Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының

аға оқытушысы Б.Ү. Матаева

« Научная Биология» мамандығының 2 курс студенті Қалдыбек Жансая

 

Көңіл-күй адам өмірінің айнасы

 

Адам баласы айналадағы  болып жатқан шындықты,ақиқатты  танып-білуге және ондағы  заттар мен  құбылыстарға, өзіне сол заттардың ұнайтынын не  болмаса ұнамайтынын  миында белгілеп отырады. Айналадағы болып жатқан  заттардың барлығы дерлік  бізді  қуанта бермейтіні белгілі,  ренжітетін тұстары да болады.Сезім мен эмоция  ұғымын бір деп санасақ болады. Бірақ ара тұстарында айырмашылық  бар.

Эмоция - шындықты бейнелеудің ерекше бір түрі. Эмоцияның  пайда болуы  ішкі және сыртқы  себептерге байланысты деп түсініміз. Адамда   қорқу, жылау, ашу  сияқты  эмоциялардан  бөлек имандылық,эстетикалық, интеллектік  сезімдер жоғары болды.Адамдар мен жануар дүниесінде көрініс беретін кейіп.Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге  шабыттандырып, тиісті нәтижеге  жеткізеді немесе  көңіл-күйін жабырқатып,іс-әрекетті  бейберекетсіздікке  ұшыратады.

Адам өмірін негізінен  ауысып тұратын екі сатыға бөлуге болады:бірі-құштарлық пен қажеттіліктің қалыптасуы,екіншісі- соларды  қанағаттандыру. Құштарлық пен  қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдаланылады. Қажеттілік  қозғаушы күш ретінде организмдерімізді  тыныштандырып,оларға  әр түрлі әрекет жасауға итермелейді. Қажеттіліктер эмоциялармен байланысты. Мысалы, адамның қажеті орындалмаса,оны ауыр сезім мазалайды. Ал қажеті орындалса, қанағаттану мен жағымды сезім арта түседі. Эмоциялық көңіл күйлері өмірлік процестерді   қалпында сақтайтын және кемістік не болмаса артықшылық себептер туралы хабар беретін  механизм ретінде бекиді.

Эмоция мен сезім физиологиялық жағынан үлкен ми жарты шарының  қыртысымен байланысты. Қарапайым эмоцияларда  адреналин өте жылдам бөлінеді.Ұзаққа созылған ұнамсыз эмоциялар кезінде   қанда   адреналин жинақталып,күретамыр қысымын  жоғарыталады,тамыр соғысы жиілейді. Сөйтіп қан тамырларының тарылуы, жүректе стенокардия,не миокард инфаркті тудыруы мүмкін. Қан мен зәрдеге қан мөлшерінің жоғарылауы – эмоция кезінде организмдегі терең биохимиялық өзгерістердің айғағы. Өйткені органикалық эмоциялар дененің  сыртқы не ішкі реакциялары ретінде ерекше байқауға болады. Эмоциялар жүрек пен қан тамырларына  көбірек әсер етеді. Ұнамсыз эмоциялар кезінде  жүрек тоқтап,адам кенеттен  қазаға ұшырауы мүмкін.

Отырып жұмыс істейтін,дене еңбегімен  аз шұғылданатын адамдарда адреналин мен норадреналин  көп мөлшерде шығарылып,ұнамсыз эмоциялар күшейеді. Олар көп мөлшерде  бөлінсе, жүргенде не жүгіргенде бұлшық еттердің жұмысына  дем беретін қажетті қорғаныс механизмінің рөлін атқарады. Адамға көптеген жағдайда өз эмоцияларын басқарып,тежеп отруы  қажет. Ғалымдардың байқауы бойынша,эмоциялар тек сырт жағынан тежеліп, ал ішкі мүшелері жағынан күйінішті жылау ретінде қалады.Күшті эмоцияларды (ашу,ыза,долдану т.б.) тоқтату мүмкін емес,өйткені  оларға  бөлінген энергия басқа жолға бағытталып,жүрек пен  қан тамырларына қолайсыз әсер етеді.Ұнамсыз эмоциялар адамның  іс-әрекетіне   көптеп зиян келтіреді. Көңіл-күйдің болмауына    септігін тигізеді. Жағымсыз эмоцияларға  қорқыныш, қайғы, үмітсіздену, абыржу  т.с.с.Адамның тұла бойын билеп алатын эмоциялық  жағдай-көңіл.Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына  байланысты. Адамның эмоциясын,оның мимикасынан байқауға да болады.

