12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚЫТУДЫҢ  МАҢЫЗЫ.

 

Сыздықова Жанар Аблахқызы

Жаңақорған ауданының №163 орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

 

     Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін өзгерістерді талап етеді.

12 жылдық білім беру барлық   ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды» алдын ала болжайды.[1]

     Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.

     Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап етеді. Мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу, формальді тек іс қағаз, сауалнама арқылы жүргізіліп келген болатын. Жан-жақты зерттеудің тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы күннен баланың үлгерімі мен іс-әрекетін бір-бірімен салыстыру арқылы шектелген көрсеткіштер бойынша бағаланатын. Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12-жылдық білім қазіргі өмір талабын айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін, тәрбиесін ұсынады.

     Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін оны барлық жағынан білу керек деген дана педогогикалық шындықты естен шығармауымыз керек. Қазіргі педагогика оқу мен тәрбиеге зерттеу әдісін ұсынып, мұғалімнің жұмысында оқушының даму деңгейіне, яғни ақыл-ой, адамгершілік, физиологиялық ерекшелігіне баса назар аударуды қажет ететіндігін көрсетеді. Қоғамдық және кәсіп иелері өмірінің салаларында қарқынды түрде өзгеретін еңбек жағдайы күнделікті жұмыс технологияларының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осы өзгерістер қоғамның болашақ мүшелерінің дайындығына қойылатын талаптарына да әсер етеді. Адамның өз өмірінің субъектісі, қоғамдағы белсенді, өз бетімен болатын күш,ең жоғары құндылық және барлық заттың өлшемі ретінде түсінуі білім берудің жаңа құндылықтарының тууына әкеп соқтырады. Қазірден бастап білім берудің іс-әрекеттік құндылық парадигмасының және білім беру қоғамдастығының кезеңі басталуда. Мектеп алдындағы міндет оқу бағдарламаларына осы өзгерістерді енгізіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың мазмұны мен әдістерін қайта құру болып табылады. Ақпараттық технологияның дамуы қоғамның әр мүшесінің танымдық көзқарасының жетілуіне, білім беру жүйесінің нәтижелі моделіне байланысты. Ақпараттандыру қоғамның барлық салаларына ерекше үлесін тигізбек.

   Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті  технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға  ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

    Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

    Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы  әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

     Ақпараттық технология  қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы  компьютерлік бағдарламаларды  жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер  - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология,  жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.

   Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.

    Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.

   Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:

          Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.

          Техникалық. Дербес компьютерлердің техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажет қосымша құрылғыларды (сканер, принтер, модем, наушниктер, микрофон және т.б.) таңдай білуіміз керек.

          Ұйымдастырушылық.  Пәнді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және құрылғыларды жөндеу сұрағы тұрады. Сондықтан мұғалімдерге білікті көмекші қажет.

   Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі ақпараттық технологиялар әсер етуші дидактикалық құралдар болмақ. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді  дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.

    Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.

     Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.

    Ақпараттық технологияның қолданбалы информатика ұсынатын әртүрлі техникалық құралдары және құрылғылар көмегімен жинақтау, сақтау, іздеу, өңдеу жолдары және әдістер жүйесі ретінде қарастырамыз. Ақпараттық технология мақсаты қолданушының қажеттілігне сәйкес ақпараттық өнімді қолдану және сапалы құрастыру болып табылады. Оқытудың ақпараттық әдістерінің бірі-білім беруде интернеттің байланыс мүмкіндіктерін қолданып, шексіз ақпарат ресурстарын пайдалануға ұмтылу. Бүгінгі таңда оны қолдану үшін таным мүмкіндігін жүзеге асыруда, кез келген ақпарат ресурстарын бар жағдайда іс-әрекет жолдарын меңгерумен байланысты. Бұрынғы білім берудің әдістемесі қазіргі қоғамның талаптарына жауап бере алмайды, ал оқытуда жаңа технология қолдану мектептің дұрыс бағытта дамуына жол ашады. ХХІ ғасыр білім стандартын құрайтын үш маңызды құрам іске асырылуы тиіс:

  Ақпаратты іздеуді және таңдауды жүргізу дағдысы.

  Шет тілін білуі.

  Бастауыш қоғам түсініктерін білуі. [2]

     Педагогтер XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология» кезеңі деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету - оқыту технологияларының бір аспектісіне айналып отыр, әрі таным белсенділігінің артуына тиімді әсерін береді.

     Білім беру технологиясы - оқу барысын жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құрады. Оқыту технологиясы-дидактикалық бағытта оптимальды жүйелердің принциптерін анықтаудың және жасаудың, алдын ала сипаттамалары берілген қайталауға келетін дидактикалық процестерді конструкциялаудың ғылыми зерттеу аясы.Ақпараттық технология білім берудің негізгі мақсаты қоғам талаптарына жауап бере отырып, қоғам өмірінің әр кезеңінде қажеттіліктің өзгеріп, соған орай білім берудің де негізгі мақсатын өзгертеді.

