Арбабаева А.Т., Әбдраманова С.

Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

КӨРУ ҚАБІЛЕТТІ НАШАР КӨРЕТІН БАСТАУЫШ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМ ҮДЕРІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Көру анализаторының бұзылуының өршитін және өршімейтін түрлерін ажыратады. Көру қабылеттілігінің ақауларының өршуі кезінде паталогиялық процесс әсерінен көру қызметінің біртіндеп нашарлауы жүреді. Мысалы, көз қысымы кезінде  көз ішілік қысым жоғарылап, көз тамырларында өзгерістер байқалады. Ми ісіктері пайда болу кезінде көру қабілеттілігі төмендейді. Көру анализаторларының өршімейтін ақауларына туа біткен науқастар, яғни астигматизм, катаракта жатады. Мұндай топтастырылу көру қабілетін жоғалту баланың одан әрі дамуында үлкен маңызы бар екенімен негізделеді. Мысалы,  болып туылғандардың миларында ешқандай мүсіндік ойлар қалыптаспайды [2].

Көру ақауының пайда болу уақыты баланың психологиялық және физикалық дамуында мәні зор. лық ерте пайда болған сайын, екіншілік ауытқулар, психифизикалық ерекшеліктер және психофизикалық өзіндік даму байқалады.  болып туылғандардың психикалық дамуы көретін балалар сияқты заңдылықтары бар, бірақ заттық бағытталудың болмауы қозғалыс саласында әлеуметтік тәжірбие мазмұнында байқалады. ларда өзіндік бағытталу, көретін адамдағы сияқты дыбысқа елегізу түрінде білінеді, бірақ бұл олар үшін бағыт жасаудың негізгі факторы болып табылады.

Көру қабілеттілігінен айрылу эмоционалды ерікті саланың, мінездің, сезу тәжірбиесін қалыптастырады. Көрмейтін адамдардың ойында, білім алуында, мамандандырылған қызметті игеруде қиыншылықтар туады. Көру қабілеттілігі бұзылған ересек адамдарда тұрмыстық қиыншылықтар пайда болады, бұл негативті реакциялар мен қобалжу, уайымды тудырады. Кейбір жағдайларда лардың өзіндік мінездері мен іс-әрекеттері оларда жағымсыз мінез белгілерінің дамуында әсер етеді. Нашар көретін балалар қоршаған дүниені толық тану және психофизикалық дамудың жоғарғы деңгейіне жетуге барлық мүмкіндіктері бар. Арнайы оқыту жағдайларында есту, сезу, вибрациялық және тағы басқа анализаторларды қолданудың әдістері мен тәсілдері қалыптасады. Осының нәтижесінде таным қызметінің жоғарғы формалары дамиды, бұл қабылдаудың компенсаторлы қайта құрылымында маңызды болып табылады.

Компенсаторлы қайта құрылыс жүйесін оқытудың бастапқы кезеңінде қоршаған ортаны дұрыс бейнелеуге,  баланың ағзасында анализаторлық жүйенің көмегімен сөздік ойлау түрінде, әлеуметтік және тұрмыстық тәжірбиені жинақтау шегінде жағдайлар жасалынады.

Компенсаторлы қайта құрылыс көп жағдайда көру қабілеттілігін сақтауға байланысты. Көру қабілеттілігіның аз ғана қалдықтары көру қабілеттілігі терең бұзылған тұлғаларға бағыттау және таным қызметінде маңызды болып табылады [3].

Танымдық қабілеттер диалектикасының заңдылығы түйсіну мен түсіну жақтарының бірлігі мен қарама-қайшылығын түсіндіреді. Түсіну – сананың ерекше жағы мен элементі. Ол заттардың пәнін, мәнділігін, маңыздылығын  анықтауышы болады. Түсіну арқылы адам тек объектіні қабылдамай ғана қоймайды, ол оның білімдер қатарында формасына мән береді.

Ал саналылық пен танымдық қабілеттер сол объектіні қажет деген немесе мүмкін деген мағынамен толықтырады. Түсіну мен түйсіну заттар арасында байланысты, қатынасты, жүйелілікті көрсетеді. Түсінудің құрамына келесілер жатады: физикалық таңбаның психофизиологиялық қабылдауы (түсін, пішінін, кеңістіктегі күйін); тану (таныс я болмаса таныс емес зат ретінде); берілген мағынада оның контекстік мәнін түсіну; белсенді түрде оны қабылдау, дауласу немесе жақтау, диалогтык жалпы үрдіске оны енгізу. [2].

