Моңғол
қазақтарына социалистік құрылыстың тигізген
әсері
Г.К.Ранова
ЖГТУ, тарих мамандағының
магистранты
Моңғол
мемлекеті, оның халқы үшін жетпіс жылға созылған
социалистік экспериметтің зардабы аса ауыр болды. Ал, Моңғол
елінің құрамындағы қазақ диаспорасы да
Моңғол халқымен бірге осы эксперименттің ауыр
зардаптарын басынан кешірді. Социалистік өмір тәжірибесінің
зардабы осы жолға түскен соң көп ұзамай партия
қатарындағы “оңшылдар” деп аталатындарға қарсы
күресте айқын сезілді.
“Оңшылдар”
дегеніміз партияның III съезінде жеңіліске ұшыраған
С.Данзанның жолын қуушылар еді. 1925 жылдан бастап партия
қатарындағы және оның басшылығындағы
елдің болашағын дұрыс болжаған қайраткерлер
С.Данзанның ұстаған бағдар-бағытын
басшылыққа ала отырып, партия басшылығындағы Э.Ринчино
бастаған солшыл арандатушыларға қарсы күресті
өрістетті.
Олардың
негізгі мақсаты – елді социалистік жолдан капиталистік жолға аудару
болды. Осы мақсатқа жету үшін, олар еңбекші
халықтың мал шаруашылығын өркендету экономикалық
ынтымақтығын күшейту мақсатымен “екінші біреуді
қинамай жан-жакты дайындар!” деген ұран тастады. Ал, солшылдар
болса, бұл ұран кедейлерді байлардың қанауына, сонымен
капиталистік элементтердің бас көтеруіне әкеп соғады
деп есептеді.
“Оңшылдар”
деп аталғандарға партияның дін саласындағы саясатын
бұрмалады деген кінә тағылды. Олар діни уағыздарды
бұрмалаушылыққа, діндар халықтарды
қудалауға, атеистік үгіт-насихат жүргізуге қарсы
болды. Олар дін өсиетінде партияның саясаты сияқты
бұқара халықтың мүддесін
қорғауға бағыттағандықтан марксизм мен
буддизмнің арасында ерекше айырмашылықтар жоқ деп есептеді.
“Оңшылдар”
Моңғол елінің экономикалық байланысын тек Кеңес
Одағымен шектеуге қарсы болды. Олар Англия, Франция сияқты
капиталистік елдермен экономикалық және мәдени
қарым-қатынас жасауға әрекеттенді.
“Оңшылдар”
Коминтерн Атқару Комитетінің Моңғол елінің
саяси-экономикалық және мәдени өзгешеліктеріне
сәйкеспейтін шешімдер қабылдануына, Моңғол Халық
Революциялық /МХРП/ партиясының ішкі ісіне қол
сұғуына қарсы күресті.
1928
жылы шақырылған МХРП-ның ҮІІ съезі “Оңшыл” деп
аталған қайраткерлерге елдегі капиталистік элементтердің
мүддесін қорғаушылар, партияның сара жолынан
ауытқушылар деген кінә тағып, оларды партия қатарынан
және басшылық қызметтен аластатты.
“Оңшылдарға”
қарсы солшыл арандатушылардың жасанды күресі
қазақ диаспорасының саяси экономикалық өміріне де
зардабын аз тигізбеді. Қазақ диаспорасының саяси,
экономикалық-әлеуметтік өмірінің ерекшеліктерімен
санасу саясатының негізінде қазақ арасына жүзеге
асыруға тиіс демократиялық өзгерістердің кешеуілдетіп
жүргізілгенін, солшылдар “оңшылдардың” қастандық
әрекетімен түсіндіргісі келді.
“Оңшылдарға”
қарсы жүргізілген жасанды күрес партия саясатын
бұрмалаушы “солшыл” асыра сілтеушілікке әкеп соқты.
