КӘСІПОРЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ МЕНЕДЖМЕНТ

     Ауезова Карлығаш Танатарқызы   техника ғылымының кандидаты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы

                                           Менеджмент кафедрасы                                     

         Дағдарыс-қоғамдық экономикалық жүйедегі қарама-қайшылықтардың шиеленісуі.Бұл кәсіпорынның даңқы үшін,оның қаржылық тұрақтылығы,жекеменшігі үшін нағыз сынақ. Дағдарысқа қарсы басқару процесі-дағдарыстың алдын алуында,дағдарыс жағдайында жұмыс істеуінде және одан шығуында. Мақсаты- кәсіпорынның қаржы жағынан тұрақтылықпен қамту болып есептеледі,ал ерекшелігі-мекеменің қаржылық сауықтыру шараларын уйымдастыру. Кәсіпорын мен дағдарыс жағдайының мәселелері дағдарыстың пайда болу себебіне және мән-жайына байланысты. Дағдарыстың белгілері(жеке көрсеткіштердің төмендеуінің алғашқы көріністері) мен факторларына (көпшілік немесе барлық көрсеткіштердің төмендеуі) себепші болушы құбылыстар мен оқиғалар дағдарыстың пайда болуына әкеп соғады.Осы белгілерді дер кезінде табу оны жеңіп шығудағы бірінші қадам.Ал мүмкіндігінше алдын алудың бірден-бір жолы.Дағдарыстың пайда болуының белгілері көп,дегенмен кейбіреулерін ерекшелеп көрсетуімізге болады:

1)     Маңызды ақпараттың жетіспеушілігі;

2)     Стратегиялық маңызды серіктесті жоғалту;

3)     Кәсіпорынның дербестігін жоғалту (немесе оның қаупі);

4)     Кәсіпорынның беделінің түсуі;

5)     Өнімнің тұтынушылардың  талаптарына сай келмеуі;

6)     Заңнаманың немесе жоғары басқарманың қолайсыз өзгеруі;

