БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Танирбергенова Анар Шынболатовна –п.ғ.к., доцент

Борыбаева Фариза Курбанбековна-магистр,

 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А. оменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетіл-діре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, оқушылардың қарым-қатынасын, коммуникациялық икемділіктерін оқу әрекетімен біріктіріп қалыптастыру үлкен рөл атқарады.

Қарым-қатынас пен бейімделу мәселесіне әлеуметтік психологияда, медицинада, физиологияда, философияда, әлеуметтануда көптеген зерттеулер арналған. Алайда біздің елімізде әлі де болса жете қаралып зерттелмеген. Сондықтан да болар соңғы кезде бейімделуі қиын, бойында қорқыныш сезімі бар, қарым-қатынасқа түсуі қиын, эмоционалды тұрақсыз балалар саны күрт өсуде. Оқушылардың денсаулығын қорғау, оқуында қиыншылықтары бар балалар үшін адаптивті білім құру неғұрлым өзекті мәселе болып табылады. Соның ішінде біздің ерекше назар аударып отырғанымыз бастауыш сынып оқушылары. Баршамызға аян, баланың физикалық дамып жетілуі, психикалық ерекшеліктері, білімнің негізі бастауыш сыныпта қолданады. Баланың ересектермен, құрбыларымен жақсы қарым-қатынасқа түсуі, әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуі ең алдымен  оның оқу үлгерімінің көрсеткішіне әсерін тигізеді. Бұл жерде жіберілген қателіктер келешекте орта және жоғары буында берілген қателіктер келешекте орта және жоғары буында да өз жалғасын таба бермек. Сондықтан баламен мектепке келген күннен бастап сенімді қарым-қатынас орнату, әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасау оның тұлға болып қалыптасуына әсер етеді.

Біздің зерттеу жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерінің оқу процесіне бейімделуге әсеріне төмендегідей қорытынды жасалды. Жұмысымызға қатысты педагогикалық, психологиялық еңбектерді талдау барысында: «қарым-қатынас», «бейімделу» түсініктеріне анықтама беріліп, бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерін анықтап оқу процесіне бейімделуге теориялық сипаттама берілді. Ғылыми еңбектерді талдау барысында зерттеу жұмысымызға қатысты айтылған Б.Г. Ананьев, В.Н. Мясищев, Л.И. Лисина,

Т.Г. Дичев, Т.Е. Тарасов, Б.Н. Алмазов, М.М. Безруких еңбектерінің теориялын негізге алдық. Зерттеу жұмысымыздың алдына қойылған мақсат, міндет толығымен орындалды. Алайда қарым-қатынас, оның ерекшеліктері, бастауыш сынып оқу процесіне бейімделу мәселесі толық шешілді деп ойлаудан аулақпыз. Бұл мәселелер әлі де жан-жақты педагогикалық, психологиялық зерттеудің кезегін күтіп тұр.

Зерттеу жұмысымыз арқылы мына нәтижеге жеттік:

1)     баланың коммуникациялық икемділігінің ауқымды екендігіне;

2)     баламен ересектердің қарым-қатынасқа түсу стилдерінің әр түрлі екендіктеріне;

3)     баланың коммуникациялық икемділігінің оқу процесіне бейімделуіне әсері;

4)     оқу процесіне бейімделуінің сәттілігін анықтайтын объективті, субъективті критерийлер анықталды;

5)     баланың мектепке, оқу процесіне бейімделуіне көп уақыт керектігі тағайындалды.

Зерттеу жұмысымыздың болжамына жету үшін бастауыш сынып оқушыларымен эксперимент жүргізілді. Эксперимент констатациялық сипатта өтті. Мұнда біз бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас деңгейі, типтері және оқу процесіне бейімделу деңгейі анықталды. Қарым-қатынас деңгейі, типтерімен бейімделу деңгейі арасындағы байланысты Спирменнің корреляция коэффициенті арқылы анықтадық. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей бастауыш сынып оқушыларының оқу процесіне бейімделуіне қарым-қатынас деңгейі арқылы емес, қарым-қатынас типтері арқылы анықталатындығы белгіленді. Бұдан көретініміз бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп психологтары өздерінің алдында тұрған міндетті дұрыс атқарса дейміз. Сол үшін бастауыш сынып ұстаздарына, мектеп психологтарына оқушылардың қарым-қатынас типін жетілдіру үшін әр балаға ұстаздар педагогикалық тұрғыдан әсер ету арқылы, ал мектеп психологтары кәсіби көмек көрсету арқылы жұмыс жүргізу ұсынылды. Тиімді жүргізілген жұмыстың нәтижесі арқылы ғана біз өзіне-өзі сенімді, толық дамып жетілген егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақты көре аламыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.                 Адаптация организма школьников к учебным и физическим нагрузкам / Под ред. А.Г. Хрипковой.- М., 1982.- 200 с.

2.           Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию / Г.С. Абрамова.- Екатеринбург. «Деловая книга», 1995.- 290 с.

3.           Абрамова Г.С. Возрастная психология / Г.С. Абрамова.- М., 1997.- 340 с.

4.                 Леонтьев А.А. Педагогическое общение / А.А. Леонтьев.- М., 1979.- 300 с.

5.                 Мұқанов М. Жас және педагогикалық психолгия / М. Мұқанов.- Алматы, 1981.- 390 бет.

6.                 Матюхин М.В. Мотивация учения младших школьников /                          М.В. Матюхин.- М., 1984.- С. 168-180.

7.                 Мухина В.С. Возрастная психология / В.С. Мухина.- М: Академия, 2000.- 456 с.

8.                 Немов Р.С. Психолгия: учеб. пособие для вузов / Р.С. Немов.- М.: ВЛАДОС, 2003.- 608 с.