Отызыншы
жылдары Коммунисіік Интернационал, орталық Атқару Комитеті мен
Шығыс бөлімі “Моңғолия Халық Революциялық
партиясымен бірге Моңғолия мемлекетіндегі хал-ахуал туралы бірнеше
қаулы-қарарлар қабылдады. Аталмыш қаулыларда
көтерілген негізгі мәселелердің бірі Моңғол
еліндегі демократиялық өзгерістердің қарқыны
“оңшыл” саясатшылардың кесірінен кешеуілдеп отырғаны, осы
өзгерістерді тездетіп социалистік өзгерістерге жол ашу керектігі
туралы болды.
Моңғол
еліндегі саясаттың салдарынан “солшыл” асыра сілтеушілік қарапайым
халықты қатты үрейлендірді. “Солшыл” асыра сілтеушілктен
қазақтар Алтайға көшу арқылы
құтылмақшы болды. 1931 жылғы көктемнен бастап
жаппай Алтайға көшу басталды. Соның салдарынан Қобда
бетіндегі қазақтардың сексен процентінен астамы Алтайға
ауып кетті. Алтайды асқан қазақтар 1931 – 1932 жылдары
Қобда бетіне қайта оралды.
Қобда бетінде алпыс-жетпіс жыл өмір
сүріп, оның табиғатына үйреніп қалған адам
мен мал Алтай өлкесін жерсінбейді. Ауып барған
қазақтарды Алтай бетінің қазақтары, Қытай
әкімшілігі құшақ жая қарсы алған жоқ.
Бұл Қобда бетіне қазақтардың қайта
көшуінің негізгі себебі болды. Алтайды асқан
қазақтар арлы-берлі үркіп жүріп, мал-мүлкінен
айырылды, ашаршылыққа, жоқшылыққа ұшырап
азып-тозды.
Қазақтар
Алтайға ауа көшерден бұрын (1929 ж.) олардың
қолында 2,3 миллион малы болған, 1938 жылғы санақ
бойынша, олардың малының саны 0,5 миллионға кеміген .
1929
– 1938 жылдар арасындағы қазақтардың саны есепке
алынбағандықтан
Алтайға ауа көшудің салдарынан олар қанша малынан
айырылғанын нақты
есептеу мүмкін емес. Дегенмен, осы жылдар ішінде мал басының 1,8
миллионға кемуінің басты себебі, Алтайға көшудің
салдарынан болғаны дау туғызбаса керек. Бұл қазақтар малының жетпіс жеті процентінен айырылды
деген сөз. Қазақ
диаспорасының басым көпшілігінің өз Отанын тастап,
Алтайға ауа көшуінің негізгі себебі, сол кезде
моңғол елінде өріс алған “солшыл” асыра сілтеушілік
еді. “Солшыл” асыра сілтеушіліктің салдарынан
қазақтарға мал-жанынан, дінінен айырылып қалу
қаупі туды. Сондықтан, қазақтардың Алтайға
ауа көшуі “солшыл” бұрмалаушылыққа қарсы
халық наразылығының көрінісі деп есептеу керек.
“Солшыл” асыра сілтеушілікке қарсы халық наразылығы
Моңғол елінің батысында төрт аймағын
қамтыған қарулы көтеріліске әкеп соқса,
қазақтардың наразылығы Алтайға ауа көшуге
әкеп соқты.
Қазақтардың Алтай өлкесіне ауа
көшуінің себебі қазақ диаспорасының тарихи
тақырыбына жазылған басылымдарда байлардың,
феодалдардың революцияға қарсы үгіт-насихатының
әсері, Синьцзяндағы гомендан басшылары мен Алтай
қазағының феодалдарының арандатушылығы деп
түсіндіріліп келді. Мұндай қорытындыларды дәлелдейтін
тарихи құжаттар жоқ. Біздің қолымызға
түскен барлық құжаттар қазақтардың
Алтайға ауа көшуі, партия мен үкімет билігін
ұстаған солақай солшылдардың жүргізген теріс
саясатына қарапайым халықтың наразылығының
көрінісі деген қорытындыны дәлелдейді.
