Қарағанды облысы,  Бұхар Жырау ауданы
Калинин жалпы білім беретін  орта мектебі

орыс тілі және әдебиеті пәнінің
мұғалімі Мейрханова Жазира Оралкановна

 

ОРЫС ТІЛІ ПӘНІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ

 

Дәстүрлі оқытудан заман агымына сай,  бүгінгі білім ордасының, ақпараттық технологияларды білім сапасының деңгейін жетілдіруде қолдану  бірден-бір маңызды қадам.

Орыс тілі сабағында оқушылардың білімін, дағдысын, біліктілігін артыруда ақпараттық технологияларды пайдалану дамуға бастар жол.

Оқу – тәрбие процесін қазіргі заман талабына сай тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты. Орыс тілі пәні мұғалімдерінің компьютерлік технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды, мультимедиялық презентацияларды, интернет желілерін қолдану болып табылмақ.

Орыс тілінің біздің мемлекетімізде ресми тіл ретінде қолданысқа ие болғандықтан, мектепте орыс тілі пәнінің сапасын арттыру, бүгінгі болашақ жастардың оқу орындарының қабырғасынан бастап көптілді меңгеруге бәсекелестікке белсенді, өз бетімен еркін сөйлеп, әрі қабылдай алатын, өзге тілді меңгеруге деген жауапкершілікті сезінетіндей тұлғаны дайындап шығару болып табылады.

Орыс тілін терең меңгерген, ұлттық ұстанымды сақтай отырып, орыс тілінің грамматикасын, сөздік қорын жетілдіре бірге алып жүре алатын жағдайдағы болашақ буынды тәрбиелеуде, дәстүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы компьютерлік құрылғыларды пайдалану арқылы бұл мәселенің шешімін табуда оқыту барысында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану болып табылады.

«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған мынандай  анықтама берді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».

Интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары ақпараттық технологиялардың бірі. Өзіміз қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз.

Орыс тілі пәні сабағының мақсаты  тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар орыс  тілінің ресми тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік құдіреттілігін,  грамматикалық сауаттылығын сабақ барысында бірнеше әдістерді қолдануда, танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу.

Сондықта орыс тілі пәні мұғалімдері осы ұстанымды дәріптеуде орыс тілінің грамматикалық сауаттылығын ашуда ақпараттық технологияларды сабақты түсіндіруде толықтырып, әр уақытта ізденісте болу керек. Дәстүрлі оқытуда орыс тілі тек плакаттар, әдебиеттермен негізделіп келсе, пәнді қазіргі заманда ақпараттық технологиялары тұрғысында дамыту үшін, оқушыларды мультимедиялық көрсетілімдерді, интерактивті тақталарды қолдану бойынша оқытуға мүмкіндіктер туындады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге орыс тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді..

Орыс тілі   сабақтарын компьютер көмегімен оқытуда мультимедиялық презентацияны қолдану баға жетпес дүние. Сабақта видеофильмдер, көркем фильмдердің фрагменттері, боялған таблицаларды, карталарды анықтап көрсету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады.

         Қазақстан Республикасының 2050 жылғы Президент өз Жолдауында білім беру жүйесін жаңғырту барысында жүзеге асырылуға тиісті 6 түрлі мін­детті алдымызға қойып отыр. Ол мін­деттер мынадай: оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен инновациялық технологияларды кеңінен енгізу; педагогтар құрамының сапасын арттыру; біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру; жастарды әлеуметтік бейімделуге үйрету; оқыту үдерісінің тәр­биелік құрамдасын күшейту.

       Адамзат қоғамын  ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық. Жаңа ХХІ  ғасыр ғылым мен техниканың  қарыштап даму жолына жол ашты.

Компьютерлік технологиялар бір мезгілде белгілі хабарлама береді, оны оқушылардың қандай мөлшерде игергендіктерін, өз дәрежесіндегі теориялық біліммен практикалық біліктіліктерін қалыптастырады, негізгі және қосымша анықтамаларды ашады: санаулы секундтарда қажетті бетті, параграфты, абзацты немесе қажетті ақпаратты таба алады, ең бастысын белгілейді т.б.

Компьютерлік оқыту технологиясының пайдасы әртүрлі компьютерлік программалар арқылы жазу, оқу, , диаграмма, схемалар салуға қолайлылығы т.б. болып табылады.  Соның нәтижесінде барлық мектептерді компьютерлендіру, оқушы басына шаққандағы компьютердің санын көбейту ақпараттық-коммуникативтік технологияның дамуына негіз болды. Бүгінгі таңда интерактивті тақталардың пайда болуы оқу сапасын арттырып, оны кең көлемде пайдаланудың сәтті қадамдары жасалып отыр.

Орыс тілі пәнін жүргізгенде ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынандай әдістерді орындау қажет:

- ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені;

- техникалық кешенмен басқару құралдарының жүйесі;

- техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байланыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Интерактивті тақталардың бағдарламаларын, оның жұмыс жасау ерекшеліктері мен техникалық мүмкіндіктерін толық меңгеріп, сабақ барысында пайдалану – бүгінгі таңдағы барлық мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі.

Орыс тілі сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты. Қазіргі таңда орыс тілі пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Соның ішінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан-жақта ашылуына жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеугек үлес қосады.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.



Қолданылған әдебиеттер:

1     ҚР «Білім туралы» Заңы

2 Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003­.

3 .А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000