Шодыраева Шынар Кошкарбаевна

г. Актау КГУТиИ им. Ш.Есенова, Институт экономики и право

 

Ақтау көлік торабы

Ақтау көлік торабы- өндіріс қорларының құрылымы бойынша күрделі,  көпжақты көлік кәсіпорындарының кешені. Ол мұнай-газ және басқа да өндірістік кешендер аймағында әртүрлі көлік түрлерінің өзара қатынастарының тоғысуында қалыптасады.  Көлік торабының қызмет атқаруы Қазақстан территориясы арқылы өтетін транзиттік жүктер ағымын, Қазақстанның және басқа мемлекеттердің арасындағы экспорттық-импорттық тауар айналымын көрсететін жұмыстар көлемінің қатынасы арқылы анықталады. 

Қазіргі заманға сай жағдайларда экономикалық субъектілердің бәсеке қабілеттілігінің жоғары дәрежесін Қазақстанның көлік жүйесінде Ақтау портының дамуы бойынша мақсатты шаралар жүргізбей қамтамасыз ету мүмкін емес.

Ақтау теңіз сауда портының Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқандығымен және Қазақстан Республикасының әртүрлі құрғақ жүктердің, шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің халықаралық тасымалына арналған жалғыз теңіз порты болып табылатындығымен сипатталады[1].

              Менің ойымша, жүк ағымының ұлғаюына әсер ететін негізгі факторлар болып табылатындар:

1. «АХТСП» РМК-ң икемді тарифтік саясатты және жеңілдіктер бар теміржол тасымалын қолдану есебінен транзиттік жүктердің үлкен көлемдерін тарту;

2. Жүк тасымалы мерзімін қысқарту;

               3. Жақсарған қызмет көрсету (ақысыз сақтау мерзімдерін ұлғайту,  

     клиенттерге қызмет көрсетудің жеделділігі және т.б.);

  4. Шығыс Еуропалық нарыққа жеткзілетін металл өнімдерінің экспорттық ағымын Жаңа ауыл-Новороссийск маршрутынан Жаңа ауыл-Ақтау-Баку-Батуми, Жаңа ауыл-Ақтау-Волга-Дон-Қаратеңіз-Жерорта теңізі бассейні порттары маршрутына қайта бағыттау;

  5. Шикізат тасымалының дамуы мен сәйкес түрде сусымалы жүктер импорттының жоғарылауы.

Қазіргі уақытта, жүк ағымдарының көлемін ұстаушы факторлар болып келесілер табылады: Ирандағы металл өнімдері нарығының толык қанағаттануы; альтернативті тасымал маршруттарының болуы (қазақстандың металл өнімдерінің «Испат-Кармет»-тен Сарахсарқылы, Новороссийск порты арқылы, ресейлік металл өнімлерінің металлургия комбинаттарынан Астрахан порты арқылы).

Жүк ағымдары көлемін кідіртуші факторлар болып табылады:

1. Еуропадағы мақта сатып алушылардың мақтаны өзен жолдары арқылы тасымалдауға қызығушылығының жоқтығы.

2. Тасымалдау мерзімінің ұлғаюы.

3. Жүктің сипаты мен ерекшелігі.

4. Бәсекелес маршруттардың дамуы (Түркменбашы портының қалпына келтірілуі; Саракс станциясының өткізу қабілетінің ұлғаюы).

Айта кететін жайт, Ақтау теңіз порты арқылы негізгі мұнай жіберушілер болып «ТенгизШевройл» компаниясы мен «МаңғыстауМұнайГаз»АҚ табылады. Тексако, Қаражанбасмұнай компанияларының мұнай өндіру көлемі елеусіз. Ақтау порты арқылы мұнай тасымалдау көлемі өндіріс қуаты мен «Қазтрансойл» АҚ жоспарлап отырған  аталған бағытта экспорттау көлеміне, мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндіру көлеміне, құбыр желісі тасымалы квоталарына, Иранға экспорттық мұнай тасымалы қаралған SWAP жобасын жүзеге асыруға тікелей байланысты. 2007 жылы  Порттың негізгі мақсаты КТК жобасын жүзеге асырылуына және Тенгиз кен орнынан мұнай тасымалдау көлемінің төмендеуіне байланысты, SWAP жобасының жүзеге асырылуы мен Құмкөл мұнайын Ақтау порты арқылы тасымалдау тәжірибесін ескере отырып, «Қазтрансойл» АҚ –мен  басқа кен орындарынан мұнай тасымалын тарту сұрағы бойынша келіссөздер жүргізу болып табылады.