Кеңес
Одағының көмегіне, Коминтерннің басшылығына
сүйеніп, социализмге қарай өрлеп бара жатқан елде
халық көтерілісінің болуын, олардың бір
бөлігінің өз отанын тастап кетуін ашық мойындау
партиялық, таптық принциптерге үйлеспейтіні белгілі.
Сондықтан да, қазақтардың Алтайға ауа көшуінің
себебін байларға, феодалдарға жауып, тарихты бұрмалаудан
басқа жол жоқ еді.
Моңғол
үкіметі Алтайды асып қайтып оралған
қазақтарға мейірімділік, адамгершілік тұрғыдан
қарап, азып-тозған халықтың тұрмыс күйін
түзеуге назар аударды. Қобда аймағы партия комитеті
құрған комиссия қазақтардың
жағдайымен танысып, оларға көмек көрсету
мәселесін орталық үкіметтің алдына қойған.
Осының нәтижесінде малының саны он ірі қараға
толмайтын, әрбір отбасына отыз тугриктен көмек көрсетілді.
1932
жылы Ботақара сұмының алпыс екі үйіне 1800 тугрик,
Шұбарайғыр сұмының отыз үш үйіне 1080
тугрик, Қашақ сұмының қырық жеті
үйіне 1440 тугрик, көлемінде бір реттен көмек берілген.
Моңғол
Халық Революциялық партиясы мен Моңғол үкіметі
1932 жылдан бастап “солшыл” асыра сілтеушіліктің зардабын жоюға
байланысты шаралар қолданды. 1932 жылы Моңғол Халық
Революциялық партиясы Орталық комитеті “Қобда және
Дөрбет аймағының партия ұйымдарының барлық
мүшелеріне” арнаулы хат жолдады .
Бұл
хатта партия мен үкіметтің аз ұлттар жөніндегі саясатын
бұрмалаушылыққа қарсы күресудің
қажеттілігіне тоқтала келіп, партия ұйымдарын
ұйымдық жоне идеологиялық түрғыдан нығайту
мәселесін көтерді. Партияның Орталық Комитетінің
шешімі бойынша партия қатарын солшылдардан тазалау науқаны
жүргізілді. Бұл науқан жүргізілуінен бұрын
Уланхус сұмының партия ұйымында жүз жиырма мүше
болған болса, тазалаудан соң жетпіс үш мүше ғана
қалған.
Қазақ
диаспорасы арасындағы социалистік эксперименттің келесі кезегінде
қазақ байларын тап ретінде жою науқаны жүргізілді.
Үкіметтен белгіленген шешім бойынша басыбайлы шаруаларды қамау
арқылы байыған феодалдар мен шенеуніктердің мал-мүлкі
тәркіленіп, кедейлерге, жаңадан құрылып жатқан
колхоздар мен коммуналарға бөлініп берілді.
Моңғол
феодалдарын тәркілеу науқанымен қосып қазақ
арасындағы жартылай феодалдар деп аталатындарды тәркілеу шарасы
жүргізілмеді. Бұған, біріншіден, қазақ
диаспорасының экономикалық-әлеуметтік өмірінің
ерекшелігімен санасу саясаты себеп болса; екінші жағынан,
қазақ байлары мен Моңғол байлары арасындағы
айырмашылыктъщ себебі орта ғасырдағы Моңғол елі
қоғамының әлеуметтіқ-экономикалық
қатынастарының сипаты тұрғысынан
қазақтардан бөлекше еді.
Белгілі
саяси-экономикалық жағдайдың әсерінен
Моңғол елінде орта ғасырдағы Европа елдеріне
ұқсас өзінің жер меншігі, басыбайлы шаруалары бар,
феодал табы болды да, олар өз шаруашылығын басыбайлылардың
еңбегін қанау арқылы ұйымдастырып отырды.
