Терроризммен күрестегі халықаралық және
мемлекеттік шаралар
Ергалимова Ақбөпе
Нұрмұханбетқызы, Семей қаласы Шәкәрім
атындағы Мемлекеттік университеті, Құқықтану
кафедрасы аға оқытушысы, халықаралық құқық
магистрі
Қазіргі
таңда әлемнің жаңа жауы
пайда болды. Ол терроризм- жиырма бірінші ғасырдың дерті десек те болады.Терроризм
Қазақстанды ғана емес бүкіл әлемді камтып
отырған зұлмат күш болып табылады. Қазақстан
Республикасының заңдарында терроризмге: «Терроризм актісі – яғни,
жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы,
елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті
өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін
өзге де әрекеттер жасау» деген анықтама берілген [1].
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтын Қазақстан
халқына жолдауында «Мемлекет пен
азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және
терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне
қарсы біртұтас шеп құруға тиіс. Қазақстандағы
экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар.
Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның
негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық
іс-әрекет жасырынып жатыр. Бұл - біздің еліміздегі
бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл -
біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің
мықтылығының сынға түсуі. Біз діни радикализм мен
экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында
заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы
заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе
де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек» деген болатын [2].
Терроризм
бар жерде ешкім де өзін қауіпсіз сезіне алмайды. Сондықтан да
әлемнің қай мемлекетін алып қарасақта
барлығы терроризммен күресу жолдарын анықтап
жатады.Терроризмді халық болып емес бүкіл әлем болып
күресек қана жене аламыз. Дегенмен де терроризммен күресуден
бұрын оның пайда болу себептерімен күресуіміз қажет.
Террористік іс-әрекет - террористік қылмыстарды жасауға
бағытталған және оған төменде аталған
әрекеттерді жатқызамыз: терроризм актілерін ұйымдастыруды,
жоспарлауды, дайындауды, қаржыландыруды және іске асыру; терроризм
актісін жасауға айдап салу; терроризм актісін іске асыру үшін
заңсыз әскерилендірілген құралымдар,
қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйымдар)
құру, сондай-ақ осындай құрылымға
қатысу; террористерді тарту, қаруландыру, үйрету және пайдалану; терроризм актісін
жоспарлауда, дайындауда немесе іске асыруда ақпараттық
тұрғыдан немесе өзге де жәрдемдесу; терроризм идеясын
насихаттауды, террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға
шақыратын не осындай іс-әрекетті жүзеге асыру
қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын материалдар мен
ақпаратты таратуды қамтитын іс-қимыл.
Терроризмге
қарсы операция - адам күшін, қызметтік иттерді, әскери
және өзге де техниканы, қарулар мен арнаулы
құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу,
жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды
зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм актісінің зардаптарын
барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.
Терроризммен
халықаралық күрестің
құқықтық механизмі туралы айтатын болсақ,
ол әмбебап сипаттағы халықаралық конвенцияларды;
аймақтық халықаралық келісімдерді; екі жақты
халықаралық қылмыспен күрес саласындағы
шарттарды; Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарларын, басқа да
халықаралық ұйымдардың шешімдерін және
мемлекеттердің ұлттық заңдарын қабылдау, оларды
орындау арқылы жүзеге асырылады. Атап айтсақ, 1937 ж.
Терроризмнің алдын алу мен оны жазалау туралы Конвенция алғаш рет
қабылданған болатын. Одан кейін, 1977 ж. Терроризмнің алдын
алу туралы Еуропалық Конвенция; 1987 ж. Оңтүстік Азия
мемлекеттері аймағында терроризмнің алдын алу туралы Конвенция;
1994 ж. Халықаралық терроризмді жою шаралары туралы
халықаралық Конвенция; 1997 ж. Жарылғыш терроризммен
күрес туралы халықаралық Конвенция; 1999 ж. ТМД
мемлекеттерінің терроризммен күресінің
ынтымақтастығы туралы Шарт; 2001 ж. Терроризм, сепаратизм
және экстремизммен күрес туралы Шанхай Конвенциясы; 2001 ж.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кенесінің № 1373
қарары және т.б. қабылданған болатын. 1996 ж.
терроризммен халықаралық құқықтық
күрес мәселелерін әлемнің жетекші мемлекеттері мен
үкімет басшылары кең талқылаған болатын. Осы кезден
бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы
халықаралық, аймақтық және ұлттық
терроризм туралы оннан астам қарарлар (резолюция)
қабылдағанына қарамастан, алайда осы
құбылыстың қандай да бір ортақ және тиімді
пайдалануға болатын анықтамасын қабылдай алған
жоқ.
Терроризм
мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде
ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп
төндіретіндей дәрежеде емес, тек ықтимал
қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді.
Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік
жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық
шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция
сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік
сарапшылар да терроризм мәселесі Қазақстанға
төніп тұрған нақты қауіп емес, Орталық
Азиядағы жалпы ахуал аясында ғана қарастырып келді.
Соңғы
уакыттардағы елдегі кауіпті ахуал, Ақтөбе және Астана,
Алматы қалаларындағы жарылыстар, Ақтөбе
қаласындағы қарулы қақтығыс,
азаматтарымыздың жанұяларымен Сауд Арабиясы мен Сирияға өтіп кетуі Республикамызда
терроризмге қарсы іс шаралар мен Қазақстан
қоғамының діни сауаттылығын жетілдіре түсудін кажеттігін арттырды.
Осы мақсатта республикада дін істері жөніндегі
мамандандырылған ведомоства құрылды. Осы
бағыттағы жұмыстың бірі -мониторинг
жүргізудің нәтежиесінде 10 интернет-порталдың
жұмысы заңсыз деп танылып, 51
интернет сайттардың жұмысы терроризм мен экстремизмді насихаттанғаны
үшін тоқтатылды.
Қазақстан
Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл мынадай негізгі:
террористік қылмыстар жасау салдарынан қауiп төнген
адамдардың өмiрi мен денсаулығына,
құқықтарына басымдық беру; заңдылықты
сақтау; терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының
террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы;
терроризмнің алдын алуға басымдық беру; террористік
iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай
қалмайтындығы; профилактикалық, саяси,
әлеуметтік-экономикалық шараларды кешенді пайдалану; терроризмге
қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен
құралдарға оралымды басшылық етуде дара басқару
принциптерiне негiзделедi[3].
Қазақстан
Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл: террористік іс-әрекетті анықтау,
оның алдын алу, жолын кесу, терроризм профилактикасы, терроризм
зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою; жеке адамды,
қоғамды және мемлекеттi терроризмнен қорғау;
террористік iс-әрекеттi жүзеге асыруға жәрдемдесетiн
себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында
жүзеге асырылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1) ҚР Қылмыстық кодексі, 03.07.2014.
(09.04.2016ж өзгертулер мен толықтырулармен)
2)ҚР Президентінің Қазақстан
халқына жолдауы «Қазақстан-2050 стратегиясы:қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
3)
ҚР-дағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 23.10. 2013ж
қаулысы