«Маңғыстаумұнайгаз» мұнай компаниясы географиялық факторларға, өндіру көлемінің өсуіне, өткізу нарықтарының болшағына және Бозашы мұнайының мейлінше арзан әдісі болуына байланысты мұнай тасымалдау бойынша негізгі клиент болып табылады. Бүгінгі күні «Бозашы» мұнайының тасымалының төрт маршруты бар:

-      кен орнынан шекарадағы соңғы пунктке дейін құбыр желісі арқылы тасымалдау. «Маңғыстаумұнайгаз» квотасы 5 млн тоннаны құрайды;

-       аралас әдіспен тасымалдау: құбыр желісі теңізтеміржол (Қаламқас – Ақтау – Баку - Батуми);

-      аралас әдіспен тасымалдау: құбыр желісі теңізтеміржол (Қаламқас – Ақтау – Махачкала - Новороссийск);

-      аралас әдіспен тасымалдау: құбыр желісі – теңіз көілігі (Қаламқас – Ақтау – Қара және Жерорта теңіздерінің порттары).

SWAP жобасы жүзеге асырылуда, бұл мұнайды Иранның солтүстік порттарына және әрі қарай алмастыру жүйесіне байланысты тасымалдауды білдіреді. Бұл схемада Иранның солтүстігіне (Анзали портына) жеткізілген бозашы мұнайын  Иранның оңтүстігіндегі (Бандер-Аббас порты) иран мұнайымен алмастыру қарастырылған. Бұл маршрут бойынша  жылына 2 млн тонна мұнай жөнелту жоспарланып отыр[2].

  Қазақстанның дәнді дақылдарының негізгі импортерлері болып Азербайжан Республикасы, Грузия мен Иран табылады. Қазақстан Республикасының оңтүстік және орталық аймақтарынан дәнді дақылдарды тасымалдау келесі маршруттарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады:

·       Қазақстан Республикасының оңтүстік және орталық аймақтары– Аксарайская – Самур – Баку;

·       Қазақстан Республикасының оңтүстік және орталық аймақтары–Ақтау порты,  Ақтау – Баку паромына тиеу;

·       Қазақстан Республикасының оңтүстік және орталық аймақтары– Ақтау порты – Иран портары;

·       Қазақстан Республикасының оңтүстік және орталық аймақтары– Өзбекстан бойынша транзит, Түркменстан – Иранға теміржол арқылы тасымалдау.

  Кавказ елдері жылына сыртқы нарықтардан 700 мың тоннаға жуық дәнді дақыл импорттайды. 2007 жылы Қазақстан Кавказ елдеріне 500 мың тоннадан артық, оның ішінде Азербайжанға 415 мың тоннадан артық және Грузияға 90 мың тоннадан артық  дәнді дақылдар экспорттады. Дәнді дақылдар нарығы конъюнктуралық өзгерістеріне байланысты Кавказғадәнді дақылдар тасымалы көлемі, елеулі азайды. Себебі Украина мен Ресейде жақсы өнім жиналуына байланысты Қазақстанның дәнді дақылдары баға бойынша бәсекеге түсе алмады. 

Қазіргі кездегі Қазақстанның Иран бағытындағы дәнді дақылдар  экспорты аз көлемді құрайды, экспорттың азаюының негізгі себептерінің бірі Иранның өз азық-түлік бағдарламасын қабылдауы болып табылады.

Сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» дәнді дақылдар жеткізуді қайта жандандыру туралы келіссөздер жүргізуде. Келісімшартқа қол қойылған жағдайда және Иранға бидайды экспорттау көлемінің ұлғаюы жағадйында, Ақтау порты арқылы тасымалдау маршруты басқа Сарахс арқылы теміржолмен тасымалдаумен салыстырғанда едәуір тартымды болып көрінеді.