Сонымен қатар, көптеген балаларда көзі нашар көрмегенмен иіс сезу мүшесі де дамымаған болып келеді. Сол себептен тифлопедагогтардың ұсынысы бойынша мұндай балалардың талдағыштарын жас кезінен бастап дамыту керек. Бұл арқылы балалардың көру қабілетін түзету мен арнайы мектепте тереңдетіп оқыту көзделген [1].

Арнайы мектептерде көру қабілеті зақымдалған балаларды түзету мақсатында бұл балаларға байсалды түрде иіс сезу қабілетін дамыту үшін қосымша заттар мен құбылыстар туралы көптеген ақпараттар берілуі тиіс. Иіс сезу қабілетін дамыту барысында келесі мақсаттар қойылуы тиіс:

-    дүниедегі барлық иістерге қызығушылығын оятумен қатар сезімталдық ақпарат алуға дағдыландыру;

-    әртүрлі иістерді ажыратып, дифференциалдауды үйрету;

-    иістің шығатын жерін анықтау және оның бағыты мен арақашықтығын да анықтай алуға үйрету;

-    әртүрлі иістерді есте сақтай алу қабілетін дамыту;

-    иіс сезу сезімталдығымен танысу барысында оны пайдалана білуге үйрету;

Диагностиканы мынадай мақсатта пайдалануға болады. Мысалы, «бұл иіс қайдан шықты», қолмен көрсет» т.б. зерттеуді тұжырымдау тифлопедагог арқылы баланың иіс сезу мүшесі қандай көлемде машықтанғандығын анықтайды. Баланың иіс сезу деңгеін білген мұғалім өз еркімен атқарыоатын жұмысты жоспарлап және атқарылатын жұмыстың үлгісін, әдісін нақты топқа және әр оқушыға өзі белгілеп жеке жұмыс атқарады. Мысалы, кір жуатын жерде, дүкенде, дәріханада, орманда және т.б.  көптеген жерлерде өту өте тиімді. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сезім мүшелерін дамыту негізгі төрт деңгейден (кезеңнен) тұрады. Олар:

-    дайындық; 

-    таныстыру;

-    машықтандыру;

-    тәжірибелік немесе қорытынды.

Дайындық кезеңінде – иіс сезу мүшесінің бастапқы деңгейін анықтау және қоршаған ортаны өзіне қалай елестетінін, сезімталдығын анықтау қажет. Бұл кезеңде балаларға иіс сезу арқылы қалай қоршаған ортамен танысуға болатынын және кеңістіктегі құбылыстар туралы әртүрлі қызықты әңгімелер арқылы түсіндіріледі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – балалардың иіс сезу мүшесінің талдағыштық сезу қабілетін дайындау болып табылады.

Таныстыру кезеңінде – кеңістікке зейін салып иістерді еске сақтау және атауларын білуге үйрету көзделеді.

Машықтандыру кезеңінде - әр иістің әрбір жеке бөлшектерін анықтау үшін түрлі күрделі есептер құрастырылады. Ондағы мақсат – тәжірибелік еңбекте ақпаратты тиімді пайдалана алуға дағдыландыру.

Қорытындыда, яғни тәжірибелік кезеңде – басты назарды көру қабілеті нашар балалардың әртүрлі жағдайларда иіс сезу мүшесінің сезімталдығын: танысу, ойнау, үйде, жалпы кеңістікте және қозғалыстың әлеуметтік бағыт-бағдарының қатынасында тәжірибе жүзінде жүзінде пайдалана алуына үйрету керек.яғни, жалпы қорытынды бойынша көру қабілеті нашар балалар мен лардың иіс сезу мүшесін дамыту үшін сенсорлы жүйелі сабақты дамыту қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Архипенко Г.М. Социальная адаптация младших дошколников с нарушениями зрения// Воспитания и обучения – 2007/1.

2 Азарян Р.Н. Урок физкультуры как важное средство воспитания пространственных и личностных качеств у слепых и слабовидящих школьников // Дефектология. - 2000. - №6. - С.53-59.

3 Библиотека для слепых и дети – инвалиды. Сборник статей. Москва – 1998.  

4 Волкова Л.С. Выявление и коррекция нарушений устной речи у слепых и слабовидящих детей. - Л., 2003. - 186 с.

5 Вопросы обучения и воспитания слепых и слабовидящих: Сб. науч. трудов / Под ред. А.Г. Литвака. - Л., 2001. - 122 с.