қарағанда әлемдік конъюнктура  тербелісіне аз ұшырайды. Ол ғылыми-техникалық прогресстің әсерінен интенсивті түрде дамиды, сөйтіп онда жоғары технологияны, ғылыми сыйымды өнімді, қосылған құны  жоғары өндірісті  дамытуға мүмкіндіктері жоғары  болады. Өңдеу өнеркәсібінде  орта және шағын кәсіпорындардың  санын жаппай өсіру негізінде орташа тапты  қалыптастыруға болады. Бұл сектордың шикізат секторына  қарағанда капитал сыйымдылығы төмен, сондықтан капиталдан қайтарым жоғары. Сөйте тұра, шикізат секторына қарағанда капитал салымының бірлігіне жұмыс орындарын 2-3 есе көп құра отырып, еңбек сыйымдылығы жоғары болуын қамтамасыз етуге болады. Осы сектордың дамуымен көп жағдайда адам факторының және санаткерлік байлықтың жинақталуы тығыз байланысты болады.

Алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібін дамытудың  нақты  мүмкіндіктері келесі облыстарда болмақшы:

- мұнай–химия және химия салалары. Пластмасса және жасанды  смола   өндірісі,  фосфор   өнімдері,   азот  және  фосфор  менерал  тыңайтқыштары,  жасанды  жуу  құралдары,  мұнай  өңдеу  үшін  катализаторлар,  каустикалық  калцинирленген  тұз;

- тау-кен  металлургиялық   салалар.  Өнімнің  жоғарғы  технологиялық  түрлерін  өндіру;

- машина  жасау саласы.  Машина  мен  құралдарды  мұнай-газ  және  тау-  кен  металлургия  кешендері  үшін  өндіру,  ауыл  шаруашылық  және  құрылыс  техникасын,  темір  жол  тіркемелі  составын  және  т.б.  өндіру;  Машина  жасауды  жаңа  технологияны  белсенді  трансферттеудің   көмегімен  біріккен  кәсіпорындарды  қазақстандық  және   алдыңғы  қатарлы  шетел  кәсіпорындармен   бірге  құру  жолымен  дамыту;

Ашық экономика және өспелі халықаралық бәсекелестік жағдайында негізгі акцентті өңдеу өнеркәсібінің  халықаралық бәсекелік қабілетін  дамытуға бағыттау қажет. Енді халықаралық бәсекеге қабілетті өнеркәсіп салаларын мемлекеттік қолдаудың  негізгі міндеттерін атап өтейік. Оларға

- халықарлық стандарттар, мысалы, ІSO – 9ООО - 9ООЗ, ISO-14ООО талап-тарына сәйкес келетін өнім сапасының  халықаралық және экологиялық менеджменттің  халықаралық жүйесін  енгізу;

- нормативті құқықтық база, қазба байлықтар жөнінде заңнамалық актілер және өңделетін шикізатты кешенді пайдалануды жетілдіру;

- ғылыми- техникалық білімді құруды, аралас кәсіпорындар мен ғылыми- өндірістік интеграциялық қүрылымды шетел инвесторларын тарту арқылы жетілдіру, сонымен бірге  отандық ғылыми–техникалық өнімді әлемдік нарыққа белсенді түрде жылжыту;

- ғылыми-техникалық және инновациялық шағын кәсіпкерлікті, шағын бизнес инфрақұрылымының барлық деңгейін бюджет арқылы қолдау, венчурлық инвестициялауды  дамытуды ынталандыру (шетел инвесторларын  қоса есептегенде), лизинг, несиелендіру және  ғылыми сыйымды жобалар тәуекелін сақтандыру, инновациялық менеджментті дайындау, санаткерлік меншік және ғылыми-техникалық  қызмет түрлері бойынша  биржаларын құру;

- халықаралық  ғылыми-техникалық  қауымдастықты, жаңа ғылыми–технологиялық бағыттар және инновациялық менеджмент бойынша білікті мамандар дайындау мүддесінде және халықаралық кооперацияларды дамыту, шетелде жарнамалық қызмет орындарын құру  және нарық конъюнктурасын болжауды жүргізу;

- зерттеу, жоба-конструкторлық, тәжірибе-сынақтық және жаңаша талдау және сынақтық ресурстармен жабдықталған базаны дамыту;

- жаңа  ғылыми  сыйымды  және  жоғары  технологиялық  өндірісті  құру  және  дамыту кіреді.

Сонымен, жоғарыдағы айтқандарымызды қорытындылайтын болсақ, индустриялық  дамудың  негізгі  бағыттарына:

1. бесінші және алтыншы технологиялық құрылысты (укладты) қалыптастыру;

2. жаңа  инфрақұрылымдық  (технопарктер, технополистер, инжинирингтік компаниялар,  ұлттық  ғылыми  орталықтар,  ғылыми-техникалық  аймақтар)  бұрыннан  жұмыс  істеп  келе  жатқан   ғылыми  орталықтарда,  олардың  мамандылығын  ескере  отырып  құру,  сонымен  бірге  ғылыми-техникалық  әлуеті  жоғары  ғылыми-техникалық   және  өнеркәсіптік  ұйымдар  мен  кәсіпорындар  жүйесі  бар   қалаларды  құру;

3. қолданыстағы  ғылыми-техникалық  әлуетті  постиндустриялық  экономика  салаларын  дамыту  үшін  пайдалану жатады.

Өнеркәсіп  пен  қызмет  көрсету  аясына  инновацияның  ену  жылдам-дығын  арттыруға  бағытталған  заңнамалық  базаны  жетілдіру қажет.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Дәуренбекова Ә.Н. Өнеркәсіпті жаңаша индустрияландыру – экономикалық жүйені қайта құрудың негізі. // Қаз ҰУ Хабаршысы, Экономика сериясы. 2003, 5 (39). – 61-63 б.

2 Абдиев К.В., Алкиев К.Н. Формирование и развитие новых экономи-ческих районов в Казахстане. Материалы международной научно-практичес. конф. Индустриально-инновационное развитие Республики Казахстан: опыт, задачи и перспективы. – Алматы: Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан, 2004. – С.118.