Мұғалім-дефектолог Қыпшақова
М.М., Сариева А.А.,
«№27 ЖББОМ» КММ, Қазақстан
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың
тұлға шығармашылығын
қалыптастыру
үрдісінде арттерапия элементтерін қолдану
Қазақстан
Республикасының Білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру мазмұнына
айрықша мән беріліп, адамның рухани
жан-дүниесінің дамуына, шығармашылығы мен
белсенділігіне жағдай жасау керектігі айтылған. Осы
тұрғыдан тұлғаның шығармашылығын
дамыту, оны жаңа талап тұрғысынан шешу негізгі міндеттердің
бірі болып саналады [1].
Заманауи
білім берудің гуманистикалық көзқарастары психологтар мен педагогтардан бала
табиғатын зерттеуде үлкен жауапкершілікпен көңіл
бөлуді талап етеді.
Ерекше білім
алу қажеттіліктері бар балалардың ішкі әлемі күрделі
және әрқилы.Осындай балаларға қоршаған
әлемінің сан қырларын көруге,естуге,
сезінуге,өзіндік «Менін» тану және оны ашу және ересектер
әлеміне кіру және сонда өзін толыққанды
сезініп,өмір сүруге,өзін дамытуға және сонымен қатар
өз денсаулығын сақтауға қалай көмектесуге
болады?
Осындай
барлық міндеттерді шешуге қабілетті құрал - өнер
болып табылады. Сол себептен,осы категориядағы балалармен
жүргізілетін түзету жұмыстарының жүйесінде осы
жұмыста қолданылатын өнердің негізгі бағыттарын
анықтап көрсетуге болады.Соның ішінде:
-
психофизиологиялық;
- психотерапевтік;
- психологиялық;
- әлеуметтік
педагогикалық.
Психофизиологиялық,
психосоматикалық бұзылыстардың түзетілуімен байланысты.
Психотерапевтік,когнитивті
және эмоциональды саланың ықпалымен байланысты.
Психологиялық
ол катарсистік, реттеушілік және коммуникативтік қызметтерді
атқарушы.
Әлеуметтік
педагогикалық, жалпы және әдеби эстетикалық ой
өрісінің кеңеюімен,баланың тәжірибелік
көркемөнер және шығармашылық іс-
әрекетіндегі потенциалды мүмкіндіктерінің белсенділігімен,
эстетикалық
қажеттіліктердің дамуымен байланысты.
Даму
мүмкіндігі шектелген балаларға психологиялық-
педагогикалық көмек жүйесінде мынадай өзара байланысты және бірін- бірі
толықтырушы 2 бағытты көрсетуге болады: артпедагогика
және арттерапия.
Артпедагогика
немесе көркемөнер педагогикасы ерекше білім алу
қажеттіліктері бар балалардың педагогикалық
коррекциялық бағытталған көркемөнер арқылы
даму процесінің теориясы мен
практикасын дайындауын қамтамасыз ететін және өнер мен көркемөнер шығармашылық
іс-әрекеті арқылы (музыкалық,бейнелеу
өнері,театрландырылғын ойын) көркемөнер мәдениет
негіздерін қалыптастыру мәселелерін қарастыратын, жалпы
қабылданған педагогикалық принциптер мен әдістерді
өзіне қосатын ғылыми білімнің екі саласының
қосындысынан құралған (өнер және
педагогика) ғылым.
Артпедагогиканың
мәні ерекше балаларды өнер құралдары арқылы
оқыту мен тәрбиелеуде және балаларда көркемөнер
мәдениет негіздерін және көркемөнердің әр
түрінде білік дағдыларын игеруді қалыптастыруда жатыр.
Артпедагогиканың
мақсаты ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларда
көркемөнерді дамыту және көркемөнер
мәдениетінің негіздерін қалыптастыру,тұлғаны
өнер арқылы әлеуметтік бейімдеу болып табылады.
Арпедагогиканың
негізгі қызметтері:
- мәдениеттік;
- білім берушілік;
- тәрбиелік;
- түзетушілік [2].
Тұлға
шығармашылығын дамытуда арттерапияның негізгі элементтерін,
әдістемелерін қолдану өте маңызды.Арттерапия-бұл
бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art –
өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу)
көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия-ауру
адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық
арқылы ем жүргiзу және
әсер етудi бiлдiредi.
Арттерапия
психотерапияның маңызды салаларының бірі болып саналады
және даму үстіндегі
психотерапиялық
әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазақстанда
арттерапия саласы өзінің қалыптасу кезеңінде.
Арттерапия
жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек
қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар
педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар,
жасөспірімдер психикалық науқас адамдарға тағы
басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және
қажет екендігі дәлелденуде.
Алғашқыда
арттерапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе
демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса,
кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл
дегеніміз арттерапия адамның шығармашылық жағдайын
дамытып қана қоймай, адамның бойындағы
ресурстарының мүмкіндігін түсініп, ашуға да
жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның
шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол
кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне
арқылы жеткізу болып табылады [3].
