ӘОЖ: 612.11+612.15
Арал өңірінің әртүрлі
аймағы
тұрғындарының сыртқы тыныс алу параметрі
және оның гипоксиялық –гиперкапниялық тыныс алу
жаттығулар кезінде өзгеруі
Л.Нұрғазиева,
С.Ж. Ибадуллаева, О.Омирзаков*
(Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ, облыстық медициналық орталық*, Қызылорда
қаласы)
Алға
қойылған міндеттерді шешу үшін 2011-2013 жылдары Арал өңірінің
153 тұрғыны қатысқан зерттеу жұмысы
жүргізілді, олардың 51-і қызылордалық, 52-ы
солтүстік аудан, 50-і оңтүстік аудан тұрғындары. Зерттелінушілердің респираторлық
жүйесінің функционалдық жай-күйін бағалау
2011-2013 жылдарының әр мезгілінде спирометриямен анықталатын
өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), стандартты
әдіспен анықталатын тыныс жиілігі (ТЖ) анықтау
жүргізілді.
Жүргізілген
зерттеулерде оңтүстіктік, қызылордалық және
солтүстік қыздарда семестрдің басында өкпенің
тіршілік сиымдылығы ҚӨК-сіз топта тиісінше 2847±102, 2628±74
және 2540±112 мл, ал тыныс алу жаттығулары тобында тиісінше
2725±116, 2656±98 және 2574±92 мл тең болды. Әрбір
семестрдің соңында ӨТС біраз жоғарлағаны
байқалды: ҚӨК-сіз топта тиісінше 1,2, 1,1 және
0,9%-ға жоғарылап, 2881±98, 2656±78 және 2662±110 мл
тең болса, ал ҚӨК-ті
топта тиісінше 5,2, 7,4 және 6,5%-ға көтерілді және
2866±114, 2852±96 және 2741±90 мл тең болды (сурет 1). Эксперимент
көрсеткендей Арал өңірінің факторлар кешені
қыздардың ӨТС-на қолайсыз әсер етеді;
Аралға жақын аудандардың тұрғындарында ӨТС
шамасы төмен болып, ӨТС шамасы мен қыздардың
тұратын аймағының Арал теңізінен
қашықтығы арасында тәуелділік байқалды.


1-сурет. Арал
өңірінің әртүрлі аймағында тұратын
қыздардың ӨТС-ның орташа шамасы (мл)
Алынған
мәліметтерді талдай отырып, жүргізілген зерттеуде
анықталған ӨТС шамасын зерттелінушілердің жасы мен бойының
ұзындығына сәйкес болу керек
МӨТС (міндетті ӨТС) салыстырып көрейік. Мәселен
оңтүстіктік,
қызылордалық және солтүстіктік қыздардың МӨТС тиісінше 3610, 3570 және
3510 мл болуы керек. Біз тіркеген ӨТС шамасы міндетті шамадан біраз
айырмашылықта (тиісінше орташа 22,8, 26,0 және 27,2%) және
үлкен айырмашылық Арал
теңізіне жақын орналасқан аудандар тұрғындарына
тән болды. ҚӨК арқылы тыныс жаттығуларын жасау
қыздардағы ӨТС көрсеткішін жоғарлатып, оны
МӨТС көрсеткішіне жақындататыны анықталды. Жігіттерде ӨТС қыздарға
қарағанда айқын жоғары болды: ҚӨК-сіз топта
семестрдің басында оңтүстік, қызылордалық
және солтүстіктік жігіттерде ӨТС тиісінше 3219±86, 2978±78
және 2895±102 мл болса, тыныс алу жаттығулары жүргізілген топта семестрдің басында оңтүстік,
қызылордалық және
солтүстік жігіттерде ӨТС
тиісінше 3205±60, 2952±98 және 2828±116 мл тең болды.
Семестрдің соңында ӨТС жоғарылағаны
анықталды: ҚӨК-сіз
топта тиісінше орташа 3,1, 1,9
және 1,3% -ға, ҚӨК-ті топта тиісінше орташа 6,2%, 5,5%
және 5,6%-ке көтеріліп тиісінші ҚӨК-ті топта 3318±88,
3034±80 және 2932±100 мл, ал ҚӨК-ті топта тиісінше 3403±62,
3114±100 және 2986±114 мл тең болды (сурет 2).
Арал теңізінен
алысырақтағы оңтүстік аудан жігіттерінің ӨТС қызылордалық
және солтүстік аудан тұрғындарының
көрсеткішінен жоғары болды және ӨТС мен
жігіттердің туған жерінің Арал теңізінен
қашықтығы арасындағы тәуелділік байқалды.


