БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Танирбергенова Анар Шынболатовна –п.ғ.к., доцент

Борыбаева Фариза Курбанбековна-магистр,

 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

Адам дүниеге келгеннен бастап басқа адамдардың ортасында өмір сүреді. Алғашында, оның қарым-қатынас ортасы өзі танитын туыстары, жақындары болса, адам есейген сайын оның қарым-қатынас ортасы кеңейіп, сонымен қатар байланыс жасаудың әрқилылығы байқалады.

Қарым-қатынас жасаушы адам қарым-қатынас субъектісі болып табылады.

Психологияда қарым-қатынас ұғымына жалпылай қабылданған анықтама жоқ. Себебі, ол біздің өміріміздің контекстін құрап және оның барлық салаларына енеді. Адамның психикалық дамуы, білімі, бағдары, құндылықтары, әдеттері, мінезі оның өмірінің стилі оның                                 қарым-қатынасымен тікелей байланысты. Қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет. Ол адамның тіпшілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей.

Қарым-қатынас процесінсіз адам психикасы және оның тұлға ретінде қалыптасуы мүмкін емес еді. Оны зерттеп көз жеткізбей практикалық жұмыс ғылыми жетілген әдістемелік құралсыз адамдарды оқу-тәрбиелеу, өндірістік еңбек, демалыс, тұрмыс, қамтамасыз етілген денсаулық жағдайларында зерттеу мүмкін емес.

Жалпы, қарым-қатынас деген ұғымға сөздіктерде мынандай анықтама беріледі: «Қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы іс-әрекетпен, мағлұматпен, эмоциялармен, дағдылармен, еңбек нәтижесімен өзара айырбас болатын өзара байланыс және өзара әрекет процесі».

Б.Г. Ананьев  еңбектерінде қарым-қатынасты адамның басқа адамдармен қатынасын орнату үшін басты және маңызды іс-әрекет деп, сонымен қатар қарым-қатынас - әлеуметтік және индивидуалды құбылыс деп атап көрсетеді. Сондықтан қарым-қатынастағы маңызды құрал-тілде, ал сөз индивидуалды көрініс және механизмі болып табылады. Пантомимика, жест тағы басқа қарым-қатынастың сөздік емес формалары болып табылады. Сонымен қатар Б.Г. Ананьев сөздік және сөздік емес қарым-қатынас құралдарынан басқа оның ішкі жақтарын қарым-қатынасқа түсушілердің  бір-бірін түсінуін, өзара қатынастарын атап көрсетеді. Қарым-қатынастың сан алуан жағдаяттарын ескере отырып мыналар арасындағы өзара байланыстылықты көрсетеді: а) өзара қатынас және байланыстылығын;   ә) қарым-қатынас барысында адам іс-әрекетіндегі коммуникация және                   өзін-өзі реттеуін; б) жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің қайта құрылымын.

В.Н. Мясищев қарым-қатынас психологиясына қатысты өзінің біршама еңбектерін арнаған. Ол қарым-қатынас процесінің мазмұнды және формальды ерекшеліктерін көрсетті. Оның пікірінше, қарым-қатынас бірнеше нақты және жеке тұлғалардың белгілі бір жағдайларда бірін-бірі айқындайтын, бір-біріне әсер ететін өзара әрекеті.

В.Н. Мясищев жалпы қарым-қатынастың үш маңызды компоненттерін баса айтып, көрсетіп өткен. Олар:

а) қарым-қатынасқа түсуші адамдардың психикалық көрінісі;

ә) бір-біріне қатынасы;

б) бір-біріне назары, көзқарасы.

Осыған байланысты психология ғылымы кең және терең түрде                  қарым-қатынас процесіне пайда болатын адамдардың танымдық процестерін, эмоционалдық сферасын, тәртібін зерттеуі керек дейді.

Ал М.И. Лисинаның пікірінше, балалардың қоршаған адамдармен қарым-қатынастағы қажеттілігі 2,5 айда анық  көріне бастайды. Баланың өмірінде  қарым-қатынас процесінің дамуы мына басты бағыттармен жылжиды:

1)    қарым-қатынас мотивтерінің дамуы;

2)    қарым-қатынас құралының дамуы;

3)    қарым-қатынас формаларын жетілдіру.

Қарым-қатынас мотивтерінің дамуы баланың жеке тұлғасының оның қажеттіліктерінің мүддесінің дамуымен қатар жүріп отырады. Туғаннан мектеп бітіргенше бірінен  кейін бірі қарым-қатынастың әр түрлілігінің негізі көрінетін келесі мотив түрлері пайда болады: органикалық, танымдық,  ойындық, іскерлік, интимді – жеке тұлғалық және кәсіби.

Осының ішінде танымдық, органикалық, ойындық мотив топтары мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларында басымырақ кездеседі.

