Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,

            Абай атындағы ҚазҰПУдың доценті

            Әлібаева М.С., п.ғ.к.,

            Абай атындағы ҚазҰПУдың аға оқытушысы

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ КӘСІБИ-ҚАТЫСЫМДЫҚ МАҢЫЗЫ

 

       Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада тілтанымдық-қатысымдық бағытта үйрету мәселесі, ең алдымен, сөйлесім әрекеті және оның түрлерімен тығыз байланысты. Қазақ тілін меңгерту мәселесіне қатысты сөйлесім әрекетін, оның жеке түрлерін зерттеп, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен тілді меңгерудегі мәні мен алатын орнын ажыратып, айқындау – қазіргі көкейкесті проблема.

      Тіл объективті дүние туралы ақпараттың басты құралы екені, қоғам тіршілігіндегі түрлі мемлекеттік қызметтерді: заң қызметін, ғылым қызметін, білім қызметін және ұлтаралық келісім қызметін жүргізіп, жүзеге асыруға арналғандығы адамзат өркениетімен айқындалды.

      Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу қоғамда ақпараттандырудың  негізгі шарты.

      ХХІ ғасырдың 90-жылдары басынан экономика, саясат, әлеумет салаларында болып жатқан күрделі өзгерістер де өз әсерін білімге де тигізіп отырғаны анық. Білім – адам қоғамының дамытушы факторы екені белгілі. Білім беру арқылы бүгінгі мектеп студентсы ертеңгі өз бетімен шешім қабылдап, қажетті ақпарат жинап, өңдеп, орынды жұмсаушы маман ретінде қалыптасады. Білім алу арқылы адамзат ұрпағы өзінің алдыңғы ұрпақ легінен биік деңгейлерге даму жолын таба алады, тани алады. «Бүгінгі білім саласында алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету». Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және  автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді.

 Сондықтан,

Айтылым үдерісі бойынша:

·                    әңгімелесу кезінде байланыс орната білу және оны іске асыру;

·                    ақпаратты хабарлау және оны сұрау;

·                    серіктесін сөйлеу әрекетіне тарту;

·                    пікірін білдіре отырып, серіктесінің жауап қайтару реакциясын туғызу;

·                    студенттің пікірін қалыптастырып, серіктесінің жауап қайтаруын сұрау;

·                    әңгімелесу кезінде белгілі бір жағдайларға қатысты көңіл-күйін білу, досының көңіл-күйін білу.

Оқылым үдерісі бойынша:

·                    мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп оқу;

·                    мәтіннің мазмұнын толық түсініп оқу;

·                    мәтіннен керекті не өзін қызықтыратын ақпаратты таңдап оқу.

Тыңдалым үдерісі бойынша:

·                    күнделікті қарым-қатынас жасау кезіндегі қажетті әдеби-сөйлеу тілін түсіне білу,

·                    әңгіменің мақсаты не туралы екенін анықтау, түсінбей қалған жағдайда таныс емес сөздердің мағынасын қайталап сұрау арқылы сөйлемді толықтай ұғыну;

·                    әр түрлі хабарламаларды мәтіндерді есту арқылы түсіну.  

Жазылым үдерісі бойынша:

·                    өз ойын, пікірін, көзқарасын сауатты жаза білу;

·                    мерекелерге арнап қысқаша құттықтаулар жазу, өзінің тілектерін білдіру;

·                    сауалнама, бланкілерді, т.б. толтыруды игерту;

·                    хат, жеделхат, резюме жазуды меңгерту, т.б. 

     Студенттердің қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыруда басқа да құзіреттіліктерге назар аударған жөн. Бұл оқыту үдерісінде оларды әлеуметтендіруге, олардың танымдық қабілеттерінің дамыту жолдарын, студенттің өмірлік жағдаяттарда тілдік қатысымға түсу түрткілері мен қажетіліктерін  түсінуге жәрдемдеседі.

      Қазақ тілін оқытуда тілдік құзіреттілігін қалыптастыру маңызды.

        Тілдік құзіреттілік.

Қазақ тілінің фонетикасы:

·        Қазақ тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айту және естіген кезде бір-бірінен ажырата білу;

·        Дауысты дыбыстарды, соның ішінде, қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айта білу;

·        Қазақ тіліндегі үндестік заңы; интонация, ой екпіні;

·        Қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі;

·        Орфоэпия, орфография заңдылықтары; т.б.

Қазақ тілінің лексикасы:

·        Омоним

·        Синоним

·        Антоним

·        Көп мағыналы сөздер

·        Тұрақты сөз тіркестері

·        Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, т.б. 

Қазақ тілінің грамматикасы: 

·        Қазақ тіліндегі сөз таптары

·        Зат есімнің грамматикалық категориялары

·        Етістіктің шақ категориясын игерту

·        Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері

·        Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы

·        Жай сөйлем

·        Құрмалас сөйлем

·        Салалас пен сабақтас сөйлемдердің арасындағы ерекшеліктер т.б.  

