Экономические
науки/10.Экономика предприятия
Мұстафаев
Қ.С. э.ғ.к.,
Таубаев
Н.З.
Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ магистранты, Қызылорда қаласы
Экономиканың дамуы жағдайында бизнестің перспективалары
(Қызылорда облысы мәліметтері негізінде)
Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және
орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған
Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да
өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін
шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың экономикада жүргізіп отырған
саясатының арқасында соңғы жылдары
Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық
табыстарға қол жеткізді. Минералды – шикізаттық ресурстар
экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан
дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық
өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз
етуге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі өсім сапасы
қанағаттанарлық дәрежеде емес. Сапалы
өсімнің жүзеге асырылмауы жоғары технологиялардың
дұрыс пайдаланылмауынан болып отыр.
Сондықтан, Қазақстан
Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында елдің экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі
ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды
іске асыру, әсіресе шағын және орта
кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту
қажеттігін, сондай-ақ шағын және орта бизнестің
экономикадағы үлесі 2030
жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс деп атап
көрсетті.
Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты
мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық
жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын
кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен
қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын,
әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар,
нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына,
тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат
ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және
әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер
қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың
ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік
қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны
болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте
маңызды.
Шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде
көптеген мәселелердің көтерілуі оның
экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді. Статистика
агенттігінің мәліметтерінде республиканың біраз
аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі
мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы
байқалғанымен, өндіріс саласының даму
қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар,
сыртқы әлемдік ортадағы қаржылық
дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін
даму тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске
асыруды қажет етеді. Сондықтан, индустриалды-инновациялық
саясаттың аясында өндірістік шағын және орта
кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір
сүрудің және әлеуметтік-экономикалық
дамудың маңызды факторына айналуда. Қызылорда облысының
2013-2017 жылдарға арналған даму болжамына сәйкес
облысымыздың экономикасы мен бизнесінің дамуы кең етек жаяды
деп болжамдануда. Сол көрсеткіштерге тоқтала кететін болсақ,
әр салада өсу қарқыны болатынын
байқауымызға болады.
2017 жылы ЖӨӨ нақты өнімі 5,5 пайыз шамасында
болады деп болжамдануда. Жан басына шаққандағы
ЖӨӨ көрсеткіші бойынша 2017 жылы 13,2 мың АҚШ
доллары деңгейіне дейін жеткізіледі.
Инфляция деңгейі 7,0 – 8,0 пайыз деңгейінде болжамданып отыр.
2013-2017 жылдары жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға
дейін төмендету жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2017 жылы 2,7 пайызға
артады, оның ішінде егін шаруашылығы – 2,4 пайызға, мал
шаруашылығы – 3,1 пайызға.
Өнеркәсіп өндірісінің негізін тау-кен
өнеркәсібі құрайды. Бұл саланың жалпы
өнеркәсіп өнім көлеміндегі үлесі 2011 жылы 94,1
пайызды құрады.
Келешекте ірі мұнай операторларының қолданыстағы
ұңғымаларында мұнай қорының азаюы
салдарынан бұл саланың өсу қарқыны
төмендейді. 2017 жылы болжам бойынша мұнай өндіру 2012 жылғы
10,9 млн.тоннадан 2017 жылы 8,3 млн.тоннаға дейін төмендейді.
Мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты 2017 жылы
тау-кен өнеркәсібі өнімінің көлемі 4,9 пайызға
төмендейді деп болжамдануда.
Дегенмен, келешекте уран, химия, және машина жасау саласын дамыту
қаралуда. Сонымен қатар, 2006-2017 жылдары Шалқия кенішін
кеңейту және байыту фабрикасын салу, кварц құмын байыту
бойынша тау-кен байыту комбинатын салу, тұз шығару зауытын
жаңғырту және басқа да жобаларды жүзеге асыру қаралуда.
Осыған байланысты, жалпы алғанда өнеркәсіп
өнімі көлемінің физикалық индексі 2016 жылдан бастап
қайтадан өсе бастайды және 2017 жылы 100,0 пайызды
құрайтын болады.
2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1,3
пайызға артады. Жүк тасымалдау көлемі 5,1 пайызға
өседі деп болжамдануда.
Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму
ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, кәсіпкерліктің
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін төмендегідей
көрсеткіштерден
қарауымызға болады:
Облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік мониторингі
2012 жылдың қаңтар-қарашасында шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім
өндіруі 158606 млн. теңгені құрап, салыстырмалы
жылдың қаңтар-қараша айына қарағанда 1,8 пайызға өсті, сонымен қатар
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19840
бірлік құрап 7,4 пайызға өсті, ал жұмыспен
камтылғандар саны 65463 адамға жетіп, өткен жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 107,7 пайыз құрады.
|
өткен
айға пайызбен
|
Шағын және орта кәсіпкерліктің
субъектілерінің санынан жеке кәсіпкерлердің үлесі 82,2
пайыз, қожалық (фермерлік) шаруашылығы 6,6 пайызды,
шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 10,2%, орта кәсіпкерліктің
заңды тұлғалары 1,0%
тиесілі.
Статистикалық тіркелім деректері бойынша 2012 жылдың 1
желтоқсанына облысымызда шағын бизнестің 4629 кәсіпорны тіркелген, бұл
2011 жылдың 1 желтоқсан айына қарағанда 6,7 пайызға
жоғары. Тіркелгендердің 63,8 пайызы (2954 бірлік) жұмыс істеп
тұрған кәсіпорын
болып табылды, яғни экономикалық
қызметпен айналысты немесе айналыса алды, 2021 кәсіпорын
(жұмыс істеп тұрғандарының 68,4 пайызы) белсенді болды.
Аймақтар бойынша белсенді кәсіпорындардың ең көп
саны Қызылорда қаласына (80,9 пайыз), Шиелі (4,4 пайыз),
Қазалы (3,9 пайыз) аудандарына тиесілі. Сондай-ақ тіркелген
кәсіпкерліктің көрсеткіштерін айтуға болады:
Президент
Жолдауында атап көрсеткендей, іскерлік мәдениетінің
деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы
ынталандырудың маңызы үлкен.
Ол
үшін төмендегідей шаралар қажет:
· шағын және
орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын
көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің
жүйесін жасау.
· жергілікті
бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз,
бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
· бизнеске жасанды
бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа,
әлдеқайда қатаң жауапкершілік
жүйесін енгізуді
қарастыру.

Бүгінгі
күннің міндеті - ұсақ
кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге
көшіру үшін жағдай және
алғышарттар қалыптастыру.
Облыстағы шағын және орта
кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін зерттей келе, жұмыстың жаңалығын
анықтайтын келесі ғылыми әдістемелік және
тәжрибелік нәтижелерін ұсынамын:
- Қызылорда облысында шағын және
орта кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізетін факторлар
анықтау;
- облыстағы өндірістік
кәсіпорындардың әлеуетіне сандық және
сапалық денгейден экономикалық бағалар беріліп,
өндірістік шағын және орта кәсіпорындарды
дамытудағы іс-шаралар жүйесі ғылыми негіздеу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуы мен қызметінің экономикалық тиімділігін болжау
үлгілері жасау;
- аймақ
деңгейінде шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытудың экономикалық тетіктері зерттеп, аймақтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпалын
бағалауда әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Әдебиеттер тізімі:
1.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2.
Официальный сайт АО
«Фонд развития предпринимательства «Даму», www.damu.kz
3.
2010 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің №301 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол
картасы 2020» бағдарламасы