Лингвомәдени бірліктерді қазақ тілі сабағында
қолданудың әдістері
Есентаева Айгерим
Абай атындағы
ҚазҰПУ-дың
1-курс магистранты
Өзге ұлт
өкілдеріне қазақ
тілін оқыту, орыс және басқа да ұлт мектептерінде
қазақ тілін меңгерту әдістері Кеңес өкіметі орнағаннан
кейінгі Қазақстандағы халық-ағарту ісі
қолға алынғаннан бастап жүзеге аса бастады. Тіл үйретудің әдістемелік
тәсілдері орыс әдіснамасы арқылы қалыптасқанмен,
қазақ тілінің ғылыми базасын мектеп
оқушыларының деңгейіне сәйкес жүйелеп беруде
қазақ ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы,
К.Кемеңгерұлы, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев,
М.Балақаев елеулі үлес қосты. Дегенмен, өзге ұлт
өкілдеріне қазақ тілін оқыту орыс мектептерінде ана
тілін оқыту деңгейінде, тек ғылыми ақпарат беру
дәрежесінде қызмет етті. Ал қазақ халқының
ұлттық болмысын, қарапайым сөйленіс ерекшеліктерін,
тұрмыстық тілдік қарым-қатынастағы ұлттық нышандар толық
ескерілмеді. Оған басты себеп, қоғамдық-саяси
ықпал болса, екінші себеп, өзге ұлт өкілдеріне шет
тілін оқыту әдісінің қалыптаспағаны болды.
Бүгінгі
күні қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуды сан
түрлі әдіс-тәсілдері анықталып, соның негізінде
өзге аудиторияда қазақ тілін меңгертудің
жаңа бағыттағы жаңғыртпа әдіснамасы
қалыптасты, оған қоса, жедел оқыту, жетілдіру
оқыту, ауызша сөйленіске бейімдеп оқыту, ұлттық
мәдениетін терең танытуға бейімдеп оқыту сияқты
технологиялары пайда болды. Осы жаңалықтардың барлығы тіл біліміндегі лингвомәдениеттану
саласының ғылыми-теориялық жетістіктері негізінде жүзеге
асып келеді.
Лингвомәдениеттану
саласы әлемдік тіл білімінде ХХ ғасырдың басында
қалыптасып, бірқатар тілші-ғалымдардың
қызығушылығының арқасында жеке ғылым саласы
ретінде өз мәртебесін алды.
Лингвомәдениеттану
(лингвокультурология) латынның Lingua -тіл, Gultura - мәдениет,
Logos - ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика
мен мәдениеттану пәндерінің торысуында пайда болып,
халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін,
жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда
атаулы бағыттың орыс тіл біліміндегі негізін қалаушы
ғалым В.Н.Телия: "Лингвомәдениеттану
- тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара
қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын
этнолигвистиканын бір бөлшегі". - [1.217]
деп көрсетеді. Лингвомәдениеттану саласының орыс тіл
білімінде теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші
ғалым В.В.Вороьбев оны
"металингвистика" ғылымы
ретінде танытуға ғылыми
бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен
мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен
туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді:
"Лингвокультурология - комплексная научная дисциплина синтезирующего типа,
изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании
и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их
языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов
с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм
и общечеловеческих ценностей)" [2.37].
Ресейлік ғалым В.А.Маслова бұл пәнді
халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды: "Лигвокультурология
- это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая
проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке" [3.8].
Тіл ғылымында
лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен
тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да
ортақтастыратын жаңа ғылым.
Қазақ тіл білімінде
лингвомәдениеттану ғылымы біршама зерттеліп, оған берілетін
анықтамалардың легі де жинақталды. Мәселен, а. сейілхан мынадай анықтама береді: Лингвомәдениеттану- ұлттық сипаты бар деп танылатын
әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси,
адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен
заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді
зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан
лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты -
ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен
халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары
арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен
орнын анықтау деп түйіндеуге болады [4,1б].
Ю.Степанов тіл
мен мәдениеттің өзара сабақтастығы адам
санасындағы ой мен ұғым шеңберін одан әрі
кеңейте түсетінін, адамның, халықтың
дүниетанымын, рухани да, материалдық мәртебесін
дамытатынын, тіл мен мәдениет
бірін бірі екіжақты толықтыра түсетінін дәйектей келе, философтар мен
басқа да ғалымдарды тіл арқылы адамды, халықты,
оның мәдениеті мен өркениетін анықтауға болады
деген теориялық парадигмаға бағыттай бастады [5].
