Қарағанды
қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы №76
білім беретін орта мектебінің технология
пәні мұғалімі Мұстафина
Ботакөз
Технология сабағында жаңа технологияларды қолдану
арқылы сәндік стильді қалыптастыру
Бүгінгі таңда технолог, дизайнер мамандар ұлттық киімнің эмоционалды-көркемдік бейнесін,
қазіргі өндірістің жаңа технологиясын, жаңа әдісін, жаңа матасын пайдалана отырып,
бүгінгі күн талабына сай костюмнің моделін жасауға ұмтылады. Ең басты міндеті
жаңа модель құруда ұлттық киімнің
рационалдық принципін, құрылымдылық
ерекшелігін сақтау. Сәнді әшекейлері аксессуарлары республиканың барлық
әлеуметтік топтары арасында
әрқашан үлкен сұранысқа ие.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы сәндік стильді қалыптастыру
процесі, көркемдік пішін қалыптастырудың әр түрлі
аспектеріне тікелей қатысты
бола отырып, ұлттық дәстүрді де есепке алады. Ұлттық киімнің пішіні мен
құрылымы, оның элементері
әрқашанда мата түріне, оның созылымдық (пластикалық) сипатына, фактурасына,
ою-өрнегіне бағынышты.
Киімнің конструкциялық принциптерінің шешімі, алдын ала ойластырылған жоба, пішім
мен сенімнің сәйкестігі, мата
мен пішін қолданысының үйлесімділігі киімнің жаңа үлгісін жасауда шешімнің үлгісі болып табылады.
Қазіргі сән үлгілерінде ұлтаралық белгілермен
қоса, әр елдің
өзіне тән интернационалдық тұрмыс-салттық ерекшеліктер, ұлттық
мәдениет түрі, ұлттық дәстүрі көрініс тапқан.
Ұлттық киім халықтық өнер сияқты қазіргі модельдеу
үлгісін дамытып, әрі байыта отырып, онымен сіңісіп кететінін уақыт көрсетті.
Тігінші сәнгерлердің ұлттық өнердің заңдылығын терең
түсіне отырып, дәстүрді
жаңаша ойлауы шығармашылық іс-әрекетіне жаңа бағыттар ашады. Жаңалыққа ұмтылушылық
мәдениет пен техника дамуында негізгі
қозғаушы күш болып саналады. Бұл жағдайда шығармашылық
үшін белсенді әрекет жасау құралы болып халық
философиясын бойына жинақтаған
ұлттық киімдер саналады. Мәдениеттің бір
құрамдас бөлігі
ретінде киімді модельдеу де ұлттық бояуға,
нақышқа, ұлттың сипатқа ие болуы тиіс.
Сәнді құрылымдық және көркемдік-бейнелілік
бірлікке қол жеткізуінің тәсілдері мен құралдары оларға терең талдау жасауды қажет
етеді. Оған түстер мен
қарама-қарсы түстердің үйлесіміне және
конструктивті сызықтар жасаудың пластикасы мен айқын силуэтті сызықтардың сәйкестігіне
негізделген мүсіншілік пен пластикалық
принциптер жатады.
Кез-келген халықтың өмір сүріп жатқан
тұрғылықты жерінің геологиялық құрылымына сай
оның өнері мен мәдениеті де дами түсті. Қазақ
халқының ұлттық киімі мен қолөнерінің
қалыптасуына
елдің экономикалық сауда-саттық, климаттық және әлеуметтік
жағдайлары мен діни сенімдері әсер етті. Онда халықтың әсемдік талғамы,
өмір салты, өткендегі әлеуметтік хал-ахуалы айқын
сезіледі. Түр-түсі, пішімі жағынан қазақтың
киім-кешегі
әлеуметтік топтардың бәріне бірдей ортақ . Қазақстан Республикасының
әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасында да:
«Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени
даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар
аудару, прогрессшіл халық дәстүрлері мен
әдеп–ғұрыптар мен өнерге, халықтардың
рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің
барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау,
барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен
дербестігін мойындау»–деп, атап көрсетілген
Қазақстанның
тәуелсіздікке қол жеткізуіне орай ұлттық киімдерді
тарихи түп–тамырына сәйкес, сондай–ақ бүгінгі күн
сән бағытының даму талаптарына сай өндіру
қажеттілігінің арта түскендігіне күмән жоқ.
Қазіргі заманға ұлттық костюмдерді дайындау
барысындағы оларды модельдеу, құрастыру әдістері мен
тігу технологиялары да өзіне тән жаңашылдыққа ие.
Сәндік өзгерістер өздерінің айқын ашық
үстемділігіне қарамастан
ұзақ сақталмайды, өйткені адам баласы әр уақытта
жаңалыққа, түрленуге ұмтылады. Сәннің
ауысып отыруы,
өмірдің тынысы тәрізді, ырғаққа бағынышты. Сәнді киімге әр
түрлі себептер, мәселен, көркем бағыт та, әлеуметтік
оқиғалар да, тоқымашылардың экономикалық қулығы да, ұрпақтардың
қақтығысы да, өткенге
деген сағыныш та әсерін тигізеді.
Сән – барлық әлеуметтік өзгерістер ішіндегі
ең сезімтал «құрал», күрделі
психологиялық құбылыс.
«Өнерлі
адам өрге жүзеді» дегендей сән өнерімен адамның
сүйіспеншілігі даңқы
арта түседі.
Ұлттық
сән өнері мен дәстүр сабақтастығы рухани
күш, өте нәзік, көзге көрінбейді,
қолға ұстауға келмейді, яғни абстракциялы
құбылыстардың бірі. Ұлттық сән өнері
істеген іспен, айтылған сөзбен, жазылған сөздермен
сыртқа шығады, халық өнерінің отты
өмірінің шындығы, қазіргі өмір және келешек
өмір шын жалпы ұлттық өнер енді ғана мәдени
жолмен дами бастады.
Ал ұлттық
өнерді халық өнерінің тарихи сабақтастығын әлемдік
өркениет деңгейін
көтерушілік, біздің ойымызша келешек ұрпақты
өнер өресіне мәпелеп тәрбиелеу: барлық
кітаптарға әдістемелік нұсқауларға
ұлттық өнердің не екенін түсінікті, тартымды
тілмен жазып, ғылыми негіздемелерін қалыптастыру.
Қолданылған
әдебиеттер:
1
Асанова С. Қазақтың
ұлттық киімдері – Астана:. Фолиант баспасы, 2008
2
Асанова А., Г.Тастанбекова Киімді тігу
технологиясы – Астана: Фолиант баспасы, 2008. – 43 б.
3
Неменский
«Мудрость красоты»