Филология/Методика преподавания языка
и литературы
1-курс магистранты Қалқаева А.
Қазақсан Республикасы, Алматы қ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Заман талабына сай білім беру
оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының
жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге
бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек,
оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу
процесінің ғылыми теорияға негізделген және
оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген
оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді.
Бүгінгі таңда жас
ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың
тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазақ
тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды
пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса,
оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар
оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен
жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін
тигізеді.
Осы
тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.
ХХ ғасырдың
соңы мен ХХІ ғасырдың басында оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында
кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық
әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту
технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлеп оқыту технологиясы»
(Ж.Қараев), қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына
арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сын
тұрғысынан ойлау» т.б. технологиялары
мұғалімдердің қызығушылығын арттырып,
оқу үдерістеріне кеңінен енді. Мұндай әдіс-тәсілдер
мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер
мен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан баяндайтын
құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары
арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін
ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі
нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай
ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту
әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке
айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен
шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту
әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды
оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді
түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды [1].
Қазіргі
оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген
технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың
тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Білім
беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана
қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар
мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс
істеуге үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық
оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген
әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау
жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін
өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға
қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады.
Қазіргі таңда компьютерге тест, бақылау жұмыстарын,
тәжірибелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге
айналды.
Қазақ
тілін оқыту үрдісінде ақпараттық коммуникациялық
технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың
қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын,
қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық
білімін өз-өздерін тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта
қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып,
оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды.
Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға
шығармашылық шабыт алады.Ал, ақпараттық технологияны
қолдану оқушыға не береді?
Ақпараттық – коммуникативтік технология – оқытушы
жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін
түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке
қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық
байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды
үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.Жаңа
ақпараттық технологиялар дегенiмiз — бiлiм беру iсiнде
ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру үрдісі болып
табылады.
Ақпараттық-коммуникативтік
технологияны қазақ тілі сабақтарына енгізуіме алдыма
жаңа бағыттағы мақсаттар қойылды:
•
Қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды
кешендер құру;
• Жалпы
компьютерлік желілерді пайдалану;
•
Инновациялық әдістерді пайдалану, құралдар жасау
•
Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында
өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
• Интербелсенді
оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара
әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының
қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру
болып табылады.
Интербелсенді
оқыту – бұл, ең алдымен білім алушы мен
оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын
сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет
өзара түсіністікке, өзара әрекетке,
қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп
шешуге алып келетін — ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас
жасауды дамытуды ұсынады. Интербелсенді бір көзқарастың
немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын
болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни
ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде
күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды
салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға
қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды
үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық
және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу
жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады,
құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен
жұмыс жасайды.Әр оқытушы сабақ өткізген кезде
оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды
пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны
қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың
қызығушылығы арта түсері анық.Интербелсенді
тақта — топтағы оқушылардың барлығын оқыту
үшін құнды құрал. Бұл оқытушы
жаңа материалды өте қызықты және
қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге
көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты
түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы
танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды
түсіндірудіжеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге
көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа
ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы
тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада
оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға
мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды,
қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса,
оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті
тақта сабақты қызықты ететіні анықталды.
Интербелсенді тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың
білімдерін тексере де алады. Интербелсендіі тақта топтағы
барлық оқушылардың басты назарына айналады
[2].
Жаңа
сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын
дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен
танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып
бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып
тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті әдіс
–тәсілдерін сабақта қолданамын. Олар:
1)
жеке шығармашылық
тапсырмалар, жобалар;
2)
тірек-сызба, көрнекіліктер
және анықтама құралдары;
3)
ойын арқылы оқыту;
4)
сөзжұмбақ,
бейнесөздер;
5)
логикалық тапсырмалар мен
деңгейлік жаттығулар;
6)
тестілеу және бақылау.
Интербелсенді
оқыту моделін пайдалану — өмірлік жағжаяттарды модельдеуді,
рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді
қарастырады. Оқу
процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны ерекшелеуді
шектейді.
Интербелсенді
тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
•
Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы;
• Web-сайттарды,
басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа
материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
• Берілген
материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары
арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
• Интерактивті
тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына
айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы
жағдай туғыза алады;
•
Оқытушының, оқушының да шабытын,
қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге
ынталандырады;
• Оқушы
алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып,
танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.
Электрондық
оқулық оқушының уақытын үнемдейді,
оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және
оқушының ұмытып қалған материалдарын еске
түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды
сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған
білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған
тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер
шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс
жасауға дағдыланады. Мазмұны
қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін
өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент
болып табылады. Бейнеклиптер
уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез
және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық
оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге
мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең
қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Электрондық
оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер,
дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл,
әрине оқытушының тақтаға жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен
оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа
деген оқушының құштарлығы оянады [3].