Сондықтан, 1929 жылы Моңғол феодалдарын тәркілегенде
олардың жер меншігімен бірге басыбайлы шаруасы бар жағы негізге
алынды. Ал, қазақ байларына келсек, оларда жер меншігі, басыбайлы
шаруасы болмаған еді. Сондықтан да, оларды феодалдар деп
тәркілеуге болмайтын-ды. Мұндай қиын мәселенің
шешуін Моңғол Халық революциясы партиясы мен үкіметі
тек 1938 жылы ғана ойлап тапты. Бұрынғы байлар мен молдаларды
революцияның қас жауы, шет елдің тыңшысы деген
қылмыспен сотқа тартып, олардың мал-мүлкін тәркіледі.
Қиянатұлы
өзінің “Жылаған жылдар шежіресі” деген еңбегінде: 1937
жылы көктемнен бастап партияның белсенділері ішкі істер
жансыздарының тікелей араласуымен, қазақ арасынан
ұсталатын адамдардың жасырын тізімі жасалғандығын,
оған ірі молдалар, бай мен билер, үкімет белсенділері және
наймандар қамтылды. “Қобда бетіндегі наймандар саяси
қырғынға ұшырады, ақсүйек байы да, молдасы
да емес, тек наймандығы үшін қырғын болған” деп
атап өткен. “1937 – 1938 жылдары саяси жазамен үш мың екі
жүз жетпіс қазақ атылған. 1937 жылы
Моңғолияда жиырма үш мың екі жүз жиырма
тоғыз қазақ болғанын ескерсек әрбір, жетінші
немесе алтыншы қазақтың бірі саяси
құрбандыққа ұшырады” деп З.Қинаятұлы
көрсетті .
Осы
мәліметке карағанда, екі түрлі жаладан үш мыңнан
астам қазақ азаматтары зардап шеккен.
Қазақ
диаспорасында, оның ауқатты тобында халық революциясына
қарсылық еш уақытта болған емес. Шет елдің
тыңшысы деп, ішкі істер бөлімінің жендеттері меңзеген
қазақтарда Жапонияның атын естігендері жоқтың
қасы еді. Бұл қазақ арасындағы ауқатты
топты жоюдың ғана әдісі болатын. Өз еңбегімен
жинаған дәулеті бар байлар, аузында құраны бар
молдалар, революция жылдарында көтерілген зиялылар контрреволюционер, шет
елдің тыңшылары саналып, жазықсыздан жазықсыз атылып
кетті. Осының салдарынан қазақ диаспорасының, ең
зиялы тобы социалистік эксперименттің құрбанына айналды.
1930-шы
жылдардың соңына дейін бұл өңірдегі
қазақтар өмірінде өзгерістер аз болып, ал, аяқ
шеніне келгенде сталиндік зұлматтың қара түнегі де
келіп жетті. Жеке дәулет, дінге қарсы қызыл жойқын
аласапыран басталды. Элдэвочир дейтін адамның 1930-шы жылы жасаған
баяндамасында “Қазақтар 12 керей руынан түратын
өздерінің ел басқару жүйесі бар халық.
Бұларда 74651 адам бар. Соның 55451-і әкімшілік
системаға камтылған. Олардың 11600 адаммы әкімшілік
системаға қамтылмаған. Қазақтың
Байқадам хошуун Қытаймен шекараласқан жерде орналасқан.
Шығыс Түркістан қазақтарына карай Байқадам
хошуунның адамдары неге үркіп кетті дегенге келсек сол ел басшысы
Байқадамды ұстап абақтыға жапқанына халық өте
наразы болған көрінеді. Осы мәселеге тура қатысты
болып, жалпы қазақтарға үлкен әсер етіпті.
