ӘОЖ(УДК) 338.248.(574)
Қазақстан Республикасының
инвестициялық саясатының даму перспективалары
Ермаханбетова А.К.
Қазақстан, қ.
Шымкент-2013
Қазақстан мемлекеті жиырма
жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Индустрияландырудың 2010-2014 жылға арналған
стратегиялық жоспары жасалынды. Жеделдетілген
индустриялық-инновациялық дамудың төрт бюджеттік
бағдарламасы негізделді. Елімізде индустрияландыру картасына
инвистициясының жалпы көлемі 6,5 триллион теңге болатын 162
жоба енді. Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаевтың тікелей
тапсырмасымен 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі
индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік
бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Экономиканы
әртараптандыру, Қазақстандық қамтуды
ұлғайту, шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді
молайту, өндірістің жоғары технологиялық экономикасына
көшу, осының бәрі бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.
Инвестициялық саясат
дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал
жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың,
оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың,
қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз
етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің
жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе,
әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық
табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.
Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды
өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар
арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі
кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын
тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан
қайта жарақтандыруға, қайта құруға
бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған
күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру
көзделіп отыр. Қазіргі кезеңде, инвестициялық саясат
сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға
тиіс. Осы орайға келгенде, Президентіміздің бет алған
бағыт бағдарламаларының Қазақстан үшін
өте тиімді екеніне көз жеткізуге болады.
Инвестициялық саясат
маңызды үш бағытта жүргізіледі:
1.
мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;
2.
ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың
өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру
арқылы;
3.
шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі
арқылы;
Осы бағыттар ішінен
басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының
барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын
қолдау мақсатында олардың үйлесімін
қамтамасыз ету–мемлекеттің
инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру
барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін
күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру
қажеттігі де ескеріледі.
Қазақстанның инвестициялық стратегиясы шетелдік
капиталдарды тартудың үлкен бағытында даму үстінде.
Егер АҚШ пен Ұлыбританияда
экономикалық өсу қарқынының
төмендеуінің циклдік сипаты көрінсе, ЕО көптеген елдері
мен Жапония әлемдік экономикада капитал қозғалысын
тұтас тежеген тұрақты өсімнің траекториясына
шыға алмады. Бұған қарамастан Қазақстан
бұрынғыдай субаймақта тікелей шетел инвестицияларының
ірі алушысы болып қала берді.
Бұл белгілі бір дәрежеде көптеген
ТМД елдерінің, оның ішінде Қазақстанның дамуында
күрделі кезең болды: әлемдік нарық туғызған
қолайлы коньюктура арқасында салыстырмалы экономикалық
тұрақтылыққа қол жеткізді. Инфляция мен
жұмыссыздықтың салыстырмалы өлшемдегі деңгейі
жағдайында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің
өсімін көрсетті: ЖІӨ, негізгі капиталға арналған
инвестициялар, сыртқы сауда айналымы, т.б.
Соңғы
жылдар ағымында негізгі капиталға арналған
инвестициялардың өсу қарқыны ТМД елдерінің
көбінде олардың ЖІӨ өсу қарқынынан озып
отырды. Осыған ұқсас тенденция ЖІӨ өсу
қарқынынан негізгі капиталға арналған инвестицияның
тұрақты өсу қарқыны Қазақстанда да
байқалды. Сонымен, 2006ж. ЖІӨ өсу қарқыны 109,8%
құрады, ал инвестиция - 148,5%, 2007 жылы – 109,8% және 111%,
2009 жылы - 109,2% және 111%, 2009 жылы - 9,4% және 110,6% болды.
Сонымен қатар, ұлттық экономикадағы ішкі
қаржыландыру көздеріне оң тенденция байқалды. 2004-2011
жж. негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі
көзі болып 2011 жылы негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы
көлемінен 65,2% құраған кәсіпорынның
өзіндік құралдары танылды. 2012ж. 22,6%
құраған шетелдік инвестициялардан отандық
кәсіпорындардың үлкен тәуелділігін көрсететін
шетелдік инвестициялар үлесі маңызды болып қалды.
Кесте 1.
