Қазіргі заманауи ағылшын тілін үйрену
қабілетін дамыту.
Қазақстан Республикасы. Алматы қ.
Абай атындағы ҚазҰПУ Көп тілді
білім беру институтының, кәсіби бағыттагы шет тілдер
кафедрасының аға оқытушысы
Білім алушылардың ағылшын тілі сабақтарында тыңдап
түсіну кабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға
болады.
Бірінші топ жаттығуларының мақсаты - мәтінді
тындаудың алдында лингвистикалық және исихологиялық қиындықтарды
алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудын мақсаты - мәтінді тындауға
арналған жаттығулар. Мұнда білім алушылар мәтінді тыңдап,
оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны
және т.б. толтыру, сұрактарға берілген жауаптардың
мәтін мазмұнына сәйкес келетін анықтай және т.б.
Үшінші топ жаттығудың мақсаты - мәтін
мазмұнын толық түсініп, білім алушылардың бойында
төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және
талдау жасай алу. Мысалы, тындаған мәтіннің такырыбын талдау,
мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру,
уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді
коммуникация жагдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ
жаттыгуларып орындау барысында білім алушыларға тірек, таяныш
сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар жоне т.б. ұсынуга болады.
Төртінші топ жаттығудың максаты - білім алушыларды
мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын
айтқызу, пікір-талас ұйымдастыру, «дөңгелек
үстел» ұйымдастыру, сахналау, сңенарий жазу және т.б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге койылатын
талаптарға токтала кетсек. Олар:
• тыңдауға арналған мәтіннің
мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және
оның мазмұны білім алушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес келуі керек;
• мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
• мәтіннің мазмұнында тындаушылар үшін қызықты
жаңа мәселе болуы керек;
• мәтін аутентивті, яғни шындыққа негізделген,
жасанды мәтін емес болуы тиіс.
Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан әрекет,
оған ең алдымен, жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтар мен бағдарламалар қажет, яғни білім
деңгейін жоғары көтеру негізгі мәселе. Сондықтан
тілді үйрету үшін сөйлесу әрекетіне
дағдыландырылады. Өзге тілді үйрену барысында, білім
алушының қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі мен икемділігі
ерекше орын алады. Тілді тәжірибеде пайдалану – сөйлесу,
қарым-қатынас жасау. Қарым- қатынастың дамуының
түрлері, қатысым үрдісі, оның мазмұны, негізі
маңызы және құрамының жүйесі бар. Білім
алушыларды сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктерді негізге алуымыз
қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім
берудің дидактикалык негіздсрі. Алматы, 2003.
2. Маркова А.К. Формирование
мотиваңии учения. Книга для учителя. М.: Просвещение, 1990.
3. Методика обучения иностранным
языкам в CLLI. Модернизация общего образования. Издательств: КАРО,
Санкт-Петербург, 2005