Компьютердің
білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі
алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1.
Компьютер шексіз ақпарат әлеміне енуге және ақпаратты жүйелі
түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты
алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық
мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2.
Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің
әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3.
Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның
қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімге
ұмтылушы адам ол арқылы қатысымның барлық
түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді
оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
4.
Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің
нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім
жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін,
стратегиясын қалыптастырады.
5.
Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді
түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Тыңдап-түсіну,
көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ
берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі –
аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары, сұхбаттар
жазылған үнтаспа, т.б.
Таспа
арқылы тыңдалатын мәтін оққушының тілін
дамытады. Тіл дамытудағы тыңдау сөйлеумен тығыз
байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану
қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша
сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы
сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді
ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Бейне
сабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың
сапасын арттырады.
Бұған
әсер ететін жағдайлар мынандай:
-есту
және көзбен байқау арқылы қабылдаудың
әр түрлі жолдарында оқушының түсінігіне
жан-жақты мүмкіндік беру;
-оқушының
дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру бейне-сабақты
жүргізудің нәтижесінде қамтылады;
-оқушының
қызығушылығын арттыру, эстетикалық және
эмоционалдық сипаттарды тудыру [4].
Мысалы,
сабақта М.Жұмабаевтың «Сүйемін»
өлеңін үнтаспадан тыңдау оның әсерлілігін
күшейтіп, оқушының
мәнерлеп оқи білуге ынтасын арттыруға болады. Бейнебаяннан
үзінді көрген оқушы жаңа ақпарат ала отырып, осы
ақпаратты толық алу үшін ізденуге талпынады.
Сабақ
барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда
қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап
қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын
тұрғысынан ойлау, тірек-сызба, дамыта оқыту,
деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір
сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді
пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді.
Қазақ
тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін
қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану ар0ылы баланың жеке мүмкіндіктерін ашуға болады.
Ғалымдар Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин т.б. осыны түбегейлі
зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты
анықтаған. Сабақ барысында қандай оқушы болмасын
І деңгей тапсырмасын орындайды, Әрбір оқушы І деңгей
тапсырмасын орындауға міндетті және одан жоғары
деңгейдің тапсырмаларын орындауға құқылы.
Деңгейлеп-саралап оқытудың тағы басты
қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету,
олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін
дамыту. Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің
дамуы, белсенділігіні, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс-тәжірибеде
қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай
шешудің негізгі құралының бірі –
оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады. Деңгейлеп
– саралап оқытудың және бір бағыты – тәрбиелік. «Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың
қас жауы», деп Әбу Насыр әл – Фараби айтқан.
Қазіргі
педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және
бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология
қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді
әдіс болып саналады. Оқушылар түрлі тараулар мен
тақырыптар бойынша дайындалған тірек кестелерімен, басқа да
ізденімпаздық, шығармашылық бағытта орындалатын
жұмыс түрлерімен өздерінің іскерлік дағдыларын
қалыптастыра алады.
Әсіресе,
оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша
ұйымдастырылған ойын түрлерін сөйлесу бөлімінде
шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа,
ізденімпаздыққа жетелейді.
Модульдік
оқыту технологиясының ерекшеліктері:
- білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық
қабілеттерін және танымдық үдерістерді арнайы
жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы
дамыту;
- тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі
өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас,
ойын-танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыру;
- белсенді сөздік қорын дамыту (ауызша және жазбаша);
- дарынды балалармен тұрақты және жүйелі
жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру [4].
Жаңа
әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен
әдебиеті сабағында қолданылып жүрген
әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология
оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін,
тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік
дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау
технологиясы бойынша сабақ құрылымы
қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс
кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік
және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды
қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені
зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта
білуге тәрбиелейді.
Жалпы
айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау»
стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Сын
тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін
сөйлеуіне,өз пікірін айтуға, достарының ойын
тыңдауға, жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сыни
тұрғыдан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып,
оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни
қарап, естіген-білгенін талдап салыстырып, білмегенін өзі зерттеп,
дәлелдеп, өз бетімен және бірлескен шығармашылық
жұмыс жасау.
Қорыта айтқанда,
оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының
сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты
жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың
өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа
әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен
оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен
жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу
мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын
арттырады.
Әдебиеттер:
1. Садуова Ж.Н. Жаңа
педагогикалық технологиялар арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2012. - №4. –
12-17 бб.
2. Бұзаубақова
К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз, 2003. -135б.
3. Орта білім берудің
мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының
жинағы. Астана 2012
4. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы,
2002. – 250 б.