2-сурет. Арал
өңірінің әртүрлі аймағында тұратын
жігіттердің ӨТС-ның орташа шамасы (мл)
Жүргізілген
есептеулер оңтүстіктік, қызылордалық және солтүстіктік
жігіттердің МӨТС орташа мөлшері тиісінше 4733, 4733
және 4705 мл тең, бұл
тіркелген көрсеткіштерден тиісінше 32,1, 37,4 және 39,2%-ға
жоғары болып, Арал теңізінен қашықтаған
сайын өзгерістердің
айқындылығы төмендей беретіні көрсетті. Жүргізілген гипоксиялық-
гиперкапниялық жаттығулар жігіттердің ӨТС шамасын
жоғарылатып, оны МӨТС көрсеткішіне жақындатты. Осылайша
жүргізілген эксперименттер Арал өңірінің әр аймақ
тұрғындарының ӨТС
осы жас пен бойдың ұзындығына сәйкес міндетті көрсеткіштен
төмен екенін, әсіресе жігіттердің көрсеткішінде
үлкен айырма бар екенін көрсетті. Сонымен бірге
неғұрлым Арал теңізінен қашықтаған
сайын ӨТС шамасы жоғары
болатыны анықталды.
ҚӨК
арқылы гипоксиялық- гиперкапниялық жаттығуларды
ұзақ жасау (4 семестр
бойы) қысқа циклды жаттығуларға қарағанда
қыздардың да,
жігіттердің де ӨТС көрсеткішіне жағымды әсер
ететіні анықталды.
Жүргізілген зерттеу жұмысының келесі
кезеңінде тыныс алу жиілігі анықталды. Жүргізілген
экспериментте зерттелген барлық топта қыздарда да, жігіттерде де ТЖ
минутына 13-16 соғу аралығында
болды, дегенмен әрбір семестрдің соңында бұл
көрсеткіштің
6,7-7,1%-ға жоғарылағаны тіркелді (3,4- суреттер).
Жүргізілген
есептеулерде семестрдің басында ҚӨК арқылы
жаттығу жүргізілмеген топта оңтүстік,
қызылордалық және солтүстіктің қыздарында ТЖ минутына тиісінше 14, 15
және 14 рет соғуды көрсетсе, ҚӨК арқылы
жаттығу жүргізілген топта 15, 14 және 14 рет соғу екені
анықталды. Семестрдің соңында ТЖ ҚӨК арқылы
жаттығу жүргізілмеген топта оңтүстік,
қызылордалық және солтүстіктің қыздарында минутына тиісінше 15, 15
және 15 рет соғуды көрсетсе, ҚӨК арқылы
жаттығу жүргізілген топта 16, 15 және 15 рет соғу екені
белгілі болды.
Зерттелінушілердің
ТЖ тұрғылықты мекеннің Арал теңізінен
қашықтығына
тәуелді болған жоқ.


3-сурет. Арал
өңірінің әртүрлі аймағында тұратын қыздардың
ТЖ-нің орташа шамасы (мин)
Жігіттерде мынадай
өзгерістер байқалды: семестрдің басында ҚӨК- сіз
топта ТЖ оңтүстік, қызылордалық және
солтүстіктік тұрғындарында тиісінше 14, 14 және 15 рет
соқса, ҚӨК-ті топта тиісінше 14,13 және 14 ретті
көрсетті. Гипоксиялық-гиперкапниялық тыныс алу
жаттығуларынан соң тыныс алу жиілігі 6,9-7%-ға жоғарылап,
ҚӨК-сіз топта тиісінше минутына 15, 15 және 16 рет, ал
ҚӨК-ті топта 14, 15 және 14 рет екені анықталды.
Жүргізілген есептеулер барысында ТЖ зерттелінушілердің
тұрғылықты мекенінің Арал теңізінен
қашықтығына
байланысы анықталған
(сурет 4).


4- сурет. Арал
өңірінің әртүрлі аймағында тұратын
жігіттердің ТЖ-нің орташа шамасы (мин)
Әдебиеттерге
жасалған шолу Арал өңірі тұрғындарының
ТЖ-нің біз тіркеген көрсеткіштері қыздарда да, жігіттерде де
экологиялық “таза ” аймақ тұрғындарының
көрсеткіштерінен 10 мин жоғары екенін көрсетті [1].
