ФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯ
САБАҒЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТІРЕКТЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ
Толеубаева Айша Бакытжановна
Физика және астрономия
пәні оқытушысы
Қазақстан,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау энергетикалық
колледжі
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара
тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің
барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату
– бүгінгі күннің басты талабы.
Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі
әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие
үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін
әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін
мүмкіндігінше және студенттердің жеке жағдайларына
байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу
керек.
Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу
оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың
тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Студенттерге
терең білім беру үшін оқытушы мына төмендегі
қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.
ü Оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге
ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен,
өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.
ü Студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай жеке
бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр студенттің
мотиваицялық тетіктерін таба білу абзал.
ü Ғылым мен педагогика саласындағы
жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.
ü Мүмкіндігінше, кейбір үлкен
тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе
білуі керек.
ü Студенттерге ұзақ уақыт есте сақтау
қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе
заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен психологиялық
тіректер бойынша берген жөн
ü Сабақта студенттерді таң қалдырып,
себебін білгілері келетін әртүрлі қызықты
тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы
қолданған орынды.
ü Ең бастысы әрбір сабақ өз
дәрежесінде өтуі қажет.
Білім беру үрдісінде студенттердің пәнге деген
қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі
педагогикалық-психологиялық технологиялар мен мотивациялық әдіс
–тәсілдер қолдануда. Соның ішінде студенттің белгілі
бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын
туғызу. Егер студент өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып
қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден
өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда оқытушы
студенттің қандай да бір
жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта
жиі қолданса, оқытушы жұмысының жетістігін көруге
болады.
Мадақтау. Оқытушы сабақта
студенттің өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың!»,
«Сенің физикаға қабілетің жақсы екен», «Сен есепке
өте жылдамсың!» деген сөздер жиі қолданғаны
дұрыс. Бұл сөздер студенттің бойында оқытушының
өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы
оқуға тырысады.
Бір
мүмкіндік. Студенттің күтпеген жерден өзіннің
қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік
беріледі. Мұндай жағдаятты оқытушы арнайы дайындамайды,
ол осы мүмкіндікті табиғи
тәрбиелеудегі дарынымен, бұл
мүмкіндікті тиімді пайдаланады.
«Кешіктірілген
баға». Стдуентке бірден төмен баға қоймай, «Сенің
бағаң күндегіден төмен болып тұр. Сен үнемі
сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір
мүмкіндік беремін. Келесі жолы бұданда жақсы жауап
беретініңе сенемін» деп студентті алға қарай ұмтылуына
жағдай туғызу.
Алдына
–ала ойластырылған қателік. Сабақта оқытушы есеп
шығару барысында, теорияның тұжырымдау барысында «Мен бір
жерден қателестім. Бір минут. Қазір қарайын» деп студенттерден
көмек сұрайды. Бұл студенттің алған білімін
жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық
қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсіл.
Көкжиек сызығы. Студенттің
бойындағы қабілетін арттыру үшін өте
қызықты тақырыпта (мысалы: «Сүңгуір
қайық», «Танк» жайлы) баяндама жасауды тапсырады, бірнеше баяндама
жасағаннан соң «Сен өте қабілеттісің, біз
олимпиадаға/конференцияға/семинарға дайындалсақ
қайтеді» деген ұсыныспен студенттің өз еркімен ізденуге, ғылым мен
техникаға деген ынтасын оятып, адамның ақыл –ойының
дамуына ықпал жасайды.
Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі
сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі
сабақтан жақсы болуы тиіс. Әрбір тақырыпты
түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай
тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі
заңдылықтарды тірек белгілері арқылы оқушыларды
жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау қабілеттерін
арттыруға, ойлау қабілетін арттырып, оларды
шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ физикалық заңдылықтар мен
құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін құрастыру
қажет.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен
құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп
беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар
студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып
қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын
өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға
мүмкіндік береді.
Осы үлгідегі оқытудың мотивацияға
бағытталған әдіс-тәсілдері студенттердің
есте сақтау қабілетін арттырып, оларды
жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа
баулуға көмектеседі деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан
мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды
қолдану тетіктері»
2. «Дарын» журналы. 2002ж,№2;
/-71 бет/
3. «Оқыту процесіндегі
инновациялық ізденістер» Өмірбаева К. 2001 ж.