Экономические
науки/2. Экономика промышленности
Нагимова А.А., PhD докторант Болуспаев Ш.А.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті,Қазақстан
Мұнай
бағасының өзгеруінің ЖІӨ-ге әсерін бағалау.
Қазақстан
бүгінде
әлемнің
дамыған елдерімен бой
теңестіре алатын,
экономикалық өсімінің негізгі көзінің бірі
пайдалы қазбалар өндіру болып саналатын индустриялық ел. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өзінің
«Қазақстан – 2050» жолдауында «Біздің басты мақсатымыз - әлеуметтік
қауіпсіздік және азаматтарымыздың бай-қуаттығы.
Бұл - қоғамдағы тұрақтылықтың
ең жақсы кепілі
»
деп атап көрсеткен болатын. Халықтың
әл-ауқатының
жақсы болуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
жағдайына, ондағы
жалпы ішкі өнімнің мөлшеріне тікелей
тәуелді болып келеді. Қысқа
тарихи мерзім ішінде – тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап
елдің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі
(ЖІӨ) 16 есеге – 700 АҚШ долларынан 12 мың
долларға дейін өсті. Бұл – тіпті қарыштап даму
үстіндегі оңтүстік-шығыс азиялық «жолбарыстармен»
салыстырғанда да ғаламат нәтиже. Осылай дегенімізбен, еліміздің
ЖІӨ негізгі көзі
болып мұнай саласы табылады. Әлемдік нарыққа көз
жіберер болсақ,
әлемдік нарықтағы мұнай
бағасы
тұрақсыз
екендігіне көз жеткіземіз. Сондықтан
әлеуметтік-экономикалық жағдайды ұдайы назарда
ұстап, қолданылып жатырған іс-шаралар мен
әлеуметтік-тиімділікті экономикалық модельдер арқылы
бағалап отыру керек болады [1].
Қазақстан әлемдегі мұнай
қоры дәлелденген 55 елдің ішінде 12 орынды иемденеді және
де дүниежүзілік мұнай
қорының 3 %
еліміздің
үлесіне тиесілі. Қазақстанда 2012 жылы мұнай және газ конденсатын
өндіру 2011 жылға қарағанда 79,2 млн.тонна немесе
98,9 % құрады. [2].
Эконометрикалық талдау
жүргізу үшін Eviews
программасы арқылы көптік регрессия моделін құру керек.Көптік регрессия
моделін құру
үшін а,в1,в2,в3
параметрлерін анықтау керек.Осы параметрлерді Эвюс
программасы арқылы анықталды.(есептеу жүргізу
үшін мәліметтерді
автор мына сайттардан құрастырған [2])
|
GDP= а+в1*P_O+в2*I+в3*U |
|
|
|
Coefficient |
|
а |
4696.642 |
|
в(1) |
-1.130842 |
|
в(2) |
143.6197 |
|
в(3) |
-474.6949 |
Осы
параметрлер анықталғаннан кейін
көптік регрессия
моделі құрылды.
Substituted Coefficients:
=====================
GDP
= -1.130842 * I + 143.6197 * P_O - 474.6949 * U
+ 4696.642
Көптік регрессия моделін
құрғаннан кейін, Эвюс программасы
арқылы Стьюдент критерийі бойынша коэффициенттердің
мәнділігі мен Фишер
тендеуі арқылы
теңдеу сапасы анықталды.
Cтьюдент критерийі
бойынша талдау:
t(критикалық) = 2,1
(кестеден алынған [4]. )
t(а: 1.418082) < t(критикалық)
, яғни а параметрі мәнсіз
t(в1:
-1.749914) < t(критикалық) , яғни в1 параметрі
мәнсіз.
t(в2: 8.308457)
> t(критикалық) , яғни в2
параметрі мәнді.
коэффициент кездейсоқ
алынбаған.
t(в3: -2.322674)
< t(критикалық) , яғни в3
параметрі мәнсіз.
F(
Фишер теңдеуі)= 101.3271
F(критикалық) = 3,16
(кестеден алынған [4]) F
> F(критикалық)
101.3271 > 2,098
Фишер теңдеуі бойынша
теңдеу сапасы жақсы
деген
қорытындыға келеміз.
