Маржан Бектұрсынқызы Примбетова,

Қазақ гуманитарлық заң университетінің доценті

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі

Қазақстан Республикасы

Астана қаласы

 

ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ  БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ  ИННОВАЦИЯ

 

Қазақстанда  тәуелсіздік  жылдары барысында қоғамның барлық саласында қарқынды даму салтанат құруда.

Жаңа Қазақстан жаңалықққа жаны құмар, әлемдік кеңістікте танымал, өрісі кең, өресі биік елге айналды. Мемлекеттердің интеграциялануы және құндылық бағдарлардың алмасуы кезеңінде әлеуметтік-мәдени даму міндеттерін шешу үшін жаңа типтегі ұлттық білім беру жүйесін дамыту стратегиясы айқындалуда. 

ХХІ ғасырдағы білім беру әлеуметтік тұрақтылық пен мәдениеттер үйлесімдігін қамтамасыз етудің, жастардың рухани-адамгершілік деңгейін, мәдениеті мен денсаулығын сақтаудың, шығармашыл, еркін, белсенді, жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеудің шешуші факторы ретінде қарастырылады. ҚР-да білім беру саласы озық технологиялық деңгейге көтерілуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады.

Еліміздің білім беру жүйесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығы мен қолдауының арқасында үздіксіз және жоспарлы түрде дамуда. Бүгінде Қазақстанда білім беру жүйесін табысты дамытуға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі қазақстандық білімді одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар.

Бұл жаңа бағдарлама білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін жетілдіруге, білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге, білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыруға педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейтуге, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуге, жастардың бойында белсенді  азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік  қасиеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ, республика азаматтарының материалдық, рухани және  әлеуметтік жағынан бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған.

Қазақстандағы ғылым саласына қатысты да оңды реформалар жасалуда. Осындай отандық білім беру саласындағы жаңашылдық пен жаңа бағыттағы  өзгерістер педагог мамандардың ізденісіне жол ашып, сапалы білім беруде ынтасын арттырады. Сонымен қатар өзге елдердегі әріптестерінің озық тәжірибелерімен алмасуда жаңа үрдіс қалыптасуда. Атап айтқанда, ізгі байланыстың бір дәлелі - Халықаралық  мақалалар жинағының жарық көруі (Москва-Астана-Кропоткин, 2013. – 556 с.)

Қазақстанда ұлттық білім берудегі жаңашылдық әлемдік озық технологиялармен үндеседі. Мәселен, сапалы білім берудің негізі – ақпараттық-коммуникациялық, мультимедиялық, виртуальді, интербелсенді оқыту әдістерін қолдану, ақпараттық  технологияларды тиімді қолдану өте қарқынды енгізіліп, нәтижесін көруде.

Мемлекет басшысының білім берушілердің алдына қойған айқын міндеттердің бірі -   Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті –  оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу», - деп атап көрсеткендей-ақ,  қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, қазақстандық білім беру саласында  кейс-стади, видеолекциялар жиі қолданылады.

Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңалықтар пәрмен алуда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.

Білім беру және білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану, оқытудың әртүрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.

Қазақстанда оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы қалыптасқан. Бұл Қазақстан педагогтары тарапынан оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат ететін ізгілікті іс болып табылады.

Қазақстанда оқытушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, сондай-ақ  дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияны қолданудың рөлі зор.

Құзыреттілік – кәсіби әрекет-тәсілдерді жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оған В.М. Соколов былай деп сипаттама береді: «Кәсіби құзіреттілік – дамушы тұлғаны әлеуметтендіру, ішкі жағдай жасау, құнды бағыт беру, табиғатта, қоғамда адамның рухани тәжірибесінде әлеуметтік іс – әрекеттер жүргізе білу».

Студенттің кәсіби мамандықты игеруде білім алуымен бірге өз білімін жетілдіру, үнемі ізденіспен шығармашылықпен айналыса отырып, кез келген қиын жағдайларда шешім қабылдай білетін, қойылған мақсатқа жете білетін тұлға қалыптастыру құзыреттіліктің құрамы болып табылады.

 Қазақ қоғамында рухани мәдениеттің тууы, өмірге келуі, дамып ұрпақтар рухында сабақтастық тауып сақталуы, сонымен бірге жалпы халықтық сипат алып, бүкіл бір этносты қамтып отыратындығы белгілі. Қазақ халық даналығының мерейі мен мақтанышы – мәдениеттің мыңдаған жылдық тарихы, қалыптасу кезеңдері болған құбылыс. Мәдениеттілік және білімділік ұғымдары - бірін-бірі толықтырып тұратын игі және ізгі қасиеттер. Білімді өркениеттің басты бір тетігі дейтін болсақ, кез-келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады. Осыған орай, республикамыздағы білім беру барысында қалай дегенде ауыз толтырып айтар жаңашылдық  баршылық.  Яғни, жаңалыққа жаны құмар  кім болуға тиіс деген сұраққа бәсекеге қабілетті ұрпақ, бәсекелестікте басым түсетін білімділік, жоғары ізденіс, жаңа технологияны тиімді қолдана алу деу орынды.  Ал барлық істе деңгейі дәйекті болу үшін жоғары білім беру саласында әлемдік оөық инновацияны енгізу және  батыл да тиімді қолдану әрекеті, сөз жоқ, халықаралық бағдарламаларға қатысуға жол ашып, мүмкіндіктер береді.

      Қазақстандық білім беру жүйесінде жалпыеуразиялық және әлемдік білім кеңестігіне шығудың бірден-бір тиімді жолы – оқытудың кредиттік, яки америкалық білім беру жүйесіне көшу деп шешілген.  

       Білім берудің кредиттік жүйесі жалпы білім беру мен білімнің несие түріндегі көлемін реттеуге негіз  бола алады.

Қорыта келе айтарымыз, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технология ларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілгені /1.3 б/ осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - әлеуметтік-педгогикалық ұйымдастыру тұрғысынана білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жәаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

          Қазақстанда қабылданған мемлекеттік  Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», 2010

2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, 2010

3.Соколов В.М.

4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі, № 2.

 

 

РЕЗЮМЕ

 

В данной статье рассматривается инновация системы образования Республики Казахстан.  А также говориться о внедрении и использовании новых технологии в процессе образования Республики Казахстан. 

 

 

 

 SUMMARY

 

In this article is considered the innovation of an education system of the Republic of Kazakhstan. And also to be spoken about introduction and use new  technology in the course of formation of the Republic of Kazakhstan.