Сағындыков М.Н.
Казақ экономикалық университеті
доценті
Қазақ халқының тарихи
тұлғалары –би-шешендер.
Қазақтың
би–шешендері жайлы жазылған төл әдебиетіміздегі тарихи
сипаттағы туындыларды сөз еткенде дәстүр мен
жаңашылдық ұғымдарының төңірегінен
табылатын ауқымы қыруар проблемаларды сиғыза алатын
Уақыт және Кеңістік атты тарихи философиялық
категориялар бар.
XIX ғасырда Абай, XX
ғасырдаМ. Әуезов ұлттық болмыс–бітімді, кескін–
келбетті айшықтай көрсететін халықтық мұра
шешендік өнерді, би– шешеннің образын қазіргі
ұрпаққа табыс етті. Абай ғұмыр кешкен орта,
өмірін өткізген кеңістік – қазақтың
ғасырлар бойы мекендеген, түтін түтетіп, ұрпақ
өргізген Ұлы даласы. Уақыты XIX ғасыр.
Би-шешендердің болмыс, бітімін
нақтырақ білу үшін олардың сөздерінің
жанрына да тереңірек үңілген жөн . Би-шешендердің
сөздерінің жанрын анықтау, оған жан-жақты талдау
жасау - көптен сөз болып келе жатқан мәселе. Солай бола
тұрса да, бұл ретте фольклорлық шығарманың
жанрлық ерекшелігін ашу, оның даму, туу процестерін саралау -
әлі жете зерттелмей келе жатқан проблема. Бұл ретте
ғалым З.Қабдоловтың «Әдеби жанр термин ретінде шартты
екі мағанада қолданылады.
Жанр мәселесінің
маңында даулы пікірлер көп. Әдебиеттің тегі - жанр,
әдеби шығарма-жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда,
мысалы эпосты жанр деп білсек, ол шағын, орта және кең
көлемді үш түрге бөлінеді де, шағын көлемді
эпикалық түрге-очерк, новелла, сюжетті қысқа
өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге-повесть,
поэма, ал кең көлемді эпикалық түрге-роман, эпопея тәрізділер
жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода,
идиллия, медригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама дегендей
ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси, не
философиялық лирика, махаббат не табиғи лирикасы деген секілді
санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың, әрқайсысына
тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.
Жалпы, жанр дегеніміз даму
үстіндегі ұғым, әрбір тарихи дәуірде әр
жанр өзінің негізгі тұлғасын сақтай отырып, сол
кезеңге сай ерекшеліктерді бойына сіңіріп дамиды. Бұл
халықтың салт-санасы мен сол жанрды пайымдаушы
көзқарасынан туындайды. Жанр
қимыл-қозғалыстағы тіршілік жүйесі. Ол
жаңадан туады, өседі, дамиды, кейде, тіпті, өшеді, яки
жоғалып та кетеді. Мұны әдебиеттің тарихи
тағдырымен ұштастыру керек-ақ, сондай-ақ оның
түрі де әлеуметтік жағдайға сай, әр кезеңде
құбылып отырады, бірақ нақты шағын ба, әлде
көлемді ме әйтеуір көркем шығармаға тәуілді
болады.
Би-шешендердің
сөздерінің жанрларын анықтауға, оған
жан-жақты талдау жасауға алғашқы талпыныс жасаған
ғалымдарымыздың бірі-Ахмет Байтұрсынов.
Шешендік арнау: Бата. Шешендік арнаудың бір саласы-бата беру. Бата беру де
қай дәуірде болмасын айтылып, заманына сәйкес өзгеріске
ұшырап, дамып отырған. «Жақсы лебіз-жарым ырыс» деп
тілектестік сөзді жоғары бағалаған халықтың
бата-тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің неше түрлі
нұсқасы бар. Халқымыз батаны да әр жағдайға
сай беріп отырған. Мәселен, үлкеннің кішіге батасы, ас,
дастархан мәзірі батасы, жол батасы, мал сойылардағы бата, той
батасы, ақындық батасы, би батасы т.б. деуге болар еді.
Бата
(бата беру, бата алу) - халықтың қасиетті
дәстүрі. Сондықтан: «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер
көгерер», - деген.
Бата - қазақтың
рухани қуат алатын сенімді күші. Ол -әдетте қадірлі
ақсақал, ел ағалары тарапынан көп сенім ақтайтын
абзал азаматтарға, немесе белгілі бір жандарға жақсы іске риза болған
жағдайларда берілетін ақ тілек, өмірлік жолдама. Оның
бірнеше түрі бар: а) Елін сүйген ерлерге, абзал азаматтарға
берілетін бата.ә) Дастархан мәзірі батасы.б) Тілек тілеу батасы: в) Ұрпаққа,
әулетке берілетін баталар (келін, бала, қызға т.б.).г) Теріс бата
немесе қарғыс баталар да ел арасында кездеседі. Бұның
өзге батадан айырмасы, тек атауы «бата» болмаса, үлкеннің
кішіге қолын жайып, бет сипауы, аяусыз қарғысы, жазаның
ең ауыр түрі десек болғандай.