Сонымен қарым-қатынас мынадай қырларымен ерекшелінетін күрделі процесс:

1)    коммуникация (ақпарат алмасу);

2)    интеракция (әрекетпен алмасу);

3)    әлеуметтік перцепция (адамдардың бір-бірін қабылдауы).

Қарым-қатынастың бұл қыры арқылы адамдар арасында қарым-қатынас процесінде нақты не болып жатқанын және оның қорытындысы қандай болатынын көруге болады.

Қарым-қатынастың коммуникативті қыры қарым-қатынас жасаушы адамдар арасындағы ақпарат алмасу процесін көрсетеді. Интеракция ақпарат алмасумен қатар қарым-қатынас жасаушы партнерлар арасындағы нақты әрекеттермен алмасу. Қарым-қатынас жасаушы партнерлардың бір-бірін қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне қатынасы, олардың бір-біріне деген өзара әсері, өзара түсіністіктері бекітіледі.

Жалпы әр жастағы адамдардың қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері әр түрлі болады. Олар белгілі бір мақсатқа негізделгенімен, бағытталғанымен ерекшелінеді.  Соның ішінде біздің ерекше назар аударып, көңіл бөліп отырғанымыз бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері.

Бастауыш сыныпқа түскен бала өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынастың жаңа жүйесіне психологиялық түрде өтеді. Ол өзінің кеңістігінде өмір сүре тұра, оның өмірі принципиалды түрде өзгере бастағанын сезеді, ол енді күнделікті тек мектепке барып қана қоймай, сонымен қатар оқу процесінің талаптарына бағына бастайды. Мектепке дейінгі жастағы еркіндік өмірдің жаңа ережелеріне бағыну қатынасымен ауыстырылады. Отбасы баланы мектепте оқу қажеттілігіне байланысты жаңаша түрде қадағалай бастайды, үй тапсырмасын  орындауын, күн тәртібін қатаң ұйымдастыруы жатады.

Мектеп балаға тілін дамытуда күнделікті жаңа талаптар қоя бастайды: сабаққа жауап беру барысында сөзіміз ойымызға қарай сауатты, қысқа нақты, айқын болуы қажет; қарым-қатынас барысында қалыптасқан мәдениетке тілдік құрылымдар сәйкес келуі шарт. Тек мектепте ғана бала мұғаліммен құрбыларымен қарым-қатынас орнату үшін өзінің тілін дұрыс ұйымдастыруға жауапкершілікті алады.

Бала мектепке түскеннен кейін оның қоршаған адамдармен өзара қатынасында елеулі өзгерістер бола бастайды. Ең алдымен қарым-қатынасқа бөлінетін уақыт мөлшері айтарлықтай өседі. Енді балалар өздерінің көп уақытын қоршаған адамдармен: ата-аналарымен, мұғалімдермен, басқа балалармен байланыста өткізеді. Қарым-қатынастың мазмұны өзгереді, мұнда ойынмен байланысты емес тақырыптар кіреді, яғни ересектермен ерекше іскер қарым-қатынастағыдай ерекшеленеді. Бірінші сыныптарда балалар өздерінің құрбыларымен қарағанда, мұғалімге үлкен қызығушылық көрсете отырып, көбірек қарым-қатынасқа түседі, себебі мұғалімнің беделі бұлар үшін өте жоғары болады. Бірақ 3-4 сыныптарда жағдай өзгере бастайды. Мұғалім тұлға ретінде балалар үшін азырақ қызықтырақ, маңызды, беделді фигураға айналады, керісінше оның құрбыларымен қарым-қатынас қызығушылықтары өседі, бұл орта және жоғарғы мектеп жасында да ары қарай біртіндеп өседі. Қарым-қатынастың ерекшелігінің ішкі өзгерістерімен қатар, оның мазмұнды ішкі қайта құрлымы өтеді, бұл қарым-қатынастың тақырыбы мен түрткілері өзгергендігімен айқындалады. Егер алғашқы жылдары  бала үшін қарым-қатынастағы партнер таңдауда мұғалімнің бағасымен анықталса, ал 3-4 сыныптарда өзара тұлғалық таңдаудағы басқа мотивация белгілері көрінеді, бұл қарым-қатынастағы партнердың тәртіп формасымен және жеке тұлғалық абыройының оқушы жағынан тәуелсіз бағасымен байланысты.

Бала меңгеріп және пайдаланған қарым-қатынастың тиімді құралдары ең алдымен қоршаған адамдардың өзіне деген қатынасын анықтайды. Қарым-қатынас - әлеуметтік қатынастардың басты мектебі бола бастайды. Бала өзінен қарым-қатынастың әр түрлі стилдерін бөле бастайды. Сонымен қатар ол ойланбастан осы стилдерді өз еркінің мүмкіншіліктерінен және белгілі бір әлеуметтік қайсарлықтан шыға отырып қолданып көре бастайды. Көп жағдайларда бала қарым-қатынастың фрустрацияланған жағдайларының мәселесін шешумен бетпе-бет келеді.

