Изимова Ж.., Байкенжеева А.Т

Қорқыт Ата атындағы Қызылода мемлекеттік университеті, Казақстан

Жаратылыстану бағытындағы мамандық студенттеріне «Экология және тұрақты даму» пәнінен  өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

    Қазіргі таңдағы білім беру үрдісі білім алушының шығармашылықпен өзіндік дамуы, өзіндік оқуы және өздігінен жұмыс істеуімен қатар жүретін әлемдік интеграциялық технологиясы жаһандану жағдайында жүріп жатыр.

Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс түрлерін әртүрлі тұрғыдан анықтап, төмендегідей жіктейді[1,2]:

1) ұйымдастыру түрлеріне байланысты: ұжымдық, топтық, жеке-дара жұмыс.

2) мақсатқа бағытталу сипатына байланысты: теориялық және практикалық және зертханалық.

3) логикалық бағыттылығына байланысты: фактілерді бақылау және ұғымның белгілерін айрықшалау, құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтату; өз бетімен игерген оқу материалындағы ұғымдарды анықтату және игергендерді жинақтау;

4) іс-әрекеттің сипаты бойынша: репродуктивті, реконструктивті-вариативті, жартылай ізденісті және зерттеушілік (шығармашылық) өздік жұмыс;

5) танымдық үрдістегі қолдану орнына байланысты: жаңа білімді қабылдау және игеру үшін арналған; алынған білімнің негізіндегі өзіндік жұмыстар;

6) оқытушы ұйымдастыратын СӨЖ-ді өткізілу уақыты мен орнына, оқытушы тарапынан жасалынатын жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне бақылау жасау тәсілдеріне байланысты шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады: негізгі аудиториялық сабақ (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс) үстінде жүргізілетін өзіндік жұмыстар; жоспар бойынша жүргізілетін консультациялар, шығармашылық байланыстар, сынақтар мен емтихандар түрінде оқытушы жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстар;

7) студенттің өз бетімен жұмыс істеу (дербестілік) деңгейіне байланысты: еліктеу, жаттықтыру, шығармашылық, зерттеу өзіндік жұмыстары.

8) аудиториялық СӨЖ түрлері: конспектілеу, алдыңғы үлгі бойынша өзі жазу, дәлелдеу (мысалы, теореманы), дәрістің логикалық карта-сұлбасын жасау, оқытушы сауалына жауап беру, пікірталасқа қатысу, проблемалық сұрақтарға жауап даярлау. Аудиториялық СӨЖ оқу жоспары және оқу пәнінің бағдарламасы арқылы анықталып, оқу кестесімен реттеледі, оқытушының тікелей жетекшілігімен  дәрісте, семинарда, зертханалық жұмыстарды, коллоквиумдарда және т.б. жүргізіледі.

      Психологияда белгілі болғандай оқытушыдан дайын күйінде алған білімнен,  студенттердің еңбектеніп, өзбетінше алған білімді тезірек игеретіні белгілі болды. Өзіндік жұмысты орындау барысында студент материалды игеруге талаптанады, оған зейінін аударады, барлық шығармашылық қабілетін жыйнақтайды. Бейтарап-пассивті қала алмайды. Сондықтан оқытушы дайын білімді бермей, студенттерді ізденуге және шешімін табуға ұйымдастыру қажет.