    Стандартты білім берудің мақсаты, қарапайым сөзбен айтқанда, оқушыны жан-жақты дамыту. Оқу іс әрекеті белгілі бір құрамдас бөліктерден тұрады. Олар:

1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері);

2) оқу әрекеті;

3) бақылау;

4) бағалау;

    Төменгі сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде жаңа ұғымды меңгеру процесін түсіну, оны қорыту және қолдану сияқты үш кезеңнен тұрады. Сондай-ақ зерттеу нысаны мақсаттылықпен талдау нәтижесінде оның мәнді және мәнсіз жақтары сараланып, қорытындыланады да, содан соң соның негізінде жекеленген (мәселелер) шешіледі. Олармен қоса жас баланың бойында оқытудың бастапқы сатыларында оның білімінің жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған білімнің әмбебаб кешенін және әрекет (алгоритмдер) тәсілдерін қалыптастыру мәселесі де қойылады. Біздің пікірімізше, төменгі сынып оқушыларын білім беру салалары категориялары жүйесінде оқыту оларға арнайы қандай да бір пәндермен бірге жан-жақты әрекет, қызмет амалдарын үйрету аясында жүргізілуі тиіс. Бұл жинақтай келгенде, ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды. Бұл процесті қалыптастыруда  бақылау әрекетін қолдану арқылы іске асырылды. Ол үшін оқушыларда игерілген білімнің белгілі бір жиынтығын информатика пәнімен байланыстырып танымдық тапсырмалар арқылы бақылау жұмыс түрі жүргізілді.

Олардың бір қатары оқушылардың жаңа оқу курсын игеруге деген дайындық деңгейін бағалауға арналса, екіншілері оқушылардың біліміндегі нақты кемшіліктерді анықтауға, мақсатты түзету жұмысын жоспарлауға жәрдемдеседі, ал үшіншілері оқытудың кейінгі үрдісін және оның нәтижелеріне болжам жасауға ықпал етеді.

  Тапсырмаларды орындау алдында информатика пәнінен оқушыларға тапсырмалардың орындалуындағы талаптарға көңіл аударуы сұралынады.Оқушылар тапсырмаларды қуана орындайды, өйткені олар кішкентай Балбөбекке көмектескендерін мақтан тұтады.

   Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтайды. Материалдарды мағыналық жағынан топтап, оның жекелеген бөлімдерін салыстырады.

    Бұл тапсырманы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, логикалық ойын қорытып, оның елеулі байланыстары мен қатынастарын кеңінен талдап, есте сақтайды және басқа тапсырмаларды орындағанда қолдана бастайды.

     Бастауыш сыныпта, информатика пәнінде бақылау әрекеттерін пайдалану барысында, оқушылардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.

     Көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін ұғынады. Сонымен қатар белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.

       Ақпараттық технология әдістері мәліметтер қорының әдістері болып табылады.      Ақпараттық құрал ретінде математикалық,техникалық, ақпараттық және басқа құралдар жатады. Ақпараттық технология қолдануда оқушы өз іс-әрекетін, міндеттерін шешудің әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекет пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орыдалады. Кейбір танымдық іс әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн игеру, жұмыс істеу, кейбірін қайта жаңарту тән. Оқушылардық танымдық іс-әрекетін дамытуда кез-келген пән бойынша ақпараттық технологияның орны ерекше. [3]

  Сабақ барысында әр пәнге сай компьютерді пайдаланып сабақ жоспарын құруға болады,әр оқушы өз компьютеріндегі модульдік жұмыстарды пайдаланып өз іс-әрекетін көрсетеді. Компьютердің алгоритмдік құрылымы арқылы оқушы танымдық көзқарасын жетілдіреді, қызығушылығы артады.

      Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.

2 сыныптан бастап информатика пәні(инвариативті) жүретіндігі бізді қуантарлық жағдай, әрі ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолданудың тиімділігі жоғары екені  айқын көрініп отыр.

                              

                                        Ақпараттық технологияның тиімділігі:

 

Скругленный прямоугольник: Даралық интеллектіні және сезім-жігер қасиеттерін, есте сақтау және түйсіну, қиял,қабылдау негіздерін дамытады.
Скругленный прямоугольник: Алгоритмдік ойлау және ақпараттық мәдениетті,жүйелеу,талдау ерекшеліктерін қалыптастырады .
 

 

 

 

 

 

 

Скругленный прямоугольник: Оқушыларда азаматтық және дүниетанымдық  тәрбиені,   ақыл- ой танымын,өмірге көзқарасын қалыптастырады.
 

 

 


 

 

 

 

  12 жылдық білім беруде  информатика пәнін оқыту арқылы   әр тұлғаның жан-жақты дамуына, алған мәліметтерді сәйкестендіруіне, есептеуіне, салыстыруына, диагностика құруына, болжамдар жасауына, ұлттық өзіндік танымның дамуына үлкен үлесін тигізіп,білім берудің тиімді жолын таңдауға әрекет етеді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

            Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл баяндаманың  мақсаты – 12 жылдық білім жүйесіндегі бастауыш сыныпта информатика сабағын оқытудың маңыздылығын, оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету.

            Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс.       Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

 

 

Әдебиеттер:

 

            1. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының   

                  жобасы.  2001 жыл

  1. 12 жылдық білім (журналы 2006 жыл)
  2. Бастауыш мектеп (журналы 2005)
  3. 1-4 сынып информатика байқау оқулығы 12 жылдық (Атамұра 2005)

5.      «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.