ЖІӨ-мен инфляция, жұмыссыздық,
мұнай бағасының арасындағы байланысты анықтау
үшін ковариация
коэффициентін, ал байланыстың тығыздығын анықтау үшін корреляция коэффициенті пайдаланылды.Ковариация
мен корреляция коэффициенті Эвюс программасы бойынша
анықталды.
|
Ковариация |
GDP |
I |
P_O |
U |
|
GDP |
30436790 |
-1529160. |
148880.8 |
-11980.56 |
|
I |
-1529160. |
605477.5 |
-7218.465 |
-233.5340 |
|
P_O |
148880.8 |
-7218.465 |
784.1610 |
-57.33329 |
|
U |
-11980.56 |
-233.5340 |
-57.33329 |
8.669841 |
|
Корреляция |
GDP |
I |
P_O |
U |
|
GDP |
1.000000 |
-0.356209 |
0.963689 |
-0.737517 |
|
I |
-0.356209 |
1.000000 |
-0.331279 |
-0.101928 |
|
P_O |
0.963689 |
-0.331279 |
1.000000 |
-0.695342 |
|
U |
-0.737517 |
-0.101928 |
-0.695342 |
1.000000 |
Қорытынды жасар
болсақ, ЖІӨ мен Инфляция
арасындағы байланыс теріс, әлсіз байланысты көрсетті,себебі
инфляцияның
жоғарылауы ЖІӨ теріс
әсерін көрсетеді.
ЖІӨ мен
жұмыссыздық
арасындағы байланыс теріс,
тығыздық
көрсеткіші
әлсіз байланысты
көрсетті,себебі
жұмыссыздықтың
жоғарылауы ЖІӨ теріс
әсерін көрсетеді.
ЖІӨ мен мұнай бағасы
арасындағы байланыс оң , жоғары тығыз
байланысты көрсетті.
GDP = -1.130842 * I +
143.6197 * P_O - 474.6949 * U + 4696.642
Осы берілген көптік регрессия
теңдеуі арқылы келесі
талдау қорытындысы жасалды.
Жұмыссыздық 1 пайызға өскенде, ЖІӨ
көлемі 474.6949 бірлікке
азаяды.
Инфляция 1 пайызға өскенде, ЖІӨ көлемі -1.130842 бірлікке азаяды.
Мұнай бағасы 1 бірлікке өскен
кезде, ЖІӨ көлемі 143.6197
бірлікке
жоғарылайды.Яғни
Қазақстан
мұнай экспорттаушы ел
болғандықтан мұнай бағасының өсуі
бізге оң әсер
етіп, ЖІӨ
көлемінің
жоғарылауына
әкеледі.Яғни
біз шет елге
шикі мұнайды көп
экспорттайтын
болғандықтан,оны
жоғары бағамен өткізіп, ЖІӨ-нің көбеюіне әсер етеміз.
Осы
жұмыста
анықталған негізгі көрсеткіштерге талдау
жүргізіле отырып, эконометрикалық модель тұрғызылды.
Мұнай бағасының өзгеруі мен ЖІӨ арасындағы байланысы
ғылыми түрде зерттеліп , осы екі фактордың байланысы
анықталып, зерттеу
қорытындысы бойынша көрсеткіштер икемді болып табылды. Яғни мұнай
бағасының
өзгеруі , ЖІӨ көлемінің өзгерісін
білдірді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Н. Ә.
Назарбаев. «Бәсеке қабiлеттi Қазақстан, Бәсекеге
қабiлеттi экономика және
Бәсекеге қабiлеттi
халық» деген Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен
Қазақстан, 19 наурыз. - 2004 ж
2. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға
арналған мұнай-газ саласын дамыту бағдарламасы
2. 2012 жылғы 14
желтоқсандағы жарияланған «Қазақстан-2050»
Стратегиясы
3. http://www.eia.gov/petroleum/reports.cfm?t=66
3. http://www.kaz.stat.kz/publishing/C%202011/KazNezavKaz.pdf
4.Мұхамедиев , Какижанова Т
«Эконометрика» оқулығы,Алматы – 2011ж
(
көрсеткіштерді есептеу үшін
формулалар осы кітаптан
алынды)