Современные информационные технологии/2.
Вычислительная техника и программирование
Балгабаева Р.Н., Мурадилова Г.С.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті,, Қазақстан
ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Microsoft
фирмасы 2000 жылы динамикалық объектілік үлгіге, қауіпсіздігі
жоғары қосымшаға негізделген және виртуальды
машиналарды, платформадан тәуелсіз байт-кодтарды қолданатын Java
технологияның негізгі қасиеттерін иемденген жаңа .NET деп
аталатын технология ұсынды. .NET технологияның жаңа
мүмкіндіктерін атап өтейік:
біріншіден, .NET-те бір
программалау тілінің орнына бірнеше тілді пайдалануға болатын
болды. Ол тілдерден Common Language Environment немесе Common Language Runtime (программалау
тілдерін қолдайтын жалпы орындаушы орта) деп аталатын .Net-тегі
компиляцияланған кластармен виртуальды машиналардың
басқаруымен жұмыс істей алатын спецификацияларды
қанағаттандыратын болу керектігі ғана талап етілді.
Оның негізгін қалаушы программалаушы тіл ретінде .NET-пен бірге
жасалған, Java тілінің жетілдірілген нұсқасы
сияқты, бірақ онымен синтаксистік конструкциялары және
компияцияланатын коды үйлеспейтін -C# тілі болды.
екіншіден, егер Java барлық
қасиеттерімен программалаушы тіл ретінде қаралса, ал .NET
технология нақты платформадан тәуелсіз MS Windows операциялық
жүйесінің бөлігі ретінде құрастырылды.
Сондықтан да практикалық маңызды мәселелерде
қолданбалы программалауды сүйемелдеуді қамтамасыз
ететін .Net Framework класы .NET –тің маңызды бөлігі болды.
.NET – те Java-дағы
сияқты программалаудың негізін кластар құрайды. .NET – тің тілдерінің (Common Language
Environment спецификацияларын қанағаттандыратын тілдер) кез
келгенінде жазылған кластың бастапқы коды платформадан
тәуелсіз кодқа компиляцияланады. Бұл кодта бастапқы
жазылған программалау тілінің спецификасы болмайды, .NET атқарушы
ортасының басқаруымен жұмыс істейді және .NET-тің
кез келген класымен пайдалануға болады. Компиляцияланған класс коды
тек шақыруға ғана емес, сонымен бірге мұрагерлік пен
полиморфизмді қамтамасыз етуде қолданылады. Ондай кластарды
компоненттер деп атайды. Ең маңыздысы сол, .Net Framework
класының керекті қандай да бір қосымшаларын программа
құрғанда және оны компьютерде жұмысқа
қосқанда қолданушы класты Интернет арқылы немесе басқа әдістермен
компьютерде орналастырудың қажеті жоқ. WindowsÒ ХР версияларынан бастап MS
WindowsÒ операцияларық
жүйелерін орнату барысында тегін таратылатын .Net Framework
компоненттерінің пакетін орнату жеткілікті. Пакеттегі компоненттер жиыны
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін керекті компонентті тауып
беретіндей стандарттандырылған. Осы қасиеттері операциялық
жүйе қабықшасының бөлек программалар мен пакеттерімен
салыстырғандағы басымдылығын қамтамасыз етеді.
.NET технологияның 2004
жылы ашық және ISO(International Standard Organization)
стандартталуы оны көп өңдеушілерге тартымды етті. Linux тегі
.NET –те өңделетін Mone пакетінің пайда болуы және .NET
–те өңделетін басқа
да проектілердің басқа операциялық жүйелермен
үйлесімдігі, осы технологиялардың бір фирманың операциялық
жүйелер тобынан сыртқа шығуы салдарынан осы облыста Java
.NET-ке бәсекелес бола алмады.
Программалау тілі – ол бөлек, ал көп санды компоненттері бар
операциялық жүйе –ол тіптен өзгеше. Сонымен қатар, Java
тілі .NET-тің мүмкін тілдерінің бірі болды, басқаша
айтсақ, осы технологияға құрамдас бөлігі болып
кірді.
Java технологиясы
шеңберінде .NET шақыруына лайықты жауап табылды. Ол-NetBeаns
платформасы және Open Source («Ашық бастапқы код»)
идеологиясы.
NetBeаns платформасы - бұл
JavaBeаns моделі негізінде құрылған компонеттік программалау
технологиясы. Компоненттер жиынынан басқа NetBeаns платформасы
құрамына тегін таратылатын Java тілінде әр түрлі
программа құратын, соның ішінде NetBeаns компоненттерін
пайдаланатын және сондай компонент құратын NetBeаns
өңдеу ортасы кіреді.
Соңғы жылдары танымал
болып келе жатқан Open Source қозғалысы программалық
кодтың жалпы ашықтығына ұмтылады. Мұнда
ашықтықтың екі нұсқасын байқауға
болады: біріншісі, (freeware- тегін таратылатын программалық
өнімдер) тегін таратылатын программалық өнімдер дегеніміз –
тегін таратылатын және
бастапқы кодын тегін қолданылатын, тек бір қойылатын
шектеу- ашықтығын сақтау және программалық
өнімнің бастапқы коды мен программасын тегін тарату; екіншісі,
оқып-үйрену үшін бастапқы кодтың ашықтығы,
керек болған жағдайда қателерін түзетуге, бірақ бастапқы кодты басқа
мақсатқа пайдалануға авторлық
құқық берілмейді. NetBeans ортасы мен компоненттері Sun
open licence (“Sun ашық лицензиясы ”) келісімі негізінде таратылады.
Бұл лицензия ортаны тегін пайдалану мүмкіндігін береді.
.NET
Framework платформасы Windows жүйесінің компоненттерінің
біреуі. Ол жаңа кезеңнің қосымшаларын
құрастыру мен пайдалану үшін қолданылады. .NET
Framework платформасының қолданылуы:
- әр түрлі
жұмыс істеу мүмкіндігі бар: код сақталуы және орындалуы
жергілікті, орындалуы жергілікті;
- Интернет арқылы
таратылатын толық объектіге бағытталған программа
құру.
.NET
Framework платформасы екі негізгі компоненттен тұрады: CLR ортасы
және .NET Framework класының кітапханасынан. CLR ортасы -.NET
Framework платформасының фундаменті,
жадыны, ағымдарды, қашықтықтағы амалдарды
басқарумен байланысқан негізгі қызметтерді ұсынатын,
код орындалып жатқанда тексеретін агент. .NET Framework
платформасының екінші компоненті – кластар кітапханасы кеңейтілген
объектілі бағытталған әр түрлі қосымшаларды
жасауға қолдануға болатын - бұйрықтық жолды
интерфейсті классикалық қосымшалардан бастап ASP.NET технологиялар негізіндегі жаңа
қосымшаларға дейінгі типтер жиыны.
Ақпараттық
– коммуникациялық технологияларыдың қарқынды
өрбуінің талаптарына сәйкес,
атап өтілген программалау технологиялары қазіргі
уақытта ары қарай жылдам даму үстінде.