Какибаева Х.С.
- аға оқытушысы
Абай
атындағы ҚазҰПУ
Бастауыш
мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Еліміз егеменді мемлекет болғалы
бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шындауға қажетті
жағдайлар жасау керек екендігі айтылған. Онда «білім беру - бұл
қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой,
мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және
кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған
тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі», - деп
атап көрсетілген [1]. Сондықтан да, бүгінгі таңда
халыққа білім беру саласының қызметкерлері алдында
түрлі мамандықтарды бәсекелестікпен меңгеруге бейім,
экономикалық ой-рісі дамыған, техникалық прогресті еркін
меңгерген, адамзат баласы жасаған мәдени мұраларды
шығармашылықпен игере алатын, ұлттық менталитеті
жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеттері тұр. Ол
білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде
бастауыш буынға да үлкен жауапкершілік жүктейді, Себебі,
білім мен тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
«Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік
стандартында» жеке тұлғаның танымдық қабілетін
дамыту, біліктілігі жоғары білімді мамандар даярлауды көздейді.
Жалпы мектепте білім беру бағыттарының басты ерекшеліктері
оқушылардың ой-өрісін дамыту, білімге деген
қызығушылықтарын қалыптастыру [2].
Егемен еліміздің болашағы,
оның материалдық және рухани дамуы жас
ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне
байланысты. Сондықтан да қоғамның білім беру
жүйесін жаңғырту мен жетілдіре түсу деген талап -
тілектерден және ниеттен туындап отырған мемлекеттік
деңгейдегі іс - әрекеттер мен шаралар жүзеге асырыла бастады.
Атап айтқанда, білім беру жүйесінің барлық буындары мен
сатыларын құрылымдық тұрғыдан қайта
құру; сәйкес сатылардағы білім мазмұнын
жаңғырту және оның моделінің нұсқасын
жасау және тәжірибеге енгізу; оқытудың құрал
- жабдықтарының, яғни оқу – әдістемелік
топтпманың (бағдарлама, оқулық,
мұғалімдерге арналған көмекші әдістемелік
құрал, оқу - әдістемелік құралдар, ата -
аналарға арналған оқу құралы және т.б.)
жаңа жүйесін жасау және сол арқылы білім
мазмұнының жаңа моделін тәжірибеге енгізуді
қамтамасыз ету; оқытудың әдіс-тәсілдерін
және оны ұйымдастырудың түрлерін бүгінгі
күннің талабына және психологиялық-педагогикалық,
дербес әдістемелік ғылымдардың қазіргі даму
деңгейіне орай жетілдіре түсу көзделуде.
Жалпы білім беретін мектептің
бастауыш буынында математиканы оқытудағы мақсат -
оқушылардың математикалық білім негіздерін,
математикалық мәдениетін, сауаттылығын арттыру болып
табылады. Мұндай мақсатқа қол жеткізуде сыныптан тыс
жұмыстар үлкен роль атқарады.
Мектепте сабақтан басқа
оқытуды ұйымдастырудың тағы бір формасы - сыныптан тыс
жұмыс болып табылады. Жан-жақты дамыған жеке адамның
өнімді еңбек етуіне, өз бетінше ізденуіне итермелейтін
оқытудың тәрбиелік ықпалын жетілдіруді сыныпта,
оқу уақытында ғана емес, сондай-ақ сыныптан тыс
жұмыстарда да жетілдіру көзделеді.
Сыныптан тыс жұмыс -
сабақтан тыс уақытта оқушының білімін тереңдетіп,
біліктілігін арттыру үшін, сонымен қатар бос уақыттарын
саналы және белсенді өткізу мақсатында жүргізілетін
жұмыс. Сыныптан тыс жұмыс - білім алушының бос уақытын
дұрыс ұйымдастыруға бағытталған жұмыс
түрі болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың
негізгі мақсаты: оқушылардың практикалық
дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу; логикалық
ойлауды, тапқырлықты, математикадық қырағылықты
дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды
таныта білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай
дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын
арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа,
табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу.
Сыныптан тыс жұмыстарын
оқушы бойында пәнге деген терең қызығушылық
тудыратындай, танымдық әрекетін арттыратындай , сабақта
алған білімдерін салыстырғанда, неғұрлым терең,
тәжірибе жүзінде іске асыра білетіндей етіп ұйымдастыру
керек. Сыныптан тыс жұмыстарға оқушының қатысуы
оның қызығушылығымен тікелей байланысты.
