Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Экономика және
Бизнес Жоғары мектебі
Жетекші:PhD Болуспаев Ш.А
Орындаған:Жанакова
Б.Ғ
Мұнай-газ өндірісіндегі инновацияның
экономикалық тиімділігін бағалау.
Қазір, мұнай- газ өндірісіндегі инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау жеткіліксіз
деңгейде.Бұл проблеманың шешімін табуы мұнай -газ өндіруші
кәсіпорындар үшін үлкен маңызға ие,себебі
экономикалық тиімділіктің бағалануы кәсіпорынның
бір салаға
мамандануына,оның өнімдері мен тауарларының
коммерциялануына т.с.с
факторларға елеулі әсерін тигізеді.Өндірістегі
инновацияның дамуы мен бірге
инновациялық үрдіс және инновациялық қызмет
ұғымдары
қолданылады.Бұл түсініктерді инновация үшін
жекелей және жиынтық түрде қарастыру,бағалаудағы тиімді шешім қабылдау үшін
оң әсерін тигізеді.
Инновациялық қызметті
бағалау-бұл , өзіне
жүйенің мақсатын,түрлерін,салыстыру мен
бағалаудың объектілері мен субъектісін,бағалау
көрсеткіштерінің
әдістерін жинақтайтын кешенді ұғым.Негізгі
қызметі- объектінің сапалық және сандық
параметрлерін өлшем
құралдары арқылы бағалау,немесе оларды салыстыру
,және осы үрдістің
нәтижесін көрсету болып табылады. Инновациялық
қызметтің жүйеге келтірілген
бағалау әдістерінің
моделін тұрғызу үшін
инновация түрлерін
ажыратуымыз қажет.Зерттеу
кезінде инновацияның:маркетингтік,өндірістік,жүйеленген және ұйымдастырушылық түрлерін аламыз.Бұлардың
әрқайсысының өзіндік ерекшелігі
болғандықтан қолданылатын
бағалау әдістерінің де өзгешелігі бар.
Ал, инновациялық үрдісті екі кезең арқылы
қарастыруға болады.Ол :
1)Зерттеу немесе
өңдеу кезеңі
2)Комммерциялау
кезеңі
Бірінші кезең аяқталған
уақытта ғылыми-техникалық әсерін бағалауға
,сонымен қатар экономикалық,экологиялық,әлеуметтік әсерін болжауға мүмкіндік
туады.Коммерциялау кезеңінде экономикалық әсердің
тиімділігін нақты айта аламыз.Негізінен инновациялық
қызметтің жүзеге асырылуы әр түрлі
бизнес-процесстерге байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Бизнес-процесс-бұл
тұтынушылар үшін қызметтер мен тауарларды
өндіруге бағытталған, бір- бірімен байланысты іс -шаралар
жиынтығы.Олардың келесідей негізгі түрлері бар:
1)Негізгі
үрдістер:тауарлар мен қызметтерді шығару
2)Қамтамасыз
етуші үрдістер:негізгі үрдістердің жүзеге асырылуы
үшін толық жағдайдың жасалуы
3)Басқарушы
үрдістер:жүйенің қызмет етуін басқару.


Қарастырылған инновация түрлері,инновациялық үрдістердің кезеңдері
және бизнес процесстің ерекшеліктері үш өлшемді модельді тұрғызуға
мүмкіндік береді.X-инновация түрлері,Y-инновациялық
үрдістің кезеңдері,Z-бизнес процесс.
Z
бизнес
процесс
Y Х
инновациялық
үрдістің кезеңдері инновация
түрлері
1-сурет
Мұнай-газ өндіруші
кәсіпорындар іргелі немесе
қолданбалы зерттеулер жүргізбегендіктен ,олар жүзеге асырылған, дайын идеяларды
қолданады.Сондықтан мұндай кәсіпорындар тек
инновацияларды игерумен айналысады,бұл У осінде, тек коммерциялау
кезеңін қолданатындығын көрсетеді.Ал,
кәсіпорындағы бизнес-процесске
мұнай мен газды өндіруді жатқызамыз.
