Байкенжеева А.Т., Маханова Г. М.

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Автокөліктерден бөлінген ауыр металдардың Populus рruіnosa өсімдігінің морфо-анатомиялық көрсеткіштеріне әсері

 

 Populus pruіnosa өсімдікгінің вегетатиивті мүшелерінің  анатомиясын анықтау, тұтастай алғанда алынған мәліметтер систематикада және өсімдіктер морфологиясына сапалық болжау жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда систематикадағы және филогениядағы көптеген сұрақтар жапырақ эпидермисінің параметрлеріне қарай анықталады.

       Turanga Bunge түрлерінің  жапырағындағы лептесіктердің таралуы жапырақтың екі бетінде бірдей. Жоғарғы және төменгі эпидермистің полисадты паренхималық клеткалары жапырақтың беткі клеткаларына көлбей орналасқан. Әрі қарай үш-төрт қатар изодиамертрлік клеткалардан тұрады, мұндай клеткалар жасыл пластидты қабатында да кездеседі. Жоғарғы және төменгі эпидермистің ассимиляциялаушы ұлпалардың арасында ірі жасыл пластидсіз клеткалар кездеседі. Өткізгіш ұлпалар дихотомиялық ретпен таралған, олар жоғарғы және төменгі  эпидермисті астарлап жатқан мезофилмен қабаттаса орналасқан.

Түрішілік систематикалық стоматографиялық белгілерді анықтау мақсатында автожол жиегіндегі ластанған және салыстырмалы экологиялық таза  аймақтардағы тораңғылардың жапырағының эпидермисінің стоматографиялық параметрлері қаралды. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай тораңғылардың эпидермисі дөңгелек пішіндес жан-жағынан төрт клеткамен қоршалған, пішіні, көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Морфологиялық пішіні, жіктелуі жағынан тетрациттік формаға жатады[1,2].

 Нәтижесі 1 кестеде көсетілгендей қала орталығындағы тораңғылардың лептесіктерінің саны, ені, шалғындық айматағылармен салыстырғанда  төмен болды. Бұл қала орталығындағы тораңғылардың экологиялық факторлардың әсерінен қысымда тұрғандығын көрсетеді. Автокөліктердің түтіндерімен ластанған тораңғылардың вегетативті мүшелерінің анатомиялық көрсеткіштерінің өзгерісімен қатар морфологиялық көрсеткіштерінде ауытқулар байқалады(2-кесте)

1-     кесте Populus pruіnosa  ценопопуляциясының  жапырақ эпидермисінің анатомиялық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Жапырақ құрлысы

қауымдастық

Қала орталығы  (а)

Шалғындық (б)

Негізгі эпидермалды клетка

1

Саны мм² \дана

ж

 

т

154,2±2,81

9,97

132,20±1,28

8,89

 

 

    185,90±1,15

       4,23

  152,80±1,39

    8,83

 

2

 

Ұзындығы, мкм

ж

 

т

71,30±093,

26,02

73,90±1,82

18,69

 

  66,20±0,86

      18,86

  63,0±1,95

    21,79

 

3

 

Ені, мкм

ж

 

т

65,2±0,19

19,55

62,10±0,10

    15,70

    62,1±010,

       15,70

   60,3±0,12

     12,80

 

лептесік

 

4

 

Саны мм² \дана

ж

 

т

46,40±1,20

11,03

56,00±0,92

   14,73

    58,30±1,38

        11,13

72,30±1,31

    15,78

5

 

Ұзындығы, мкм

ж

 

т

20,2±0,20

   13,98

20,40±0,25

   16,11

   22,93±0,12

       12,80

21,95±0,10

    10,70

6

 

Ені, мкм

ж

 

т

32,90±0,11

11,20

30,90±0,11

   11,20

 32,80±0,12

      9,79

32,70±0,20

    16,56

 

 

 

ЕСКЕРТУ: ж-жапырақтың жоғарғы, т-төменгі жағы; сызықың жоғарғы жағында орташа арифматикалық (Х) және қате (Sх), сызықтың астыңғы жағында –вариация коэффициенті (V%)

 

2-кесте. Р. Pruinosa Schrenk аналық сырға гүлшоғырларының  морфологиялық белгілерінің орташа көрсеткіштері