Сондықтан сыныптан тыс жұмыстардың әрбір түрлері
мен оларды жүргізу тәсілдері оқушылардың
сабаққа деген дайындықтары мен
қызығушылықтарын, дағдыларын жандандыруда, алған
білім деңгейлерін тереңдетуде, оны оқушы санасына бекітуде
маңызы ерекше. Сонымен дұрыс ұйымдастырылған сыныптан
тыс жұмыс бастауыш мектептегі оқу-тәрбие
үрдісінің бүкіл жүйесін белсендіруіне ықпал етеді
[4].
Сыныптан тыс жұмыстар
арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту
мақсатында мынадай жұмыс түрлерін ұсынуға болады.
Олар: логикалық жаттығулар, ойын, ертегі тапсырмалар мен ертегі
үзінділерінен қызықты басқатырғыштарды шешу,
олимпиадаларға қатыстыру, қызықты ертегілер,
қойылымдар, ертеңгіліктер ұйымдастыру, саяхат, викториналар
өткізу, қызықты логикалық материалды білуге негізделген
тапсырмалар орындату, қалып кеткен фигураны табуға арналған
логикалық тапсырмалар, фигуралар қатарын жалғастыру т.б.,
ребустар, лабиринттер, жұмбақтар, басқатырғыштар шешу, әзіл
есептер, өлең есептер шығару, сценалық жұмыс
формаларына қатынастыру, шығармашылық немесе логикалық
ойлауды талап ететін тапсырмаларда неғұрлым тиімді тәсілді
анықтау, сыныптан тыс жұмысқа сәйкесінше ойын
ұйымдастыру, түрлі геометриялық фигураларды
құрастыру, танымдық ойындар және т.б. өткізуге
немесе тапсырманы орындауға өз жолдастарын ұйымдастыру,
саяхат кезінде пәнге байланысты мәліметтер жинақтау,
жинақталған пәнге байланысты материалдар бойынша бірнеше
тапсырмалар құрастыру, өмірлік жағдайларға
байланысты есептер шығару, пәндік үйірме жұмыстарына
қатынасу, ұйымдастырылатын көпшілік жұмыстарына
дидактикалық ойындар өткізу барысындағы жеке
жұмыстарға ат салысу, қабырға газеттерін
шығаруда, қойылымдарды безендіруде бірігіп жұмыс істеу,
командалық жарыстар ұйымдастыру, кештер, қойылымдар
ұйымдастыру, көрнекіліктер, ойынға қажетті заттар
жасау, рөлдік ойындарға қатынасу, жоспар бойынша жұмыс
істейтін пәндік үйірме, бұрыштар ұйымдастыру болып
табылады.
Мұндай ойын - есептер,
әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда түрлендіріліп беріліп
отырады. Олардың барлығы да оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескеріп, оларды жігерлендіретін, белсенділіктерін арттыратындай
етіп ұйымдастырылады. Бұл ойын - есептері балаларды зерделікке,
қиядауға, логикалық ойлауға,
тапқырлыққа, байқампаздыққа, тапсырманы
шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейді.
Оқушылардың мотивациясын
жоғарылату мақсатында математикадан сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және онда олардың жеке ерекшеліктерін ескеру
мұғалім үшін тиімді болмақ. Сонымен қатар ол
оқушылардың қызығуы мен белсенділігін арттырады, оларды
өзіне сенімді болуға шақырады, бірлесіп жұмыс
жасауға жұмылдырады.
Сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру келесі принциптерге негізделуі қажет:
1.
Сыныптан тыс жұмыстар
оқушылардың өз қалауы бойынша олардың
бейімділігіне, қабілетіне, мінезіне қарамастан бәріне бірдей
ерікті жүргізілуі керек.
2.
Бастауыш мектепте
ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар жеке, топтық, жалпы
көпшілікпен жүргізілетін болып үш түрге бөлінеді.
Әр пәннің сыныптан тыс жұмыстары осы үш түрлі
де қамтуы керек.
Бастауыш мектепте
ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың
санасы мен тәртібіне, білімі мен біліктерін тереңдетуге және
кеңейтуге әсер ететін күрделі үдерістің ажырамас
бөлігі болатын басты фактор.
Бастауыш мектепте
ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың
білімдерін терең және тиянақты меңгеруді
қамтамасыз ету; оқушылардың ақыл-ойын жетілдіру;
логикалық ойлауын дамыту; білімдерді тұтастай меңгеру;
оқу материалының негізгі мазмұнын есте сақтау
сияқты мәселелер өте маңызды болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Қазақстан Республикасы
«Білім туралы» Заңы . Астана , 2007.
4.
Қазақстан Республикасы
бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998.
5.
Елубаев С. Бастауыш кластарда
математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар. - А: 1985.
6.
Оспанов Т.Қ. және т.б. Бастауыш
мектепте математиканы оқыту әдістемесі. «Фолиант» Астана.
2007.