Шынайы адами қатынастардан фрустрация жағдайларының келесі тәртіп типтерін ажыратуға болады:

1) белсенді қосылған, адекватты лояльді, фрустрацияның тәртіп типін меңгеруге талпынушы – бейімделген;

2) белсенді қосылушы, адекватты емес лояльді, тәртіп типін фрустрациясына  бекітілген - әлеуметтік нормативті сезінуге бейімделуші формасы;

3) белсенді қосылушы, адекватты лояльді емес, елемеуші, тәртіп типінің фрустрациясына бекітілген - әлеуметтік сезінуге негативті нормалы формасы;

4) белсенді   қосылушы, адекватты лояльді емес, агрессивті, тәртіп типінің фрустрациясына бекітілген - әлеуметтік сезінуге негативті нормалы формасы;

5) енжар, қосылмайтын тәртіп типі - әлеуметтік сезінуге дамымаған, бейімделмеуші формасы.

Бала тек қарым-қатынастың өз бетіндік жағдайларында ғана емес өзі үшін қатынастың мүмкін болатын құрлымының әр түрлі стилдерін ашады.

Қарым-қатынастың белсенді қосылған лояльді типінде бала жағымды қатынас орнатуға жәрдем беретін тілдік және эмоционалды формаларын іздейді. Егер жағдай соны талап ететін болса және бала шынында да қателік жіберсе, онда ол қорқынышсыз кешірім сұрайды, бірақ ол оппоненттің өзіне сыйламдылықпен қарап және бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін сонымен қатар қатынастың дамуын, алға жылжытуға білдіреді.

Қарым-қатынастың белсенді қосылған лояльді адекватты емес типінде бала өзінің ұстанымын қарсылықсыз өткізіп, қарсы жаққа бағынуға немесе кешірім сұрауға асығады.

Қарым-қатынастың белсенді қосылған адекватты емес агрессивті типінде өзге жақтың агрессиясына эмоционалды тілмен немесе іс-әрекетпен қарсы шығып жауап береді. Ол ашық балағаттаушылықты қолдануы мүмкін. Агрессияға жауап ашық агрессия баланы құрбысына деген қатынасының теңдік позициясына қояды.

Бұл жер амбиция күресі жеңімпазды физикалық басымдылықты көрсетуге жүгінбей-ақ, еркін қарсылық көрсету шеберлігі арқылы анықтайды.

Қарым-қатынастың белсенді қосылған адекватты лояльді емес, елемеуші типінде бала өзіне бағытталған агрессияға толық немқұрайлылық көрсетеді. Мұндай позиция баланың өзінің өзіндік беделін, тұлғалық сана сезімін сақтауға мүмкіндік береді.

Енжар қосылмаған типте ешқандай қарым-қатынас болмайды. Бала қарым-қатынастан қашып, өзіне-өзі тұйықтала береді. Мұндай позиция баланың өзіне деген сенімділігінен айырады.

Кіші мектеп жасында балаға қатынастың барлық жолдарын, әсіресе құрдастарымен қарым-қатынастан өтуге тура келеді. Мұнда формальды теңдік жағдайында әр түрлі табиғи энергетикасымен, әр түрлі тілдік және эмоционалды қарым-қатынас мәдениетімен, әр түрлі ерік және өте жоғары жеке тұлғалық сезімімен балалар кездеседі. Бұл қатынастар айқын экспрессивті формаға ие болады. Бастауыш мектеп отбасында қорғалған, аз ғана қарым-қатынас тәжірбиесі бар баланы ең алдымен мына жағдайға итермелейді, мұнда шындықта, шынайы қатынастарда өзінің ұстанымын, өзінің ойын, автономдылыққа өзінің құқығын, басқа адамдармен қарым-қатынас барысында ең құқылы болуға үйретеді. Дәл тілдік және экспрессивті қарым-қатынастың ерекшелігі ғана баланың өзге адамдардың ортасындағы еркіндік дәрежесін және дербестік мөлшерін анықтайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.                 Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды / Б.Г. Ананьев.- М., 1980.- 218 с.

2.                 Алдамұратов Ә. Жалпы психология / Ә. Алдамұратов.- Алматы «Білім», 1996.- 218 бет.

3.                Большой толковый психологический словарь: В 2Т. / Сост. А. Ребер.- М.: Вече, 2000.- 597 с.

4.                Гребенюк О.С., Гребенюк Т.Б. Теория обучения. – Москва, 2013. – С. 42.

5.                 Вергелес Г.И., Конева В.С. Дидактика: учеб. пособие для студентов факультетов начального образования. – М., 2006. – С. 23.

6.                 Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. – А.,2008.