 

Белгілер

Қызылорда «Саяжай»

Қызылорда,

қала орталығы

t

Өсу, см

       4,03±0,202

3,91±0,128

0,5

Өркеннің жуандығы, см

0,22±0,005

0,18±0,004

6,6

Буынаралықтарының саны

5,70±0,219

5,0±0,004

2,0

Бүршік ұзындығы, см

0,63±0,008

0,65±0,013

1,3

Жапырағының ұзындығы, см

3,06±0,067

3,03±0,133

0,3

Жапырақтың ені, см

4,83±0,112

4,62±0,156

1,1

Жапырақ формасы

0,63±0,007

0,65±0,010

1,7

Сағағының ұзындығы, см

1,41±0,117

1,93±0,133

2,9

Сырғасының ұзындығы, см

2,77±0,087

2,05±0,137

4,5

Гүлдерінің саны

25,3±0,637

18,4±1,109

5,2

Тұқым бүрінің саны

151,6±2,318

121,0±9,021

3,3

Қорапшасының саны

19,7±1,386

17,3±0,955

1,2

Тұқымының саны

51,5±2,142

67,0±9,077

1,7

Дәнекер ұзындығы, мм

1,26±0,025

1,05±0,032

5,2

Дәнекер ені, мм

0,60±0,007

0,50±0,016

5,8

Ағаш биіктігі, м

9,00±0,323

8,04±0,316

2,1

Діңінің диаметрі, м

0,37±0,121

0,48±0,225

4,7

Бөрік басының формасы

0,97±0,047

0,83±0,030

2

 

 

2-кестедегі мәліметке сәйкес Қызылорда қаласынан тыс «Саяжай» аумағындағы Р. Pruinosa морфологиялық белгілерінің аздап айырмашылығы бар. Нақты тоқталар болса, Саяжайдағы тораңғылардың биіктігі орташа 9,00±0,323 болса, ал Қызылорда қаласының орталығындағы ағаштардың орташа биіктігі 8,04±0,316 болды. Сонымен қатар айырмашылықтар тұқым бүрінің саны, гүлдерінің саны, сағағының ұзындығы, тораңғылдың өсу қарқынында да байқалды. Бұл қала орталығындағы экологиялық факторлар тораңғылардың вегетациялық кезеңдеріне ықпалын тигізеді деп айтуымызға болады.

Автожолдан әртүрлі қашықтықтағы тораңғылдардың вегетативті және генеративті өркендерінің морфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалынды. Нақты айқын байқалатын вариациялық коэффицент байқалмайды. Дегенмен ағаштың биіктігі, ағаш діңінің диаметрі, өркендерінің өсу қарқыны арасында айырмашылықтар байқалады. Автожолға қашытығы 1000 м болатын жердегі тораңғылдардың биіктігі  10,1±0,323, ал 200 м қашықтықта орналасқан ағаштардың орташа биіктігі 7,90±0,446,  жол жиегіне 100 м жақын орналасқан ағаштардың биіктігі 6,90±0,655 болды. Сонымен қатар гүлшоғырының ұзындығытарында айырмашылықтар байқалады: 1000 м  гүлшоғырының ұзындығы 5,42±0,315; 200 м гүлшоғырының ұзындығы 4,85±0,145; 100 м гүлшоғырының ұзындығы 4,30±0,152. Сонымен қатар байқалатын ерекшелітің бірі автожол жиегіне жақын тораңғылдардың діңдері тік емес.

 

 

                                                     Әдебиеттер

1. Р.М. Мұстафаева, Байкенжеева А.Т., А.Қ. Саданов. Тораңғы теректерінің биологиясы, экологиясы және шаруашылықтық маңызы (шолу). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабаршысы Алматы, 2008 ж, №5,103-105 бет.

2.  Р.М. Мұстафаева, Байкенжеева А.Т., TURANGA теректерінің ареалы және экологиялық фитоценологиялық таралуы (Қызылорда облысы). «Жаратылыстану ғылымдарының тұрақты дамудағы ролі:  ұсыныстар, теориялар және технологиялар»-атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. Атырау, 2008 ж, 162-164 бет.