Зерттелінушілердің
гипоксикалық- гиперкапниялық тыныс жаттығулары кезіндегі
ӨТС анықталған шамасы әдебиеттерде
мақұлдана бермейді. Мәселен, дені сау
зерттелінушілердің тыныс алудың көлемі мен минуттық
көлемінің максималды жоғарылауы ҚӨК арқылы
күнделікті тыныс жаттығулары аяқталғаннан кейін (20
тәулік бойы 20 минуттан )13 – тәулікке қарай тіркелінетіні және
осы кезде ӨТС және ТЖ шамаларының өзгермейтіні жайлы
мәлімет бар [2]. Айырмашылық біздің зерттеуімізде тыныс
жаттығуларын ұзақ жүргізумен түсіндіріледі,
оның үстіне Арал өңірі
тұрғындарының ӨТС көрсеткіші міндетті
шамадан біраз айырмашылықта.
Біздің мәліметтеріміз тыныс алу
жүйесінің функционалдық резервінің нақты
жоғарылауын дәлелдейді, себебі жаттыққан
зерттелінушілердің велоэргометрде мөлшерленген жүктемеде ТЖ
аз жоғарылады. Дені сау зерттелінушілерде тыныс жолдары көлемін жоғарылату кезінде тыныс
жаттығуларын 20 минуттан 30 күн бойы жүргізу бақылаумен
салыстырғанда О2-ні пайдалану айқын емес екені
анықталды, сонымен бірге
күші минутына 500 кг велоэргометрде 10 минут жұмыс кезінде
ТЖ мен минуттық көлемінің жоғарылататыны белгілі
болады.
Өкпенің
созылмалы арнайы емес ауруларында 12-13 күн 20 минуттан ҚӨК
арқылы тыныс жаттығуларын жасау өкпенің вентиляциясын
жақсартатыны, ТЖ-нің төмендеген кезінде байқалатын
сыртқы тыныс алудың функционалды резервтерін жоғарылататыны,
яғни біздің жағдайымыздағы сияқты сыртқы
тыныс алу параметрлерінің өзгерісіне ұқсас екені
қызық жағдай [3,4]. Осылайша жүргізілген зерттеулер
Арал өңірінің экологиялық қолайсыз
жағдайларында МӨТС –ке
қарағанда ӨТС-ы әсіресе жігіттерде төмен
екендігін, сонымен бірге тыныс алу жүйесінің резервтік
мүмкіншіліктерінің қыздарда да, жігіттерде де төмен
екендігі, бұның зерттелінуші неғұрлым Аралға
жақын тұрған сайын айқындалатындығын
анықтайды. ҚӨК
арқылы тыныс алу жаттығулары зерттелінуші организміне оң әсер
етіп ӨТС шамасын МӨТС
шамасына жақындататыны, сонымен қатар тыныс алу
жүйесінің функционалды резервтерін ұлғайтатыны,
әсіресе жаттығулар неғұрлым ұзақ
жүргізілсе, өзгерістер соғұрлым айқынырақ
болатыны айқындалды.
Резюме
В данной статье
приводятся данные по изучению функциональных показателей дыхательной системы
жителей Приаралья. Выявлено снижение показателей респираторной системы у
жителей северных регионов. Использование гипоксически-гиперкапнических тренировок
оказала благоприятное воздействие на изучаемые показатели.
Summary
This article
presents data on the functional parameters of the respiratory system residents
Aral Sea. Identified reductions in the respiratory system among residents of
northern regions. The use of hypoxic-hypercapnic exercise has a beneficial
effect on the studied parameters.
Әдебиеттер
тізімі
1. Превентивная кардиология
/ Ред.Г.И.Косицкий. - 2-е изд. М.: Медицина, 1987. - 512 с.
2. Kuleshov V.I. Breath at hyperbaric oxygenation and dosed hypercapnia //
XXXIII Internat. Congr.Physiol.Sci. St.Petersburg, 1997. Abstr.P032.06.
3. Ибадуллаева С.Ж. Функциональные показатели кардио-респираторной
системы, клеточный состав крови у жителей Приаралья и их коррекция с помощью
гипоксически-гиперкапнических тренировок. - Автореф.дисс… канд.биол.наук.
Алматы, 1998. - 24 с.
4. Маскеев К.М., Иоффе
Л.Ц., Макетова С.С. и др. Клиническая эффективность тренировок дыханием через
дополнительное «мертвое» пространство при неспецифических заболеваниях легких
// Гемодинамические и дыхательные функции организма при гипоксии и гиперкапнии.
Алма-Ата, 1984. С.72-78.