Қарағанды
қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы №76
білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Шерубаева Гульшара Жакеновна
Математика сабағында оқушылардың
шығармашылық-логикалық ойлау қабілетін дамыту
Қазақстандағы білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы
біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім
көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық
білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін,
ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру,
олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі,
оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз
ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік
қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән
берілген.
Осы
ұстанымды негізге ала отырып, математика ғылымдардың
ғылымы екенін, яғни бүгінгі жас буынның «шығармашылық-логикалық ойлау
жаңа рухани және материалдық құндылықтарды
жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі»
ұғымын терең түсінуіне жағдай жасау керек.
Шығармашылық
логикалық ойлау ұғымын бұрын болмаған жаңа
нәрсені әрекет нәтижесінде тудыру, яғни жеке
тұлғаның шығармашылық туындысы,мқабілеті ғылым,
өнер, білім, өндіріс, техника, тұрмыс, мәдениет, саясат
және тағы басқа салаларда жаңалық ашу,
жаңаны жасау деп түсінеміз. Сондай-ақ
шығармашылықты жаңа, соны бірегей нәрселер жасаудан
өзге жеке адамның қабілеті, ынтасы, білімі, іскерлігі,
тағы сол сияқты қасиеттердің жемісі деп
ұғынуға болады. Әрине, мұнда ғылыми
шығармашылық қабілет пен балалардың
шығармашылық әрекетінің арасында үлкен
айырмашылық бар екенін айта кетуіміз керек.
Математика
сабағында оқушылардың шығармашылық логикалық ойлау қабілетін
дамытуға бағытталған дидактикалық бірліктерді
ірілендіру әдісі пайдаланылса, онда оқушыларың танымдық
қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының
деңгейі жоғарылайды.
Заманның
талабына сай мектеп бағдарламасында математика пәні
мазмұнының күннен-күнге күрделене түсуі,
көлемінің өсуі және оған бөлінетін
уақыт мөлшерінің жылдан жылға кемуі мен пән
мазмұнын оқушылардың аз уақыт ішінде
шығармашылықпен қарқынды меңгерулерінің
қажеттілігі арасында қарама қайшылық туындап отыр.
Қазіргі
математика оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі
– оның әрбір сабаққа
лайықталған материалы, негізінен алғанда, төрт
текті жаттығулардың тобынан тұрады.
Солардың бірі — балалардың шығармашылық логикалық
ойлау іс-әрекетіне бейімдеу мақсатын көздейтін, оқулықтағы
арнайы шығармашылық логикалық жаттығулар.
Осы шығармашылық жаттығуларды
орындау икемділігін бағдарлама талаптары деңгейінде орындау
барсында көптеген кемшіліктер көрінеді.
Математиканы
оқыту процесінде жаттығулардың алатын орны ерекше.
Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен
тұрмыстың әр алуан салаларында, «жаттығу» термині
әр түрлі мәнде қолданылады. Ал, педагогикалық
әдебиетте жаттығу ұғымы оқытудың
әдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен іштей
байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың
көпшілігі, жаттығу дегеніміз білімді бекітудің және
білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай –ақ
оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негігі
әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды
Көбінесе
осы шығармашылық логикалық жаттығулар үздіксіз орындалмай жатқандығы
белгілі. Кейбір мұғалімдер шығармашылық жаттығу
міндетті деңгейге жатпайтындықтан оны орындамайды,
орындағанымен сабақ соңында асығыс шешуін
оқушыларға жалпылама айтқыза салады, яғни талдау
жүргізілмейді. Балаларда ой операциялары
толық жүргізілмегендіктен логикалық ойлаудың даму
деңгейі төмен болады. Ал оқушылардың логикалық
ойлауын дамытудың бір жолы — шығармашылық логикалық жаттығуды жүйелі орындату.
Негізі
математика пәнінің құрылымы оқыту үрдісін
жүйелі де нақты құру, математикалық
ұғымдар мен олардың қасиеттерін қалыптастыру
үшін, оқушылардың шығармашылық логикалық
ойлау қабілеттерін дамытуға әсер ететін есептерді
құрастыру дидактикалық бірліктерді ірілендіру
әдісінің принциптеріне негізделген.
Математика
пәнінде шығармашылық логикалық тапсырмаларды
құрастыру, оларды шығару арқылы оқушылардың
теориялық материалды түсінуі, оның практикамен байланысын
ұғынуы артатын ескере отырып, есептерді кейбір берілген элементтері
бойынша құрастыруға бағыттауымыз керек.
Логикалық
жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой
ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың
түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын
құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше
шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты
есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас
ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.
Оқушының зейінін, есін,
қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін,
шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде
көтеруге болады.
Математикалық ұғымдарды
меңгертуде, оқушылардың ережелерді ұғынып,
шығармашылық логикалық ойлауына әсер ететіндей есептер
жинағын шеше отырып дамыту.Өз әрекетіне саналы көзқарасқа
ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін
күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1 В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития.
Казань. 1996.
2 Қазақстан Республикасында
2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004.
3-4б
3
Б.А.Тұрғынбаева. Шығармашылық қабілеттер
және дамыта оқыту.