Жақсы тілек, әуезді
лебізді бата сөздердің алуан нұсқалары бар. Олар
көбіне қара сөз бен
өлең түрінде ұшырасады.
Бата өлеңдер негізінен
термелеп, төкпелеп айтуға жеңіл болып келеді де, 7-8 буыннан,
кейде мақалдап айтуға лайықталса, 11-12 буынға де
жетеді. Қазақ шешендерінің сөз қолдауындағы
бұл бір өте шебер әдісі.
Батаның тағы бір
жүйесі әзіл-оспаққа, юморға құрылады.
Бұнда сараңдық, дүниеқоңыздық,
ынсапсыздық әшкерленеді. Шешендік бата сөзінің
бұл жүйесі шешендік сөздер арасында мол.
Шешендік бата сөздердің
үлгілері халық арасында өте көп. Бата да
қазақ ауыз әдебиетінің ең көлемді бір
түрі және ол әр дәуірде жаңғырып
жалғасын тауып отырған.
Сынау сөз. Шешендік батағой сөздің
енді бір саласы-сынау сөз. Оның алғашқы
нұсқаларын Асанқайғы сөздерінен көруге
болар еді. Мысалы, «Он жылда бес саулық мыңға, бес қара
жүзге жететін жердің құты екен, аттың сауырына
сыймайды-ау, артыма сала кетер едім», - деп жерге, «Төс табаны төрт
елі қорлар жүрер жер екен, төсегінен түңілген
ерлер жүрер жер екен», - деп шөлге; «Жалқұйрығы
қанат екен, төрт аяғы болат екен», - деп жылқыға
айтқан сөздері сынау сөз үлгісі десек болғандай,
ал Абайдың «Аттың сыны» шығармасы осы үлгілердің
жалғасы, шарықтау биігі.
Табиғатпен етене жақын ат
жалында, атан қомында өскен қазақтың арасынан
талай сыншы саяткер, құсбегілер мен атбегілер шықты емес пе?
Жер мен малға ғана емес,
адамдарға арналған сындар да алуан түрлі. Ата балаға,
көпті көрген көне көз жас талапқа сын айтып, болашағын болжау, бұл
дәстүр ежелден қалыптасқан және жас талаптың
сол сыншыға өзі барып та сынату, бата алу дәстүрі
болған.
Сөз кұдіретін күш
беретін шешендер шеберлер ауыз екі сөйлеп, сәлемдескенде, не
болмаса жауаптасқанда шешендік сөздер,
өлең-тақпақтарды пайдаланған. Шешендік
сәлемдесу сөздерін тұрмыс салт жырларында, батырлар
жырларында, дастандарда кездестіруге болады. Сондай сөзге «Қамбар
батыр» жырындағы Келмембеттің Әзімбайға,
Жәдігердің Қамбарға, Қамбардың
Қараманға тұспалдап айтатын сөздері жатса керек.
Қазақтың
мақал-мәтелдерін поэтикалық құрылысына
қарай: қара сөзді және өлең сөзді деп
екі жікке бөлуге болады. Қара
сөзді мақал мәтелдер әдетте кемі екі сөзден
тұрады, ішкі ұйқасты негізге алады.
Мақал-мәтелдердің көбі
өлең сөзге құралған, себебі
жоғарыдағы мақал-мәтелдердің өзін (қара сөзді) бір
тармақ деп қарауға болар еді. Алайда, өлең деп
аталу үшін кемі екі тармақ болуы шарт. Жалпы өлең
сөзді мақал-мәтелдерді екі тармақты, үш тармақты,
төрт тармақты, көп тармақты деп қараймыз.
Қазақтың би-шешендерінің образын жасаған
төл әдебиетіміздегі тарихи прозаны зерделей отырып,
төмендегідей тұжырымдар жасадық:
-Қазақтың
би-шешендері образын сомдаған ұлттық тарихи прозаның,
бәрінен бұрын, қазақ этносының өзіндік
болмыс-бітімін, кескін-келбетін бейнелеуге қосылған үлкен
үлес .
-Жалпы адамзаттық
құндылықтар қатарынан табылатын
қазақтың шешендік өнерінің төл
әдебиетіміздегі сонау көне дәуірде дүниеге келген
шығармаларда да көрініс беруі, ал, мұның өзі
ұлттық болмысымыз бен қанымызға сіңген
айрықша ерекшелік.
Жалпы, қазақ
би-шешенінің көркем туындыда сомдалуының дәстүр
мен жаңашылдық сияқты философиялық ұғымдар
аясында қарастырылуының әр кезеңдегі, әр
уақыттағы әр түрлі стильдік даралығымен
ерекшеленетін қазақ тарихшылары еңбектері қомақты үлес
қосқан.