Мәдениет –
адамзат баласы қызметінің жемісі. Қарым-қатынас
құралдарының адам санасына, іс-әрекетіне әсер
етуі, адам болмысын, оның мәдениетінің көрінісін
айшықтайды. Қазiргi таңда
«тiл мен мәдениет, этнос»
мәселесiне қатысты түрлі ғылым саласындағы
зерттеу жұмыстары тiлдің ұлттық сипатын,
ұлттық танымын, ұлттық рухын танытуға
бағытталды. Антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулер
«Тіл-Адам-Қоғам-Табиғат» байланысы
тұрғысынан
қарастырылады. Осыған қатысты келелі тұжырымдар
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов,
Қ.Кемеңгерұлы, С.Аманжолов, т.б. ғалымдардың
еңбектерінен бастау алады.
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне
енуі болашақ маманның лингвомәденитанымдық білімінің болуын талап етеді. Бұл
студенттердің тарихын, өз елінің мәдениетін жете біліп, ұлттық
құндылықтарды
игеруімен байланысты. Студенттің мәдени біліктілігінің
болуы олардың мәдениетаралық коммуникацияға
түсуіне ықпал етеді. Нәтижесінде студент дара тұлға ретінде
қалыптасады. Тілдің халықтық дүниетанымды,
салт-дәстүрді, ұлттық болмысты және т.б.
танытатын этномәдени ақпарат құралы ретінде
жұмсалуынан мәдени-тарихи және
ұлттық болмыс туралы ақпараттарды
мәдениетаралық
қарым-қатынас тұрғысында игереді. Студент
саналы, адамгершілік, қоғамдық
қарым-қатынастардың
мәдени коммуникация
арқылы орындалатынын біледі [6].
Ғалым В.И.Постовалова «...
лингвомәдениеттану ғылымының дамуы философиялық
антропологияның, мәдениеттану мен лингвистиканың негізгі принциптерінің,
идеяларының экспликациясы мен синтезі ретінде көрінуі
мүмкін», - дейді [7].
Лингвомәдениеттану
бағытын қолдана отырып оқытудың тиімді тәсілдері
Ф.Оразбаева мен Ә.Әлметованың зерттеулерінде
қарастырылған.
«Қазіргі кезеңде халықаралық байланысы
күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше
мән беріліп отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік
маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси
байланысына жан-жақты жол ашудан көрінеді» [8, 8].
Ә.Әлметова
«адамның сөйлеу тілі арқылы көрінетін ұлттық
мәдениет қана лингвомәдениеттанудың нысаны» бола
алатынын, «тіл ұлттың
негізгі белгілерінің бірі болғандықтан, сол
халықтың мәдениетін» көрсететінін нақты фактілер арқылы
дәлелдеді. «Шынайы тілдесу тілдік құзыреттілікпен»
шектелмейтінін, «ол лингвоелтанушылық білімді қажет» ететінін
дәйектеп, тілді үйретудегі лингвомәдениеттанудың
рөлін айқындады. Ғалымның тұжырымы бойынша, «қазақ халқы туралы
мәдениеттану мәліметтері сөйлеу әрекетінің кез
келген түріне оқытуда, өнімді түрі болсын, баяндау
түріне оқыту болсын, маңызды рөл атқарады» [9, 131б] .
Ғалым А.Әмірбекова
«қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары» атты
монографиясында лингвомәдени бірліктердің дені ұлттық
стереотиптермен, ұлттық эталондар мен ұлттық
ырым-тыйымдар негізінде толығатынын айта келіп, қазақтың
ырым-тыйымдарының астарында сан түрлі тақырыпты
қамтитын мәдени-этикалық тәрбиелеу таңбаларын
көрсетеді:
Бірінші - гигиеналық
әдептілікті сақтауға бейімдеу таңбалары
Екіншіден,
ырым-тыйымдар арасында этикет таңбалары
Үшінші - келін әдебі
таңбалары
Төртінші - бала
қылығымен өлшенетін таңбалар
Бесінші - киімге қатысты
этномаркерленген таңбалар.
