ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР
СТУДЕНТТЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІНТКРІН ДАМЫТУ
Қалышбаева
Г.Д.
ҚИПХДУ,
Шымкент қ., Қазақстан
Жаңарған
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік
деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына
ену бағыттары адамды жоғары маңызды құндылық деп танып, қоғамның
дамуының өзегі болып табылатын болашақ мамандарды
кәсіби даярлау сапасын
жетілдіруді басты бағдар тұтады.
Тиянақты
білімдері мен кәсіби біліктерін оңтайлы сабақтастыра отырып,
кәсіби міндеттерін шығармашылықпен шеше білетін жаңа
тұрпатты маман даярлау үрдісін
студенттердің дербес іс- әрекетінсіз елестету және оны
жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан жоғары оқу орындарында студенттерді даярлауды
қалыптастырудың шарттары үрдісін жаңаша сипатта
қарастырып, олардың сапаларын дамыту негізінде меңгерген
білімдері мен білік, дағдыларын
өзгермелі өмір жағдайында, болашақ кәсіби
іс-әрекетінде қалыптастыру шарттарын қолдана білуге
үйрету маңызды міндет.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының
стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін
дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне
ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның
ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның
рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен
қалыптастырудың шарттарының, танымдық біліктілігі мен
мәдени құндылықтарының жоғары
деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуы.
Бұл
міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі жоғары оқу орындарында
оқыту үрдісінің мазмұндық болмысына
педагогикалық білімді жаңа әдіснамалық
тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа
әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту мен қатар
қалыптастыру шарттарын арттыратын әдіс-тәсілдер мен
оқыту формаларын пайдаланудың қажеттігін көрсетіп, студенттердің
танымдық, шарттарын іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, қалыптастыру
шарттарын қабілетін қалыптастыруда білім мазмұнынын
жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді
қарастырады.
Болашақ
маман кәсіби қалыптастыру шарттарын, деңгейін
өзінің жаңашылдығымен, креативтілігімен, өз ісіне
жауапты қарауы, өзін-өзі жетілдіруі, кәсіби
шыңдау арқылы қол жеткізеді. Сондықтан да болашақ маманның кәсіби
құзырлығын жетілдіру
мәселесі маңызды болып табылады.
Білім беру
үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша
ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық,
педагогикалық-психологиялық, заманауи талаптарына қарай білім
беру әдістері, дүниетанымның ұстанымдарын қайта
қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға
бетбұрыс жасауды талап етеді.
Демек,
студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға
кәсіби даярлығы
қоғам сұранысының өсуі мен мұндай
талапқа сай мамандарды даярлауға байланысты жоғары оқу
орындарына арналған арнайы тұжырымдаманың жоқтығы
арасында; педагогикалық
мамандықтар студенттердің шығармашылық қабілетін
дамытудағы кәсіби даярлық сапасына талаптардың артуы
жеткіліксіз.
Егер, педагогикалық мамандықтар студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби
даярлаудың
әдіснамалық негіздері айқындалып, олардың шығармашылық
тұрғыда өзін-өзі дамыту моделі мен құрылымдық моделі жасалса және педагогикалық
мамандықтар студенттердің
шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби
даярлаудың тиімді кезеңдері
айқындалып, тұжырымдамасы
негізделсе, оларды жүзеге асырудың механизмі мен
педагогикалық шарттары анықталып, әдістемелік жүйесі
ұсынылса, педагогикалық мамандықтар студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту саласынан кәсіби
білігі жетілдіріледі, ал бұл болса педагогикалық мамандықтар
студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыздандырады.
Студенттердің
жіберілген олқылықтарды анықтап, оларды жою және
өздігінен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдысын жетілдіру бойынша жұмыс жасай отырып,
оқулықтағы білім жүйесі қалыптасқан білім
жүйесі бара-бар болуы үшін бұрын меңгерген білімді
қайта топтастыруға, жүйелеуге және қорытындылауға
мүмкіндік туғызып, олардың шығармашылық ойлау
қабілетін дамытуды көздейді.
Бұл, әрине, педагогикалық мамандықтар
студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту үдерісінде қорытындылау, жүйелеу, сұрыптау сияқты
таным тәсілдерін жетік меңгеруді талап ете отырып, студенттерді
ойлау қабілетін дамытуға бағытталған қорытындылау
және жүйелеу сабақтарын құрастыру мен
ұйымдастыруға арнайы дайындық жүргізіп, оған
шығармашылық көзқараспен қарау қажеттілігін
көрсетеді. Мұндай сабақтарды құрастыру мен
ұйымдастыруда
ақпараттық-коммуникациялық құралдарды
пайдалану сабақтың құндылығын арттырады.
«Қазіргі заманда
жастарға әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте-мөте қажет» - деп
Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім
беруде оқу үдерісіне енгізуді оңтайландыру мен
оның тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Бұл істі тиімді жүзеге асыру педагогикалық мамандықтар
студенттердің шығармашылық қабілетін
дамытуға жоғары оқу орындарында алған сапалы білім
деңгейіне байланысты.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Оқушыларды
шығармашылық тапсырмалармен
олимпиадаға дайындау (информатика пәні бойынша).
Әдістемелік құрал. -
Шымкент, ШО ХҚТУ, 1999. -11 б.
2
Miсrosoft access. Әдістемелік
құрал. - Шымкент, МКТУ, 1999. -100 б.
3 БҚБЖ
курсын оқыту барысында студенттердiң танымдық
iзденiмпаздығын қалыптастыру //Физиканы, математиканы және
информатиканы инновациялық оқыту: өзектi мәселелерi
және болашағы: ТМНМК. - Шымкент:
ХҚТУ ШИ, 2004. –Б. 392-396 (Ұ.Б.Исатаевамен авторлық
бірлестікте).