Қаржыландыру
көзіне байланысты негізгі капиталға салынған инвестициялар
(%)
|
|
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Негізгі капиталға салынған
инвестициялар-барлығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Соның ішінде қаржыландыруға байланысты: |
||||||||
|
республикалық бюджеттен |
8,1 |
4,8 |
2,0 |
2,9 |
3,9 |
4,4 |
7,7 |
9,2 |
|
жергілікті бюджеттен |
1,5 |
2,2 |
4,3 |
5,1 |
5,1 |
5,1 |
4,7 |
3,0 |
|
өнеркәсіптің өз қаржысынан |
66,8 |
63,1 |
68,8 |
63,0 |
62,9 |
62,2 |
65,9 |
65,2 |
|
шетел инвестицияларынан |
23,6 |
29,9 |
24,9 |
29,0 |
28,1 |
28,3 |
21,7 |
22,6 |
Дереккөз: ҚР
Статистика агенттігі
Ұлттық
экономика тұрақтылығында көрініс беретін қолайлы
инвестициялық орта Қазақстан экономикасына шетелдік
инвестицияларды тартудың негізгі факторы болды. Бұл жерде
мемлекеттің барлық деңгейлердегі шаруашылық әрекеттерге
арналған
құқықтық кеңістіктің
транспаренттілігімен қамтасыз етудегі саясаты, капитал салымдары
тәуекелін төмендету, инвесторлар құқығын
қорғау саясаты елеулі рөл ойнады. Бұлардың
тұтас жиынтығы әлемдегі бірден бір қолайлы инвестициялық
климатты қалыптастырды. Қазақстан шетелдік инвестицияларды
тарту көлемі бойынша ТМД мемлекеттері ішінде даусыз лидер болды.
1993-2011 жж. ішінде республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар 34
млрд. АҚШ долл. аса сомада тартылған, оның ішінде 2011-2011
жылдар аралығында - 24.5 млрд.
долл.
Кесте 2-
Әлемдегі шетел инвестицияларын тартудың деңгейінің
өзгеруі, елдер топтамасына
байланысты және Қазақстанда 2005-2012 ж.ж, %
|
Аймақ-ел |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Бүкіл
әлем Дамыған
елдер Дамушы елдер ОртаАзия Қазақстан ОШЕ Ресей |
100 100 100 100 100 100 100 |
116,4 106,9 136,5 156,5 170,1 95,0 127,9 |
144,1 130,3 170,7 232,3 214,1 134,0 241,3 |
181,1 229,7 173,4 182,1 125,3 170,4 137,0 |
327,5 402,7 207,3 151,7 188,2 185,9 164,1 |
418,3 538,7 225,6 114,2 282,6 192,8 134,6 |
168,6 178,2 153,8 367,0 476,5 147,0 56,7 |
Дереккөз: «World Investment report.
Gross-brder mergers and Development»- Un, NY and Geneva, 2009.p.283-287; «World
Investment report. FDI Policies for Development National and International Perspectives».- Un, NY and
Geneva, 2012.p.249-252, ҚР төлем балансы.
Жыл
сайынғы тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі
ЖІӨ-нен орта деңгейде 8% сақталды. Республикадағы
инвестициялық климаттың жылынуы арқасында жаңадан
барлық мемлекеттер Қазақстан үшін несиелік жолдарды
ашуда.
Егер
Қазақстан мен Ресейге тартылатын шетелдік инвестициялардың
жалпы көлемін салыстырсақ, онда Қазақстан экономикасына
қарағанда ресейлік экономикаға тартылған шетелдік
инвестициялардың абсолютті көлемі көп болған.
Бірақ, Ресейдің ЖІӨ көлемі
Қазақстанның ЖІӨ-нен 10 есе көп деуге болатынын
ескерсек, онда Қазақстан өз экономикасына
қатыстылықта инвестицияның жоғары көлемін тартып
отырған.
Сарапшылардың
бағалауы бойынша, Қазақстан соңғы жылдары
Орталық Азия елдерінің
тартатын барлық шетелдік инвестициясының 80% аса
бөлігін алады. Әлемдік банк Қазақстанды
әлемнің шетелдік инвестицияның көптеген бөлігін
тартатын алғашқы 20 ел қатарына қосады.
Қазақстан Шығыс Еуропа мен ТМД елдері аралығында жалпы
халық санына бөлінген инвестиция көлемі бойынша Венгриядан
соңғы бесінші орынды алады. Осылайша, Қазақстан
әлемнің жылына орташа 1млрд. долл. инвестиция алатын 50 ел (200ден дерлік) санатында бекіді.
Қазақстанға
тартылған шетелдік инвестициялардың салалық
құрылымының анализі бірқатар жылдар аралығында
экономиканың салалық құрылымына негізгі капиталға
арналған инвестицияның 54%-дан көбі
өнеркәсіптің негізгі саласындағы кәсіпорындарда –
тау игеру, өңдеу, көлік пен байланыс электр қуатында
пайдаланылған. Олардың үлес салмағының көп
бөлігі (43,8%) тау игеру,
өңдеу өнеркәсібіне, көлік және
байланысқа негізгі
капиталға арналған инвестицияның жалпы көлемінің
10% жіберілді. Өзге әрекет түрлеріне арналған
инвестиция көлемінің мәні болған жоқ.
