Бейсенбекова Гулназ Турлыбаевна
Кандидат педагогических наук,
доцент КазНПУ им.Абая
Шаханова Назерке Мейрбековна
Воспитательница КГКП «Ясли-сад №176»
Ересек топтағы балалардың ауызша сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру жолдары
Ересек
топтағы балаларды ауызша
сөйлеуге дағдыландыру және оны жетiлдiру – бүгiнгi
күннiң кезек күттiрмес мәселесi. Ертеңгi
күнгi тiлiмiздiң хал-жағдайын бүгiннен ойлап, алдымен
ауызша сөйлеуге балабақшадан
бастап дағдыландыру арқылы ғана қазақ
тiлiн таза күйiнде сақтауға болады. Бұл қажет те.
Бұл тұрғысында академик Р.Сыздықова былайша
пайымдаған: «Қажеттiктiң бiр себебi ― жалпы
мәдениетiмiздiң, оның iшiнде тiлiмiздiң
әлеуметтiк... қызметiнiң дамуында болып отыр. Сол
дамуға талаптың да күшеюiнде болып отыр. Бұл ―
бiр. Екiншi жағынан, бұрынды-соңды қазақша
тiл, сөйлеу мәдениетi деген мәселелер қазiргiдей белгiлi
бiр мақсат көздеп, кең түрде жан-жақты сөз
болған емес. Сондықтан кезегi
жеткен жайт болып отыр. Үшiншi бiр себебi, жасыратыны жоқ, ауызша сөйлеу практикамызда
не бiлместiктен, не немқұрайдылықтан, не өзге
себептерден қабақ шыта қынжылар кейбiр ақаулар етек
алып бара жатқандығынан
болып отыр.»
Ересек
топтағы балалардың ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастырудың
жоғарыда айтылған жайттардан басқа да бiрнеше
маңызды қажеттiлiктерi бар. Бiрiншiден, ересек топтағы
балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
арқылы олардың адамгершiлiк
қасиеттерi тәрбиеленiп, жеке бас тұлғасын iзгiлендiруге
болады, екiншiден, топ алдында қысылмай сөйлеуге
дағдыланған оқушының бойында лидерлiк қабiлет
жетiлiп, өзiндiк ой-пiкiр айтуға үйренедi, үшiншiден,
айтар сөзiн, жазар ойын нақты
әрi толық жеткiзуге дағдыланған оқушы
сабаққа қызығып, бiлiм үлгерiмi
жоғарылайды, төртiншiден, сөйлер сөзiнде әрбiр
сөздi орнымен, өз мағынасымен қолдануға
дағдыланған шәкiрт ертеңгi күнi қазақ
тiлiнiң мәртебесiн көтерер ұлттық тәрбие
негiздерiмен сусындайды.
Ересек
топтағы балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын
мақсатты түрде әрбiр сабақ сайын әдiстемелiк
жүйеде қалыптастырып отырған жағдайда ғана олардың пәнге деген
қызығушылықтары оянып, сабақтағы белсендiлiктерi
артады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол
өзінің іс-әрекетіне үлкендердің
соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін
қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде ғана емес, жай
қарым-қатынастарда да кіші
жастағы балаларды жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор.
Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде
оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
мәселесi аз зерттелген. Жалпы
ауызша сөйлеу дағдыларын айқындау iсi күнi бүгiнге дейiн бiр
тоқтамға келген жоқ.
Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының көздеген
басты мақсаты ― шәкiрттердiң бiлiмдiк, тәрбиелiк
бiлiктерiн жетiлдiрумен қатар олардың шығармашылық,
ойлау қабiлеттерiн дамытып, тiлдiк қарым-қатынаста
сөйлеген сөздерiнде жаргон, варваризмдер мен қыстырма
сөздерден арылту. Осы мақсатқа сәйкес бірінші сынып
оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға арналған
тапсырмалар мен мәтіндер жүйесі оқу бағдарламасының
мазмұнына лайықталып құрылды. Оқушылардың
ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстары
сатыланып, жеңiлден қиынға қарай ұстанымын
негiзге алып жүргiзiлдi.