Өзіндік жұмыстардың мақсаты-студенттерді оқуға үйрету, білім сапасын жоғарлату проблемасын шешу, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту. Бірақ жоғары оқу орнына түсуші студенттердің көпшілгі оқу-кәсіби қызметті игеруге бағытталған белсенділігі қалыптаспаған болып келеді. Қазіргі мектеп бітірушілер ғылыми мәліметтерді және өзіндік жұмыстарды игеруге дайындықтары аз, ал белсенділікті қалыптастыру күшпен келмейді.  Көпшілі студенттерге жаңа оқу жағдайында  рефлекстік бейімделуге, өздігінен ұйымдастыру және өзін-өзі бағалуға,  оқу және кәсіби (мотивация) дамытуына көмек қажет. Өзіндік жұмыстардың маңыздылығы мен оқу жоспарындағы жүктемені есептеу проблеманы шешпейді. Студенттермен кәсіби жұмысты жоғары оқу орнында оқудың жаңа формасын таныстырудан, сонымен қатар оқытушымен қарым-қатынастың жаңа формасын қалыптастырудан бастау керек.  Жоғары оқу орнында оқытудың алғашқы этапы студенттерді объективті позициядан субъективті позицияға ауыстыру-оқуда тең құқылы әріптестікті қамтамасыз етуден басталу керек. Студенттермен диалог инновациялық технология ретінде үйреншікті  және қолайлы болғаны жөн. Мұнда оқытушы «дұрыс білім беруші» ғана емес  оқу-танымдық мәселелерді шешуде өзара түсіністікті, өзара сыйластықты қалыптастыратын, өзін дамыту құралын іздестіруде кепіл болатын тұлға болуы керек. Барлық оқытушылар тұлға аралық қатынысыты белсенді бағытқа қоя бермейді. Оқытушы оқу үдерісі жағдайында туындаған сұрақтарға жылдам жол таба білетін, студенттік кез-келген көзқарасын сабырлықпен тыңдайтын, өз көқарасын еркін жеткізетін болуы керек.

        Студенттерді жеке тұлға ретінде қарайтын болсақ, бүгінгі күнгі оқытудағы шындық бір курстағы студенттердің даму проблемалары әртүрлі деңгейде. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстары жеке тұлғаға бағытталған сипатта болуы керек.  Студенттерді даму проблемасының сипатына қарай жіктеп оқу барысында көмек көрсетуіміз керек. Студенттерді негізгі төрт топқа бөлуімізге болады:

1)                      өзін-өзі дамытатын: кәсіби оқу деңгейі жоғары, олар белсенді, инициативті, оқу барысында нақтылығы жоғары, өзін ұйымдастыруы жаңашыл, шығармашылық қабілетті.  Мұндай студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда күрделі тапсырмаларды құрастыру қажет;

2)                      белсенді: студенттердің кәсіби білім деңгейі ортадан жоғары, мұндай студенттерге дем беру керек, оларға шығармашылық тапсырмалар беру тиімді;

3)                      Бейімделгіш-өсімді: оқу деңгейі орташа.  Мұндай студенттерді оқыту барысындағы қиындықтар  олардың коммуникативті белсенділігіне, өзін-өзі ұйымдастыру және интеллектуальдық дамуына байланысты;

4)                      Пассивті: кәсіби оқу деңгейі төмен, интеллектуальдық ауыртпалықтан қашатын студенттер.  Оларға өзіндік ұстанымы және белсенділіктің жоқтығы тән.

        Студенттерді мұндай кәсіптік білім деңгейіне қарай бөліп оқыту барысында  өзіндік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін қажет.  Оқыту үдерісі барысында студенттердің өзіндік жұмысын төрт түрге бөлуге болады. Оның әрқайсысы мақсатқа бағытталуына және жоспарына қарай айырмашылықтары болады.

1)                      студенттердің атқаратын жұмысының мақсатын және жоспарын құрастыру оқытушының көмегімен орындалады (4-ші топ студенттері үшін);

2)                      студенттің атқаратының жұмысының мақсаты оқытушының көмегімен орындалады, ал оны жоспарлап орындауды студент өздігінен атқарады (3-ші топ студенттері үшін).

3)                       оқытушы берген білімнің шеңберіндегі тапсырмаларды студент алдына мақсат қойып және жоспарлап орындай алады (2-ші топ студенттері үшін)

4)                      жұмыс студенттің өз ұсынысы бойынша орындалады: ол оқытушының көмегінсіз мазмұнын анықтайды, жұмысты жоспарлайды және өз бетінше орындайды(1-ші топ студенттері үшін).

Әдебиет:

1.  Шілдебаев. Ж.   Биология пәндері бойынша оқушыларда экологиялық білім қалыптастыру // Ұлт тағылымы. - 2004. - №4 . - С. 146-150 б.

2. Хамзина Ш.Ш. Теория и практика экологизации высшего профессионального образования (на примере естественнонаучных дисциплин): дисс. канд. пед. наук. - Алматы, 2002. - 141 с.