Бұл мәселені дұрыс шешу үшін аймақтың (ол
кезде қазақтар Қобда аймағы қармағында еді)
әкімшілік, шаруашылық мәселесін қайта қарап,
“бірнеше” мәселелерді дереу шешу керек” – дейді. Батыс
Моңғолиядағы осындай жайларды реттеу мақсатымен 1930-шы
жылы 1 шілдеден 1932-ші жылғы 8 шілдеге дейін Ұлттар кеңесі
жұмыстап, онда қазақтан Ж. Мұқан, А.Арын
қатарлы адамдар қызмет етті. 1932-ші жылы болған Мемлекеттік
XVI құрылтайда қазақтардың шаруашылығы мен
мәдениетін арттыруға назар аударылды. 1930-ші жылдары Қобда
қазақтары өмірінде “Кенжебек айдаған”, “Дәлелхан
қашқан” т. б. оқиғалар болды. С.Дәлелхан 1929-ші
жылы мемлекеттік құрылтайға қатысып сөз
сөйлеп, онан келісімен Шығыс Түркістан асып кетеді. Бұл
оқиға бұл елдегі қазақтар өміріне өз
әсерін тигізіп оны қайта демеу жасады деген сылтаумен ағасы
С.Ажыхан, саяси серігі Т.Дәуітбай қатарлы көптеген
қазақтар саяси құрбандықа шалынды. Өкімет
тарапынан қазақтарға сенбеушілік туып, 1931 – 32-і жылдары
қазақтарды ішкі өлкелерге күшпен көшіру
жұмысы жүрілді. 1932-ші жылдан бастап күшпен коммуна, т. б.
құрыла бастауы қазақтың үрейін алды. Тіпті,
Шеруші хошуунда барлық байларды төңкерістің қас
жауы деп көріп, оларды жою туралы арнаулы жоспар жасалуы
халықтың қорқыныш пен ренішін тудырды. Осындай
қауіп төнген кезде 1931-ші жылы көктемде Қобда
өңіріндегі қазақтың бір бөлігі Шығыс
Түркістанға үдіре көшті. Оларды Ақтышқан,
Қойшы қатарлы беделді ру басшылары бастады. Олар 100-дей адамнан
түратын әскер бөлімін құрды. Бұл
көшке қазақтан 3900-дай адамы ілеспеді, немесе,
қазақтың 25%-і көшпеді. Шұбарайғыр, ителі
тұтастай үрікпей қалды. Ботағара, қошақтан
аз ауыл үркіп, көп кешікпей қайта қаралды. 1932 –
1934-ші жылдар арасында бұл реткі дүрбеленге түскен
барлық қазақтар қайтып келді. Шығыс
Түркістанға үркіп барған Қазақтар ауыр азап
көрді .
1920-шы
жылдардан басталған саяси жалған айыппен неше он
мыңдаған қазақтар құрбан болды. 1937-ші
жылдан бастап қазақтар арасынан ұсталатын адамдар тізімі
жасалады. Оған ру басы, бай, Молла, би, зиялылар, өкімет
белсенділері т. б. қамтылып, қазаққа тым қатал
тиіскенін соңғы кезде зерттеу жасаған Моңғол
ғалымдары да мойындап отыр. 1937 – 1938-ші жылдары саяси жаламен
қанша қазақ, құрбан болғаны жайлы деректер
толық емес, тізім жасалмай келеді. Бұл жайында нақты
зерттеулер жасау келер күндер үлесінде тұр. Жалпы
Моңғолияда 25,8 мың адам, ұсталып, 20 мыңы ату
жазасына кесілгені туралы ресми деректер жарияланған. Х.Зардыханның
мәлімдеуінше саяси жалған жаламен 3270 қазақ жазаланған.
(Баабар. ХХ-ғасырдағы Моңғолия, көші-қон,
шығын мен олжа” – деген кітабында,4 300 жанұя 21000
қазақтан 2000-дайы Х.Чойбалсанның бұйырығымен
атылғанын жазады. (Баабар. ХХ зууны Моңғол,
нүүдэл суудал, гарз олз. 1996. т. 459) 1938-ші жылы Қобда
қаласындағы түрмедегі қазақтар түрмені
бұзып шыққанымен пулеметтің оғанын жайрап
қалады. Жалғыз қазақ тірі қалып, Баянуур
сұмынына жетіп, бұл хабарды естіген қазақтар
дүрбелеңге түсіп, шекарашылармен соғысаотырып, Шығыс Түркістанға
асты. Аз уақыттан соң оларды қайта келтіргенде, 1000-нан
астам қазақ аш, жалаңаш оралады. Сонан қайта келтірілген
қазақтардан 17 жастан жоғарғы еркектердің
барлығы тұтқындалып, қайта оралмаған.
