-Жеке тұлғаны зерттей отырып, адамның
жеке спорт түрімен шұғылдануына рұқсат беру
және медициналық-биологиялық іріктеу жүргізу,
-Адам денсаулығының жағдайын есепке ала
отырып, спортпен шұғылдануға рұқсат беруді
қамтамасыз ету,
-Жеке спорт түрімен шұғылдануы үшін адамның
фукционалдық дайындығына бақылау жүргізу,
-Медициналық-биологиялық, психологиялық ықпал ету
көмегі арқылы спортшының дайындық барысының
өсуін қамтамасыз ету,
-Спортшының шынығу барысында пайда болатын алдын-алу және
ауруды, жарақатты емдеу жұмыстарын жүргізу,
-Жарыстар және жаттығу кезінде жарақат алған
жағдайда шұғыл көмек көрсету,
-Фармакологиялық арнаулы өнімдерді спортшылардың
қолдануын бақылау.
Спорт маманының ұсынысы:
Дәрігер спортшының денсаулығын әрқашанда
қадағалап отыруы қажет және спорт дәрігері
спортшыға тек құрылған жоспар бойынша ғана
жаттығу қажет екендігін ұсынады. Егер спортшыда демікпе пайда
болса, жүрек соғысы жиілесе, жүрек маңайы ауырсынса,
жаттығуды тоқтатып, дәрігердің кеңесіне
жүгіну қажет.
Медициналық деректердің және спортшыны жіті
бақылауының негізінде (ЧСС, ЧД, ЭКГ, биохимиялық
зерттеулердің және басқа көрсеткіштер) дәрігер
спортшыға жаттығу барысын жоспарлау және ұтымды
өткізу үшін объективті деректер береді. Спорт дәрігері мен
жаттықтырушының бірігіп жұмыс атқаруы – бұл
оқу-жаттығу барысы тиімділігінің негізі. Ол: іріктеу,
рұқсат беру, денсаулықты қадағалау, ауруды
және жарақатты анықтау, ескерту, мөлшерден тыс шаршауды
ескерту, жаттығу кезіндегі төзімділікті, демалуды, тамақтану
және т.б. қадағалау сынды барлық бөлімді
қамтиды.
Мұрынның
және басқа да дене мүшелерінің сынуы:
Бокстасу кезінде соққы көбінесе бетке тиеді, сондықтан
да мұрын сынады. Бокс кезінде жарақат алу жағдайында алғашқы
көмек көрсету.
Жақтың
сынуы:
Бокста төменгі
жақтың сынуы жиі кездеседі. Алғашқы көмек
көрсету ол – мұз пакетін және Бартон бандажын басу
қажет. Мұндай жарақат алу кезінде хирургиялық араласу
өте жиі кездеседы жиі кездеседі. Кез-келген боксшыда кәсіби
деңгейіне қарамастан мұрынның сынуы болады және
бір емес бірнеше рет. Мұндай жиі кездесетін жарақат алу кезінде
мұрын шеміршегінің және сүйегінің ауысуы болады.
Бұл көбінесе мұрында болатын қан жолдарының
зақымдануын тудырады. Мұрынның сынуы кезінде қан
тоқтамай ағады, бұл жағдайда мұз немесе суық
зат басу, сонымен қатар зақымдалған қан тамырларын
басып тұру арқылы алғашқы көмек
көрсетіледі. Егер қан ағу тоқтамаған
жағдайда төреші күресті тоқтатады. Сонымен бірге
төменгі жақ және бет сүйектерінің сынуы да жиі
болады. Бұл жағдайда да сынған жерге суық зат басылады,
ол – мұз, суық суға салынып, сығылып алынған
орамал және де т.б заттар болуы мүмкін.
Қабырғаның
сынуы:
Бокстасу кезінде қатты, нық
түскен соққыдан бір немесе бірнеше қабырға сынуы
мүмкін. Мұндай жарақатты алу қауіпті, себебі
кеуденің ішінде өкпенің зақымдануы ықтимал.