Мұнай-газ өндірудегі қолданылатын инновация
түрлері:
1)Үдерістік инновациялар,бұл жаңа технологиялар енгізу
болып табылады.Негізгі мақсаты:мұнай газ өндірісіндегі
өзіндік құнды төмендету,тасымалдау кезіндегі шығындарды
азайту,өндірілген өнімнің сапасын жақсарту.
2)Ұйымдастырушылық инновация-қызметкерлер
құрамы мен жұмыстың ұйымдастырылуын
қамтиды.Мұнда жаңа технологияларды
қолдану,жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыру т.с.с іс -шаралар жүзеге асырылады.
Мұнай-газ өндірісіндегі инновациялар өте аз.RTTN ресейлік
желісінің мәліметі бойынша
ондағы 452 технологияның тек 7-еуі ғана мұнай-газ өндірісіне бағытталған .
Мұнай-газ
өндірісіндегі инновация мысалдары:
|
Үдерістік
инновация(негізгі бизнес –процессте,коммерциалау
кезеңінде) |
1)мұнай
өндірудегі жаңа әдістер 2)жаңадан
сорғылар пайдалану 3)өнімді
басқарудағы кешенді жүйе 4)үш
өлшемді модельді пайдалану т.с.с |
|
Үдерістік
инновация(қамтамасыз етуші бизнес процессте ,коммерциялау кезеңінде) |
1)жабдықтарға
кешенді жөндеу жүргізу 2)өнім
сапасына,құрамдас бөліктеріне технологиялар пайдалану т.б |
|
Ұйымдастырушылық
инновация(басқарушылық бизнес процессте,коммерциялау
кезеңінде) |
1)бизнес
процессты
оптимизациялау:шығындардың
азаюын,жұмысшылардың тиімділігін арттыру 2)Инновациялық
АРМ-ның құрылуы 3)Мамандардың
біліктілігін арттыру |
2-кесте
Инновацияның
экономикалық тиімділігін бағалау үшін келесідей
көрсеткіштер пайдаланылады:дисконтталған таза
табыс,өтелімділік мерзімі,табыстылық индексі,ішкі табыстылық
нормасы.Бұл көрсеткіштерді есептеу үшін
шығындардың нақты көлемі болуы шарт.Шығындарды
есептеу үшін оларды екі
түрге ажыратамыз:
1)Нақты шығындар,оларға:өндіріске,құрал
жабдықтарға жұмсалған шығындар,сонымен бірге
маркетингтік және ұйымдастырушылық инновацияға кеткен
шығындар жатады.
2)Ағымдағы
шығындар,оларға:жұмысшылардың
еңбекақыларына кеткен т.б ағымдық шығындар
жатады.
Қорытындылай келе
,мұнай-газ өндірісіндегі инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау келесідей схема
арқылы жүзеге асырылады:
5)Алынған барлық есептеулер бойынша талдау жасау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Oslo manual. URL:
http://www.oecd.org/dataoecd/35/61/2367580.pdf
2. Экономика предприятия:
учебник под общ. ред. С.Ф. Покропивного; пер.
с укр. 2-го перераб.
и доп. изд. Киев: КНЭУ, 2002. 608 с.
3.Ó Электронный
научный журнал «Нефтегазовое дело», 2011, № 3 http://www.ogbus.ru
4. Виды
бизнес-процессов (ИСО 9001 Казань) // Сертификационно-методи-
ческая компания ООО
«Центр Качества»: [сайт].
URL:
http://www.isokazan.ru/inform/157/192/ (дата обращения: 29.05.2011).
5. Российская сеть
трансфера технологий: [сайт].
URL: http://www.rttn.ru/profiles/
(дата обращения: 29.05.2011).
6. Трифилова А.А. Оценка эффективности
инновационного развития пред-
приятия. М.: Финансы и статистика, 2005. 304 с.