Дағдарыстың кейбір белгілерінің алдын алу мүмкін емес. Алайда,дағдарыстың толғағы жеткен сәтте тек констацияға болады. Дағдарыс нарықта жұмыс істеу уақытына,сатылым көлеміне,қызметкерлер санына байланысты пайда болады деген пікірлер бар.Олардың әрқайсысына жеке фактор ретінде қарастырымыз. Статистика бойынша бизнесті басқарудағы қиындықтар кәсіпорынның нарықта жұмыс істеу ұзақтығы болып есептеледі екенін көрсетеді:бірінші уақытша дағдарыс-компанияның қаржылық тұрақтылығы мен оның қаржылық басқаруына байланысты;ал екіншісі-көп жағдайда менеджментпен байланысты. Бұл жердегі негізгі түсініктер-мақсат,мисся,құндылықтар және т.б; регламенттенген бизнес процестер;басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымдар; менеджерлердің жұмысы.Келесі фактор,сатылым көлеміне байланысты:біріншіден-компанияның сатылым көлемі жылына 100 мың доллардан асатын жағдайда. Ол компанияның бизнес типіне және тауар мен қызметтеріне еш байланысы жоқ екненін айта кеткен жөн. Екіншіден-дағдарыс сатылым көлемінің екі есеге жоғарылауына байланысты қайталанады.Бизнесті әрәлендіру барысында,мәселен, жаңа жабдықтамалармен қамтылуынан,жаңа бизнес-процестердің пайда болуынан және т.б қиыншылықтарға тап болуы мүмкін.Бұл кезде ескі шешімдер компанияны қанағаттандырмайды,ал жаңасы әлі табылмаған болмақ. Дағдарыстың пайда болуына ықпалын тигізетін қызметкерлер санына келетін болсақ,ол менеджмент тәжірибесінде қолданылатын «басқарушылық нормасы» деген түсінігімен сабақтас.Басқарушылық тиімділігіне және қойылған мақсаттарға жетуге байланысты қызметкерлер тобының белгілі бір оптималды саны болады.Яғни,қызметкерлер санының екі есеге өсуіне байланысты компаниядағы дағдарыс өзгеше жаңартылады деген сөз.Компания және менеджмент көп қиындықтарға ұшырайды.  Дағдарыстың белгілерін тапқаннан кейін оған байланысты барлық факторларды анализ сарасынан өткізу керек және бар мүмкін мәселелерді анықтаған жөн.Осы жұмыстардың барлығын шешіп,ой сарасынан өткізгенне кейін дағдарыстан шығудағы кезең-кезеңіменжоспар құрылады.Жоспарды талқылап, біткеннен соң оны іске асырылуына кіріседі.Әрекетсіздік немесе,керісінше,шектен тыс әбігерлік,шешім қабылдаудағы асығыс істің шырқын бұзуы мүмкін. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы саясаты қйымдастырушылық тәртіптегі принциптердің,әдәстердің,формаларының сабақтастығына ие және оның қаржылық және техникалық-экономикалық жағдайын сақтауға,нығайтуға,жақсартуға,басқару механизмін құруға бағытталған.Қазақстан дағдарсқа қарсы іс-әрекеттерді оеративті жүзеге асыруды алғашқы бастаған елдердің бірі.Жаhандық сипатқа ие болған әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан сыртқы инвестиция мен несие көздері қысқарып қалды,мұнай мен метал бағалары күрт төмендеуінен шикізат экспортынан түсетін пайда да азайды.Өндірістік саладағы көлем былтырғыдан бірнеше пайызға кеміп кетті.Шағын бизнес саласы шығаратын өнім де 100–ден төмен түсіп,96-97 пайыздың шамасында болып тұр.Мемлекет кезінде жинаған қорының арқасында түйткілді проблемаларды шешуге кірісті.Қазірдің өзінде 4 имиллиард доллар банктердің шотына түсті.Әлемдегі экономикалық ахуал жақсара қойған жоқ.Қазіргі кезде 10миллиард доллар қаржы бөлінді.Мемлекеттен бөлінген қаржы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға,тұрғын үй нарығындағы проблемаларды шешуге,халлыққа несие беруге жұмсалды. Ал,сол қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардағы дағдарысқа қарсы басқару процесі бүгінгі күнде үлкен өзектілікке ие.     Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінген мемлекеттік қаржы ипотекалық бағдарламаға,орта және шағын бизнесті қайта қаржыландыруға,үлестік қатысушыларға және жаңа инвестициялық жобаларға,сондай ақ,агроөндірістік секторға бөлініп отыр.Осы саладағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның дұрыс орындалуы да өте маңызды және мемлекет арнайы бақылау органдарын құрды.          Дағдарыс кезеңінде басқару мен сапа мәселелері өндірісті сақтап қалу үшін шешуші фактор болып табылады ,әлемдік қаржылық жағдайында өнімнің немесе қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы өте маңызды.Тәжірибе көрсетіп отырғандай отандық кәсіпорындардың куйреуінің басты себебі:кәсіпорынды басқару қағидалары мен әдістерінң нарықтық экономикаға сай келмеуі. Нарықтық экономика тәжірибесі көрсетіп отырғандай дағдарысқа қарсы үрдістер-ол,басқарылатын процестер,сондықтан елімізде дағдарысқа қарсы тиімді жүйесін қалыптастыру да өз көмегін тигізетіні сөзсіз. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып төмендегі жағдайларды жетілдіру жолдары ретінде ұсынамыз:кәсіпорынның алдын ала дайындалған дағдарысқа қарсы бағдарламасының болуы;нарықта талдау жүргізе алатын,алдын ала көріп,болжам жасай білетін менеджерлерді дайындау;ақпарат ағымының үздіксіздігі;кәсіпорынның тәуекел шешімдерді қабылдауға дайын болуы;басқарудың заманға сай жаңа үлгісін қолдану;жұмысшылардың кәсіпорындағы өзгерістерге дайын болуы;кәсіпорынды әлеуметтік-психологиялық ахуалды бір қалыпты ұстау.          «Дағдарыстар қайталанатын болад,ал біздің мақсат оны басқаруды үйрену.Әзірге бізде бұл орындалуда»-деп елбасымыз айтпақшы,қазақстандық дағдарысқа қарсы басқару менеджменті басқа елдерге үлгі болары анық.

                                         Әдебиеттер тізімі:

1.Балдин К.В., Белугина В.В., Галдицкая С.Н., Передеряев И.И. Банкротство предприятия. Анализ, учет, прогнозирование. - М.: Дашков и Ко, 2007.

2.Жарковская Е.П., Бродский Б.Е. Антикризисное управление. – М.: Омега-Л, 2006.

3.Зуб А.Т., Панина Е.М. Антикризисное управление организацией. – М.: Инфра-М, 2007. 

4.И.Г. Кукукина И.Г. Учет и анализ банкротств. Антикризисное управление: Учебное пособие/ -М.: Высшее образование, 2007. - 360 с

5.Бирюкова О.Ю. Приемы антикризисного менеджмента. – М.: Дашков и К, 2011 

6.Гончаров М.И., Лемзяков Г.А. Консалтинг в антикризисном управлении. Теория и практика. – М.: Экономика, 2011