       Студенттердің сөйлеу шеберліктерінде материалдарды есте сақтау арқылы меңгерумен қатар, қазақ тіліндегі шығармаларды түсініп, тану үшін үдеріс барысында қалыптасатын тілдік құбылыстарға назар аударуы қажет.

      Сондықтан тілдік және қатысымдық құзіреттілік бір-бірімен  тығыз сабақтасады. Студенттер тілдік жағынан білім алуды сөйлесім әрекетінің түрлерімен тығыз байланыстыра отырып, тілдесім арқылы жүзеге асырады.

        «Тілдесім – тілдік қатынастың ең маңызды тірегі бола отырып, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның із жүзінде қолданылуына мүмкіндік береді.  Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады». Сондықтан тілдесімді қалыптастыруды тілдік жағынан білім берудегі ерекшеліктермен сабақтастыра игертудің маңызы зор.

1. Тілдесімнің дұрыс айтылу жағы

2. Тілдесімнің графикалық жағы

3. Тілдесімнің лексикалық жағы

4. Тілдесімнің грамматикалық жағы

Тілдесімнің дұрыс айтылу жағы:

·                      Қазақ тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айту және естіген кезде бір-бірінен ажырата білу;

·                      дауысты дыбыстарды, соның ішінде, қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айта білу;

·                      дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан, жіңішке; жақтың ашылуына қарай ашық, қысаң; еріннің қызметіне қарай еріндік, езулік болып бөлінетіндіктен, олардың дұрыс айтылуына мән беру керек;

·                      дауыссыз дыбыстардың үнді, ұяң, қатаң болып жіктелетіндігін ескеріп, дұрыс айтылуын бақылаған жөн. Сонымен бірге һ, в, ф, х, ц, ч дыбыстары қазақ тілінің байырғы сөздерінде қолданбайтынына назар аударту қажет;

·                      қазақ тіліндегі үндестік заңына: буын үндестігіне және дыбыс үндестігіне тоқталып, студенттердің жоғары деңгейде меңгеруіне мән беру керек;

·                      қазақ тіліндегі үш түрлі: ашық, бітеу, тұйық буындарына тоқталып, оларға мысал келтіру арқылы дұрыс айтып, игеруіне жол ашу;

·                      сабақтас құрмалас, салалас құрмалас сөйлемдерге интонация, ой екпінін түсіріп айта білуге қалыптастыру;

·                      лепті, сұраулы, бұйрықты,  хабарлы сөйлемдерге екпін түсіріп, дұрыс айта білуге дағдыландыру.

Тілдесімнің  графикалық  жағы:

·                    қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесіне мән беру;

·                    орфоэпия, орфография заңдылықтарын басты назарға алу;

·                    оқудың техникалық жақтарын және дұрыс оқылуын ескеру;

·                    түбір сөздің жазылу емлесін, бөлек жазылатын сөздер, біріккен сөздер, қос сөздердің емлесін, қосымшалардың емлесін, орыс тілінен кірген сөздер мен қосымшаның жазылуын, шылау сөздердің емлесін, бас әріптің емлесін меңгерту; т.б.  

Тілдесімнің  лексикалық  жағы:

·                    қазақ тілін игеру барысында студентлар әр сынып материалдарына байланысты лексикалық-грамматикалық минимумды меңгеру қажет;

·                    студенттің сөздік қорын жетілдіріп дамытуда омонимдерге, синонимдерге, антонимдерге, сөздің көп мағыналылығына назар аудартып игерту;

·                    қазақ тілінде кездесетін халықаралық сөздердің (экология, экономика, бизнес, т.б.) қолданылу аясына мән беру;

·                    студентларға зат есімнің жұрнақтары, сын есімнің жұрнақтары арқылы, т.б. жасалған туынды сөздерді меңгерту, т.б.

Тілдесімнің  грамматикалық  жағы:

·                    қазақ тіліндегі сөз таптарына, зат есімнің грамматикалық категорияларына (жекелік және көптік; тәуелдік, септік) тоқталу;

·                    зат есімнің жіктелуін меңгерту;

·                    етістіктің шақ категориясын игерту;

·                    сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелеріне, бастауыш пен баяндауыштың қиысуына тоқталу;

·                    құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен қандай айырмашылығы бар екендігіне назар аударту;

·                    салалас пен сабақтас сөйлемдердің арасындағы ерекшеліктерді меңгерту; т.б.      

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. – Алматы: РБК,  2000. – 207 б.

2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Санат, 1995. – 117 б.

3. Ныязбекова К.С., Бейсенбекова Г.Т. Қазақ тілі (кәсіби-қатысымдық моделі). Оқу құралы. – Алматы, 2012. – 135 бет.