Қазіргі кезде
арттерапияның мынадай түрлері белгілі:
Музыка
терапиясы – бұл психотерапевтік әдіс. Біріншіден, ырғақ
сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету
арқылы оның жұмыс жасауына көмектеседі. Екіншіден,
әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір
жағдайы, мен көңіл-күйімен байланыса отырып, бізге
белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
Әуен
терапиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы,
балалардың бойынан айналадағы болып жатқан сан-алуан
құбылыстарды өз шығармашылығымен байланыстыра
білуге және де көркем сөзінен кестелеп, бала жүрегіне
жеткізу оның жан-дүниесін байытып, сана сезімін оятып, ақыл
ойын дамытуға көп мән беріледі. Әуен терапиясы
арқылы сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету,
әуенді қойып қана қоймай, өз бойына сіңіре
білуді әдет-дағдыларына айналдыруға,баланың
тыңдай білу қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Әуен
әсер етудің негізгі жетекші факторы ретінде қолданыла алады.
Бейнелеу
терапиясы-бірінші кезекте сурет салу терапиясы болып табылады.Бейнелеу терапиясын
қолданудың негізгі мақсаты-баланың немесе ересек
адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан,
баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде
өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу –
ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті
өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі
сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың
сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері щектеусіз. Балалар
бояуға қолын малып, қағаз бетіне із қалдыруды
жақсы көреді, бала бояудың қай түрін
таңдаса,сол сезімінің
жағдайына тең келеді [4].
Ертегі
терапиясы-ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге
тікелей бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік
қиыншылықтары мен проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс
істей алатындай жағдай жасайды. Ертегі арқылы баланың ойы,
қиялы дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі
әрбір кейіпкер болып ойнау балаға қосымша күштерді
меңгертіп, бала бойындағы шығармашылық
қабілеттерді шыңдайды. Сонымен қатар, топпен де, жеке де
жұмыс жасауға үйретеді.
Құм
терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз
«Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан
тебірентерлік және құпиясының ашылуына
көмектеседі. Құммен суреттеу кезінде баланың
жүйке, саусақ, есте сақтау, епті
қозғалыстарының әсерінен жүйкеден екі жақты
даму (қос қолмен сурет салғандай) іске асады.
Драма
терапияны- балаларды рөлдерде ойнату арқылы
дамытуға болады. Баланың бір-бірімен қарым-қатынасына,
өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші терапия.
Түрлі психологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді. Драма терапияны неміс ғалымдарының бірі - барлық
мүмкіншілікті зерттеуге болатын зертхана іспетті деген екен. Бұл
жаңаша тәсіл. Сабақ бір сюжетке байланысты бағытталады
да, театрландырылған кейіпте өтеді. Бұл тәсілде
сабақтың түрлі әдіс-тәсілдері бір-бірімен
үйлесім табады.
«Түстермен
байланыс» терапиясы арқылы баланың түстерге таңдау
жасауы – бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс
бағытта дамуын қалыптастырады.Түйсігі мен қабылдауы мол
баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы
кең,жан-жақты келеді.Баланың қай түске
ұмтылатындығына қарап, үнемі ұнататын
түстері арқылы оның туабітті табиғи ерекшелігі,
темпераментін анықтауға болады. Түс арқылы емдеуді бала
тәрбиесінде күнделікті қолдану керек. Оны ойын түріне
айналдыруға да болады.
Ойын
терапиясы-арттерапияның бір түрі. Ойын баланың
психологиялық ахуалын сақтауға оның
қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға
және ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі
дағдыларды белгілеу үшін, сонымен қатар
қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын
арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын
жақсартады.
Қуыршақ терапиясы - қуыршақтың
көмегімен әр түрлі күйдегі психологиялық
түзетудің әдісі.Ол қуыршақ театрының
көмегімен жүзеге асады.
Кинезотерапия
– қимыл-қозғалыс арқылы жүзеге асатын ағзаның
сауығуы мен алдын алуға, емдеуге бағытталған
психотерапевтік ем.
Библиотерапия - (лат.biblio - кітап және гр.therapy -
емдеу) - сөзбен
емдеудің бір формасы ретінде
әдебиет арқылы емдейтін психотерапиялық әдіс, яғни кітап арқылы
емдеу.
Арттерапияның
флоротерапия, ипотерапия, акватерапия сияқты басқа да толып
жатқан түрлері бар.Олардың жүйеленуі әрбір
өнердің ерекшеліктеріне негізделеді.
Ерекше білім
алу қажеттіліктері бар балалармен
жасалатын жұмыста арттерапияның ортақ қызметтері
болады. Олар:
- катарсистік, яғни ол
негативті қалыптан босататын тазартушы қызмет.
- реттеуші, жүйкелік психикалық салмақтан арылтады,
психосоматикалық процестерді реттеуші,психоэмоционалды
қалыптың оң жақты жобалау.
-коммуникациялық
рефлексивті қарым қатынас бұзылысын түзетуді
қамтамасыз етеді [5].
Қорытындылай
келе, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тұлға шығармашылығын
қалыптастыру үрдісінде арттерапия
әдістерін қолдану жалпы, баланың дамуына оң
әсерін тигізіп қана қоймай, түсініксіз ішкі шиеленістер
және қобалжулардың алдын алуға, шығармашылық
жағынан дамуға, көркемөнер дағдыларын және
өнер мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
2. Артпедагогика и арттерапия в
специальном образовании: Учеб. Для студ. Сред. И высш. Пед. Учеб. Заведений/
Е.А. Медведева, И.Ю. Левченко, Л.Н. Комисарова, Т.А. Добровольская. –М.: ИЦ
“Академия”, 2001. – 248с.
3. Копытин А.И. Тренинг
коммуникации: Арт-терапия. М.,2006.
4.
Байсакова З. «Арт – терапия» метод – пособие, 2004 г.
5. Копытин А.И. «Теория и практика арт – терапии», СПб 2002 г.