Эмоция түрлері: Эмоциялар ұнамды және ұнамсыз,стеникалық пен астеникалық болып  топтарға бөлінеді.

Стеникалық-көңіл сергектігі, белсенділік пайда болу, істердің  батылдық болуы сезімдері. Бұлар адамның тіршілік  қажетіне   орайлас, оның ішкі өмірінің шарқытап, жан-жақты өсу шарттарының  бірі болып саналады. Мәселен, қуаныш,көңіл қоштық т.б. – осындай эмоциялардың  енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді.Бұлар-белсенді әрекетке  азды – көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер.Мұндай эмоцияларға қорқыныш,қайғы,абыржу,налу, үрейлену т.б. жатады.Осы айтылғандармен қатар,қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді.Қарапайым эмоциялар адамның органикалық  қажеттерінің  өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады.Мысалы, күрделі  түрелеріне: аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.

Астеникалық- өмір сүруді төмендетіп,пассивті әрекеттерге  әкеп соғады. Ұзақтығы  мен білінуі жағынан сезімдердің төмендегідей түрлері болады: Көңіл-онша білінбейтін,ұзаққа созылған эмоционалдық жағдай. Құмарлық-адамдар үшін белгілі мәні бар,мақсатқа итермелейтін  ұзақ және  білінетін эмоция.Эйфория-көңілді,жылжымалы,сөйлегіш,күлкілі потологиялық көтеріңкі күй.Мұндай жағдай ішімдік не  масайғанда, ауыр соматикалық және психикалық ауру кезінде пайда болады.Депрессия-зарығу, мазасыздану, абыржу, қорқу сияқты сезімдер ере жүретін потологиялық түрде көңілдік төмендеуі. Депрессияның ауыр түрінде суицидтік  ойлар мен әрекеттер болады. Бұл өзі  нарықтық қоғам  орнаған соң ең көп қолданылатын әрі  ең бір сәнді сөзге айналды. Депрессияда жүр едім, депрессияның салдарынан жұмыстан кеттім болмаса депрессиядан айыққан соң  бәрін  жаңадан бастаймын деген тіркестер бір ауызда  шығып, екінші біреулердің құлағына  ілініп жатады. Құлағына ілінетін себебі - тыңдаушының өзі депрессияда жүр. Көбінесе күйзеліс, жабығу ең алдымен мегаполис тұрғындарына тән. Өйткені көптеген психологтар депрессияның қалалы жерлерде үлес салмағы басым екенін жазады. Мегаполис  тұрғындары  үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығына   қатар төзіп, басқаша айтқанда екеуінің дәмін тең  татып күн көруге   мәжбүр. Техника мен технология алысты жақын  етіп,  қол  еңбегін  жеңілдеткенімен, мобильді телефонмен күніне бірнеше рет сөйлесу,радио,теледидардан керекті- керексіз  ақпараттар алу,негізінен батыстық менталитетті бейнелейтін агрессиялық фильмдер көру,нарықтың басты құндылығы ақша  болғандықтан,ақша табу үшін  жанталаса өмір сүру,сөйтіп әке-шеше, туған - туыс, қатар құрбыдан алыстау арқылы өз-өзіне тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып,депрессияға  ұшыратады.Биік-биік ғимараттар да  жүйкесі әлсіз   адамның мысын  басуы мүмкін.

Сөйтіп, адамның сезім күй және  оның қысқа  мерзімді айқын  көрінісі –эмоция –жан дүниесінін жандану  мен тіршілік  ағымында айтарлықтай  маңызы бар  психикалық  процесс.

 

Біздер енді қиял  тақырыбының  мазмұнын-мәнін баяндау эмоция жайындағы қажетті мағұлматтармен таныстық ол тақырыптарда талданып қорытылған  теориялық білім қиял процесінің жай-жапсарын жете ұғыну үшін  біздерге тиянақ:материялдар береді деп санауға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

М.М.Мұқанов.Жас және педагогикалық психология.Алматы,1982.

Педагогикалық ізденіс.Алматы,1990.

Крысько В.Г.Социальная психология.М.,2001.

Сабет-Бап-Баба.Жалпы психология. А.,2004.

Я.А.Коменский<Ұлы дидактика>Алматы,1993.