Қазақтар
арасындағы хошуундар саны екіден беске дейін жетті (Шеруші,
Қошақ, Ботағара, Шұбарайғыр, Байқадам).
Ботағара хошууны – Секел, Тайлақ. Ханкелді, Базаркүл
қатарлы төрт зәңгіге бөлінді. 1925-ші жылдан
қазақтар Қобда министрлігінің қармағында
болды. 1930-шы жылы “МХР-дың территориялық жаңа
әкімшілік бөлісі туралы” заң бекітілді.
Қазақтың Шеруші, Ботағара, ІЦұбарайғыр,
Қошақ, Байқадам хошуунын 3-ке бөліп, Шеруші хошуунын
Бақат, Құрман, Саңырау сұмындарымен,
Шұбарайғыр хошуунын – Ботағара, Шұбарайғыр,
Қошақ сұмынымын құрып, Байқадам хошууны
сұмынсыз хорин болды. МХР өкіметінің 1931-ші жылғы
13-ші наурыздағы қаулысы бойынша қазақ әкімшілік
бірліктері төтенше құқық иеленіп, олардың
мәжілісінің шешімін мемлекеттік ұлы, кіші
құрылтайлар, кіші Мәжіліс Басқармалары (Парламент),
ғана қуатсыз ете алатыны заң жүзінде көрсетілді.
МХРП
ОК-і басқармалары қазақ мәселесін 1938-ші жылы екі
қайта сөйлесті. Онда жергілікті әкімшілік орнату,
өндіріс. сауда орнын құру... халықтың
тұрмысы мен мәдениетін арттыруға арналған шаралар
белгілгенімен нақты нәтижеге жетпеді, 1938-ші жылда
қазақтың әкімшілігін ру атымен емес жер-су атымен
атауға шешім шықты. Қазақтар-Хужирт, Цагаангол,
Дэлүүн, Тұлба, Улаанхус, Цагаан нуур, Баяннуур, Сақсай
т. б. жер-су атымен аталған әкімшілі бірліктерге бөлінді.
1938-ші жылы 16 желтоқсанда МХРП ОК-інің қабылдаған
қазақ туралы екі қаулысы да сталиндік зұлматты басынан
кешірген қазақтың азабын жеңілдете алмады.Әрі
қазақты қандастық-рулық бірлігін ыдыратып,
ұлттық сезім, ұлттық салт дәстүрлер,
ұлттық мінезіне кері әсер етіп, мәңгүрттер
көбейіп сорақы жат көріністер бой көрсетудің басы
болды.
1921
– 1940-шы жылдар Қобда өніріндегі қазақтар большевиктер
саясаты, сталиндік зұлматты басынан өткізіп, бұрын
соңды болып көрмеген қырғынды көрсе де, бұл
дәуірде де қазақтар өмір, тірлік, ұрпақ
қамы, ұлттық мүдде, ар-намыс, қазақтығын
сақтау үшін жандарын пида ете отырып қайратты да,
қажырлы күрестерін біртұтас күш ретінде тоқтатпай жалғастырды.
Әдебиеттер тізімі
1.
Мініс
Ә, Сарай А. МХР Баян-Өлгий аймағындағы
қазақтар тарихы. – Өлгий, 1960.
2.
Қабышұлы
И. Моңғол қазақтарының тарихы, – Өлгий,
1980.
3.
СССР
Ғылым Академиясының Шығыс Азия халықтарының
журналы. – М.
4.
Ширэндэв.
Моңғол революциясының тарихы. – У-Б., 1969.
5.
Грум-Гржимайло Г.Е. Заподно Монгольский и урианхайский край. Т
І-ІІІ-ІV, – Л., 1926.
6.
Потанин
Г.Н. “Очерки – Северно Западной Монголий, Вып 1-2, СПб, 1881.
7.
Қозғанбаева
Г.Б. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы тарихы,
бүгіні мен ертеңі.