Бұл жағдайда күрес тез арада тоқтатылады да, бірінші
боксшыны жартылай отырғызып, жарақат алған жаққа
жантайту қажет. Көкірек қуысын арнайы таңғышпен
немесе орамалмен қозғалтпай таңу қажет.
Жарақаттың жазылуы 3 аптаға созылады және
қайтадан қалыпқа келуі бір айдан аса уақытты алады.
Бұл жаттығуды ұзақ уақытқа ұмыту
қажеттігін білдіреді.
Мидың шайқалуы:
Бокстасу кезінде бастан қатты соққы алған жағдайда мидың
шайқалуы болады. Бұл жағдайда тыныш, қозғалмай
жату қажет. Алғашқы медициналық көмек
көрсету кезінде мұз немесе суық орамал басылады.
Ми
шайқалуының басты белгілері:
• қатты бастың ауруы;
• бастың айналуы;
• лоқсу;
• әлсіздік болады.
Шайқалу жарақаты аса қатты медициналық
көмекті қажет етпейді. Дегенмен алғашқы екі күнде
тек тыныштықты сақтап, жату қажет. 1-2 апта өткен
соң жаттығуды қайта жалғастыруға болады.
Қол және білезік сүйектерінің сынуы:
Дұрыс берілмеген соққы кезінде, көбінесе қол сүйектеріне зақым келеді, саусақтар, білезік буындарының сынуы мүмкін. Шынтақ және иық буындарының зақымдануы сирек
кездеседі. Қолдың сынуы кезінде сынған сүйекті таңғыш арқылы қозғалмайтындай етіп орап,
дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Білезік
буындарының шығып кетуі жиі болады, бұл жағдайда
шыққан жерді орнына қайта салып, компресс немесе мұз
басып, таңғышпен мықтап орау қажет. Егер қолдан
келмеген жағдайда дәрігердің көмегіне қаралу
керек. Спорттық медицина спортшы денсаулығы үшін аса
қажет фактор. Себебі,спортшы тек жарыс уақытында ғана
емес,қалыпты жағдайда да өз деңгейінде болуы
қажет, сонымен қатар,жарыс үстінде де түрлі
оқиғалар орын алуы ғажап емес. Бұл мәселелерге
спорт медицинасы жауап береді. Спортшылар физикалық жаттығулар
барысында денсаулыққа кереғар жарақаттар алып
қалудың алдын алу. Ол бірінші мақсат. Ал екіншісі,
спортшылардың дайындық үстінде денсаулығын нығайту,физикалық
резервін ұлғайту.
Спортшылардың жарысқа барар алдында және жарыстан
қайтқан кезде медициналық тесеруден өтуге
арналған арнайы бағдарламасы бар. Еліміздің бірқатар
аумағында осы бақылаумен айналысатын медицина орталықтары
бар. Алматы қаласында алғашқы
дәрігерлік-денешынықтыру орталығы 6 бірліктегі штамппен 1948
жылы ұйымдастырылды және Денсаулық сақтау
Министрлігінің емдеу-сақтандыру бөлімінің
құрамына енді. Орталықтың бас дәрігері Галина
Ивановна Акопян болды. Полина Романовна Ечина-Высоцкая Республикалық
дәрігерлік-денешынықтыру диспансерін ширек ғасыр (1949-74)
басқарды. Оның жұмыс уақытына дәрігерлік
бақылау қызметі мен ЕДШ, кейін республиканың облыс
орталықтарындағы диспансердің қалыптасуының
білікті кадрлар дайындаудың күрделі кезеңі тап келді.
Барлық спортшылар мен денешынықтырумен шұғылданушыларды
диспансерлік есепке алу, кең көлемдегі
мәдени-бұқаралық және ағарту
жұмыстары оның тікелей қызметінен байланысты.