Педагогикалық эксперимент жұмыстары барысында кіші
жастағы оқушыларда мынадай
ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тиімді екені
анықталды :
1. Бірінші сынып оқушыларының
айтатын ойларын жинақы әрi толық жеткiзу дағдысы. Кіші жастағы
оқушылардың ауызша сөйлеу
тiлiнде айтылатын ойларына қатысы жоқ сөздер көптеп кездеседi. Кейбiр сөйлемдерде
бiр сөз бiрнеше рет қайталанып, оқушының не айтайын деп
тұрғанын түсiнiксiз етедi. Ондай кемшiлiктер баяншының ауызша сөйлеу
дағдысының төмен екендiгiн көрсетедi. Бірінші сынып оқушыларының
ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың айтатын
ойларын жинақы әрi толық жеткiзуi үшін маңызды
рөл атқарады. Бұл үшiн мынадай мәселелер
ескерiлуi керек:
·
Оқушыдан өз ойын шашыратпай, жинақы айтып беруi талап
етiледі.
·
Сұрақ-жауап әдiсi арқылы шағын диалог немесе
монолог құрғызу жолдары;
·
Қазақ тiлiнен
алған бiлiмдерiн мен бiлiктерiн пайдалана алуы.
2. Оқушылар тiлiнiң
басқа тілдерден енген таза болу
дағдысы. Бірінші сынып оқушылары сөйлеген сөздерiнде басы
артық сөздермен қатар, кiрме сөздердi көп
қолданады.Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруда басы артық, қыстырма сөздердi
қолдануларын жою. Оқушылар
сөйлеген сөздерiнде жаңағы, сол, сол сияқты,
келеятыр, бараятыр, сосынғы,
i-i-i-i т.б. жаргон сөздер мен уже, вообще, ну деген сияқты кiрме сөздердi жиi
пайдаланады. Мұндай қателiктер бақылау экспериментi кезiнде
бірінші сынып оқушыларының сөздерінде жиi байқалды,
сондықтан біз жұмысымызда оқушыларының ауызша
сөйлеу дағдысын қалыптастыруда төмендегiдей
мәселелердi:
·
Оқушылардың сөйлеген сөздерiнде кездескен кiрме
сөздердiң қазақша баламасын түсiндiрудi;
·
Оқушыларға асықпай, әр сөзiн орынды
қолдану жолдарын үйрету,
·
Күнделiктi көшеде, қоршаған ортасында
қолданылып жүрген жаргон сөздердiң зиянын айтып
ұғындыруды есте ұстадық.
3. Оқушылардың тiлдiк
қатысымда орфоэпиялық заңдылықтарды қатаң
сақтауын қалыптастыру дағдысы. Оқушылар сөйлеген
кезде орфоэпиялық заңдылықтарды қатаң
сақтауы қажет. Бастауыш мектеп оқушыларының
сөздерiнде кездесетiн тағы
бiр кемшiлiк – оқушылар кiтапта не оқулықта қалай
жазылса, сол түрiнде айнытпай
оқиды. Бұл дұрыс емес. Мұндай жағдайда сөйлеген сөздiң
нақышы кетедi.
Демек
біз оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастыруда олардың орфоэпиялық
заңдылықтарға сәйкес ауызша сөйлеу
дағдыларын жетiлдiруді ескердік.
4. Оқушы сөзінің
әсерлiгiнің болу дағдысы . Мұнда баланың бет бейнесі, ым, ишаралары айтып
тұрған сөзімен үндес болуына, дауыс ырғағы
мен кідірістердің орынды іске асуына зор көңіл бөлінеді.
Оқушылардың сөйлеген сөздерiнде, тiлiнде
кездесетiн тағы бiр кемшiлiк – күнделiктi сөйлеу тiлiнде
жауыр болған, әбден ести-ести құлаққа
түрпiдей тиетiн дайын формаларды пайдалануы.Сонымен бiрге тiлдерiнде мақал-мәтелдердi аз
қолдануы. Негiзiнен бірінші сынып
оқушылары мақал-мәтелдердiң мағынасын
түсiнiп тұрса да, оны сөйлегенде пайдаланбайды. Мұндай
кемшiлiктер бала тiлiнiң әсерлiлiгiн бәсеңдетеді.