Тікелей
инвестициялау субъектілдерінің бағамы
қазақстандық экономикаға инвестициялау көлемі
бойынша көшбасшылық жағдайды АҚШ (29,7%),
Ұлыбритания (13,5%), Италия (7,1%), Нидерланд (6,9%) алады. Олардың
артында инвестор елдердің алғашқы ондығына Оңтүстік Корея, Қытай, Канада
мен Нидеранд кіреді. Жоғарыда айтылған елдердің
барлығының үлесіне қазақ экономикасына
салынған шетелдік инвестицияның жалпы көлемінің 60%
келеді.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына жолдамасында шетелдерден капитал тартудың маңызына
көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл
бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі.
Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық
комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны
Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты
жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін
бердім”,-деді.
Тікелей инвестиция әлемдік
экономикаға және оның жүрегі халықаралық
бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас
және фирмалар тарапынан оған мыналар жатады:
-өзі
үшін тұрақты нарықты тікелей қамтамасыз ету
немесе үшінші ел нарығына шығатын басқыш ретінде
қолдануы;
-өзінің “ішкі нарығын”
құру, оның кейбір секторлары басқа елдерде орналасуы
мүмкін;
-өз мүддесін
аймақтық және кең ауқымды халықаралық
деңгейде мемлекетаралық қатынастарға еңгізу.
Кесте 3- Әлемдегі
елдер тобының тікелей инвестициясының көлемі
Елдер
тобы
|
Импортшы
|
Экспортшы
|
|
Бүкіл әлем Өнеркәсібі дамыған
елдер Дамушы елдер Орталық және Шығыс Еуропа елдері |
3456 2349 1044 62 |
3541 3192 342 6,7 |
Тікелей
инвестицияның
халықаралық қозғалысының көлемі
жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400,5 млрд.
доллар өсімінің көп бөлігі (233,1 млрд. долл)-
өнеркәсібі дамыған елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер
(оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам – Қытай үлесіне )
және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және
Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.
Сонымен, Қазақстан Республикасының
ұлттық экономикасына тартылған инвестициялардың
салалық құрылымы күрделі көрініс алып отыр. Дегенмен, барлық
тартылған инвестициялар ішінің жалпы құрылымынан
басымды күш мұнай-газ секторына көбірек бөлінеді.
Мұнай-газ секторына салынатын
инвестициялардың даму үрдісі алдағы 10-15 жыл бойы
сақталады. Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералды ресурстар министрлігінің болжамы бойынша мұнай-газ
саласына 2009-2012 жылдарға бөлінетін инвестиция мөлшері – 25
млрд. долл., 2012-2015 жылдарға – 27 млрд. долл. астам.
Жалпы 2009-2015 жылдарда
Қазақстанның мұнай-газ саласына салынатын инвестиция 66 млрд. долл. құрайды.
Инвестицияның негізгі мөлшері мұнай өнеркәсібін
дамытуға бағытталған: 2009-2010 жж. – 11,2 млрд. долл., 2011-2012
жж.- 23,8 млрд. долл., 2012-2015 жж.- 26,2 млрд. долл. Барлығы 2009-2015
жылдарға Қазақстан мұнай саласына 61,2 млрд. долл. инвестиция тартылады деп болжанады.
Біздің стратегиялық
міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан
лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор
өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік
қатынастарын жолға қоюы керек.
Жүргізілген
зерттеу экономиканың шынайы секторына шетелдік инвестицияларды тарту
отандық кәсіпорындар мен
өндіріс салаларыың дамуының, тіпті ұлттық
экономиканың дамуы, олардың
әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің
жоғарылауының маңызды факторы болып табылады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.А. Новое время - новая экономика // Казахстан и современный мир.-2012.-№ 1.- с. 234-259
2.Назарбаев Н.А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50 наиболее конкурентоспособных стран мира: Послание Президента народу Казахстана от 1 марта 2011г. // Страна и мир.-2011.-5 марта
3.Назарбаев Н.А. Казахстан -2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана.
4.Арыстанбаева А.А. Анализ эффективности привлечения иностранных инвестиций в Республике Казахстан // Банки Казахстана.- 2011.- № 9.- с. 27-31
5.Арыстанбеков К. Экономическая политика Казахстана в условиях высокого уровня иностранных инвестиций// Вопросы экономики.- 2010.-№ 8.- с. 110-119
6.Абсалямова Н. Инвестиционный
рычаг экономики будущего
// Казахстанская правда.- 2011.-
13 мая, с. 13