Қазақстан Республикасы территориясы арқылы өтетін мақтаның транзиттік ағымын құраушы мемлекеттер болып Өзбекстан Республикасы (тасымалдағы үлес салмағы 75% құрайды), Түркменстан (14%), Тәжікстан – (6%),  Қырғызстан – (4%) табылады.

Мақта тасымалының негізгі бағыттары болып Батыс Еуропа елдер мен Балтық бойы мемлекеттерінің теңіз порттары табылады. Ресейге – 26%, Латвия – 18%, Швейцария – 11%, ҚХР – 7%, Ұлыбритания – 6%, Австрия мен Бельгияға  4%-дан, қалғандары -24%.

Сонымен бірге, мақта тасымалының елеулі бөлігі Бандер-Аббас, Поти порттары арқылы теңіз тасымалына өтуде.

Иран бағыты маршруты Оңтүстік-Шығыс елдері, сондай-ақ Пәкістан, Үндістан мен Бангладеш  нарықтарына тасымалдау үшін ерекше тиімді болды.

«Казфосфат» ЖШС Қаратау және Жаңатас кеніштері және Оңтүстік-Қазақстан облысы фосфор кешенінің зауыттары негізінде құрылды. Қазіргі уақытта Жаңа-Жамбыл фосфор зауыты жылына 80 мың тонна сары фосфор, 120 мың тонна натрийдің триполифосфаты, 120 мың тонна фосфат қышқылын және басқа да өнімдер өндіре алады. Минералды тыңайтқыштар зауыты- 200 мың тонна дейін минералды тыңайтқыш өндіре алады.

Негізгі өнім- сары фосфор, натрийдің триполифосфаты, ортофосфорлық қышқыл, құрамында фосфор бар тыңайтқыштар- Германияға, Голландияға, Францияға, Италияға, Чехияға, Польшаға, Венгрияға, Ресейге, Қытайға, Түркияға, Иранға, Белоруссияға, Латвияға, Молдоваға, Азербайжанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, барлығы 20-дан астам елге экспортталады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игерудің Мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қашаған кен орнынан өндірілетін жылдық мұнай көлемі 2010 жылы - 22 миллион тонна  және 2015 жылы – 60 миллион тонна  құрайды деп қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстандағы мұнай өндірудің жылдық көлемі 2009 жылы 92 миллион тонна, соның ішінде КСКМ –нен - 21 миллион тонна, 2012 жылы 140 миллион тонна, соның ішінде КСКМ  - 64 миллион тонна   және 2015 жылы  - 180 миллион тонна, соның ішінде КСКМ – 100 миллион тоннаны  құрайды.

Сонымен каспий мұнайын дүниежүзілік нарыққа шығару негізінен Баку – Новороссийск, Махачкала – Новороссийск, Баку – Супса, Тенгиз – Новороссийск, Атырау – Самара и Нека – Тегеран магистралдық құбыр желілерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 2005жылы бұл құбыр желілерінің жалпы өткізу қабілеті 80 млн.тоннаны құраған, 2015жылға  өткізу қабілетін 122 млн.тоннаға дейін өсіру жопарланып отыр. 2015 жылға Каспий аймағы елдерінің мұнай  өндірісін 250-300 млн.тоннаға дейін өсіру жоспарпланып отыр. Бұл мұнай өндірісі мен жеткізудегі болашақтағы сұранысты алдын-ала шешу мақсатында мұнай тасымалының жаңа инфрақұрылымдарын құру қажеттілігін дәлелдейді.

Ақтау порты арқылы халықаралық тасымалдардың дамуы, басқа Каспий жағалауы мемлекеттерінің порт және шектес көлік инфрақұрымымен,  Каспий бассейнін басқа дүниежүзілік бассейндермен байланыстырушы су көлік жолдарының дамуымен тікелей байланысты[3].

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1        Исследование проблемы увеличение торговых потоков и разработка организационно-правовой системы освоения мультимодальных перевозок  по международным транспортным коридорам РК. – Алматы.: НИИ ТК,2000.

2        Финансовая отчетность РГП «АММТП». – Актау, 20010. – С.31-37.

3        Инвестиционная программа развития порта Актау до 2015 года: (проект).