Алтыншы – тағамға
қатысты этномаркерленген таңбалар
Жетінші – үй
тұрмысына қатысты этномаркерленген таңбалар
Сегізінші – төрт
түлікке, жануарларға, құстарға байланысты
этномаркерленген таңбалар [10, 31б]
Осы
бағытты ұстана отырып, өзге ұлт өкілдеріне
қазақ тілін үйрету барысында мына тәсілдерді
қолдануға болады.
1. Амандасу әрекетіндегі ұлттық белгілердің бірі
қазақ халқының «мал-
жаның аман ба», «төрт
түлігің түгел ме» деп сұрау ерекшелігін түсіндіру
қажет. Себебі, қазіргі кезде де ауылдық жерде осылайша
амандық сұрасу дәстүрі көрініс береді.
Мәдениетпен танысушы өзге ұлт өкілі үшін аталмыш
лингвомәдени бірліктер таныс боулы тиіс.
2. Қонақ күту әрекетінде кездесетін «төр»,
«сыйтабақ», «бас ұсыну»,
«құлыға» деп
сұрап алу, «бата беру», «қонақ кәде сұрау» дәстүрлерін, одан туындайтын
лингвомәдени бірліктерін таныту қажет.
3.
Әрбір салада кездесетін ұлттық
ерекшеліктердің мәнін ашып түсіндіріп
отыру керек. Мысалы, заң саласы
бойынша, қазақ халқында «жеті жарғы» заңдар
жинағы болғанын, онда әйелді жесір қалдырмай,
әмеңгерлікпен қайынінісіне қосу, баланы жетім
қылмай, ағайындардың бауырға басу салттарын
көркем әдебиеттен алынған мысалдармен түсіндіру.
Сондай-ақ өзара ішкі дипломатиялық қатынаста кешірім
сұрау белгісі ретінде
ортаға «тымақ тастау» дәстүрлерінің ішкі
астарлы мағынасын түсіндіру керек.
4. Қазақтың фразеологизмдерінің ішіндегі
ұлттық реалийлерді түсіндіріп
отыру. Мысалы, Абылайдың асындай
тұрақты тіркесінің молшылықты білдіруін, бірақ
сол абстрактілі ұғымға неге прецедентті атау Абылайдың
асы таңдалып алынғанын тарихи тұрғыдан түсіндіру
керек. Сондай-ақ «Асан қайғыға салыну»
тұрақты тіркесі арқылы қайғыру,
мұңға түсу мәнін Асан қайғының
тұлғалы болмысымен түсіндіру керек.
5. Тіліміздегі тұрақты теңеуге айналған эталонды
лингвомәдени
бірліктерді танытуымыз керек. Мысалы,
Алдар көсе – қулықтың, Шық бермес Шығайбай
– сараңдықтың, Қожанасыр –
аңқаулықтың прецеденттік эталондары екенін
түсіндіре отырып, Алдар, Шығайбай, Қожанасыр
тұлғаларының халық арасында танылған
өзіндік ерекшеліктерін аңыз әңгімелерден дерек ала
отырып мәлімет беруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Телия В.Н. Метафоризация и ее роль в
создании языковой картины
мира // Роль человеческого фактора в языке. Язык и картина мира. – М.:
Наука, 1988.
2. Воробьев
В.В. Лингвокультурология:
(Теория и методы). М., 1997.
3. Маслова В.А. Лингвокультурология. Москва, 1997.
4.
Сейілхан А. Жан сұлулығына қатысты атаулардың
лингвомәдени белгілері // Тілтаным 2010№4
5.
Степанов
Ю.С Константы. Словарь русской культуры. Опыт исследования. М., Наука, 1993.
6. Серебренников Б.А.,
Кубрякова Е.С., Постовалова В.И., и др. Роль
человеческого фактора в
языке: язык и
картина мира, -
Москва, 1998. с. 15-16
7.
Рахметова А. Қазақ тілі синтаксисін
қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың
ғылыми-әдістемелік негіздері, - Алматы, 2010
8. Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. –Алматы: АнАрыс, 2009. -368 б.
9. Ә. Әлметова. Сұхбаттасу мәдениеті. – Алматы:
Толағай, 2007.
10. Әмірбекова А. Қазіргі
қазақ тіліндегі жаңа бағыттар. – Алматы, 2011