Қарағанды қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы №76

 білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Мейрханова Раушан Оралкановна

Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – ақпараттандыру

 

 Қазақстан Республикасының білім жүйесін реформалауда орта білім беретін мектептердің әлемдік білім кеңістігіне ену үдерісі педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін тудырады. Қазақ тілінің жаңа ақпаратты технологияларды қолдану арқылы қарқынды дамуы, оқу үрдісінде оқыту әдістерінің тиімділігін арттырады. Осыны жүзеге асыру үшін  келешекте мектеп оқулықтарының орнына электрондық оқулықтарды пайдалана білуімізді қажет етеді. Электрондық оқулықтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, оқып үйренуге талпындырады.

Қазақ тілін нәтижелі үйрету, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, сұранысын туындыру-бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі.

Ғылыми және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы, заманның талабына қарай қазақ тілін оқытудың маңыздылығы зор. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Қазақ тілін оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын негізге ала отырып жүргізген дұрыс.

Бүгінгі күннің талабына сай қазақ тілі сабағын жүргізгенде  жоғары жетістікке жету барысында компьютерлік технологияның маңызы жоғары. Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазақ тілін  даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі келеді. Қазақ тілі пәні мұғалімдері компьютерге байланысты бағдарламаларды  игергендер үнемі білімін жетілдіріп, біліктілігін шыңдаған дұрыс. Өйткені уақыт өткен сайын техниканың жаңаруы мен дамуына сәйкес бағдарлама пакеттері ескіріп, жұмыстың тәсілі өзгереді. Осы айтылғандармен қазақ тілін дамыта оқу үшін, пән мұғалімдері көштен қалмай үлгеріп жаңару жұмыстарын жүргізу керек.

Қазақ тілін жаңаша оқыту барысында сабақта жан жақты технологияларды ұтымды сабақты түсіндіру барысында қолданып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқыту кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету. Жаңа технологиялар дәуірі қазіргі мектеп оқушыларының қазақ тілін жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесінің мазмұны айқындалып, соңғы ғылыми жаңалықтар негізінде толықтырылады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Мемлекеттік тілді оқытуда соңғы мақсатты нәтиже – қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану.

Дәстүрлі оқытуда оқытушы дайын, толық ақпаратты берген болса, оқушы тек соны тыңдап, ақпаратты оқытушы арқылы қабылдап отыратын. Сабақта көбіне репродуктивті әдістер, жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, мазмұндау және т.б. қолданылды. Егер дәстүрлі оқытуда оқу тәрбие үрдісінде басты рольді мұғалім атқарса, технологияның көптеген түрлері қамтылған қазіргі жағдайда белсенді қызметті оқушы атқарады, яғни өзі ізденеді, өзі оқып, өзі үйренуіне мұғалімнің ролі зор. Ал мұғалім сабақты ұйымдастырушы, кеңес, бағыт-бағдар беруші. Әрбір оқушының жеке мүмкіндіктеріне байланысты қызығушылықтарын арттырып, берілген тапсырмалар олардың қабілеттерін ашуға бағытталады

Оқушылардың білім дағдыларын қамтамасыз ету үшін, оқытушы әр сабақта жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Ол қазақ тілі мұғалімінің сөйлеу  шеберлігі, теориялық білімі, ұйымдастырушылық қасиетінің жоғары деңгейде болуымен қатар, құнды жасалған көрнекілік, мультимедиялық презентациялар, аудио, бейнетаспалардың болуы да қажет. Осыған байланысты бір ғана мультимедиялық презентациялар, электрондық оқулықтар тиімділігін айта кетсек:

- тілді үйрену уақытын үнемдеу;

- көрнекілік және түсініктілік принципін пайдалану мүмкіндігі;

- материалды бектіу мүмкіндігінің жан-жақтылығы;

- дидактикалық мүмкіндігінің жоғары деңгейлігі;

- тіл үйренушінің өз бетімен жұмыс істей алуы;

- тілді білу деңгейін бақылау және бағалау.

Қазақ тілі пәні мұғалімдері осы ұстанымды дәріптеуде қазақ тілінің грамматикалық сауаттылығын, көркемдік  құдіреттілігін әрбір сабақты өткізуде болашақ ұлтжанды азаматтардың патриоттық сана сезімдеріне терең меңгертуде ақпараттық технологияларды сабақты түсіндіруде толықтырып, әр уақытта ізденісте болу керек. Дәстүрлі оқытуда қазақ тілі тек плакаттар, әдебиеттермен негізделіп келсе, пәнді қазіргі заманда ақпараттық технологиялары тұрғысында дамыту үшін, оқушыларды мультимедиялық көрсетілімдерді, интерактивті тақталарды қолдану бойынша оқытуға мүмкіндіктер туындады.

Қолданылғпн әдебиеттер:

1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1991

2  Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 2011

3 Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А. Қазақ университеті, 2010