Сонымен қатар оқушылардың
ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың
сөйлеу әуендерiне, сөзді нақышына келтіріп
сөйлеуіне қатты назар аударылады. Әрбiр ойдың,
сөйлеген сөздiң өзiне тән әуенi болады.
Мысалы, сұраулы сөйлем мен лептi, хабарлы сөйлемдердiң
әуендерi бiрдей болмайтындай, айтылатын ойға қарай
сөйлеу тiлiнiң де өзiндiк әуенi болады. Экспериментте
осы мәселенi ескердiк.
5. Оқушылардың өз ойын,
пiкiрiн жан-жақты дәлелдеу
дағдысы. Оқушылардың ауызша сөйлеу тiлдерiнде кездесетiн тағы бiр кемшiлiк – өз ойын дәлелдi айтып бермеуi.
Мұндай кемшiлiктiң болуына үш түрлi фактор әсер етедi. Бiрiншiсiне –
оқушылардың жұрт алдында сөйлеу
дағдыларының болмауы, яғни олардың басқа адамдардың
арасында ұялуы, қысылуы;
екiншiсiне – оқушылардың тiлдiк норманы сақтамауы.
Сөйлеген сөздерiнде әдеби, диалект, жаргон сөздердi
араластырып, сөйлемдерiн дұрыс құрмауы,
үшiншiсiне – балалардың тiл байлығының төмен
болуы, бұл жерде сөздiк қорында неше сөз бар деген
мәселе емес, бала тiлiндегi мақал-мәтелдердiң,
тұрақты тiркестердiң, әдеби тiлдiң
көркемдеуiш құралдардың аз болуы жатады. Сондықтан
оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруда бұл мәселеге баса назар аударылды.
Жоғарыда аталған жайттардың барлығы бірінші
сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларының
қалыптасуының негiзгi белгiлерiне жатады. Ескеретiн бiр жайт, ауызша сөйлеу дағдыларының
қалыптасу белгiлерiнiң барлығы бiрден, бiр сабақта, бір
сыныпта ғана қалыптасып
біте қоймайды, сатылана, бірте-бірте қалыптасады. Мысалы,
оқушылар тiлi басқа тiлден енген кiрме сөздерден,
қыстырма сөздерден варваризмдер мен жаргон сөздерден таза
болса ғана тыңдаушыға
әсерлi жетедi. Сондай-ақ
өз сөзiн нақты әрi қысқа жеткiзiп
үйренген оқушы ― айтатын сөзiн де жан-жақты
дәлелдей алады. Бұл айтылғандардан ауызша
сөйлеудің аталған негiзгi белгiлерi осы ғана екен деген, ой тумауы керек. Сонымен
қатар, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастыруда олардың эстетикалық талғамдарымен
қатар, сөздердi орынды, мағыналық реңктерiне
қарай өз орнында қолдана алу талғамдарының
болғаны да ерекше маңызға ие. Сонымен қатар,
оқушының өз пiкiрiн дәл әрi анық айтуы да
оның сөйлеу дағдысының қалыптасуында басты
рөл атқарады. Себебi, топ алдында өз ойын әсерлi де түсiнiктi
айтуға дағдыланған оқушы сөздердi орынды
қолданып қоймай, сөйлеудiң әсерлiлiгiн игередi.
Ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасу белгiлерi
бiр-бiрiмен тығыз байланыста және алуан түрлі. Біз
оқушылардың сөйлеу дағдыларын саналы түрде
қалыптастыру үшiн мына мәселелердi:
1.
Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастырудың сапалы
әдiс-тәсiлдерi және оларды қолдану жүйесін
анықтау;
2.
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға арналған мәтіндер мен тапсырмалардың оқу
бағдарламасымен сәйкес болуы;
3.
Оқушылардың ауызша
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған
мәтіндер мен тапсырмаларының тәрбиелiк, бiлiмдiк және
дамытушылық мақсатта болуы және оларды қолдану жолдарын
анықтау.